- •Isbn 978-601-207-798-8
- •1. Электр жабдықтарының техникалық диагностикасы
- •1.1 Негізгі түсініктер мен анықтамалар
- •1.2 Электр жабдықты жылулық бақылау
- •1.3 Май толтырылған жабдық күйін бағалау әдісі
- •1. Трансформатор майының күйін бағалау
- •2. Трансформаторлық май ақпараттық орта ретінде
- •3. Оқшауланған жүйенің күйін бағалау
- •6. Ораманың геометриялық күйінің бағасы
- •7. Ораманы қысу күшінің бағасы
- •5. Түйіспелі байланыс күйінің бағасы
- •8. Салқындату жүйесі күйінің бағасы
- •9. Ауыстырып қосқыш жабдық күйінің бағасы
- •10. Майды қышқылданудан және ылғалданудан қорғайтын құралдар күйінің бағасы
- •1.4 Күштік трансформаторлар күйінің диагностикасы мен бағасы
- •1.5 Коммутациялық аппараттар күйінің бағасы және диагностикасы
- •1.6 Кабельді желінің диагностикасы
- •1.7 Трансформаторлық май күйінің бағасы
- •1.8 Трансформаторлардың техникалық күйін хроматографиялық бақылау
- •1 Топ. Ток жүретін байланыстардың және тірек құрастыратын элементтердің қызып кетуі.
- •2 Топ. Майдағы электрлік разрядтар
- •1.9 Түйіспелі тораптың техникалық диагностикасы
- •2. Электр жабдықтарын жөндеу
- •2.1 Жөндеу түрлері. Жөндеудің жоспарлы-ескертпелі жүйелері
- •2.2 Қосалқы станция электр жабдықтары –
- •2.2.1 Күштік трансформаторларды тексеру және ағымдағы жөндеу
- •2.2.2 Күштік трансформаторды профилактикалық және жөндеуден кейінгі тексерулер
- •2.2.3 Күштік трансформаторларды орташа және күрделі жөндеу
- •2.3 Айнымалы токтың жоғары вольтты ажыратқышын тексеру және күрделі жөндеу
- •2.4 Электрлік тораптарды жөндеу
- •2.4.1 Әуе беріліс кабельдік желілерін пайдалану
- •2.4.2 Профилактикалық өлшеу және тексеру
- •2.4.3 Зақымдану орнын анықтау
- •2.4.4 Кабельдік желілерді жөндеу
- •2.5 Түйіспелі торапты жөндеу
- •2.5.1 Техникалық қызмет көрсету және жөндеу
- •2.5.2 Әуе нұсқағышын модернизациялаудың жүйелі технологиялық үрдісінің сұлбасы
- •2.6 Өлшеу трансформаторларының қызмет көрсетуі, жөндеу және тексеру
- •2.7 Аккумуляторлық батареялардың техникалық қызмет көрсетуі
- •2.7.1 Аккумулятор батареясын ағымдағы жөндеу
- •2.8 Техникалық құжаттамалар мен есеп беру
- •2.8.1 Оперативті журнал. Қосалқы станциядағы оперативті құжаттаманы басқару
- •2.8.2 Уақыттың типтік нормалары және электрмен жабдықтау қондырғыларын жөндеу мен қызмет көрсетуіндегі технологиялық карталары
- •Әдебиеттер
- •Электр қондырғыларындағы жұмысқа арналған наряд-рұқсатнама формасы
2.7.1 Аккумулятор батареясын ағымдағы жөндеу
Батареяны ағымдағы жөндеу жылына 1 рет құрамында екі жұмысшысы бар бригадамен жүргізіледі. Жөндеуден бұрын батарея журналындағы жазбаларды мұқият тексереді, , ал РҚЖ немесе зертхананың электромеханик-аккумуляторшысы және электр қондыруды (аккумулятор батареясының қызмет көрсетуі бойынша электромеханик) пайдалануға жауапты тұлға оның элементтерінің 1/3-інен сынама алады (сонымен бірге элемент нөмірлері жыл сайын сынама алу үшін өзгереді).
