- •5B010900-Математика мамандығының күндізгі, сыртқы және
- •Бақылау сұрақтар
- •2. Лекция. Математиканы оқытудың мақсаттары. Білім берерлік, тәрбие берерлік, дамытушылық мақсаттары. Білім берерлік, тәрбие берерлік, дамытушылық мақсаттары.
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •3. Лекция. Математиканы оқытудың ғылыми-теориялық әдістері.
- •4. Лекция. Математиканы оқытудың принциптері
- •5. Лекция. Математиканы оқытудың әдістері.
- •Бақылау сұрақтары
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Проблемалық оқыту әдісі.
- •Бақылау сұрақтары
- •Қолданылған әдебиеттер
- •6. Лекция. Математиканы оқытудың ғылыми-теориялық әдістері
- •2. Практикалық-лабораториялық жұмыстар .
- •3. Оқушылардың өзіндік жұмысы.
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •7. Лекция. Математиканы оқыту формалары мен құрал-жабдықтары.
- •Бақылау сұрақтары
- •8. Лекция. Математикалық ұғымдар, сөйлемдер және оларды үйренудің әдістемесі
- •Алгоритмдік
- •Жартылай эвристикалық
- •Эвристикалық.
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •11. Лекция. Математиканы оқытуды ұйымдастыру
- •2.Сабаққа дайындалу мен өткізуге қосымша кеңес.
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •12. Лекция. Шәкірттерге математиканы оқыту барысында өз бетінше
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •13. Лекция. Математиканы оқыту барысында танымдық дербестікті қалыптастыру
- •1. Ынтымақтастық педагогикасы немесе оқытудағы диалогтық үрдіс
- •2) Негізінде достастық көңіл жатқан қарым-қатынас;
- •3) Мұғалім мен оқушы арасында белгілі бір қашықтықтан аспайтын қарым-қатынас;
- •4)Қорқытуға негізделген қарым-қатынас;
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •14. Лекция. Математикадан факультативтік сабақтар, Математикадан сыныптан тыс жұмыстар
- •Жұмыстың жоспары:
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •15. Лекция. Мектепте педагогикалық іс-тәжірибені өткізудің және
- •1.1. Математика мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетінің негізгі түрлері
- •1.2. Арнайы пәндік әдістемелік біліктілік
- •1.3. Әдістемелік біліктіліктердің екінші тобы
- •1.4. Әдістемелік біліктіліктердің үшінші тобы
- •1.5. Оқу материалын логикалық – дидактикалық талдау
- •2.1. Математика сабағына дайындалуға әдістемелік ұсыныстар
- •2.2. Дидактикалық мақсатына байланысты сабақтың типтері
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандырылуы
Проблемалық оқыту әдісі.
Бағдарламаланған оқытумен қатар оқытудың ең жаңа перспективті әдісіне проблемалық оқыту жатады.Егер бағдарламаланған оқытудың негізіне ойлаудың алгоритмдік түрі жатса, проблемалық оқыту, шығармашылық тапқыр ойлауға сүйенеді. Мұндай ойлау әсіресе стандартты емес есептерді шешуде қажет болады. Сонымен қатар проблемалық әдіс математикалық теорияны оқып үйренуде аса тиімді болады. Сондықтанда проблемалық әдіс болашақта орта мектепте математиканы оқытудың негізгі әдісінің бірі болуға тиіс.
Проблемалық оқыту теориясы көптеген педагогтар еңбектерінде (Махмутов, Матнишкин, Оконь т.б.) зерттелді. Бұл теорияның ең басты ұғымдары «проблема» (оқулық) және «проблемалық жағдай» (ситуация) ұғымдары болып табылады. Проблемалық жағдай оқушыны жаңа білім алуға итермелейтін ойлау әрекетіне бастайды, оған жағдай туғызады.
Оқулықтарда математикалық есептер мынадай екі жағдайда проблемалық жағдайға душар етеді:
1) Егер оның шарты мен талабының арасына ойлау субъектісі болып саналатын оқушы адам т.а.
