- •5B010900-Математика мамандығының күндізгі, сыртқы және
- •Бақылау сұрақтар
- •2. Лекция. Математиканы оқытудың мақсаттары. Білім берерлік, тәрбие берерлік, дамытушылық мақсаттары. Білім берерлік, тәрбие берерлік, дамытушылық мақсаттары.
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •3. Лекция. Математиканы оқытудың ғылыми-теориялық әдістері.
- •4. Лекция. Математиканы оқытудың принциптері
- •5. Лекция. Математиканы оқытудың әдістері.
- •Бақылау сұрақтары
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Проблемалық оқыту әдісі.
- •Бақылау сұрақтары
- •Қолданылған әдебиеттер
- •6. Лекция. Математиканы оқытудың ғылыми-теориялық әдістері
- •2. Практикалық-лабораториялық жұмыстар .
- •3. Оқушылардың өзіндік жұмысы.
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •7. Лекция. Математиканы оқыту формалары мен құрал-жабдықтары.
- •Бақылау сұрақтары
- •8. Лекция. Математикалық ұғымдар, сөйлемдер және оларды үйренудің әдістемесі
- •Алгоритмдік
- •Жартылай эвристикалық
- •Эвристикалық.
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •11. Лекция. Математиканы оқытуды ұйымдастыру
- •2.Сабаққа дайындалу мен өткізуге қосымша кеңес.
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •12. Лекция. Шәкірттерге математиканы оқыту барысында өз бетінше
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •13. Лекция. Математиканы оқыту барысында танымдық дербестікті қалыптастыру
- •1. Ынтымақтастық педагогикасы немесе оқытудағы диалогтық үрдіс
- •2) Негізінде достастық көңіл жатқан қарым-қатынас;
- •3) Мұғалім мен оқушы арасында белгілі бір қашықтықтан аспайтын қарым-қатынас;
- •4)Қорқытуға негізделген қарым-қатынас;
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •14. Лекция. Математикадан факультативтік сабақтар, Математикадан сыныптан тыс жұмыстар
- •Жұмыстың жоспары:
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •15. Лекция. Мектепте педагогикалық іс-тәжірибені өткізудің және
- •1.1. Математика мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетінің негізгі түрлері
- •1.2. Арнайы пәндік әдістемелік біліктілік
- •1.3. Әдістемелік біліктіліктердің екінші тобы
- •1.4. Әдістемелік біліктіліктердің үшінші тобы
- •1.5. Оқу материалын логикалық – дидактикалық талдау
- •2.1. Математика сабағына дайындалуға әдістемелік ұсыныстар
- •2.2. Дидактикалық мақсатына байланысты сабақтың типтері
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандырылуы
Бақылау сұрақтары
1.Оқу мен тәрбиенің бірлігі.
2.Оқытудың ғылымилығы.
3.Саналық белсенділік.
4.Жүйелілік бірізділік.
5.Түсініктілік.
6.Көрнекілік.
7.Білімнің баяндылығы.
Қолданылған әдебиеттер
1. “Математика в школе”, «Математика және физика» журнал.
2. Білім туралы-Об образовании: Қазақстан республикасының Заңы-Алматы. Литература 2000-96 б
3. Бейсеков Ж., Рахымбек Д., Шарипов Т.А. Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесіне арналған оқу құралы. –Шымкент.2003-179 б
4. Баймұханов Б.Б. Математика есептерін шығару. –А.: Мектеп 1988 б
5. Кенеш Ә.Математикалық ұғымдарды оқыту негіздері.-А.: РБК1998-104 б
6.Қожабаев К. Математиканы оқыту әдістері. –А.: Санат 1998-104 б
5. Лекция. Математиканы оқытудың әдістері.
Лекция жоспары
1.Математиканы оқыту әдісі туралы ұғым.
2.Дәстүрлі әдістер және дәстүрлі емес әдістер.
3.Проблемалық оқыту әдісі.
4.Эвристикалық әдіс.(сұрақ-жауап)
Лекция мазмұны
1.Математиканы оқыту әдісін мұғалім мен шәкірттің оқып үйрену негізіндегі қызмет әрекет айырмашылықтарына қарай екі түрге бөлуге болады:1)Оқыту әдістері (мұғалім әрекеті) – ақпараттық және оқушының қызметін басқару әдістері жатады. 2)Оқу әдістері (шәкірт әрекеті) – оқу материалдарын танып білу әдісі жатады. Математиканы оқып үйренудің әдістері деп оқушының өздерінің математика жөніндегі белсенді дербес тану әрекетін іске асыру ұйымдастыру тәсілдерін айтады. Бұл әдістер математиканы үйренудің ғылыми және оқу әдістері болып бөлінеді.