Жөндеу басталғанға дейін оның көлемін анықтайды және бөлшектер мен материалдардың қажетті санын дайындайды: қалыптасқан пластина, сілтіден айырған сепараторлар, элементтен электролитті құйып алуға арналған ыдыстар мен құтылар, толық 1,18г/см электролит, 20-25л тазартылған су, қабырғаны бояуға арналған бояулар, стеллаждар, шиналар мен вентиляциялы қораптар.
Әр элементтің пластинасының күйін анықтау үшін батареялардың қызмет көрсетуі кадмийлі электродпен орындалады. Кадмийлі электрод өзімен бірге 6-8мм диаметрлі 60-80мм ұзындықтағы стерженьді немесе 4-6см2 бетті пластинаны ұсынады. Электродтың жоғарғы бөлігіне резеңкелі оқшауламамен сымды дәнекерлейді, ал дәнекерлеу орны асфальтты лакпен және оралған оқшауламалы лентамен жабылады. Қолданыста болмаған электрод алдын ала 1,18 г/см3 меншікті салмақпен екі-үш күн аккумуляторлы қышқылды ерітіндіде ұсталады. Электродты қышқылға немесе электролитке босатқанда дәнекерлеу орны мен мыс сымның қышқыл немесе электролитпен дымқылдануын бақылау қажет. Кадмийлі электродтан сымды өлшеу үшін оларды 1В-та кемінде 100Ом ішкі кедергісі бар вольтметрдің «минус» қысқышына қосады, электрод элементін электролитке пластинаға жанаспайтындай етіп батырады. Вольтметрдің «плюс» қысқышынан басқа сыммен (стерженмен) кезектесіп пайдалы және қарсы пластинаға жанасады.
Толық зарядталған батареядағы түзетілген пластина кезінде элементтердің пайдалы пластиналарының потенциалының қатынасы шамамен +2,15В-қа, қарсылары +0,15В-қа тең. 1,8В-қа дейінгі разрядталған элементтерде пайдалы пластина потенциалы шамамен 1,96-2В, ал қарсы пластина 0,16-0,2В болады. Пайдалы пластинаның қателігінің белгісі олардың потенциалының электролитке қатынасы 1,96В-тан төмен, ал қарсыларында – олардың потенциалының қатынасы 0,2В-тан жоғары болып табылады.
Өлшеудің жоғары дәлдігін қамтамасыз ету үшін кадмийлі электродтың кебуіне рұқсат етілмейді.
Ақаулы пластиналы элемент өте мұқият бақыланады, басқа белгілері бойынша (қисайту, сепараторлардың қирауы, пайдалы және қарсы пластинадағы қаспақтанудың өсу шегі) қателіктерді анықтайды.
Зарядталған батареяның әр элементінде электролит тығыздығы +15°С жұмыс температурасында ыдыстың барлық биіктігінде бірдей болу керек және 1,2-1,21 г/см3 деңгейде ұсталады, ареометрмен жоғарғы және түптік бөлікті тексереді. Бұл кезде пипетканың шығару саңылаулары (ареометр орналастырылған алмұртты түтікше) шөгіндінің ылғалдану деңгейіне дейін жетпеуі керек және электролит жинағында шөгінді пипеткаға берілмеуі керек (түбіндегі қабатты өлшеу кезінде).
Егер электролиттің ыдыстың жоғарғы бөлігіндегі және түбіндегі тығыздығы 0,02 г/см-ден артық айырмашылықта болса, оны 2,45В кернеулі батареяның толық зарядталған қабаты бойынша теңестіру керек және 0,5сағ бойы әр элементте тығыздықты нормаға дейінгі жалпы жетуімен қайталап өлшеу жүргізу қажет. Электролит тығыздығындағы айырмашылық 0,02 г/см3-тан жоғары қабат бойынша ыдыстың түпкі бөлігіндегі тазартылған судың дұрыс құйылмағанын көрсетеді. Су электролиттің жоғарысына құйылмау үшін өте мұқият бақылау керек.
