- •Isbn 978-601-207-798-8
- •1. Электр жабдықтарының техникалық диагностикасы
- •1.1 Негізгі түсініктер мен анықтамалар
- •1.2 Электр жабдықты жылулық бақылау
- •1.3 Май толтырылған жабдық күйін бағалау әдісі
- •1. Трансформатор майының күйін бағалау
- •2. Трансформаторлық май ақпараттық орта ретінде
- •3. Оқшауланған жүйенің күйін бағалау
- •6. Ораманың геометриялық күйінің бағасы
- •7. Ораманы қысу күшінің бағасы
- •5. Түйіспелі байланыс күйінің бағасы
- •8. Салқындату жүйесі күйінің бағасы
- •9. Ауыстырып қосқыш жабдық күйінің бағасы
- •10. Майды қышқылданудан және ылғалданудан қорғайтын құралдар күйінің бағасы
- •1.4 Күштік трансформаторлар күйінің диагностикасы мен бағасы
- •1.5 Коммутациялық аппараттар күйінің бағасы және диагностикасы
- •1.6 Кабельді желінің диагностикасы
- •1.7 Трансформаторлық май күйінің бағасы
- •1.8 Трансформаторлардың техникалық күйін хроматографиялық бақылау
- •1 Топ. Ток жүретін байланыстардың және тірек құрастыратын элементтердің қызып кетуі.
- •2 Топ. Майдағы электрлік разрядтар
- •1.9 Түйіспелі тораптың техникалық диагностикасы
- •2. Электр жабдықтарын жөндеу
- •2.1 Жөндеу түрлері. Жөндеудің жоспарлы-ескертпелі жүйелері
- •2.2 Қосалқы станция электр жабдықтары –
- •2.2.1 Күштік трансформаторларды тексеру және ағымдағы жөндеу
- •2.2.2 Күштік трансформаторды профилактикалық және жөндеуден кейінгі тексерулер
- •2.2.3 Күштік трансформаторларды орташа және күрделі жөндеу
- •2.3 Айнымалы токтың жоғары вольтты ажыратқышын тексеру және күрделі жөндеу
- •2.4 Электрлік тораптарды жөндеу
- •2.4.1 Әуе беріліс кабельдік желілерін пайдалану
- •2.4.2 Профилактикалық өлшеу және тексеру
- •2.4.3 Зақымдану орнын анықтау
- •2.4.4 Кабельдік желілерді жөндеу
- •2.5 Түйіспелі торапты жөндеу
- •2.5.1 Техникалық қызмет көрсету және жөндеу
- •2.5.2 Әуе нұсқағышын модернизациялаудың жүйелі технологиялық үрдісінің сұлбасы
- •2.6 Өлшеу трансформаторларының қызмет көрсетуі, жөндеу және тексеру
- •2.7 Аккумуляторлық батареялардың техникалық қызмет көрсетуі
- •2.7.1 Аккумулятор батареясын ағымдағы жөндеу
- •2.8 Техникалық құжаттамалар мен есеп беру
- •2.8.1 Оперативті журнал. Қосалқы станциядағы оперативті құжаттаманы басқару
- •2.8.2 Уақыттың типтік нормалары және электрмен жабдықтау қондырғыларын жөндеу мен қызмет көрсетуіндегі технологиялық карталары
- •Әдебиеттер
- •Электр қондырғыларындағы жұмысқа арналған наряд-рұқсатнама формасы
2.5.2 Әуе нұсқағышын модернизациялаудың жүйелі технологиялық үрдісінің сұлбасы
Әуе нұсқағышының тармақтарын көтеру және ревизиялаудың дұрыстығын анықтау
1. Түйіспелі сымның әуе нұсқағышындағы басты немесе айрықша бағыттағы жолын төменге орналастыру керек (2.21-сурет). Әуе нұсқағышы орналасқан жерде серіппелі ішек болмауы керек.
