Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі Л...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252 Кб
Скачать
☆

1.4. Әдістемелік біліктіліктердің үшінші тобы

1. Мектеп оқулықтарына және оқулықтың математикалық идеялары мен бағыттарына логикалық – дидактикалық талдау жасай алу.

2. Ретімен тақырыптың, курстың, пәннің мақсатын анықтай алу оны жүзеге асырудың жүйесін білу.

3. Оқытудың мақсаты мен оны жүзеге асыру шарттарына байланысты оқыту әдістерінің әртүрлі нұсқаларын құра білу.

1.5. Оқу материалын логикалық – дидактикалық талдау

Оқу материалына логикалық – дидактикалық талдау төмендегідей сұрақтарға жауап беруді талап етеді.

1. Қандай жаңа математикалық деректер енгізіледі?

2. Ұғымдарға анықтама беріле ме?

3. Бұл анықтаманы ұғымдарды анықтаудың қандай құрылымдық түріне жатқызуға болады?

4. Енгізіліп отырған анықтаманың құрылымы бұрын кездескен анықтамалар құрылымындай ма, немесе басқаша ма?

5. Анықтаманың құрылымын айқындау мен оны қолдана білу үшін қандай танымдық және оқу іс - әрекеттерін орындауға болады?

6. Қандай ұйғарымдар дәлелдеусіз беріледі?

7. Қандай теоремалар (тура, кері, шартты, кесіледі, т.б.) тұжырымдалған, олардың құрылымы қандай?

8. Теоремалар қандай әдіспен дәлелденген (тура дәлелдеу, кері жору арқылы дәлелдеу)?

1.6. Сабақта оқушылармен жүргізілетін басқа да оқыту түрлерінің (факультатив, сыныптан тыс жұмыс) пәндік мазмұнын құра алу

1. Мұғалімнің және жолдастарының жауабын тыңдау.

2. Оқулықтар мен ғылыми – көпшілік әдебиеттерді оқуға үйрету.

3. Әр түрлі математикалық есептер шығара білуге үйрету.

4. Сабақта және үйде әр түрлі оқу материалдармен өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

5. Рефераттар, баяндамалар дайындауға баулу.

6. Стандарт емес есептер шығара білуге үйрету.

1.7. Өзінің жұмысын жоспарлау және оқушыларды жоспарлы түрде жұмыс істеуге үйрету

  1. Сәйкес оқу материалдар мен оқу құрал жабдықтар арқылы жанама түрде басқару.

2. Оқу – танымдық іс - әрекеттер, бақылау және өзін - өзі бақылау арқылы тікелей басқару;

1.8. Оқушылардың әртүрлі іс - әрекетін ұйымдастыра алу, оларды орындауға көмектесу және белгілі бір дәрежеде басқара білу

1. Жаппай немесе жекелеп ауызша сұрау;

2. Тақтада немесе орнында отырып оқу материалының білгілі бір кезеңдерін түсіндіруге арналған жазбаша жауап жазу;

3. Оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру оған бақылау жасау;

4. Бақылау жұмысын алу, оған талдау жасай білу.

5. Өзінің және оқушылардың іс - әрекетін бағалау және оқушылардың өздерінің

жұмысын өздері бағалай алуға үйрету

1.9. Математика оқулығымен жұмыс істеу

1. Тапсырманы мазмұны бойынша табу;

2. Тақырыбын ойлау (яғни, сөз не туралы болады ? Маған нені білу қажет ? Мен бұл туралы не білемін ? деген сұрақтарға жауап беру)

3. Пунктінің (параграфтың) мазмұнын оқу;

4. Барлық түсініксіз сөздерді, өрнектерді білу (сөздіктен, мұғалімнен, ата – апалардан жолдастарынан);

5. Оқу барысында өзіңе сұрақтар қою және оларға жауап беру (Бұл жерде не туралы айтылады? Маған бұл туралы не белгілі? Бұл жерде дәл осы туралы айтылады? Бұны қалай түсіндіруге болады? Менің білетініммен бұның қандай қатысы бар? Бұдан не шығуы керек? Бұл үшін істеледі? Бұны неге қолануға болады? Қашан және қалай қолдануға болады?);

6. Негізгі ұғымдарды бөліп алу (бөліп жазып алу, астын сызу);

7. Негізгі теоремалар мен ережелерді бөліп алу;

8. Ұғымның анықтамасын ұғып білу;

9. Теоремаларды (ережелерді) оқып үйрену;

10.Текстегі мысалдарды талдау және өз мысалдарын құру;

11.Дәптерге теоремаларды өз бетінше құру;

12.Схемалар, суреттер, кеспелер, кескіндер құру;

13.Есте сақтау тәсілдерін пайдалана отырып материалды есіне сақтау (жоспар, кескін, схемасы, мнемомикалық тәсілдер, )

14.Текстегі нақты сұрақтарға жауап беру;

15.Осындай сұрақтарды ойлап табу және өзіңе қою ?