Ыдыстарды ауыстыру және жөндеуді ондағы жарылу, шұңқыр және басқа да ақаулар болған кезде орындайды. Батарея жүктемесін жөндеу басталғанға дейін ЗПУ-ға өткізеді, жеке қажеттіліктер шинасынан ажыратады және сақтандырғыштарды алады. Екі полярлықтың пластиналарының қорғасын құлақшаларын кеседі, оларды ыдыстан суырып алады және сыйымдылықтағы тазартылған сумен (бөлек пайдалы және қарсы) кедергі жасайды. Ыдыстан шланга көмегімен алдын ала дайындалған бөтелкеге грушамен құйылады; одан соң ыдысты жөндейді.
Бұл кезде пластинаны дұрыс пайдаланған кездің өзінде салыстырмалы түрде қисаю, сілтілену, қаспақтанудан жылдам тозады. Бұдан басқа, пайдалы пластинаның қызмет көрсету мерзімі қарсы пластинанікінен екі есе аз.
Пластинаны ауыстыру келесі ережелерді сақтай отырып орындалады: бір полярлы жаңа және ескі пластиналарды бір элементте қоюға болмайды; қарсы пластинаны ауыстыру кезінде элементтің барлық пайдалы пластиналарын ауыстыру қажет; арнайы қабырғалық пластиналар орнына қарапайым қарсы пластинамен ауыстыруға болмайды. Көп көлемдегі пластинаны ауыстырғанда оны жаңасымен ауыстырған жөн, ал ескілерін артық сапада қолданады.
Пластинаның барлық кешенін ауыстыру қажеттілігінде мақсатқа сәйкес дұрыс емес батарея элементтерін кеседі, пластиналарды сорттайды, түзетілгендерін тазартылған сумен жуады және олардың элементтерінің мүмкін санын жинақтайды. Қалған элементтерді алдын ала қалыптасқан пластиналардың жаңасынан жинайды. Ыдысқа пластинаны орнатудан бұрын жоғары сапалы дәнекерлеумен қамтамасыз ету үшін олардың құлақшаларын металл щеткамен тазалайды.
Аккумулятор батареясын тексеру кезінде электролиттің барлық элементтерінің кернеуін, тығыздығын және температурасын өлшейді.
Батареяның элементтерінің кернеуін 3В шкаласындағы оқшауланған пластинада қондырылған вольтметрмен өлшейді, вольтметр шығаруларымен байланысқан екі конус электродта қатаң бекітіледі әрі электродтар аралық арақашықтық элемент аралық байланыс пен жолақ аралық арақашықтыққа тең. Мұндай құрылым өлшеу кезінде вольтметрді батарея шығаруларына ыңғайлы әрі қауіпсіз жалғауға мүмкіндік береді.
Аккумулятор батареясының жалпы кернеуі әр элементте тұрақты заряд астында 2,15В деңгейде тұруы тиіс. Осы немесе басқа жағында бөлек элементте кернеудің ауытқуы батареяның қалыпсыз режимдегі немесе элементтің зақымдану (пластина аралық тұйықталу, пластинаның сілтіленуі және т.б.) жұмысын көрсетеді. Осындай элементтер үшін тұрақты бақылау қойылады және қажет кезінде оларға жөндеу жүргізіледі.
Электролит тығыздығы мен температурасын ареометр мен термометрге сәйкес жүйелі өлшеп тұрады.
Электролиттің және тазартылған судың зиянды қоспаларын, әсіресе, күшті тозу мен пластинаның зақымдануын болдыратын жоғары құрамды темір, марганец хлоры мен мысын анықтау үшін химиялық талдау батареяның өздігінен зарядталуын жоғарылатады және сепараторды бұзады. Мұндай талдауды химиялық зертханада жүргізеді.
Қалыптасқан батарея сыйымдылығын тексеру металл немесе 10-сағаттық разряд тогына тең тұрақты ток шамасы бойынша сұйық реостатта толық зарядталған батарея разрядымен жүргізу қабылданған. Осындай разрядты ток үшін А сағ-тағы батареяның номиналды сыйымдылығы электролиттің +25°С температурасында кепілдендіреді; егер тексерілген электролиттің температурасы одан ерекшеленетін болса, онда батарея сыйымдылығы келесі формуламен +25 °С температураға келтіріледі:
,
(2.20)
мұндағы t – разряд кезіндегі электролиттің орташа температурасы, °С; Сг - t температурасында фактілі алынған батарея сыйымдылығы А сағ; 0,008 – температуралық коэффициент.