2) Ол адам бұл есепті қалай шешуді білмесе. Оқушыларда проблемалық жағдай белгілі бір проблемалық жағдай қоюдың негізгі үй тәсілін көрсетуге болады.
1.Мұғалімнің өзі қоятын проблема.
2.Проблеманы қою және оны тұжырымдау.
3.Проблеманы сипаттайтын шарттарды қарастыру.
4.Қойылған проблеманы шешу.
5.Алынған жауаптың дұрыстығын негіздеу.
6.Проблеманы шешу жолын және оның нәтижесін зерттеу.
7.Жаңа білімді арнайы іріктеп алынған есептерді шешуге қолданылады.
8.Қойылған проблеманы мүмкіндігінше кеңейту.
9.Проблеманың алынған шешуін қарастыру.
10.Жасалынған жұмысқа қорытынды жасау.
Эвристикалық әдіс.
Оқытудағы эвристикалық әдіс деп - әдістемеде негізін диалогтық (сұрақ-жауап) формасынадағы эвристикалық әңгімені түсіндіреді. Мұнда мұғалім оқушыға білімді, ұғымды бірден дайын түрде бермей, өз орнымен қойылған сұрақтар арқылы оларда бұрын қалыптасқан білімдерімен бақылаулары және өмір тәжірибесіне сүйеніп, жаңа ұғымға ережелермен дәлелдеуге және есептеудің шешімін өзгертіп келтіру керек.
Бақылау сұрақтары
1.Математиканы оқыту әдісі туралы ұғымның қалыптасуы
2.Дәстүрлі әдістер және дәстүрлі емес әдістерді салыстыр
3.Проблемалық оқыту әдісі
4.Эвристикалық әдіс.(сұрақ-жауап)
Қолданылған әдебиеттер
Бейсеков Ж., Рахымбек Д., Шарипов Т.А. Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесіне арналған оқу құралы. –Шымкент.2003-179 б
Баймұханов Б.Б. Математика есептерін шығару. –А.: Мектеп 1988 б
Кенеш Ә.Математикалық ұғымдарды оқыту негіздері.-А.: РБК1998-104 б
Қожабаев К. Математиканы оқыту әдістері. –А.: Санат 1998-104 б
Көбесов А. Орта мектептерде математиканы оқыту методикасы. –А.: Узак университеті.1989 86-бет
6. Елубаев С. Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесі. А.: -«Рауан» 1996 ж.
6. Лекция. Математиканы оқытудың ғылыми-теориялық әдістері
Лекция жоспары
1. Бағдарламалық оқыту.
2. Практикалық-лабораториялық жұмыстар.
3. Оқушылардың өзіндік жұмысы.
Лекция мазмұны
1. Математиканы оқыту әдістері кез-келген басқа білім салалары сияқты үнемі даму, жетілу үстіндегі ғылым. Бұл әсіресе оқыту әдістемесіндегі орын алып отырған өзгерістерден анық байқалады. Математиканы оқытудың қазіргі кездегі ең басты ерекшеліктері мынадай:
1. Оқытудың барлық кезеңдерінде шәкірттердің білім алу белсенділігін арттыру. Мұнда мұғалімнің жәрдемімен шәкірттердің өздігінен білім ашуына аса көңіл бөлінеді.
2. Оқу үрдісінде оқушылардың математикалық ойлау интенсивтендіру, яғни оларды математика саласы бойыншатеориялық білім алу және рационал ойлаудың негізгі интенсивті әдістерін игеруге баулу.
Оқыту мұғалім тарапынан, үйрету, ал шәкірт тарапынан оқу, үйренуді қамтитын екі жақты үрдіс. Сондықтан да оқыту жемісі болу үшін бұлар арасында әрқашанда тура және кері байланыс болу керек.
Оқытушы оқу үрдісінің жүруін басқарып отыру үшін шәкіртте мұғалімге ол жөнінде ақпарат дер кезінде жетіп отыруы шарт. Тек осындай ақпаратты ескере отырып, мұғалім сабақ үстінде әр оқушының оқуына білікті түрде араласа алады. Бұл бағдарламалық оқыту идеясын туғызады.
