Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Негізгі гистосәйкестік комплексі.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329 Кб
Скачать
☆

Трансплантациялық иммунитеттің негіздері

Сұрақтың тарихы, Тұрақтамаудың иммунологиялық табиғатының тәжірибелік дәлелдері. Трансилантат тұрақтамауының механизмдері туралы қазіргі көзқарастар. Трансплантациялық антигендер. Тұрақтамау серпілісінің арнайылығы мен есте сақталуы. Жасушалық иммунитеттің тұрақтамаудағы қызметі. Тұрақтамаудың уақыт мерзімі. Тіндік іріктеу. Серологиялық HLА-іріктеу және АЛД. Анти-НLА-антиденелерді анықтау. Иммунды супрессиялаушы емдеу. Қалыпты иммунды суирессиялаушы емдеу. Арнайы иммунды супрессиялаушы емдеудің жаңа тәсілдері. Трансплантат иесіне қарсы серпіліс (ТИҚС). Клиникада мүшелер мен тіндерді трансплантациялау. Сүйек көмегінің трансплантациясы. Мүшелер трансплантациясының негізгі жетістіктері. Ерекше орынды мүшелердің трансплантациясы.

Сұрақтың тарихы. Тұрақтамаудың иммунологиялық табиғатының эксперименталды дәлелдері.

Иммунологияда қолданатын трансплантация термині бір организмнен екінші организмге жасушаларды, тіндерді және мүшелерді алмастыруды білдіреді. Көптеген түрлі трансплантациялардың хирургиялық әдістері біздің дәуірде жетілдірілген, Ғалымдар мүшелер мен тіндерді бір индивидуумнан екінші индивидуумға алмастыру сұрақтарына хирургиялық технологиялар көмегімен жауаптарды тапқан.

1902 жылы Венфиялық хирург Ullman көрсетуі бойынша бір жануардан алып сондай ғана жануарға бүйрек алмастырып салғанда, бүйректің қызметі қалпына келген. Ал бүйректі әр түрге жануарлар арасында салған кезде, бүйректің қызметі ұзақ уақытқа жетпей (5-14 күн) тоқтатылып, мүшенің тұрақтамауы белгіленген.

Жануарлар арасындағы тәжірибелік трансплантациялау 1920-1930 жылдарында жалғастырылған, бірақ әр-бір талаптану әрекеті сәтсіз болып еткен. Ауыстырып салған мүшелер мен тіндерде ауқымды лейкоциттер шоғырлануы анықталған,

1940 жылдың басында чех ғалымы П.Медавар, бірнеше байқауы бойынша, ауыстырып салған тіндердің тұрақтамауы иммундық жауап себебінен өтетіндігін байқаған. II дүние жүзілік соғыс кезінде," П.Медавар күйген адамның денесіндегі терісін бір жерден екінші жерге салғанда, терінің бітіскенін байқаған, ал сол адамға туыстарынан салынған тері тұрақтамау үрдісіне ұшыраған. Рецюшенттегі (тін қабылдаушы пациент) аға-бауырынан салынған терісі істен шыкқан және сол донордың (тін беруші пациент) терісін екінші рет салғанда, тері жамауы тез арада және жоғары жылдамдықпен істен шығуы далелденген. Осы бақылаулар П.Медаварды жануарлармеи тәжірибелерге және сол тәжірибелер арқылы, келесі дәлелге алып келді: реципиенттің донор жасушаларына сезімталдануы, екінші рет салған тіндердің айқын жылдам тұрақтамау серпілісін туғызады. 1945 жылы П-Медавар ғылыми баяндамасында трансплантат тұрақтамауы донорлық мүшелеріне қарсы иммунояогиялық жауап арқылы жүреді және бұл үрдіс организмінің генетикалық ерекшелігіне байланысты деп, жариялады.

Медавардың ұсынысы өзінің дұрыстығын дәлелдеді. Трансплантацияның маңызы - ол хирургтың тәжірибелігі емес, иммунологиялық шабуылға кедергі келтіретін трансплантациялаудың хирургиялық табыстары екен. Өзгерген өз жасушаларын анықтап жоятын жүйе тікелей салынған тіндерден бөгде жасушаларын айырып тану және жою қызметін де атқарады. Ол жүйені біз иммундық жүйесі деп білеміз.

Трансплаитациялық иммунология негіздері салынған тіндер тұрақтамауының иммунологиялық негіздерін түсінуге арналған. Белсенді тәжірибелер арқылы иммундық жүйенің активтігін басуға арналған жолдар және сол эксперименттер нәтижесінде салынған тіндердің табысты бітісуіне қолайлы әдістері іздестірілген. Көп кешікпей иммунологиялық шабуылды басатын әртүрлі иммунды супрессиялы препараттар дайындалған. Медавардың 1945 жылдағы баяндамасынан дәл 10 жылдан кейін, бірінші рет табысты түрінде адамға бүйрек трансплантациясы жасалған. Мuсһin 1955 жылы Hamburg клиникасында бүйректі реципиентке анасынан табысты ретінде салған. Совет Одағында бірінші рет табысты бүйрек трансплантациясын 1965 жылы Петровский Б.В. өткізген. Қазіргі кезде трансплантация дүние жүзіне кең тараған деуге болады. Бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, сүйек көмегі және көздің мөлдір қабығын салуы қазіргі кезде өте зор жылдамдықпен және үлкен табыстармен өтуде.