Батареяның келтірілген сыйымдылығы төлқұжатта көрсетілген зауыттық мәліметпен сәйкес келуі керек, ал 10 жыл пайдаланғаннан соң - алғашқыдан 70%-дан азын құрайды.
Өлшеу үшін разряд кезінде кемінде 0,5 классты амперметрмен және вольтметрді қолданады; разрядты тогының, электролит тығыздығының және оның температурасының шамасының жазбасын тең уақыт аралығы (1сағ-тан аспайтын) арқылы жүргізеді.
Батарея разряды батарея өзінің кепілдендірілген сыйымдылығын жоғалтпағанша немесе элементтердің көбісі 1,75В-қа дейін (ең терең разряд тіпті бөлек элементерге рұқсат берілмейді) түспегенше жалғасады. Кернеу алу кезінде элементтердің бірінің 1,85В-қа дейінгі кернеуін әр 15 мин сайын өлшейді, 1,8В-қа дейін кернеу алу кезінде разряд соңын ұстау үшін (элементтегі кернеу 1,75 В) кернеуді бақылауды үздіксіз жүргізеді. Қандай да бір элементтің сондай кернеуіне дейінгі разряд кезінде басқа элементтердің кернеуін тезірек өлшейді және барлық батареяны разрядты тізбектен ажыратады. Өлшеу нәтижесі бойынша батареяның фактілі сыйымдылығын (фактілі разрядты токты разряд уақытында өткізу) есептейді және қалған элементтерді анықтайды. Егер батарея кепілдендірілген сыйымдылығын бермесе, онда бөлек элементтерді өлшеуге тура келеді және олардың кернеулерін өлшеумен қалып қойғандарын анықтайды. Тозған топтарды кадмийлі электродпен табады.
Стартерлы аккумулятор батареясы, қозғалмалы тартылым қосалқы станциясы үшін 1,7В-қа дейінгі ең нашар элементте (10-сағатты разрядты ток кезінде) кернеу алу кезіндегі разрядтың аяқталуына рұқсат етіледі.
Аккумулятор батареясының қызмет көрсетуі кезіндегі техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау. Батареяны ағымдағы немесе күрделі жөндеуде жұмыс үкім бойынша орындалады. Ағымдағы пайдалану қатарында (батарея параметрлерін өлшеу, тазартылған суды құю және т.б.) жұмысты тартылым қосалқы станциясында қызмет ететін оперативті-жөндеу жұмысшысының жалғыз өзі жүргізуі мүмкін.
Үйлестіру-тарту вентиляцисын зарядтан бұрын қосады және газ жоғалғаннан кейін сөндіреді (заряд аяқталғаннан кейін 1,5 сағаттан кешіктірмей).
Аккумуляторлы ғимаратта болуы керек нәрселер:
- электролиттің түзілуі және оны ыдысқа құю үшін әйнек немесе фарфорлы шүмекті 1,5-2л сыйымдылықты сапты аяқ (немесе құмыра);
- сілтілі батарея үшін соданың бейтараптандырушы ерітіндісі (5%) қышқылды және борлы қышқыл немесе сірке су эссенциясы үшін (судың 8 бөлігінің бір бөлігі).
Электролитті, тазартылған сулы және бейтараптандырғыш ерітінділі барлық ыдыстарда сәйкес жазбалар жапсырылуы тиіс (заттың атауы мен пайыздық құрамы).
Қышқылды тиісті тығыз тығынды, атауы жазылған биркасы бар әйнек бөтелкеде сақтайды. Қышқылды бөтелкелер батареяны пайдалану үшін қажетті көлемде және аккумулятор батареясы кезінде бос бөтелкелер бөлек ғимаратта сақталады. Бөтелкелер себеттің немесе ағаш тордың еденіне қойылады.
Қышқылды немесе сілтілі әйнек бөтелкелерді міндетті түрде екеулеп әкеледі. Бөтелкені себетімен бірге арнайы ағаш жәшікте тұтқамен араластырады немесе бөтелке себеттің 2/3 биіктігінен шығып тұратын ортасында саңылауы бар және торлы арнайы зембілмен апарады.
