Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАРАСАЕВА А.КАЗ-УП по ТДиРЭ исправ..docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2.5 Түйіспелі торапты жөндеу

2.5.1 Техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Түйіспелі торапты пайдалану техникалық қызмет көрсету (т.қ.к), ағымдағы жөндеу (а.ж), күрделі жөндеу (к.ж), жаңарту және қайта жөндеу (ж.қ.ж) жұмыстарының жүргізілу кезеңінде жүзеге асады.

Түйіспелу торапты техникалық қызмет көрсетудің, ағымдағы және күрделі жөндеудің, жаңарту және қайта жөндеудің тізімі мен мерзімділігін орнату электрлендірленген телімнің магистральді темір жол торабының ерекшелігінің сәйкестігіне тәуелді [10].

Электрмен қамтамасыздандыру департаменті директорының рұқсатымен [10], жұмыстың бөлек түрлерін жүргізу мерзімі жергілікті талапқа тәуелділіктен, қабылданатын құрастыру мен түйіннің түрлеріне және оның құрылғы сенімділігінің қамтылуы мен жағдайына орай өзгертілуі мүмкін.

Түйіспелі тораптың техникалық қызмет көрсету кезінде:

- олардың күйін күнделікті бақылаумен;

- тексерісті жүргізуді реттеу (қарау мен тексеру) - ТҚК-1;

- диагностикалық сынақ және өлшеумен - ТҚК -2;

- техникалық тексерумен - ТҚК -3

жүзеге асады.

ТҚК-1 Түйіспелі тораптың қалыпты күйінен ауытқуын уақтылы табу мақсатымен жүзеге асырылады.

Қызмет көрсету құрылғының жоспарлы жеке тексеріспен айналып өту және көзбен шолу бағасындағы қалпын түйіспелі торап ауданының бастығы, жоғары дәрежелі электромеханник немесе электромонтер электровоз, электропоездың алдыңғы кабинасында орындайды (автодрезине).

Айналып өту кезінде көрінетін тіреуіштің ұстап тұратын құрылғының, ток өткізгіш сымның, ішектің, айырушы заттың, бөлушінің разрядтауыш және ОПН, шырағдандар мен өзге де элементтердің зақымдануы білінеді, нәзік сапалы токжинағыштың немесе токқабылдағыш және басқа да ешбір кедергісіз өтетіндер үшін қауіптілігі айқындалады. Қалыпты күй бағамынан күдік байқалғанда айналып өту мен шолу арқылы қайта тексеру осындай орындарда жүргізіледі.

Токжинағышты тексеру мен айналып өту нәзік сапалы токжинағыштың (токқабылдағыштың ықтырылуы, ұшқындауы) белгілі орнына тағайындалады.

Токжинағыш тексерісі вагон-зертхананың арнайы бақылау мұнарасында, электровоздың 2-ші кабинасында, жолаушы поездың 1-ші вагонының шеткі есіктегі терезесінде жүзеге асады. Жоспарлы жекеленген шолуды түйіспелі торап ауданының бастығы немесе жоғары дәрежелі электромеханник немесе электромонтер бірге қызмет көрсету құрылғысын тексерумен жүргізіледі.

Токжинағышты тексерумен айналмалар токжинағыштың төменгі сапалы (токқабылдағыштағы жамаулар, ұшқын) орнын анықтау үшін белгіледі. Токжинағышты тексеру арнайы қаралатын мұнараның вагон-зертханасында, екінші электровоз кабинасында, жолаушылар пойызының бірінші вагонының есігінің шөрке төселген терезесінде жүзеге асады. Тексеру, сондай-ақ, токқабылдағышпен жабдықталған автомотриста жүргізеді. Токжинағышты тексеру токқабылдағыштардыі жұлып алғышын бақылауға немесе ұшқынды көзбен шолумен бақылауға арналған арнайы құрылғылар көмегімен іске асырады.

Қызмет көрсетуші қондырғыларды тексерумен жоспарланған жекеше аралауды түйіспелі торап ауданының бастығы, электромеханик немесе жоғары квалификациялы электромонтер жүргізеді. Тексеру жүрісінде көрінетін зақымдану, реттеудің бұзылуы және техникалық талаптардан ауытқудың анықталуымен қондырғы күйін шолып бағалау жүргізіледі. Электр қозғалмалы құрамды аралау уақытында бақылау токжинағыштың сапасымен бағаланады.

