- •5B010900-Математика мамандығының күндізгі, сыртқы және
- •Бақылау сұрақтар
- •2. Лекция. Математиканы оқытудың мақсаттары. Білім берерлік, тәрбие берерлік, дамытушылық мақсаттары. Білім берерлік, тәрбие берерлік, дамытушылық мақсаттары.
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •3. Лекция. Математиканы оқытудың ғылыми-теориялық әдістері.
- •4. Лекция. Математиканы оқытудың принциптері
- •5. Лекция. Математиканы оқытудың әдістері.
- •Бақылау сұрақтары
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Проблемалық оқыту әдісі.
- •Бақылау сұрақтары
- •Қолданылған әдебиеттер
- •6. Лекция. Математиканы оқытудың ғылыми-теориялық әдістері
- •2. Практикалық-лабораториялық жұмыстар .
- •3. Оқушылардың өзіндік жұмысы.
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •7. Лекция. Математиканы оқыту формалары мен құрал-жабдықтары.
- •Бақылау сұрақтары
- •8. Лекция. Математикалық ұғымдар, сөйлемдер және оларды үйренудің әдістемесі
- •Алгоритмдік
- •Жартылай эвристикалық
- •Эвристикалық.
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •11. Лекция. Математиканы оқытуды ұйымдастыру
- •2.Сабаққа дайындалу мен өткізуге қосымша кеңес.
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •12. Лекция. Шәкірттерге математиканы оқыту барысында өз бетінше
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •13. Лекция. Математиканы оқыту барысында танымдық дербестікті қалыптастыру
- •1. Ынтымақтастық педагогикасы немесе оқытудағы диалогтық үрдіс
- •2) Негізінде достастық көңіл жатқан қарым-қатынас;
- •3) Мұғалім мен оқушы арасында белгілі бір қашықтықтан аспайтын қарым-қатынас;
- •4)Қорқытуға негізделген қарым-қатынас;
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •14. Лекция. Математикадан факультативтік сабақтар, Математикадан сыныптан тыс жұмыстар
- •Жұмыстың жоспары:
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •15. Лекция. Мектепте педагогикалық іс-тәжірибені өткізудің және
- •1.1. Математика мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетінің негізгі түрлері
- •1.2. Арнайы пәндік әдістемелік біліктілік
- •1.3. Әдістемелік біліктіліктердің екінші тобы
- •1.4. Әдістемелік біліктіліктердің үшінші тобы
- •1.5. Оқу материалын логикалық – дидактикалық талдау
- •2.1. Математика сабағына дайындалуға әдістемелік ұсыныстар
- •2.2. Дидактикалық мақсатына байланысты сабақтың типтері
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандырылуы
Жұмыстың жоспары:
Студенттерге лабораториялық жұмысты орындау туралы нұсқау беру.
Студенттердің әр тобын тапсырмалармен таныстыру, оларды орындаудың стратегиясы мен жоспарын жазу, топ мүшелерінің міндеттерін бөліп беру.
Топтың белгіленген жоспарына сәйкес студенттердің тапсырмаларды орындау жұмысы.
Мектепте математика апталығын өткізуге дайындалу.
Мектептегі математика кабинетін жабдықтауды, жоспарлауды, үйлестіруді орындау жұмысы .
Оқытудың көрнекі құралдарын дайындау.
Студенттердің дайындаған материалдарымен танысып, оларды талқылау.
І –тапсырма.
а) Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың сипаттамасымен танысу және оны өткізудің негізгі түрлері мен формаларын бөліп көрсету.
б) Математикадан сыныптан тыс жұмысты өткізу үшін керекті әдебиеттер мен танысу, оқытудың көрнекі құралдарын дайындау. Осындай әдебиет- терді белгілі бір жүйеге келтіруді ұсыну.
ІІ –тапсырма.
Математика кабинетін жабдықтау .
ІІІ-тапсырма.