Электролитті дайындау кезінде қышқылды жайлап (ерітіндінің интенсивті қызуының жоғалуында) тазартылған сулы фарфорлы сапты аяқтан немесе жылу ұстағыш басқа ыдыстан жіңішке ағыспен құяды. Бұл кезде электролит барлық уақытта әйнек стерженмен немесе түтікшемен яки қышқылға төзімді пластмассадан жасалған бұлғауышпен араластырады. Қышқылға су құйып, электролит дайындауға тыйым салынады.
Қышқылмен және сілтімен жұмыс кезінде костюм (қышқыл үшін қылшық жүнді және сілті үшін мақта қағазды), резеңке етік (шалбар астынан) немесе галош, резеңке фартук, қорғағыш көзілдірік және қышқылға қарсы резеңке қолғап кию керек.
Қышқылмен, сілтімен немесе қорғасынмен орындалатын барлық жұмыстарды электр қауіпсіздік бойынша IV топпен арнайы оқытылған тұлға жүргізуі тиіс . Аккумулятордағы жұмыс аяқталғаннан соң қол мен бетті мұқият жуып, ауызды шайқау керек.
Аккумуляторлы ғимаратта пластинаны дәнекерлеу бойынша жұмыстар келесі шарттардың орындалғанда жүргізіледі:
- дәнекерлеу заряд аяқталған соң кемінде 2 сағаттан соң рұқсат етіледі. Тұрақты зарядталу әдісі бойынша жұмыс істейтін батарея жұмыс басталғанша разряд режиміне 2 сағ бұрын өткізілген, ғимарат жұмысы басталғанға дейін 2 сағат бойы желдетілген болуы керек;
- дәнекерлеу кезінде ғимаратты үздіксіз желдетіп тұру керек;
- дәнекерлеу орны отқа төзімді қалқанмен қалған батареялардан сақтайды;
- пайдалану және аккумулятор батареясын жөндеу бойынша нұсқауға сәйкес жұмыс режимі анықталған және қорғасынмен уланудан құтылудың байланыстарымен қауіпсіздік мөлшері қабылданған болуы тиіс.
№1 технологиялық карта
«OLDHAM FRANCE S.F.» фирмасының аккумулятор батареясының ағымдағы ай сайынғы қызмет көрсетуі
Ұйымдастырылған шаралар. Жұмыс басталғанға дейін ғимараттан газдардың жойылуын толық қамтамасыз ету үшін желдеткішті қосу. Жұмысты өндіруге үкім алу және оны беруші тұлғадан мақсаттық нұсқау алу. Қажетті материалдар, құралдар, құрылғыларды таңдау және олардың жұмысқа жарамдылығы мен мерзімін тексеру.
Техникалық шаралар. Аккумулятормен жұмыс жүргізу кезінде оқшауламамен жабылмаған және кернеу астындағы ток жүретін бөлікке кездейсоқ жанасуға қарсы қауіпсіздікті сақтау. Қысқа тұйықталудан құтылуда аккумулятордың пайдалы және қарсы шығуларына металл нәрсемен бірдей уақытта жанасуға рұқсат етілмейді. Аккумуляторлы ғимаратта ұшқын немесе жалын пайда болғанда жарылыс себебі болып табылатын қоспалар (сутегі мен оттегі) жиналуы мүмкін.
Осылардан құтылу кезінде төмендегілерге үзілді-кесілді тыйым салынады:
аккумуляторлы ғимаратта шылым шегуге;
электрлі ұшқын туындауына қарсы тұруға;
дәнекерленген жабдықты қолдануға;
электростатикалық зарядты жинайтын қабілеті бар киім киюге;
оқшауланбаған құралдарды қолдануға;
ұшқын пайда болудан құтылуда батареяға жақын металл заттарды қалдырмау.
Технологиялық үрдіс. Батареяларды пайдалану толық зарядталған күйінде батареяны сақтауға мүмкіндік беретін тұрақты заряд режимінде жүргізіледі. Тұрақты заряд режиміндегі пайдалану кезінде батарея тұрақты ток көзіне қосылған болуы керек. (2.30-сурет).
