Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАРАСАЕВА А.КАЗ-УП по ТДиРЭ исправ..docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1.6 Кабельді желінің диагностикасы

Кабельді желінің зақымдануының түрлері. Күштік кабельді желінің оқшауламалары, қоректендіруші өндірістік немесе коммуналды объектілернормативті материалдардың талаптарын(ГОСТ, ПУЭ және т.б.) қанағаттандыруы қажет. Бұл шарттарды қанағаттандырмайтын кабельдік желі «зақымданғандар» категориясына жатады. Мұндай желі тораптан ажыратылуы керек. Оның екі жағына «Қоспаңыз- адамдар жұмыс істеуде» деген плакат ілінеді. Кабельдік желінің зақымданған орнын анықтау өлшеудің бұрынғы әдісімен жүргізіледі. Егер кабельдік желі жөндеуден кейін ПТЭ талаптарын қанағаттандырса, оны пайдалануға қосады.

Кабельдік желінің зақымдануын болдыратын себептерге келесілер жатуы мүмкін:

- кабельді трассада қазу кезіндегі ойықтар және батпақтар;

- муфтаны жөндеу ақаулары (муфтаның дәнекерленбеген мойны, ажырау кезіндегі оқшауламаның қылда жарылуы, нашар дәнекерлеу және байланыстырушы қысқыштарды дұрыстау, маймен толтырылмаған муфта және т.б.);

- зауыттық ақаулар (кабельдің қорғаныш жабынының және оның қабығының зақымдануы, оқшауламаның қағаз лентасының кабель қылына сәйкес келуі, қыртыстар, лентадағы көлденең тесіктер, ток жүргізуші қылдың сымында қабыршақтану және т.б.);

- электрлендірілген көліктің құйынды тогының әсерінен немесе әр түрлі химиялық реагенттердің әсерінен болатын топырақ құрамындағы кабель қабығының коррозиясы; - тұну немесе желі трассасында топырақтың жылжуы кезіндегі, қ.т. уақытында қыл күйгенде кабельдік желінің ток жүргізуші қылындағы үзілу;

- оқшауламаның электрлік тозуы немесе оның күюі;

- құю немесе уақыттан (сары ұнтақ немесе майда кристалл түрінде) компаундтың муфтадағы және сүзгідегі оның күюінен ажырауы;

- төсем ақаулары (трассаның, кабельдің бұрылысындағы, батпақтардағы және т.б. үлкен сынықтар).

Кабелдің зақымдануының негізгі түрлері – бұл жер жұмыстарын өндіру кезіндегі пайда болатын механикалық зақымдану және кабель төсемдерінің, муфтаны жөндеудің және кабелдік желіні пайдаланудың ақаулары. Кабелдік оқшаулама және муфта ақауларының уақытында табылуы кабелдік желіні профилактикалық тексеруінің периодты тапсырмасы болып табылады. Ақаулардың кабелде орнығуы торап оқшауламасының деңгейін, сонымен қатар, тұтынушыларды электрмен қамтамасыздандыру сенімділігін жоғарылатады. Профилактикалық тексеруді дұрыс ұйымдастыру кабелдік желінің зақымдануын жөндеуде үнемді, пайдаланушы адам уақыты үшін ыңғайлы.

Кабелдік желінің зақымдануы әр түрлі сипаттамалады болдырады және мынадай түрлерге бөлінуі мүмкін:

- бір қылдың жерде тұйықталуын болдыратын оқшауламаның зақымдануы;

- екі немесе үш қылдың, екі немесе үш қылдың өзара бір немесе әр түрлі жерде тұйықталуын болдыратын оқшауламаның зақымдануы;

- жерлендірусіз немесе жерлендірумен бір немесе үш қылдың үзілген және үзілмеген сияқты үзілуі.

Оқшауламаның жүзуші ойықтары: бір қылдың жердегі ойылуы, бір, екі немесе үш қылдың өзара жерлендірумен және жерлендірусіз ойылуы болуы мүмкін.

Зақымдану сипатын анықтау. Кабелдің зақымдану орнын анықтау (ЗОА), ЗОА әдісіне сәйкес келетінін таңдауға және алдын ала «өртену» қажеттілігін - зақымдану орнында өтпелі кедергінің мәніне дейін азаюын табу, зақымдану сипатын анықтаудан басталады.

Кабелдік желіде өлшеуге өте келе, қосқыш аппаратта «Қоспаңыз- адамдар жұмыс істеуде» плакатына көз жеткізуі керек; өлшенуші кабелдің қарама қарсы жағында «Тоқтаңыз- жоғары кернеу» плакаты ілінуі қажет, сонымен, кабель қылында өлшеу процесінде жоғары кернеу беріледі. Бұдан кейін көрсеткішпен кабелде кернеудің жоқ екендігі тексеріп және барлық үш қылда оған жерлендіру салумен бөлу керек. Жерлендіруді алғаннан кейін кабелде өлшеуіш құралдармен жұмыс істеуге болады. Кабелдік желінің зақымдану сипаты 1000 В дейінгі М4100/1 – М4100/5, Ф4102/1-1М, Ф4102/2, ТТ-1 және т.б. құралдарының көмегімен анықтауға болады.