2. Қарапайым нұсқағыш аудармада әуе нұсқағышын түзетін түйіспелі сымдардың қиылысуы түзу осьтен және ауытқу жолынан 360 - 400мм-ге қалып отыруы керек, байланыстырушы рельстердің басының ішкі шегінің крестовиналары 730 - 800мм құрайды ( 2.22, а-сурет).
3. Қиылысқан жолдардың айқасқан нұсқағыш аудармаларындағы түйіспелі сымдарында, байланыстырушы рельстердің басының ішкі шегінің крестовиналары 730 - 800мм құрайтын қиылысқан жерінде қос (ромб тәрізді) қиылысуы болуы керек. Жол осінің қиылысқан ортасында түйіспелі сымдардың біркелкң қиылысуына рұқсат етіледі (2.22, б-сурет).
4. Түйіспелі сымдар шалғайда қиылысқан жол осінің ортадағы қиылысуымен қиылысуы керек. (2.22, в-сурет).
5. Әуе нұсқағышы аймағындағы түйіспелі сымдардың жоғарғы жұмыс күйін тексеру, токқабылдағыштың жамауларының, жергілікті тозулардың, қаспақ пен күйіктің болмауына назар аудару қажет. Жарығы бар қысқыштарды, болттардың қабыршақтарын және коррозиясын тексеру және ауыстыру.
2.21-сурет Шекті (кресті) жапсырма:
а – түйіспелі сымдардың біркелкі қиылысуы кезінде; б – түйіспелі сымның қос біркелкі қиылысуы кезінде 1 – түзу жолдың түйіспелі сымы; 2 – келудің түйіспелі сымы; 3 – шекті жапсырма; 4 – белгілеуші қысқыш болтының басы.
2.22-сурет Түйіспелі тораптың әуе нұсқағышының сұлбасы:
а – қарапайым нұсқағыш аудармада белгіленген; б – айқасқан нұсқағыш сымда белгіленген; в – жолдың шалғай қиылысуында белгіленбеген.
1 – түйіспелі сымның жұмыс істемейтін бөлігінің астында токқабылдағыш табанының жұмыс істемейтін бөлігінің өту аймағы; 2 – негізгі электрлік байланыстырғыш; 3 – түйіспелі тораптың жұмыс істемейтін тармағы; 4 –белгілеуші қондырғының орналасу облысы; 5 – түйіспелі сымның токқабылдағыш табанының қапсыру аймағы; 6 – түзу жолдың түйіспелі сымы; 7 – ауытқу жолының түйіспелі сымы; 8 – қосымша электрлік байланыстырғыш; 9 – түйіспелі сымның қиылысу орны; 10 – айқасушы жолдардың түйіспелі сымы
Ескі типті шекті жапсырмаларды бөлшектеу және жаңасын орнату
1. Әуе нұсқағышына түсіруші оқшауланған мұнараны орнату, түйіспелі сымға шунттаушы штанганы ілу, шекті жапсырманы түйіспелі сымнан ажырату.
2. Белгілеуші қысқыштар көмегімен түйіспелі сымға жаңасын орнату. Шекті жапсырмаларға қабырғалық еңкею рұқсат етілмеген.
Еңкеюді бекітуші белгілеуші қысқыштардың болттарының бастары жанама жолдың түйіспелі сымына бұрылған болуы керек (2.21-сурет, 4-бей).
Екі түйіспелі сым кезінде әр сырғымалы түйіспелі жұмыс сымында шекті жапсырмалар орналастырылады, демек, берілген климаттық ауданның қоршаған орта ауа температурасының орта мәні кезінде қиылысушы түйіспелі сым шектелген жапсырманың орта бөлігінде орналасады (2.21, б-сурет).
Токқабылдағыш тармағының қапсырма аймағын анықтау және оларды реттеу
Определить измерением зону подхвата полозом токоприемника ЭҚҚ токқабылдағышының табанының қапсырма аймағының өлшеуімен түйіспелі сымдардың жанама немесе қиылысқан жолдарды анықтау. Ол берілген жол осінен 630 - 1100мм қашықтықта орналасуы керек (2.23-сурет, 8-бей.).