2.30-сурет Тұрақты ток көзіне жалғану
З
аряд
тогының сапасы батареяның қызмет ету
мерзіміне әсер етеді. Заряд тогы тұрақты
режимде ауыспалы құраушылардың
қолданыстағы мәні 0,1С10(А)-ден
аспайтындай сүзілген болуы керек.
Тұрақты ток шинасындағы заряд кернеуін 2.13-кестеге сәйкес қоршаған орта температурасына тәуелді ұстап тұрады.
2.13-кесте
-
Қоршаған орта ауасының орташа температурасы, (С0)
Тұрақты заряд кернеуі, (В)
-10
2,31
-5
2,30
0
2,28
10
2,25
20
2,23
30
2,21
45
2,20
Вольтметрмен батарея шығысындағы жалпы кернеуді өлшейді. Ол N х U-ға тең болу керек, мұндағы N= батареядағы элементтер саны, U= бір элемент типіне және аккумуляторлы ғимараттағы жылдық орташа температуараға сәйкес тұрақты заряд кернеуі.
Бұдан кейін бақылау банкасындағы электролиттің меншікті тығыздығы мен температурасын өлшеу керек. Бақылау банкалары батареяның барлық элементтерін жүйелі бақылау есебімен мерзімді түрде ауыстырылып тұруы керек.
2.31-сурет Электролит деңгейінің таңбасы
Банкадағы электролит деңгейін тексеру. Проверить уровень электролита в банках. Банкада деңгейдің екі таңбасы бар (максималды және минималды) (2.31-сурет).
Егер тексеру кезінде шекті белгілеуден төмен электролит деңгейімен аккумулятор анықталса, онда тазартылған суды құю керек. Тазартылған су зарядталған аккумуляторға құйылады. Суды құю электролит деңгейі минималды деңгейге дейін азайғанша жалғасады.
Су құюды максималды деңгейге дейін көтеруге тыйым салынады.
Аккумуляторлы ғимараттағы температураны өлшеу. Бақылау аккумуляторындағы тұрақты зарядты өлшеуден алынған кернеуді және ауа температурасын 2.13-кесте мәліметтері бойынша салыстыру.
Пайдалану периодындағы аккумулятор батареясының заряды батарея разрядының дәрежесі мен оның күйіне тәуелді. Ең артығы қоршаған ортаның 20оС температурасындағы тұрақты 2,23В/эл. кернеулі сақтау заряды болып табылады.
Әр аккумулятордың корпусын тексеру. Тұзды қабат пен қышқыл дақтарын жою үшін байланысқан жерлер мен қақпақты ылғал ысқышпен сүртеді. Батареяны үнемі таза әрі құрғақ жерде сақтау қажет (2.32-сурет).
2.32-сурет Батарея күйі
Материалдағы ішкі кернеудегі жарылуды жою үшін пластмасс бактар және олардың қақпақтарын таза суды қолданып қана тазалады.
Өлшеу нәтижелерін журналға жазады.
Жұмыстың аяқталуы. Құрылғылар мен құралдарды жинап, оларды аккумуляторлы ғимараттан алып тастайды. Бригаданы шығарып, жұмыс орнын кезекші жұмысшыға тапсырады.
№2 Технологиялық карта
«OLDHAM FRANCE S.F.» фирмасының аккумуляторлы батареясының квартал сайынғы қызмет ағымдағы қызмет көрсетуі
Технологиялық үрдіс. Батареяның сенімді тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету үшін оның күйін мұқият бақылау керек.
Батареядағы аккумуляторларды пайдалану тұрақты заряд режимінде 200С температурада (2,23 х N) ±1% кернеумен жүргізеді, мұндағы N –аккумулятор саны. Бұл кезде бөлек аккумулятордағы ауытқу +0,1В, -0,05В-ты құрайды.
Электр қондырғылардағы тұрақты зарядтың (2,23хN)±2% кернеуімен рұқсат етіледі, бірақ аккумуляторлардың қызмет көрсету мерзімі қысқарады.
2.33-сурет
2.34-сурет
Батареяның жалпы кернеуін вольтметрмен, қоршаған орта температурасын термометрмен өлшейді. Батареяның әр элементіндегі кернеу өлшенеді.
2.35-сурет
Бұдан соң әр түрлі кернеулі бірнеше элементтердің электролитінің тығыздығын, сондай-ақ, электролит температурасы мен деңгейін өлшейді.
