Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі Л...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252 Кб
Скачать
☆

2) Негізінде достастық көңіл жатқан қарым-қатынас;

3) Мұғалім мен оқушы арасында белгілі бір қашықтықтан аспайтын қарым-қатынас;

4)Қорқытуға негізделген қарым-қатынас;

5) бір-біріне жағуға негізделген қарым-қатынас.

1. Осылардың ішінде ең тиімді болып бірлесе орындалатын шығармашылық жұмысқа деген қызығушылық негізінде құралатын қатынас саналады. Оның арқауы педагогтың жоғарғы кәсібилігі мен өз қызметіне деген ынтасының бірлігінде жатыр.

2. Жолдастық байланыстарға негізделген қатынас стилін жоғарыда келтірілген стилдің алғышарты ретінде қарастыруға болады. Жолдастық, силасымдыққа арқа сүйеген қатынас педагог пен оқушылардың өзара байланысын дамытатын стимул ретінде танылады. Бұл екі стиль бір-біріне өте ұқсас. Алайда жолдастық қатынас ұстаз бен шәкірттің мәртебесін бұзбауы шарт.

3. Мұғалім мен оқушы арасында белгілі бір қашықтықтан аспайтын қарым-қатынастың астамшылдығы олардың өзара байланысын формалды тұрғыға ауыстырады. Педагог пен оқушы аралығы олардың қатынас логикасына сәйкес болуы қажет. Ол педагог рөлінің басты екендігін меңзейді, алайда ол мұғалімнің беделіне негізделеді. Бұл қатынас кейбір кезде қорқытуға ауысып кетуі мүмкін. Бұл стилді қызмет жолын жаңа бастаған ортақ жұмыс бойынша қызығушылық негізіндегі қатынасты ұйымдастыра алмайтын мұғалімдер жиі қолданады.

4. Оқушылармен тез арада байланыс орнатуға, оларға ұнауға тырысқан, бірақ бұл мақсатқа жету үшін керекті қарым-қатынастық мәдениеті жоқ мұғалімдер оларға жағуға тырысады, ол үшін жеке басы туралы әңгімелер жүргізеді, олармен өздерін ойнақы ұстайды, негізсіз әрі шектен тыс түрде оқушыларды көтермелеп, мақтауын асырады.

Қорқыту мен ойнақылыққа негізделген қатынастар педагогтың тұла бойында ынтымақтастықтың шығармашылық атмосферасын қалыптастыруға бағытталған икемділіктің жоқтығына байланысты штамптарға айналып, педагогикалық өзара әрекеттердің тиімділігі аз тәсілдерін тудырады.

Бақылау сұрақтары

1. Білім беру процесінде педагог пен оқушының танымдық қатынасын айқындау.

2. Қарым-қатынастың демократиялық стилі

3. Жолдастық байланыстарға негізделген қатынас стилі

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Рахымбек Д. Оқушылардың логика-методикалық білімдерін жетілдіру. –А.: РБК 1998

  2. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы / жалпы методика/-А.: Мектеп.1989 ж

  3. Методика преподавания математики в средней школе. Общая методика. Учебное пособие. В.Г.Огоносьян, Ю.М.Колягин, Г.Л.Луканин, В.Я.Санинский.-М: Просвещение.1980-368с

  4. Методика преподавания математики в средней школе. Частная методика-М.: Просвещение.1977-480

  5. Чакиликова С.Е. Математикадан қосымша әдебиеттерді пайданудың кейбір мәселелері. А.: «Мектеп» 1985 ж.

  6. Методика преподавания математики в средней школе. Общая методика. -М: Просвещение.1985-366с

  7. “Математика в школе”, «Математика және физика» журнал.

  8. Білім туралы-Об образовании: Қазақстан республикасының Заңы-Алматы. Литература 2000-96 б

14. Лекция. Математикадан факультативтік сабақтар, Математикадан сыныптан тыс жұмыстар

Лекция жоспары

  1. Математикадан факультативтік сабақтар

  2. Математикадан сыныптан тыс жұмыстар

Лекция мазмұны

Орта мектепте математикадан кластан тыс жұмыстар (математикадан сыныптан тыс жұмыстарының әртүрлі түрлерімен,

формаларымен танысу , мектепте математика апталығын өткізу, математикадан сыныптан тыс жұмыстарды дайындап өткізе білу жөніндегі білік, дағды қалыптастыру). Математикадан көрнекі құралдар (көрнекі құралдар әзірлеу және сабақта қолдану).

1. Математикадан сыныптан тыс орындалатын жұмыстардың түрлерімен және формаларымен таныстыру.

2. Мектепте математика апталығын өткізу тәжірибесімен таныстыру.

3. Сыныптан тыс жұмыстарда көрнекі құралдарын пайдалану.

4.Мектептегі математика кабинетін жабдықтау.