Жалпы педагогикалық тұрғыда бағдарламалық оқыту деп- оқу материалын арнайы бағдарлама бойынша мұғалім шағын бөліктерге бөлшектейтін және әрбір оқушының іс-әрекетінің сипаты мен ретін анықтайтын сондай-ақ оқытылатын материалды меңгеру барысын ұдайы бақылауға көмектесетін дидактикалық жүйені түсінеміз. Бағдарламалық оқыту әсіресе білімді машинаның көмегімен бақылау бүгінгі таңда барлық оқу орындарында кеңінен пайдаланады.
Бағдарламалап оқыту мына принциптерді басшылыққа алады:
1) Оқушылар меңгеруге және есте сақтауға тиісті оқу материалын ұқыпты іріктеу;
2) Оқу материалын берудің қатаң логикалық жүйелілігін жақтау;
3) Оқу материалын шағын аяқталған үлестерге мүшелеу;
4) Оқушының оқу қызметі сатылап бақылау әдісі мен басқару және кері бағытта жүзеге асыру;
5) Бағдарламаланған материалдар мен жұмыс кезінде оқушылардың дербестігі мен белсенділігі;
6) Оқытудың жекеше қарқыны;
Бағдарламалап оқыту принциптерін неғұрлым толық бейнелейтін құрал оқыту бағдарламасы болып табылады.
Оқыту бағдарламаларын жасау әдістемесі бірнеше саты құралады.Атап айтқанда:
1. Оқу бағдарламаларын іріктеу бұл өте ұқыпты таңдап алынып оқушыларға түсінікті тілмен және терминдермен баяндалуы тиіс.
2. Оқу материалын баяндаудың логикалық жүйелігін мұқият тексеру бұл үшін кейде арнайы арнайы материалды қолданады.
3. Материалды жеке үлестерге мүшелейді.Мұнда әрбір үлес мағанасы аяқталған информацияның ( жаңа материалдардың ) шағын бөлігін қамтиды және әр үлес информацияның күрделілігінен оқушылардың жас ерекшеліктеріне және басқа себептерге байланысты құбылмалы болуы мүмкін.
4. Информацияны игеру деңгейін тексеру үшін арнайы сұрақтар, есептер, жаттығулар т.б. тапсырмалар беріледі.Бұл тапсырмалардың сипаты меңгеруге тиісті информацияға байланысты.
5. «Мұғалім – оқушы» кері байланысын қамтамасыз етеді.Оқытудың бағдарламасын жасаудың бұл сатысында даралап оқыту әдістерін пайдалану мұғалімнен ерекше талап етіледі.
Соңғы жылдары оқу процесіне бағдарламалап оқытумен бірге оқытуды алгоритмдеу кеңірек пайдаланыла бастады. Оқытуды алгоритмдеу деп – белгілі бір есепті шығаруға ( теореманы дәлелдеуге) қажетті амалдардың ретпен орындалуын көрсететін нұсқаулар тізімін айтамыз.
Мектеп математикасы арифметикалық төрт амал алгоритмінен бастап көлемдерді интегралдау арқылы есептеу алгоритмінде әр алуан алгоритмдерге толы. Сондықтан математиканы барлық сатыларды, оқыту алгоритмдерді қамтуы тиіс.
Алгоритмдерді 4-5 – кластарда фигураларды айыра білуге қолданады. Мәселен, биссектрисаның бұрыштарының төбесінен бастап айыру үшін алгоритмдерді пайдаланған жөн.
Оқу материалын пысықтауға да алгоритмдерді пайдалануға болады. Оқушыларды алгоритмдеуге үйрету математиканың ұғымдарын игеруге ойды жалпылауға соның нәтижесінде басқа жағдайларға қолдануға машықтанады. Алгоритмге ойлау процесін тәртіпке келтіреді.