2.23-сурет Әуе нұсқағышындағы қос вертикалды түйінді ішектер:
1 – ауытқу жолының түйіспелі сымы; 2 – түзу жолдың түіспелі сымы; 3 – түзу жол осі; 4 – түйінді ішектер (БМ-4); 5 - К-037 (К-040) арқанына арналған қысқыш; 6 –арқалаушы арқан; 7 – түйінді қысқыш (К-046); 8 – қапсыру аймағы; 9 – ауытқу жолының осі
Қапсыру тармағының аймағынан барлық қысқыштарды шығару (шекті жапсырмаларды бекіту қысқыштарын шығару үшін).
Әуе нұсқағышының түйіспелі сымының биіктігі бойынша қапсыру аймағындағы олардың токқабылдағыштарын реттеу. Олар бір деңгейде (бір жазықтықта) табылуы керек.
120 км/сағ-тан көп әуе нұсқағышы бойынша қозғалыс жылдамдығы кезінде қабырғалық жолдың түйіспелі сымы басты жолдың түйіспелі сымынан 20-40мм-ге жоғары көтерілуі керек.
Түйіспелі сымдардың жұмыс істемейтін тармағына олардың ЭҚҚ токқабылдағышының табанының жұмыс істеметін бөлігінің өтетін аймағына қос вертикалды түйінді немесе қозғалмалы ішектерді орнату (2.23-сурет, 4-бей.). Жұмыс істемейтін тармақтар биіктігі бойынша жұмыс түйіспелі сымынан 150мм-ге жоғары болуы керек. Бұл жерлерде түйіспелі сымға тұтқа орнатуға рұқсат етілмейді.
Қозғалмалы ішектер (2.24-сурет) жартылай қарымталған асылғы кезінде арқалаушы арқан мен түйіспелі сымның графикке сәйкестігінің жеткіліксіздігі кезінде орналастырылады (2.25-сурет).
2.24-сурет Әуе нұсқағышындағы қозғалмалы ішектер:
1 – шекті жапсырма; 2 – ауытқымалы жолдағы түйіспелі сым; 3 – түзу жолдағы түйіспелі сым;. 4 – түзу жол осі; 5 – қозғалмалы ішектер (БМ-4); 6 - К-037 (К-040) тартпалы қысқыш; 7 – арқалаушы арқан; 8 - 12-14мм диаметрлі қозғалма, L = 700 - 900 мм; 9 – қапсыру аймағы; 10 – ауытқымалы жол осі
Әуе нұсқағышының жергілікті пайдалану шартына тәуелді айқасқан тіректер немесе ішектер (2.26-сурет), түйіспелі сымдарды бір уақытта көтеретін қондырғы орнатылады (2.27-сурет).
Егер әуе нұсқағышын модернизациялау 161-200км/сағ жылдамдықпен жолаушылар пойызының телімінде жүргізілсе, арқалаушы арқан мен түйіспелі сым арасына сымдардың температуралық ауыспалылығы айқасқан иілгіш ішек орнатылады немесе иілгіш ішекпен бірге қатты тірек пен басты және жанама жолдың түйіспелі сымының арасына қондырады. (2.26-сурет).
2.25-сурет Арқалаушы арқан мен «а» түйіспелі сымының қатты немесе орташа түйіспелі сымының L әуе нұсқағышына (қозғалмалы ішек қондырылған облыс штрихталған) дейінгі анкері арасындағы вертикальді арақашықтыққа тәуелділік
2.26-сурет Әуе нұсқағышындағы айқасқан қатты тірек және иілгіш ішек:
1 – түзу жолдың түйіспелі сымы; 2 – түзу жолдың осі; 3 – иілгіш түйіндік ішек; 3 – қатты тірек; 4 – арқалаушы арқан; 5 – ауытқымалы жол осі; 6 – қапсырма аймағы; 7 – ауытқымалы жолдың түйіспелі сымы
Айқасқан баланыстар сымдардың температуралық ауыспалылығымен өзара жанаспауы керек.
