Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі Л...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтар

1. МОӘ -ін математика пәнінің ерекшеліктеріне негізделген қандай ғылым ретінде қарастыруға болады?

2. Математиканы оқыту әдістемесі шартты түрде қанша салаға бөледі?

3. Математиканың даму тарихының төрт кезеңін ата?

Қолданылған әдебиеттер:

1. Рахымбек Д. Оқушылардың логика-методикалық білімдерін жетілдіру. –А.: РБК 1998

2. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы / жалпы методика/-А.: Мектеп.1989 ж

3. Методика преподавания математики в средней школе. Общая методика. Учебное пособие. В.Г.Огоносьян, Ю.М.Колягин, Г.Л.Луканин, В.Я.Санинский.-М: Просвещение.1980-368с

4.  Методика преподавания математики в средней школе. Частная методика-М.: Просвещение.1977-480

2. Лекция. Математиканы оқытудың мақсаттары. Білім берерлік, тәрбие берерлік, дамытушылық мақсаттары. Білім берерлік, тәрбие берерлік, дамытушылық мақсаттары.

Лекция жоспары

1.Білім берерлік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары

2. Математиканы оқыту әдістемесі тарихына шолу

3. Мектеп математика курсының даму жолы.

Лекция мазмұны

1.Математиканы оқыту мектепке тән үш жалпы мақсатты көздейді:

1)Білім беру; 2)Тәрбиелеу; 3)Өмірлік практикалық білім дағды дарыту немесе дамытушылық;

Математиканы оқытудың білімдік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктермен дағдылармен қаруландыру болып табылады. Осындай білім алу нәтижесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды. Оқушыларға математикалық білім дағдылар жүйесін берумен қатар математика пәні мектепке басқа да білім беру міндетін атқарады. Олар:

1.Оқушылардың бізді қоршаған ақиқат болмысты танып білудің математикалық әдістерін игеруіне жәрдемдесу;

2.Оқушыларды ауызша және жазбаша математика тіліне үйрету (қарапайым, анықтық, қысқа да нұсқалық, толықтық);

3.Оқушыларды математика бойынша алған білім дағдыларын оқу және өз бетімен білім алу барысында белсенді түрде пайдалана білуге үйрету;

2.Дидактикалық талабы бойынша математиканы тәрбиелікке үйретеміз. Жалаң білім жүйесін берумен ғана шектеліп қоймай, тәрбиелік оқу болуы шарт. Математиканы оқытудағы тәрбиелік мақсат математиканы үйрету барысында оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік беретін барлық қолайлы мезеттерді пайдалану болып табылады. Тәрбиенің негізгі түрлеріне тоқталайық. Олар:1) Оқушыларда ғылыми дүние-танымын қалыптастыру. Бұл тұрғы да тарихи математикалық мағлұматтардың берері мол екенін атап кеткен жөн. 2) Шәкірттерде озық моральдық қасиеттер қалыптастыру. Математиканы оқыту үрдісінде мұғалім оқушыларды саналы тәртіпке, белсенділікке, қиындықты жеңе білуге, бастаған істі аяғына дейін жеткізе білуге, табандылыққа, адалдыққа, жауапкершілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу үшін жан-жақты жұмыс жүргізуге міндетті.

3) Эстетикалық тәрбие. Математиканың табиғатының өзі оқушыларды әдемілікке тәрбиелеуге бай мүмкіндік туғызады. Мысалы: математикалық объектілердегі дұрыс көпбұрыштың, симметрия, дұрыс көпжақтардың қасиеттері, фигуралардағы гормоникалық қатынастар олардың бойында туа бітті эстетикалық сезімді оятады. Тек мұғалім мүмкін жағдайда бұған дер кезінде оқушылардың назарын аударып отыру керек.

3. Математиканы оқытудың бір мақсаты өмірлік-практикалық мақсат болып табылады. Ол мынадай міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған:1)Математика пәнін оқыту барысында алған білімдерді өмірлік практиканың қарапайым есептерін шешуге физика, химия, сызу, ақпараттану және есептеу техникасы негіздері пәндерін оқып үйренуге пайдалана білу; 2)Математикалық құралдармен аспаптарды қолдана алу немесе пайдалана білу; 3)Шәкірттердің өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету.(оқулық, ғылыми көпшілік әдебиеттермен жұмыс істей алу); 4) политехникалық оқуды жүзеге асыруға қолғабыс тигізу (мысалы, есептеу әдістерін, геометриялық фигуралар қасиеттерін, формулаларды, функциялардың, сызбаларды, кестелерді өндіріске, өмірге қолдана білу).

Мектепте математиканы үйретудің жалпы мақсаттарымен қатар тек математика пәніне тән арнайы, ерекше мақсаттары болады. Математика басқа ғылымдар ішінде ең дәл қатаң ғылым, оның әдістерін қолдану басқа ғылым салаларының ғылыми деңгейін жоғарылатады. Математика ғылыми танудың әдістерін кең және терең қолданады. Бұл пәнді оқыту оқушыларды ғылыми ойлау әдістерімен қаруландырады.

Пәннің мазмұны мектептегі оқу пәні ретінде математика курсының мазмұнын анықтау және оның ғылыми негізін жасау; курс мазмұнының шығуы мен дамуының ерекшеліктері мен алғы шарттарын ашып көрсету; математика курсының мазмұны мен құрылу логикасын ғылым мен техниканың және қоғамымыздың бүгінгі талаптарына сәйкестендіру.

Математиканы оқыту жөніндегі жалпы міндеттер: 1) Математиканы оқытудың ерекшеліктерін анықтау және оларды ғылыми негіздеу; 2) педагогикалық үрдістің жалпы заңдылықтарын матемтаиканы оқытудың нақты ерекшеліктеріне қолдану процестерін зерттеу; 3) математиканы оқытудағы озат тәжірибені зерттеу және қорытындылау; 4) педагогикалық жаңалықтар мен жетістіктерді математиканы оқыту үрдісінде қолдану және практикаға енгізу әдістемесін жасау.

Математиканы оқыту жөніндегі жеке міндеттер: 1) оқытуды ұйымдастыру формаларын жасау; 2) оқушылардың білімін бағалау және оқытудың жеке әдістері мен тәсілдерін жасау; 3) оқыту үрдісінің тиімділігін тексеру; 4)ұғалімнің сабаққа дайындалуының мәнін ашып көрсету; 5)сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері мен мазмұнын ашып көрсету.

Математика әдістемесінің тарихы математика тарихымен тығыз байланыста деп айтуға болады. Мәдениет пен ғылым дамыған ежелгі шығыс елдерінде жазу, математикалық, астрономиялық алғашқы білім дағдыларымен қатар алғашқы білім беретін орындарда пайда болған. Мектеп туралы ең алғашқы деректер біздің заманымызға дейін 2,5 мың жыл бұрын египет жазбаларында кездеседі. Бұл мектептер патша сарайы жанынан ұйымдастырылып онда тек патшаның, ақсүйектердің, байлардың балалары оқытылып тәрбиеленетін болған. Оларға діншіл-абыздар сабақ беріп, жазғыштар мектебі деп атаған. Бұл мектептерде арифметика, геометрия бастамалары өтіліп, оларды оқыту жөнінде қарапайым әдістер пайда болған.

Ежелгі Грецияда теориялық математиканың тууына байланысты математикалық білім берудің жаңа формалары шыға бастады. Олар қандай, кімдердің еңбектерінде көрінеді?