Аралап қарау перегон бойынша кешенді айлық графикке сәйкес, ал станцияда бақ жолы тобы бойынша жүзеге асады.

Кезектен тыс жеке айналып өтулер, температураның (тәулігіне 20°С-тан көп) лезде өзгеруінің периодында, нөсер жаңбыр, ылғалды қар жауу, 20 м/с-тан жоғары жел, көктайғақтан кейін, тасқынды су, жоғары өрт қаупінде, сонымен қатар, анықталмаған себеп бойынша қоректену аймағындағы қысқа тұйықталудан кейін, жөндеу жұмысы жүргізілген түйіспелі торапта, темір жолда және өндірістік қажеттіліктің басқа да жағдайларында тексерулі аралаулар белгіленеді. Олардың мақсаты қондырғының болуы мүмкін зақымдануын, қысқа тұйықталу орнын, олардың пайда болу себебін және зардабын анықтау. Қоршаған орта әсерінен ең көп зақымданатын: компенсатор, фиксатор, құрылғы, әуе нұсқағыштары, сым өткінінің нұсқағышының күйі, олардың өзара орналасуы және басқа қондырғымен арақашықтығы, тіректегі және кабель трассасындағы топырақтың су шайып кетуі, оқшауланған бөлшектің қирауы, сымда және ілінген сым құрылымында құлаған бұтақтар мен ағаштардың болуы, сымдардың немесе үзілген қылдардың күюі, оқшауламалы сымдардың кедергілері, разрядтаушылардың, ОПН және басқа құралдардың күйіне ерекше назар аударуға тура келеді.

Кезектен тыс айналымдар мен аралауларды өткізетін аудан болжанған қауіпті өзгерулер аймағының мүмкіндігін шектейді, оларды келесісімен қатар орындауы мүмкін.

Түйіспелі тораптар және басқа да қызмет етуші қондырғылардың тексерулі бақылау аралауларын электрмен жабдықтау дистанциясының директоры немесе директор орынбасары график бойынша жыл бойы барлық қондырғыларды толық тексеруден өткізеді. Оларды түйіспелі торап ауданының қызметкерінің жұмысын, нақты Ережелердің және типтік жобалардың техникалық талаптардан қалыс қалуы, сондай-ақ, қондырғы күйінің бағасы мен жөндеу жұмысының жоспарының дәлдігін бақылау мақсатында жүргізеді.

Түйіспелі тораптың ТҚК-2 қондырғысын бақылауды нормативті талаптардан және тозу дәрежесін бағалау мен тексерілген түйіндер мен элементтердің күйін, сонымен қатар, қажет кезінде оларды жөндейтін немесе ауыстыратын регламенттелген параметрлерден ауытқуын немесе қателіктерді анықтау мақсатында жүргізеді. Диагностикалау, тексеру және өлшеу бойынша жұмыстарды арнайы вагон-зертхананы, құралдарды, штанга және басқа да техникалық диагностикалау құралдарын пайдалануды үйренген жұмысшы жүргізеді. Тіректі, іргетасты диагностикалау және жерлендіру қондырғыларының күйін бағалауды коррозия бойынша арнаы топ жұмысшысы жүргізеді.

Түйіспелі торапты вагон-зертханамен автоматты түрде параметрлерді жазуды электрмен жабдықтау дистанциясының директоры немесе оның орынбасары және түйіспелі торап ауданының бастығы жоқ болғанда вагон-зертхана жұмысшысы түйіспелі торап күйін Нормативті баллдық бағаға сәйкес бағалау мақсатында шолып тексеру жүргізеді. Нормативті параметрлерден фактілі параметрлердің ауытқуы айыппұл балымен бағаланады.

Аралау және айналым кезінде тексеру нәтижесінде анықталғандар, сондай-ақ, диагностикалық тексеру мен пойыз қозғалысы немесе электрмен жабдықтауда бұзылуларды болдыруы мүмкін қателіктерді өлшеу кезінде баяулап жойылады. Қалған қателіктер жоспарда ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізілуі белгіленген уақытта жойылады.

Барлық анықталған жеткіліксіздер мен ескертулер тексерулер мен перегон және станция қателіктері Журналында, ал үлкен станцияларда – парк бойынша тіркеледі.

ӘЖ-нің санын түйіспелі асылғы арқылы тексеру ӘЖ иесінің қатысуымен жүргізілуі керек және тізімді тексеру актісінің құрылуымен куәландырады.

