Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7-сынп. І тоқсан. Алгебра.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер,функция тақырыптарына қайталау жаттығуларын жасау

ә) Дамытушылық: дидактикалық материалдардан тест тапсырмасын орындаттыру

б) Тәрбиелік: оқушыларды жылдам ойлай білуге тәрбиелеу

Сабақтың әдісі:практикалық

Сабақтың типі:бекіту

Сабақтың көрнекілігі:сызба,жазба материалдар

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуын,дайындығын тексеру.Оқушылармен амандасу.

ІІ.Өткенді қайталау.

Оқушыларды топқа бөліп , үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ қою арқылы бекіту

1.дәреже дегеніміз не?

2.функция дегеніміз не ?

үйге берілген есептің жауаптары:

№82 1) к>0 2) к <0

Бақылау жұмысының қатесімен жұмыс

III.Есеп шығару.

Тт кілті. І нұсқа. 1) Д 2)Д 3)В 4) А 5)С 6) Д 7)С 8) С 9)Д 10)А

ІІ нұсқа 1) Д 2) А 3)В 4)А 5)В 6) Д 7) С 8) В 9) Д 10)А

ІІІ нұсқа 1) С 2) Д 3)А 4) Д 5) Д 6)С 7) В 8) А 9) В 10)С

ІV нұсқа 1) Д 2) 3) Д 4) В 5)А 6)С 7) Д 8) В 9) С 10)Д

IV.Үйге тапсырма. §1- 4. 36-37 бет ТТ

V .Бағалау.Оқушылардың білім-біліктілігін анықтап баға қою.

VI . Қорытынды.Оқушылардың өткен материалды еске түсіру нәтижелерін сұрақ-жауап арқылы анықтау.

7-сынып.Алгебра

Сабақтың тақырыбы: Бірмүше және оның стандарт түрі.

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Бірмүше, бірмүшенің коэффициенті,бірмүшенің дәрежесі ұғымымен танысу.

ә) Дамытушылық: ұқсас мүшелерді біріктіре білу

б) Тәрбиелік: оқушыларды жылдам ойлауға , жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:түсіндірмелі – көрнекілік

Сабақтың типі:жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:сызба,жазба материалдар

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуын,дайындығын тексеру.Оқушылармен амандасу.

ІІ.Өткенді қайталау.

1) санды өрнек және әріпті өрнек дегеніміз не?

2) дәреже дегеніміз не?

Бақылау жұмысының қатесімен жұмыс жасау

ІІІ. Жаңа сабақ.

Осы кезге дейінгі санды және әріпті өрнектер алгебралық өрнектер деп аталады.

Әріпті өрнектер белгілі бір ереже бойынша жазылады.Сан әріпті көбейткіштің алдына жазылады және олардың арасына көбейту таңбасы қойылмайды.Әріпті көбейткіштің арасына да көбейту таңбасы қойылады.

Әріпті әр түрлі сандармен алмастыруға болғандықтан, оны айнымалы , ал әріпті өрнекті айнымалысы бар өрнек деп атайды.

Егер өрнектің бөлімінде айнымалы болмаса, ондай өрнек бүтін алгебралық өрнек, ал өрнектің бөлімінде айнымалы болса, онда ондай өрнек бөлшек алгебралық өрнек деп аталады.

Әріпті санмен ауыстыруды алмастыру немесе сан мәнін орнына қою деп айтады. Санның өзін айнымалының мәні , ал орнына қойғанда шыққан нәтижені өрнектің мәні деп атайды.

Анықтама. Санды және әріпті көбейткіштер мен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.

Егер өрнек бір ғана санды көбейткіш және негіздері әр түрлі дәрежелерден тұрса , онда мұндай бірмүшелерді стандарт түрде берілген бірмүше деп атайды. Кез келген бірмүшені стандарт түрде жазуға болады.

Стандарт түрде жазылған бірмүшенің санды көбейткіші бірмүшенің коэффициенті деп аталады.Санды 1-ге көбейткеннен сан өзгермейтін болғандықтан, әдетте 1-ге тең коэффицент жазылмайды.Егер бірмүшенің коэффициенті -1-ге тең болса,онда бірмүшенің алдына тек қана « - » таңбасы қойылады.

Айнымалылардың барлық дәреже көрсеткіштерінің қосындысы бірмүшенің дәрежесі деп аталады.

Анықтама: Ортақ әріпті бөлігі бар және бір-бірінен айырмашылығы тек қана коэффициентте болатын бірмүшелер ұқсас бірмүшелер деп аталады.

Бірмүшелерді көбейту мен дәрежеге шығару да көбейту мен дәрежеге шығару қасиеттері орындалады.

ІV. Есеп шығару.

№88 Ауызша

Қайсысы бірмүше ва3в2 , ав/2 , ср, 5х5у3

№89

1) -15m2y 2) 2700x3y4 3) 50x3y2 4) 2/3 x3y2z

5) 1,2m3n3p3 6) x7y7

№90

1) -12a4b4 2) 35m2c3 3) -54am3 4) -8m6n3 5)-60m3n3p

6) 36a2b2 7) 32 8) x2 9) a4b4c4 10) 1125m11n5

№91

1) – 12а в2 2) -8m5 3) 20х5у6z3

4) 1/2*х5у5 z3 5) -2/5*а3х3у4 6) 12а8в3с6

№92

1) 8/27*a3b6 2) 81/256*a8b12 3) 0,0004m6n6 4) 0,125x9y15

№93

1) 12/20*4*9/25 = 108/125 2)3,2*0,5*27 = 43,2

3) 8*(-0,125)*16 = 16 4) 5/18*18/5*(-1/5)7*(-5)8 = -5

V.Үйге тапсырма. §5 .№89(4-6), №90(6-10),№91(4-6),№92(3-4),№93(3-4)

VI .Бағалау.Оқушылардың білім-біліктілігін анықтап баға қою.

VII . Қорытынды.Оқушылардың өткен материалды еске түсіру нәтижелерін сұрақ-жауап арқылы анықтау.

Алгебралық өрнек дегеніміз қандай өрнек?

Санды стандарт түрге қалай келтіреміз?

Ұқсас бірмүше дегеніміз не?

7-сынып.Алгебра

Сабақ-14.мерзімі-

Сабақтың тақырыбы: Бірмүшелерді көбейту мен дәрежеге шығару