Кабелдің әрбір ток жүргізуші қылының оқшауламасының кедергісі жерге қатынасы және басқа қыл бойынша өлшенеді. Жерлендіруді ток жүргізуші қылын толықтай анықтау үшін кабелдің бір ұшына орналастырады. 1000 В-тан жоғары кабелдік желі үшін зақымдану сипаты әр қылды жерлендірумен және жерлендірусіз – тексерілетін қондырғыдан түзетілген кернеумен, кезекті тексерумен табылады. Кернеу тексеруге дейін жоғарылайды. Күрделі зақымдану сипатын анықтау үшін (кабель қылының қосарланып үзілуі, әр түрлі жерлерде қыл зақымдануы) кабельдік желінің бірегей еместігін өлшегіштер Р5-1А, Р5-5, Р5-9,Р5-10, Р5-12 қолданылады.

Зақымдану орнын анықтау әдістері. Электрлік тораптардың дамуының жоғарғы темпы кабелдік желінің зақымдану орнын анықтау үшін әдіске және аппаратқа қатаң талап ұсынады.

Кабелдік желінің ЗОА әдісіне келесі талаптарды ұсынады:

1) ЗОА қателігі кабелдік желіні жетілдірілген жабын астына орналастыру кезінде қазу күрделілігімен келісілген 3 м-ден жоғарыламауы керек;

2) пайдалану уақытында желіні енгізуді жылдамдату үшін зақымдану орнын анықтау бірнеше сағаттан аспауы керек;

3) қолданылатын аппараттардың жоғары сенімділігі және жұмыс өндіру қауіпсіздігі.

Күштік кабелдік желілердің жүзеге асыратын ЗОА әдісі мақсатқа сәйкес екі топқа бөлінеді:

1) қашықтық, өлшеу орнынан зақымдану орнына дейінгі арақашықтықты анықтауға мүмкіндік береді;

2) топографиялық, тікелей трассадағы (топографиялық) зақымдану орнын көрсетуге мүмкіндік береді.

Тіпті жоғарғы дәлдікпен зақымдану орнына дейінгі арақашықтықты қашықтық әдіспен анықтауға, топографиялық әдіспен тексерусіз трассада қазу үшін дәл орынға кепілдеме беруге тыйым салынады, сондай-ақ, тіпті, қолда бар дәл жоспар траншея тереңдігінің өзгерісін, жоғарыдан белгісіз еңістерді және т.б. көрсетпейді.

Қашықтық әдіс зақымдану орнын бағытталған анықтауды тездетіп қамтамасыз етеді, өлшеуіш қайда жіберуі керек және қазуға арналған орынды топографиялық әдіспен белгілеуі қажет. Топографиялық әдістердің ішінде көп индукциялы және акустикалы әдістер, ал қашықтық әдістер ішінде - импульсты, тербелмелі разрядты және ілмекті әдістер орналастырылған. Ереже бойынша, алдын ала оқшауламаның зақымданған орнында күйдіру жүргізіледі.

ЗОА импульсты және индукциялы әдістерін қолдану үшін зақымдану орнында өтпелі кедергіні бірлікке дейін, тіпті, Омның үлесіне дейін азайту керек. Мұндай кедергімен қамту үшін зақымдану орнында арнаны толық көмірлеу жеткілікті. Қыл мен кабель қабығының арасында (немесе екі қыл арасында) қылдың жоғарылығымен және қабықтың металл бөлшегінің есебінен, ақырындап разрядты арнаны толтырушы металл өткізгіш көпір салу қажет. Күйдіргіш қондырғының сатысының соңғы он ампері кезінде жүзу жүреді. Акустикалық әдіс зақымдану орнында акустикалық разрядтың құрылуын талап етеді. Кабелдің зақымдану орнындағы жердің жоғарысынан электрлік разрядты тыңдау үшін кабель қабығында тесіп өтетін тесігі және разрядтың ұшқыны пайда болу үшін жеткілікті өтпелі кедергісі болу керек.

Ілмекті әдісті қолдану кезінде өтпелі кедергі 0-5 кОм, ал қеректендіруші кабельдік кедергінің батареясындағы кернеу 24 - 140 В құрауы керек.

Тербелмелі разряд әдісі бірнеше мегаом және кабелде тербелмелі процесс болғанда өтпелі кедергі кезінде қолданылады. Ойық кернеуі 8 кВ-тан тексерушіге дейін құрайды. Кабелді желіде өлшеуге өте келе, жылдам және дәл нәтиже алу үшін күйдіру үрдісін қандай әдіспен жүргізуді өлшеуіш шешеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Кабелдік желінің зақымдануының негізгі түрлерін атаңдар.

2. Кабелдік желінің зақымдануын болдыратын себептерді атаңдар.

3. Зақымдану сипаттамасын анықтау дегеніміз не?

4. 1000 В-қа дейінгі кабелдік желілердің зақымдану сипаттамасы қандай құралдың көмегімен анықталады?

5. Кабелдік желіде жөндеу жұмыстары болып жатқанда қандай плакаттар ілінуі керек?