ТҚК-3 кезінде жердегі барлық қызмет ететін қондырғыларға, ал түйіспелі асылғы үшін қондырғы күйін тексерумен жүргізілетін автомотрис алаңына немесе жинағыш мұнараға (жоғарғы тексеру), көлемі мен оларды жөндеу типін анықтауына, ТҚК-1 мен ТҚК-2 нәтижесінде анықталмаған және оларды орындау мерзімінің дәлдігіне мұқият тексеру жүргізіледі.

Айналымдар мен аралаулардың жыл сайынғы графиктері және техникалық бақылау мерзімділігін сақтаумен құрылады. Графиктер өзара тұйықталған болуы керек және қайталанбағаны жөн. Кезекті аралау жерді бақылаумен қатар орындалуы мүмкін.

Жерді бақылауды түйіспелі торап ауданыныі бастығы немесе электромеханик күндізгі уақытта бинокльді және өлшегіш құралдарды қолданып орындайды.

Бақылау кезінде тіректік және ұстап тұрушы құрылымдар күйін, оларды бекіту сенімділігін тексереді, құрылымның коррозияға қарсы және болаттан жасалған жабынын жаңарту қажеттілігін, қондырғыны жөндеу қажеттілігін, жерлендірудің күйін анықтайды, зақымданған оқшауламаларды және олардың ластанудан тазарту қажеттілігін табады, сым күйін, анкерлі телімнің орналасуын, әуе нұсқағышын, секциялы оқшауламаларды, разрядтауыштарды, ОПН, ажыратқыштарды, КТП және басқа құралдарды, анкерді, электр байланыстырғыштарды, ішектерді, фиксатор мен басқа түйіндерді, элементтерді тексереді, олардың зақымдануын немесе қателіктерін, реттеуінің бұзылуын және техникалық талаптан және нормадан ауытқуын анықтайды.

Бақылау анкерлік телім бойынша, темір жол станциясы жолымен, қоректектендіруші трасса және сорғыш желі мен барлық түйіндер, элементтер жақсы көрінетін ыңғайлы және қауіпсіз орыннан электрмен қамтамасыздандыру ӘЖ-ін бойлай жүргізіледі. Тізім күйі және ӘЖ-нің трассаға жақындауы, кабельдік қондырғыларымен бір уақытта ӘЖ-де немесе түйіспелі торапта ағаш құлап қауіп төндіретін, бұтақтардың сымға жақындауымен қауіпті орын анықталады.

Анықтаудан басқа ең жоғарғы тексеру жүргізуді талап ететін күйі туралы сенімді мәліметтер анықталмаған қателіктер орнын белгілейді.

Техникалық элементтер күйі мен перегондағы түйіспелі асылғы құрылғыларының бағасын дәлелдеу үшін темір жол станциясының басты және қабылдап жіберуші жолдарында әр анкерлік телімнің автомотрис жұмыс алаңынан кернеу алумен жоғарғы тексеру бойынша оқшауланбаған консоль кезінде, 4-5 км/сағ жылдамдықпен қозғалыста әрбір тірекке тоқталуменжүргізілуі керек.

Оқшауланған консоль кезінде және станция мен депоның қалған жолдарында кернеу алусыз жоғарғы тексеру жүргізуге рұқсат беріледі.

Жоғарғы тексеруді түйіспелі торап ауданының бастығы немесе электромеханигі жүргізеді.

Кернеу алумен жоғарғы тексерумен оқшауламалы жинағыш мұнарамен немесе кернеу астындағы оқшауланған алаңды автомотристі жоғарғы тексеру арасындағы аралықта жүргізіледі.

Жоғарғы тексерумен бақылау кезінде қателіктерді табады, нақты Ереженің техникалық талаптарымен қондырғының сәйкестігін анықтайды, түйіспелі сымның тозуын ішінара өлшеу жүргізіледі және болуы мүмкін қателіктерді жояды. Пойыз қозғалысында анықтау кезінде өзімен болуы мүмкін қателіктерді, оларды баяулап жою бойынша өлшемін қабылдайды.

Бұзылулар немесе техникалық нормадан ауытқу табылмаған және олар жоғарғы тексерумен бақылау уақытында табылған анкерлік телімнің түйіспелі торабында (темір жол станциясының жолдарында) ағымдағы жөндеу жүргізілмейді.

