Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Негізгі гистосәйкестік комплексі.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329 Кб
Скачать
☆

Тұрақтамаудың уақыт мерзімі

Салынған тіндердегі тұрақтамау серпілісінің сол трансплантатқа немесе иммунды жауап түріне байланысты, әртүрлі уақытты ағымы болады. Жеделдеу тұрақтамау серпілісі трансплантациялаудан кейін 24 сағаттың, арасында өтуі мүмкін; жедел тұрақтамау серпілісі әдетте трансплантациялаудан кейін бірінші апталар ішінде өтеді; созылмалы тұрақтамау серпілісі трансплантациялаудан кейін айлар, жылдар өткенде дамуы мүмкін.

Жеделдеу тұрақталу серпілісі. Жалпы, трансплантат сирек кезде бірден істен шығады; ал егер салынған тіннің қан тамырлары бітіспесе, ол жылдам істен шығуы мүмкін. Жеделдеу тұрақтамау серпілісі, негізі, донордың антигендеріне қарсы иесінің сарысу антиденелері арқылы өтеді. Комплементті активтейтін, антиген-антидене комплекстері, салынған тінде қарқынды нейтрофилдер шоғырлануына алып келеді. Капиллярлардағы қанның көлемді қойыртылуы арқылы, трансплантаттың тамырлары бітісуі кедергі етіп, одан арғы қабыну серпілісі дамиды.

МНС-аллоантигендеріне арнайы алдын алалық антиденелердің болуын бірнеше механизмдер түсіндіреді. Кейбір кезде қайталап қан трансфузиясын алған адамдарда, сол қанның лейкоциттеріндегі экспрессияланған МНС-антигендеріне қарсы, антидене дәрежесі айтарлықтай көбейетіндігі көрсетілген. Егер сол антигендердің кейбіреуі трансплантаттың МНС-антигендерден сәйкес болса, онда антиденелер салынған тінмен қатынасып, тұрақтамаудың жеделдеу серпілісін шақырады. Қайта жүкті әйелдерде отағасының аллоантигендеріне сезімталдану арқылы, сол антигендерге қарсы антидене түзіледі. Егер сол әйелге аллоантигендердің қайсы болса да экспрессияланған тінін ауыстырып салса, түрақтамаудың жеделдеу серпілісі дамиды. Ақырында, тін ауыстырған адамдарда, кейбір кезде сол тіндегі МНС-аллоантигендеріне қарсы жоғары дәрежеде антиденелері болады; егер сол адамға қайтадан, осы аллоантигендердің қайсы болса да экспрессияланған тін алмастырса, антиденелер тұрақтамаудың жеделдеу серпілісі дамиды. Кейбір кезде, жеделдеу тұрақтамау серпілісінде қатысатын алдын ала түзілген антиденелері, трансплантаттың қан тобының антигендеріне арнайлықты болады. Егер трансплантация жасау алдында тіндік және АВО-антигендері бойынша іріктеуін өткізсе, алдын алады: антиденелерді анықтап, жеделдеу тұрақтамау серпілісінен сақталуға болады.

Жедел тұрақтамау серпілісі. Салынған тіннің жасуша тәуелді тұрақтамау серпілісін жедел серпілісі деп атайды; бұл серпіліс трансплантациядан 7-14 шақты күннің ішінде өтеді. Гистопатологиялық байқау бойынша, Т-хелперлердің (Тхі) активтелінуі және бөлінуі арқылы өтетін тіндегі деструкциялану ошағында макрофагтар және лимфоциттердің көлемді шоғырлануын көруге болады.

Созылмалы тұрақтамау серпілісі. Созылмалы тұрақтамау серпілісі жедел тұрақтамау серпілісі тартылғаннан кейін, айлар-жылдар ішінде өтеді. Созылмалы тұрақтамау серпілісі механизмдеріне гуморалды да, жасушалық та серпілістер кіреді.

Созылмалы тұрақтамау серпілісін жиі иммуносупрессивті препараттармен жеңіп шығуға қиын болады, сол себептен ол серпіліс қайта трансплантациялауды тапап етеді.