а) Математика апталығын дайындау және өткізу сұрақтарымен танысу.
б) Әр топтың педагогикалық практика кезінде мектептерде Математикалық апталық өткізу бағдарламасының варианттарын дайындауы.
в) Әр топ Математикалық апталығы кезінде сыныптан тыс жұмыстың бірін өткізуге материалдар іріктеп алып, оның әдістемелік нұсқасын дайындау.
1-топ. « Қызықты математика сағаты » (7-сынып).
2-топ. « Математикалық пойыз » ойыны (6-сынып).
3-топ. « Математикалық ойындар және викториналар » (7 немесе 8 сынып)
4-топ. « Математикалық қобдиша » (8 немесе 9 сынып)
5-топ. « Математикалық ұйым » (9-сынып ).
6-топ. «Математикалық КТК » (10-сынып).
7-топ. «Математикалық кеш » (11-сынып).
Әр топ дайындаған материалдары бойынша басқа топтар алдында жеке фрагменттерін көрсете отырып, қысқаша мағлұмат дайындау керек.
Есеп беру мағлұматтары:
Әр топ жазбаша түрінде:
Өздерінің Математика апталығын өткізу бағдарламасын дайындайды.
Математикадан сыныптан тыс жұмысты өткізуге арналған әдістемелік нұсқауларын көрсетеді.
Бақылау сұрақтары
1. Студенттердің дайындаған материалдарымен танысып, оларды талқылау.
2. Математикадан сыныптан тыс орындалатын жұмыстардың түрлерімен және формаларымен таныстыру.
3. Мектепте математика апталығын өткізу тәжірибесімен таныстыру.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қожабаев К. Математиканы оқыту әдістері. –А.: Санат 1998-104 б
2. Көбесов А. Орта мектептерде математиканы оқыту методикасы. –А.: Узак университеті.1989 86-бет
3. Елубаев С. Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесі. А.: -«Рауан» 1996 ж.
4. Қаңлыбаев Қ., Майкотов Н., Кострикин Н. Математикадан таңдамалы есептер /әдістемелік құрал/-А.: РБК-2000ж
5. Орта мектеп бағдарламалары.
15. Лекция. Мектепте педагогикалық іс-тәжірибені өткізудің және
ұйымдастырудың әдістемесі
Лекция жоспары
1. Мектепте өткізілетін педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты мен мазмұны
2. Практиканттардың меңгеруге тиісті іс-әркеттері
3. Математика мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетінің негізгі түрлері
Лекция мазмұны
1. Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты:
- болашақ мамандардың жалпы, педагогикалық, психологиялық және арнайы мамандық бойынша кәсіби дайындықтарын, теориялық білімдерін тереңдетуіне, практика жүзінде бекітуіне және олардың жеке тұлғалық шығармашылық ұстанымын қалыптастыра отырып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру.
2. Педагогикалық іс-тәжірибенің міндеттері:
- студенттердің теориялық алған білімдерін практика жүзінде қолдануға үйрету;
- педагогика, психология, еңбек технологиясы және кәсіпке баулу әдістемесін оқытудың теориялық білімдерін тереңдету және бекіту;
- студенттерді өз бетінше мектепте оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау және жүргізуге үйрету;
- оқушыларды тәрбиелеудің негізгі міндеттерін шешудің шығармашылық жолдарын айқындауға;
- оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру мақсатында әртүрлі сабақ оқыту әдістерін қолдану арқылы сабақтарды түрлендіре өтуге үйрету;
- оқытудың инновациялық технологияларын қолдануға;
- студенттерді оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуге үйрету.
3. Педагогикалық іс-тәжірибеге бару үшін студенттер меңгеруі тиіс: «Педагогика», «Психология», «Жас ерекшеліктер физиологиясы», «Мектептегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру», «Арнайы мамандық пәндері» және т.б. пәндерді меңгеруі тиіс.