Біріншісі, математиканы ғылым ретінде зерттеп білуге құрал болады. Екіншісі, орта мектеп математика педагогикасында математиканы оқытуды күшейту үшін арнайы жасалған әдістер. Олар эвристикалық әдіс, модельдер арқылы үйрену әдісі және бағдарламалық әдістер жатады.
Үйрену мен үйрету, оқу мен оқыту егіз жүретін үрдістер. Сондықтанда математика дидактикасында үйрету (оқыту) әдістерімен формаларына үлкен орын беріледі.Оқыту әдістері оқушыларға математикалық білім білік дағдылардың белгілі бір жүйесін беру болып табылады. Оқыту әдістеріне мұғалімнің үйретуші кеңесі, әңгімесі, дәрістері түсіндіру жаттығу ретіндегі өзіндік жұмысты басқару шәкірттің оқу әдебиеті мен жұмысына әсер етуі жатады.
2.Дәстүрлі емес сабақта
Сабақтың түрі |
Негізгі әдіс-тәсілдері белгілері |
Қай сабақтарда пайдалануға болады |
Тиімділігі |
|||
1.Дәріс сабақ. |
Сөздік әдісі оның ішінде лекция, пікірлесу, сұрақ-жауап. |
Жаңа білім беруде материал мол күрделі қосымша хабарламаларға бай, әрі көп деректер беретін сабақтар бар. |
1)мол беріп үлгереді; 2)әрі тыңдайды, әрі конспект жазады. 3)оқулықтан тыс хабарлар, деректер беріледі. |
|||
Семинар сабақ. |
1)Семинар сұрақтары; 2)сұрақ-жауап; 3)Баяндама; 4)Ғылыми қосымша материалдар мен өздік жұмыс. |
Қорытынды қайталау сабақтары және шолу тақырыптарда. |
1)Өздік жұмыстарға баулиды. 2)Баяндама жасауға дағдыландырады, жинақы тұжырымды сөйлеуге дағдыландырады. |
|||
Конференция сабақтар. |
1)Баянадама, лекция. 2)Сұрақ-жауап, сұхбат түріндегі пікірталас. |
Үлкен маңызды тақырыпты қорытындылағанда |
Пікір айта білу, сұрақ қоя білу. Қысқа нақты дәлелді пікір айту. Толықтыра білу дағдыларын жетілдіреді. |
|||
Сот сабағы |
Сұрақ-жауап түсіндірмелі әдіс, тартыс айтыс, дәлелдеу. |
|
|
|||
Жәрмеңке сабақ |
Концерт, инцинировка элементі бар көріністер. Халықтық педагогика әдет-дәстүрлерді сабаққа пайдалану. |
Бекіту, дағдыларын дамыту, қайталау сабағы күрделі емес сабақтарда |
Сатылатын заттарды ойын арқылы білімдерін қайталау, бекіту. Шығармашылық қабілетін дамыту. |
|||
Концерт сабақтар. Монтаж композициялық сабақтар. |
Рольдерге бөлу арқылы көріністер көрсету. |
Қорытынды, қайталау сабақтарында жаңа тақырыптарды игерту, үй тапсырмасын сұрау. |
Дарынын, қабілетін дамыту. Өнер деп танып білу, шығармашылық жұмыстарға баулу. |
|||
Көкпар жарыс сабақтар. |
Топтық, жұптық жеке жұмыстар сұрақ-жауап білім жарысына түсу. Білім сабағы |
Білім сайысы кез-келген тақырыптарда өтуге болады.Алған білім- дерін бекіту |
Алғырлық, ептілік, шапшаңдық, тапқырлыққа баулиды.т.с.с. Кокпар туралы түсініктерді тереңдетеді және ойнай отырып ойлауіс әрекетін жетілдіреді |
|||
Реферат қорғау, пікір қорғау іздендіру сабақтары. |
Проблемалық сұрақтарға негізделген тапсырмалар проблеманышешу сол мақсатта іздену, салыстыру, қорытынды жасау. |
Ерекше маңызды қызықты тақырыптарда оқушылардың өзіндік ойлауы ізденуін тақырыптарға шығармашылық бағытта қарау |
Ғылыми жұмыстарға баулу зерттеу ізденіске жетелеу өз бетімен қорытынды жасай білуге, пікірлерін дәлелдей білу, дағдылану, реферат жазуға баулу. |
|||
