- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың барысы:
- •Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік: у =ах2 функциясымен танысу
ә) Дамытушылық: Функцияның графиктерін салып үйрену
б) Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі : түсіндірмелі-көрнекілік
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі:сызба,жазба материалдар
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуын,дайындығын тексеру.Оқушылармен амандасу
ІІ.Өткенді қайталау.
Оқушыларды топқа бөліп , үй тапсырмасын сұрау.
Бір – бірлеріне сұрақ қоя отырып , қадағалау.
1.1-ден үлкен бүтін оң көрсеткішті дәреже неге оның қарама- қарсы көрсеткішпен берілген дәрежесінен әр уақытта үлкен болады?
2.1-ден өзге бүтін санға кері сан бөлшек түрінде беріледі. Осы кері санды бөлшексіз беруге бола ма?
үйге берілген есептің жауаптары:
№50 1)3,393 *10-4 2) 1,472*10-4
ІІІ. Жаңа сабақ
Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін тәуелділікті функция деп атайды.
Тәуелсіз айнымалы (х) аргумент деп аталады.
Тәуелді айнымалы (у) функция деп аталады.
Айнымалының (аргументтің) мүмкін болатын мәндер жиынын функцияның анықталу облысы деп атайды.
Айнымалының мәндер жиыны шектелген немесе шектелмеген болуы мүмкін.
Функцияның графигі деп координаталық жазықтықтағы абсциссалары аргументтің мәндеріне тең , ал ординаталары функцияның сәйкес мәндеріне тең нүктелердің жиынынан тұратын сызбаны айтады.
Графикті салу үшін кесте толтыру қажет
х |
-3 |
-2,5 |
-2 |
-1,5 |
-1 |
-0,5 |
0 |
0,5 |
1 |
1,5 |
2 |
2,5 |
3 |
у =х2 |
9 |
6,25 |
4 |
2,25 |
1 |
0,25 |
0 |
0,25 |
1 |
2,25 |
4 |
6,25 |
9 |
Абсциссалары қарама-қарсы болатын нүктелердің ординаталары бірдей , демек (х;у) және (-х;у) нүктелері өзіне қарағанда симметриялы болады.
Белгіленген нүктелерді сызықпен қосу арқылы у =ах2 фукциясының графигін саламыз. Бұл график парабола деп аталады.Ол екі тармақтан тұрады.
у = х2 функциясының графигін қолданып, кейбір қасиеттеріне тоқталайық:
1) егер х = 0 болса, онда у = 0, яғни функцияның графигі координаталар басы арқылы өтеді;
2) егер х ≠ 0 болса, онда у > 0, яғни х-тің нөлге тең емес барлық нақты мәндерінде у > 0, өйткені кез келген санның квадраты оң сан. Демек, функция графигінің (0;0) нүктесінен басқа барлық нүктелері Ох осінің жоғары жағында орналасқан;
3) х-тің қарама-қарсы мәндеріне у-тің бір мәні сәйкес келеді, сондықтан графиктің қарама-қарсы абсциссалары бар нүктелері ордината осіне қарағанда симметриялы орналасқан;
4) х-тің оң мәндерінде аргументтің үлкен мәні функцияның үлкен мәніне сәйкес келеді және аргументтің өсуімен функция да өседі;
5) х-тің теріс мәндерінде аргументтің үлкен мәніне функцияның кіші мәні сәйкес келеді және аргумент өскенде функция кемиді;
6) кез келген вертикаль түзу функция графигін бір нүктеде қияды.
ІІІ. Есеп шығару.
№61 у =3х2 функциясының графигі А(1;3) , В(0;3), С(2;12) , D(-1;-12), Е(5;0), Ғ(-3;27), К(27;3) нүктелерінің қайсысы арқылы өтеді ?
( А(1;3) , С(2;12) , Ғ(-3;27) нүктелері арқылы өтеді.)
№62. A (0;0) , В(1;1), С(1;2), D (-1;-1) , E (3;-9) , Ғ(4;-2), K (2;-4) нүктелері нүктелерінің қайсысы у =-х2 функциясының графигіне тиісті?
( A (0;0) , D (-1;-1) , E (3;-9) , K (2;-4) нүктелері у =-х2 функциясының графигіне тиісті)
№63 1) Бір координаталық жазықтыққа :
1) у = 3х2 және у = -3х2 функцияларының график салу
ІV.Үйге тапсырма.№63 (2), №64 §3-ні оқып келу
V .Бағалау.Оқушылардың білім-біліктілігін анықтап баға қою.
VI . Қорытынды.Оқушылардан өткен материалды еске түсіру үшін сұрақ-жауап алу.
7-сынып.Алгебра
Сабақ-9.мерзімі-
Сабақтың тақырыбы: у =ах3 функциясы және оның графигі