Қондырғыларға қызмет көрсетуші АЖ және олардың бөлек түйіндері мен элементтері және оларды техникалық қызмет көрсету кезінде анықталған техникалық күйі (ТҚК-1, ТҚК-2 және ТҚК-3) мен қателіктер сипаттамасына тәуелді, сонымен қатар, пайдалану мерзімі, электрлендірілген телімнің ауасының ластану дәрежесі жүргізілуін белгіледі.

Ағымдағы жөндеуге мыналар жатады:

- бақылау, тексеру және өлшеу кезінде жеткілікті сенімділікпен бағалануы мүмкін емес түйіндер мен элементерді тексеру;

- ластанудан тазарту;

- майлауды жаңарту;

- арматураны бекіту, реттеу сенімділігін тексеру;

- ақаулы оқшауламаны ауыстыру;

- техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу үрдісін жүргізу кезінде анықталған бөлек тозған және қате элементтерді қайта орнату мен ауыстыру.

Ағымдағы жөндеу кезінде күрделі жөндеу жүргізу уақыты мен көлемін нақтылайды және анықтайды.

Түіспелі торап күйін тексеру кезінде мыналарды ішінара тексеру қажет:

- сымдардың қысқыштардағы бітеулердің дұрыстығы, тұтастығы және олардағы деформацияның болмауы;

- тартылым болттарының сапасы;

- шарнирлі байланыстың қозғалысы;

- түйіспелі тораптың жапсарлы қысқышындағы саңылаудың болмауы;

- қысқыштардағы сымдардың және арқандардың сездіруінің, коррозия мен сымның үзілуінің болмауы.

Қысқы уақытта қар сымында, қырау немесе көктайғақ кезінде ток жүргізуші қысқыштардағы қызуларды анықтауға тура келеді.

Пайдалану үрдісінде темір жол торабының әрбір магистральді телімі үшін есептік СЗА оқшауламасына сәйкес баға жүргізіледі. Бақылау және оқшаулама бұзылуының статистикасы негізінде оның сенімділігін жоғарылату, алдын ала күшейту, тазалау, гидрофобты жабынды қондыру немесе ластанған оқшауламаны тазасымен ауыстыру бойынша шаралар жүргізіледі.

Оқшауламаларды тазалау немесе ауыстыру олардағы қиын жойылатын пленка мен шаң көрінетін ластану кезінде орындалады.

Гидрофобты пасталы оқшауламалардың жабыны (КВ-3, КПД, КПИ және ГПИ-1) және майлаушы материал (турбина немесе трансформатор майы) цементті және химиялық ластану аймағында ұсынылады.

КЖ қондырғының ауыстыру және тозғандарын жөндеу, жұмыс істеуші түйіндер мен элементтер бойынша барлық жұмыстарды қосумен техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу кезінде қондырылған техникалық күйіне тәуелділікте жүргізіледі. КЖ мыналарды қарастырады:

- қажетті жаңарту, жұмыстың жоғарылатқыш сенімділігі және жүктемелі қасиеті есебімен қондырғының алғашқы техникалық сипаттамасын толық қайта орнату;

- өсуші өлшеулер мен поезд қозғалысының жылдамдығын қамтамасыздандыруға арналған қондырғыны күшейту;

- жоғары қауіптілікті орынды жою;

- жақсартылған құрылымды енгізу.

Күрделі жөндеу жұмысына жолды қайта қондыруды шақыратын түйіспелі торап қондырғысын қайта монтаждау және басқа да аналогты жұмыстар жатады.

Күрделі жөндеу жұмысын бастамас бұрын ақаулы мәліметтер тізімі және жобалық-шығындар құжаттамасы құрылады, ал күрделі жөндеу аяқталуы бойынша электрмен жабдықтау дистанциясының өкілі акті құрылуымен орындалған жұмысты өңдейді.

Түйіспелі торапты жаңарту және қайта құрастыру арнайы ұйымдармен өңделген, құрылыс-монтаждау бөлімдерінің машина және механизмдерді қолданатын, жұмыстың әр кезеңінен кейін («терезе») пойыз қозғалысының үзіліссіз қозғалыспен қамтылған анкерлі телім бойынша кешенді жоба бойынша орындалады.

Түіспелі торапты күрделі жөндеу, жаңарту мен қайта құрастыруды жоғарғы сенімділікті және жаңа құрылымды қабылдау есебінен ең жоғарғы техникалық деңгейде өтпелі жұмыс ресурсымен қамтамасыз етуі керек.