2.27-сурет Әуе нұсқағышындағы түйіспелі сымдарды бір уақытта көтеретін қондырғы:
1 – қатты тіректер; 2 – түзу жол осі; 3 – түзу жолдың түйіспелі сымы; 4 – ауытқымалы жолдың түйіспелі сымы; 5 – ауытқымалы жол осі (келуі); 6 – түйіспелі сым токқабылдағышының табанының қапсыру аймағы; 7 – арқалаушы арқан
Жаңа электрлі байланыстырғыштарды қондыру және ескі типті, тозған байланыстырғыштарды бөлшектеу
Электрбайланыстырғыштарды орнату орнын анықтау. Қарапайым нұсқағышты сымда түйіспелі сымдардың қиылысу нүктесінен 2-2,5м қашықтықта өткір нұсқағыш сым жағында және қосымша – қос ішек үшін ішектен 1,8-2,5м қашықтықта нұсқағышты сымның крестовина жағында орнатылады (2.22.а-сурет).
Айқасқан сымда және қалың қиылысқан жолда оларды қиылысудың екі жағынан қос түйінді ішектен нұсқағышты сым крестовина жағынан 1,8-2,5м қашықтықта орналастырады (2.22, б және 2.22.в-сурет).
Арқалаушы арқандарды баланыстыру. Арқалаушы арқандарды өзара жартылай қарымталған түйіспелі сымдардың қиылысу нүктесіндегі асылғы байланыстырғыш қысқышымен жалғау (арқалаушы арқан қимасына тәуелді К-054 немесе К-055 бөлшегі).
Арқалаушы арқанның аналогты қосымша байланысына түйіспелі сымның қапсыру аймағында рұқсат етіледі. Бұл кезде түйінді ішектің жазықтықтағы жол осіне перпендикуляр вертикальға еңкею бұрышы 20°-тан аспауы керек.
Әуе нұсқағышын реттеу және оның токқабылдағышпен әрекетін тексеру
Рейканың көмегі және деңгейімен түйіспелі сымның қапсыру аймағындағы күйін анықтайды. Әуе нұсқағышы бір жолдың түйіспелі сымының басқа жолдың түйіспелі сымынан токқабылдағыш табанына балқып өтуін қамтамасыз етеді.
Жол осінен ішекті қысқышқа дейінгі арақашықтықты жанама немесе қиылысқан жолдың түйіспелі сымында тексеру. Ол 1200мм-ден кем болмау керек (2.23-сурет).
Белгілеуші қондырғыдағы түйіспелі сым аралығын тексеру. Ол 100мм-ден көп болмау керек (2.22.а-сурет).
Түйіспелі сымның фиксация түйіндерін, еңкею және фиксатордың қосымша стерженінің бойлық ауыспалылығын түйіспелі сымға бекіген орнын тексеру, қапсыру аймағына назар аудара отырып, әуе нұсқағышының барлық ұзындығындағы түйіспелі сымдардың қимасының биіктігін өлшеу.
Фиксатордың жол осін бойлай жылжуы фиксатор ұзындығының орта күйінің екі жағынан қоршаған орта ауа температурасының соңғы мәні кезінде 1/3 бөлігінен жоғарыламау керек.
Жұмыс түйіспелі сымынан негізгі стерженге дейінгі арақашықтық түзу үшін 350-400мм, қайтатын фиксатор және белгілеуші арқан үшін 400-500мм-ді құрауы қажет.
Бақылау сұрақтары:
Түйіспелі торапқа қызмет көрсету қалай жүзеге асады?
2. Жүйелі тексеру жүргізу ТҚК-1-ге қандай жұмыс түрлері жатады?
3. Диагностикалық тексеру және өлшеу ТҚК-2-ге қандай жұмыс түрлері жатады?
4. Техникалық бақылау ТҚК-3-ке қандай жұмыс түрлері жатады?
5. Түйіспелі торапты ағымдағы жөндеу қалай жүзеге асады?
6. Түйіспелі торапты күрделі жөндеу қалай жүзеге асады?
7. Әуе нұсқағышын модернизациялау техникалық үрдісінің жүйелілігін түсіндіріңдер.
