- •Негізгі гистосәйкестік комплекс
- •Нlа I класс антигендерінің құрылысы мен қызметтері
- •Нlа іі және III класс антигендерінің құрылысы мен қызметтері
- •Трансплантациялық иммунитеттің негіздері
- •Трансплантат тұрақтамауындағы механизмдері туралы қазіргі көзқарастар
- •Трансплантациялық антигендер
- •Тұрақтамау серпілісінің арнайылығы мен есте сақталуы
- •Жасушалық иммунитеттің тұрақтамаудағы қызметі
- •Тұрақтамаудың уақыт мерзімі
- •Тіндік іріктеу. Серологиялық нlа-іріктеу және алд.
- •Қалыпты иммунды супрессиялаушы емдеу
- •Арнайы иммунды супрессиялаушы емдеудің жаңа тәсілдері
- •Трансплантат иесіне қарсы серпіліс
- •Сүйек көмегінің трансплантациясы
- •Ерекше орынды мүшелердің трансплантациясы
- •Мүшелер трансплантациясының негізгі жетістіктері
Трансплантат тұрақтамауындағы механизмдері туралы қазіргі көзқарастар
Трансплантат тұрақтамауы донор мен реципиенттің арасындағы генетикалық айырмашылықтарымен себептеледі, Әр-түрлі салынған трансплантатқа қарсы яммундық жауаптың дәрежесі де әртүрлі болады. Әрбір трансплантат түрін белгілеу үшін бірнеше терминдерді қолданады:
Лутотрансплантат деп — бір индивидуумда өз денесінің бір жерінен басқа жеріне салынған тіндерін айтады. Бұл алмастыру түрін жиі күйген адамдарда өткізеді, ол кезде денесінің таза терісін күйген жеріне жамайды.
Изотрансплантат (синтрансплантат) — ол генетикалық ұқсас индивидуумдар арасындағы салынған тіндер мен мүшелері. Изотрансплантациялау таза линияға жататын (инбредті) тышқандардың арасында орындалады. Адамдарда изотрансплантация генетикалық ұқсас (монозиготалық) егіздер арасында өткізіледі.
Аллотрансплантат — ол бір биологиялық түрге жататын генетикалық түрлі организмдердің арасындағы алмастырған тіндер мен мүшелері. Тышқандарда аллотрансплантациялау бір таза линиялы тышқандардан екінші таза линиялы тышқандарына тіндерін немесе мүшелерін алмастырғанда орындалады. Адамдарда аллотрансплантациялау көп кездерде, бір индивидуумнан екінші индивидуумге мүшелерін алмастырғанда өтеді, мысалы донор орнында реципиентке ұқсас емес (гетерозиготалы) егізі болса. Аллотрансплантат иесіне генетикалық ұқсас болмағандықтан, оны жиі иммундық жүйе айырып танып, істен шығарады. Ксенотрансплантат деп — әр түрге жататын организмдердің арасындағы салынған тіндер немесе мүшелерін атайды. Мысалы, адамға маймылдан алып салынған жүректі, ксенотрансплантат деп атайды. Шамасы, ксенотрансплантат өте жоғары генетикалық сәйкессіздік білдіретіндіктен, ол салынған тіндер тұрақтамауының өте тез жүруіне себеп болады.
Медициналық практикада жиі аллотрансплантты пайдаланады. Бұл кезде реципиент пен донор екеуінде кейбір гендердің түрлі аллельді варианттары болады. Реципиенттің иммунитет жүйесі аллотрансплантат жасушаларының бетінде экспрессиялатан антигендерді бөгде зат ретінде танып, оған қарсы иммунологиялық тұрақтамау серпілісін шақырады.
Трансплантациялық антигендер
Генетикалық бөгде тіндердің тұрақтамауына жауапты негізгі антигендерге — гистосәйкестік антигендері (немесе тінсәйкесті антигендері) жатады, оларды кодтаушы гендерін — гистосәйкестік гендері деп атайды. Гистосәйкестік гендердің өнімдері антигендер деп аталса да, олар өздерінің антигендігін өзінің емес генетикалық бөгде организмнің иммундық жүйесімен анықталғанда ғана көрсетеді, мысалы, мүшелерді аллотрансплантациялау кезінде.
Гистосәйкестіктің негізгі гендері деген түсінікті алғашқы рет 1956 жылы Д.Снелл енгізген. Ол қызметкерлерімен бірге аллогенді тіндерді трансплантациялау кезінде жедел және созылмалы тұрақтамау серпілісін бақылайтын гендерді анықтап, сол генетикалық аймағын гендердің бас комплексі — гистосәйкестік жүйесі деп атаған (МНС - Маjоr Histocompatibility Complex – Негізгі Гистосәйкестік Комплекс).
Ұқсас антигендері бар тіндерді гистосәйкесті тіндер деп айтады, бұл тіндер тұрақтамау серпілісі дамитын иммундық жауапты шақырмайды, Маңызды антигендік айырмашылықтары бар тіндер - гистосәйкес болып келеді, олар тұрақтамау серпілісін шақыратын иммундық жауапқа алып келеді. Гистосәйкестікті орнатушы антигендер, әртүрлі 40-тан аса локустарда шифрланған, бірақ айқын тұрақтамау серпілісіне жауапты локустар гистосәйкестіктің негізгі МНС - комплексінде орналасады.
НLА-жүйенің гендері трансплаетациялық (тінсәйкесті) антигендердің жасалуын бақылайды. Трансплантациялық антигендер ең көп мөлшерде лимфоциттерде, теріде; аздау - өкпе, бауыр, ішек, жүректе; ең азы — майда экспрессияланған. Жалпы, олар барлық ядролы жасушалар бетінде және тромбоциттарда табылады. Бір адамның барлық жасушаларында НLА-жүйесінің антигендері бірдей, бірыңғай болады және басқа адамда қайталанбайды. Докор мен реципиенттің осы антигендер бойынша толық сәйкестілігі тек монозиготалы егіздерде ықтималды болады. Кез-келген басқа уақытта донор мен реципиенттің арасында иммунологиялық конфликт, яғни тұрақтамау серпілісі дамиды. Оның интенсивтігін, ұзақтығын және нәтижесін келесі жағдайлар белгілейді:
• донор мен реципиент арасындағы антигендік айырмашылықтар дәрежесі;
• реципиенттің иммунды реактивтілік дәрежесі;
• трансплантаттың түрі;
• трансплантатта лимфоидтық тіннің болуы; • гистосәйкестік антигендердің мөлшері.
НLА-А және В локустарының антигендері күшті трансплантациялық антигендер қатарына жатады, соның арасында гистосәйкестікті негізі, В-локусының антигендері көп анықтайды. Практика жүзінде күшті трансплантат антиген бойынша біреуі ғана сай келмесе, донор мен реципиент оптимилды болып саналады. Донор мен рециентті МНС бойынша іріктеуі, салынған тіндердің тұрақтауына себепті болғандықтан, гистосәйкестік комплексі адамдардың арасындағы тінді немесе мүшені алмастыру кезінде, біраз дәрежелі иммунды супрессияны талап етеді.
