- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың мақсаты:
- •Сабақтың барысы:
- •Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік: у =ах3 функциясымен танысу
ә) Дамытушылық: Функцияның графиктерін салып үйрену
б) Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі : түсіндірмелі-көрнекілік
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі:сызба,жазба материалдар
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуын,дайындығын тексеру.Оқушылармен амандасу
ІІ.Өткенді қайталау.
Оқушыларды топқа бөліп , үй тапсырмасын сұрау.
Ордината, абсцисса, координаталық жазықтық, координаталық түзу, график
№63. 2) у = 0,2х2 және у = -0,2х2 функциясының графигін салу
№64. Егер шаршының қабырғасының ұзындығын 1) 4 есе үлкейтсе (16 есе үлкейеді); 2) 5 есе кішірейтсе, онда оның ауданы қалай өзгереді (25 есе кішірейеді) ?
ІІІ. Жаңа сабақ
Енді у = х3 функциясын қарастырайық
Графикті салу үшін кесте толтыру қажет
х |
-2 |
-1,5 |
-1 |
-0,5 |
0 |
0,5 |
1 |
1,5 |
2 |
у =х2 |
-8 |
-3,38 |
-1 |
-0,13 |
0 |
0,13 |
1 |
3,38 |
8 |
Белгіленген нүктелерді сызықпен қосу арқылы у =ах2 фукциясының графигін саламыз. Бұл график кубтық парабола деп аталады.Ол екі тармақтан тұрады.
у = х2 функциясының графигін қолданып, кейбір қасиеттеріне тоқталайық:
1) егер х = 0 болса, онда у = 0, яғни функцияның графигі координаталар басы арқылы өтеді;
2) егер х > 0 болса, онда у > 0, егер х < 0 болса, онда у < 0 болады, өйткені оң санның кубы оң санды, теріс санның кубы теріс санды береді;
3) х-тің қарама-қарсы мәндеріне у-тің қарама-қарсы мәні сәйкес келеді, сондықтан графиктің қарама-қарсы абсциссалары бар нүктелері координата басына қарағанда симметриялы орналасқан;
4) х-тің барлық нақты мәндерінде у = х3 функциясы өседі;
5) Ох осіне параллель кез келген түзу у = х3 функциясының графигін бір нүктеде қияды;
ІІІ. Есеп шығару.
№65. 1)3 2) 7
№66 у =-2х3 функциясы берілген. Егер
1) х = -1; х = 0,5 болса, онда функцияның;
2) у = 16; у = -2 болса, онда аргументтің мәнін табыңдар.
1) у = -2*(-1) ; у = 2; у = -2*1/8 = -1/4
2) 16 = -2*х3; х = -2; -2 = -2*х3; х = 1
№67. Берілген функциялардың графиктерінің неше қиылысу нүктелері бар:
1) у = 3х + 1 және у = 3х2 ; 2) у = 4х – 3 және у = -х3
3) у = -х және у = - х3; 4) у = -х – 2 және у = 4х2
1) 2 2)1 3) 2 4) қиылысу нүктелері жоқ
№68. р-нің қандай мәндерінде М(-2;р) нүктесі
1) у = 2х2; 2) у = -3х2 3) у = -х3 4) у = х3 функциясының графигіне тиісті болады ?
1) 8 2)-12 3)8 4) -8
Дидактикалық материалдан есептер шығару
IV.Үйге тапсырма. §4. №69 , №70 , №71
V .Бағалау.Оқушылардың білім-біліктілігін анықтап баға қою.
VI . Қорытынды.Оқушылардың өткен материалды еске түсіру нәтижелерін сұрақ-жауап арқылы анықтау.
7-сынып.Алгебра
Сабақ-10.мерзімі-
Сабақтың тақырыбы: Функцияның графигін тұрғызуға есеп шығару