Тұрақты заряд кернеуін өлшеуден алынған мәліметтер мен ауаның орташа температурасын 2.14-кестемен салыстырады.
Егер өлшеулермен салыстырғаннан кейін және кесте мәліметтерінен кернеу бойынша қалып отыратын банкалар табылса, онда теңестіргіш заряд жүргізілуі керек.
2.14-кесте
Қоршаған орта ауасының орташа температурасы,(С0). |
Тұрақты заряд кернеуі,(В). |
-10 |
2,31 |
-5 |
2,30 |
0 |
2,28 |
10 |
2,25 |
20 |
2,23 |
30 |
2,21 |
45 |
2,20 |
Бөлек аккумуляторлардағы кернеулерді теңестіру мақсатындағы теңестіргіш заряд аккумуляторда 2,25-тен 2,35В-қа дейінгі тұрақты кернеуде жүргізіледі.
Зарядтың бағыттаушы ұзақтылығы:
- аккумуляторда 2,25 В кернеуде - кемінде 15 тәулік;
- аккумуляторда 2,35 В кернеуде - кемінде 1 тәулік.
Аккумуляторларда кернеуді өлшеу:
- 2,25 В кернеуде - 2 тәулікте 1 рет;
- 2,35 В кернеуде – әр 6 сағат сайын жүргізіледі.
Кернеудің теңестіргіш заряды нәтижесінде қалып отыратын аккумуляторда кемінде 2,10В болуы керек.
Егер тексеру кезінде шекті белгілеуден төмен электролит деңгейімен аккумулятор анықталса, онда тазартылған суды құю керек. Тазартылған су зарядталған аккумуляторға құйылады. Суды құю электролит деңгейі минималды деңгейге дейін азайғанша жалғасады. Су құюды максималды деңгейге дейін көтеруге тыйым салынады.
3
Өлшеу нәтижелерін журналға жазады.
№3 Технологиялық карта
«OLDHAM FRANCE S.F.» фирмасының аккумуляторлы батареясының жыл сайынғы ағымдағы қызмет көрсетуі
Технологиялық үрдіс. Жазғы уақытта 250С температурада жанама жолмен аккумулятор сыйымдылығының сақталуын келесі әдіс бойынша тексереді:
- тұрақты ток көзінен батареяны ажырату;
- 2 сағат бойы 8А токпен батареяға разряд жүргізу;
- 2 сағат уақытта әр аккумуляторда кернеу номиналды 2В-тан төмендемеуін тексеру.
Өлшеу нәтижелерін аккумулятор журналына жазады.
Жанама жолмен сыйымдылықты анықтағаннан кейін қосымша батарея зарядын жүргізеді.
Бақылау разряды қажет кезінде, бірақ, жылына бір рет жүргізіледі.
Батарея разряды жобаның берілген режимі үшін қарастырылған немесе сыйымдылықта тексеру көлемінде батареяны тестілеу жағдайында разряд тогымен жүзеге асады.
ОР (ОРС), OPSE (OPSEC) сериялы аккумуляторлардың разрядының номиналды сыйымдылық беретін номиналды режимі үшін 10 сағатты режим қабылданады.
Бұдан соң батарея зарядын жүргізеді. Ең артығы 200С қоршаған орта температурасында 2,23В/эл. тұрақты кернеулі сілтілі заряд болып табылады.
2.36-сурет Желдеткіш тығын
Егер разряд тереңдігі кемінде 40% С10 заряд тогы шектелмеді, ал егер разряд тереңдігі 40% С10-нан артық болса, онда заряд тогы 0,1С10 шамасымен шектеледі.
Желдеткіш тығындарды таза суда жуып, аккумуляторда орнатудан бұрын кептіреді.
Бақылау сұрақтары:
Аккумулятор батареяларын тағайындаудың мәні неде?
№1 технологиялық картасының мәні неде?
№2 технологиялық картасының мәні неде?
№3 технологиялық картасының мәні неде?
Аккумулятор батареясын ағымдағы жөндеу қалай жүргізіледі?
Аккумулятор батареясын тексеру кезінде қандай параметрлер орындалады?
