Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Негізгі гистосәйкестік комплексі.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329 Кб
Скачать
☆

Тіндік іріктеу. Серологиялық нlа-іріктеу және алд.

Мүшелер мен тіндерді салған кезде донор мен рецилиетті гистосәйкестік дәрежесі бойынша іріктеуге 1958 жылы, алғашқы рет Ж. Доссе бірінші трансплантациялық (лейкоцитарлы) антигенді бейнелегені, мүмкіндік берді. Шеткері қанда трансилантациялық антигендердің толық жиынтығын алып жүретін жасушалары бар екені белгіленген. Бөгде организмнің ол антигендерін жойып шығаруға бағытталған иммундық серпілісі жүреді. Тұрақтамау серпілісі МНС-комготекс пен кіші гистосәйкестік комплексіне жататын қан тобының антигендеріне қарсы жүреді. МНС адамдарда — HLА-жүйесі деп аталған, негізі осы жүйенің антигендері бойынша донор мен реципиент сәйкес болмаса, тұрақтамау серпілісі өтеді. Тұрақтамау серпілісінің өнімделуіне жауапты МНС-комплекстің және қан тобы антигендерінің айырмашылыктары болғандықтан, донор мен реципиенттің тіндік гистосәйкестігін анықтау үшін әртүрлі тіндерді іріктеу әдістері зерітелген. Біріншіден, донор мен реципиенгге АВО-антигендері бойынша топтық сәйкестігін анықтайды. Трансплантаттағы осы антигендердің қайсысына болса да қарсы синтезделген антиденелер, сәйкессіздік жасушаларда комплемент тәуелді лизисті шақырады.

Қазіргі кезде гистосәйкестік антигендерді молекулалық ДНК-зондылау арқылы полимеразды тізбекті серпіліс (РСК) көмегімен анықтауға болады, оны молекулярлы-генетикалық іріктеу деп атайды.

Донор мен реципиентті НLА-антигендерін серологиялық іріктеу үшін микролимфоциттітоксиканттық тест (МЛЦТ) қолданады, Бұл тест бойынша SD (serological defined-серологиялық анықталатын)-антигендерді анықтайды. Оларға — А, В, С, ОК локустарының антигендері жатады. МЛЦТ өткізу үшін, донор мен реципиенттің лимфоциттерін бөліп алу керек, содан кейін микротитрлеу планшеттарының ячейкаларына МНС I және II класс антигендер аллельдеріне ерекшелікті моноклонды антиденелер құйылады, содан соң лимфоциттерді қосу керек. Осы планшеттарды инкубациялағаннан кейін комплемент қосады, содан кейін серпілісті жасушалар жойылуынан немесе осы тек ғана өлген жасушаларға әртүрлі бояғыштар (көк трипан немесе эозин) қосылуы арқылы бағалайды. Егер лимфоциттер бір моноклоиды антиденелерге ерекшелі МНС аллелін экспрессияласа, комплемент косқаннан кейін, ол жасушалар жойылады да, өлген жасушалар көк трипанмен боялады. НLА-іріктеу комплемент тәуелді жасушалық цитотоксикалық әсері арқылы өтеді және ол әртүрлі МНС аллельдерінің болуын немесе жоқтығын көрсетеді.

D локусының антигендерін LD - (ағылшыннан limphocyte defined-лимфоциттермен анықталатын) антигендері деп атайды. LD-антигендерін АЛД серпіліс арқылы стандарттык лимфоциттер көмегімен анықтауға болады. АЛД серпілісті бласттық трансформациялану серпіліс арқылы екі адамның (гистосәйкестік D локус антигендерімен ажырылатын) лимфоциттерін өсіріп аныктауға да болады. Донор мен реципиенттің аралас лимфоциттер дақылды серпіліс әлсіз болған кезде, трансплантат тұрақтауы өте жақсы болады. Егер донорлық мүшесі өліктен болса, онда 4-6 күн ішінде АЛД серпілісін қоятын мүмкіншілік болмайды, сондықтан донор мен реципиентті НLА-антигендері бойынша іріктеу үшін МЛЦТ әдісі тиісті болады.