- •Isbn 978-601-207-798-8
- •1. Электр жабдықтарының техникалық диагностикасы
- •1.1 Негізгі түсініктер мен анықтамалар
- •1.2 Электр жабдықты жылулық бақылау
- •1.3 Май толтырылған жабдық күйін бағалау әдісі
- •1. Трансформатор майының күйін бағалау
- •2. Трансформаторлық май ақпараттық орта ретінде
- •3. Оқшауланған жүйенің күйін бағалау
- •6. Ораманың геометриялық күйінің бағасы
- •7. Ораманы қысу күшінің бағасы
- •5. Түйіспелі байланыс күйінің бағасы
- •8. Салқындату жүйесі күйінің бағасы
- •9. Ауыстырып қосқыш жабдық күйінің бағасы
- •10. Майды қышқылданудан және ылғалданудан қорғайтын құралдар күйінің бағасы
- •1.4 Күштік трансформаторлар күйінің диагностикасы мен бағасы
- •1.5 Коммутациялық аппараттар күйінің бағасы және диагностикасы
- •1.6 Кабельді желінің диагностикасы
- •1.7 Трансформаторлық май күйінің бағасы
- •1.8 Трансформаторлардың техникалық күйін хроматографиялық бақылау
- •1 Топ. Ток жүретін байланыстардың және тірек құрастыратын элементтердің қызып кетуі.
- •2 Топ. Майдағы электрлік разрядтар
- •1.9 Түйіспелі тораптың техникалық диагностикасы
- •2. Электр жабдықтарын жөндеу
- •2.1 Жөндеу түрлері. Жөндеудің жоспарлы-ескертпелі жүйелері
- •2.2 Қосалқы станция электр жабдықтары –
- •2.2.1 Күштік трансформаторларды тексеру және ағымдағы жөндеу
- •2.2.2 Күштік трансформаторды профилактикалық және жөндеуден кейінгі тексерулер
- •2.2.3 Күштік трансформаторларды орташа және күрделі жөндеу
- •2.3 Айнымалы токтың жоғары вольтты ажыратқышын тексеру және күрделі жөндеу
- •2.4 Электрлік тораптарды жөндеу
- •2.4.1 Әуе беріліс кабельдік желілерін пайдалану
- •2.4.2 Профилактикалық өлшеу және тексеру
- •2.4.3 Зақымдану орнын анықтау
- •2.4.4 Кабельдік желілерді жөндеу
- •2.5 Түйіспелі торапты жөндеу
- •2.5.1 Техникалық қызмет көрсету және жөндеу
- •2.5.2 Әуе нұсқағышын модернизациялаудың жүйелі технологиялық үрдісінің сұлбасы
- •2.6 Өлшеу трансформаторларының қызмет көрсетуі, жөндеу және тексеру
- •2.7 Аккумуляторлық батареялардың техникалық қызмет көрсетуі
- •2.7.1 Аккумулятор батареясын ағымдағы жөндеу
- •2.8 Техникалық құжаттамалар мен есеп беру
- •2.8.1 Оперативті журнал. Қосалқы станциядағы оперативті құжаттаманы басқару
- •2.8.2 Уақыттың типтік нормалары және электрмен жабдықтау қондырғыларын жөндеу мен қызмет көрсетуіндегі технологиялық карталары
- •Әдебиеттер
- •Электр қондырғыларындағы жұмысқа арналған наряд-рұқсатнама формасы
2.8.2 Уақыттың типтік нормалары және электрмен жабдықтау қондырғыларын жөндеу мен қызмет көрсетуіндегі технологиялық карталары
Алдын ала жоспарлау жөндеуінің графигі жергілікті шарттың типтік нормасы бойынша анықталған жұмыстың әр түріндегі есептік еңбек шығынының негізінде құрылады. Осындай типтік норма есебімен жұмысшының жұмысының қауіпсіздігін; орындаушылар құрамын; орындалатын жұмыс шартын; механизм, құралдар, құрылғылар тізімдерін қамтамасыз ететін операциялар жүйелілігін анықтайтын технологиялық карта құрылады.
Түйіспелі торап бригадасының жұмысын тексеру жөндеу жұмысының басқа түрлерінің өндірістік әдістері мен ретін анықтайтын арнайы технологиялық картаны өңдеу қажеттілігін анықтады. Онда жұмыс сапасы тек қана жұмыс жетекшісі мен бас электромонтердың жұмыс тәжірибесіне тәуелді емес, зерттеу және алдыңғы қатарлы жұмыстарды барлық түйіспелі торап аудандары бойынша тарату жұмысты жеңілдетеді. Күрделі, ағымдағы жөндеулердің және тартылым қосалқы станциясының жабдықтарын профилактикалық тексеру үрдістерінің технологиялық картасы туралы да осылай айтуға болады.
Технологиялық карталар алдыңғы қатарлы жұмыстарын қабылдау тәжітибесін кеңейтуге, қызмет көрсетуші жұмысшының білімін жақсартуға, өндірістік жұмыс кезінде жұмысшының қауіпсіздігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Олардың негізіне жетекші және техникалық көрсеткіштің ереже талаптары, сонымен бірге, электрмен жабдықтау қондырғыларының техникалық қызмет көрсету, жөндеу және тексеру бойынша нұсқаулар; жабдық туралы анықтамалық мәліметтер; темір жолдың алдыңғы қатарлы тәжірибесі және қондырғы бойынша ғылыми-зерттеу және оқу институттарының өңдеу нәтижелері, электрмен жабдықтау қондырғысын пайдалану және монтаждау енгізіледі.
Негізгі назар технологиялық қызмет көрсету негізінде диагностикалау, тексеру және өлшеу бойынша, әсіресе, диагностикалық тексеру мен өлшеу кезінде (арнайы техникалық құралдар мен құрылғылар көмегімен) тозу дәрежесін және тексерілген элементтердің күйін бағалауға, ағымдағы, күрделі жөндеулер орындау немесе ауыстыру қажеттілігін табатын қателіктерді немесе шектелген норма мен параметрлерден ауытқуды анықтатын технологиялық картаны өңдеуге аударылады.
Технологиялық картада тұтынушылардың электрлік қондырғыларын пайдалану ережесінің талабынан алдыңғы типтік нормадан басқа, тартылым қосалқы станциясының, қоректендіру пункті және электендірілген темір жолдарды секциялау жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқамалар; фотохронометражды бақылау; техникалық есептер; жабдықтың, тексерілетін аппараттың, өлшеуіш құралдар мен құрылғылардың техникалық сипаттамасы; оны толық жетілдіру бойынша шаралар мен еңбекті ұйымдастыру ұйымдарының нәтижелері; жұмыстың алдыңғы қатарлы әдістерін енгізу және зерттеу нәтижелері есепке алып уақыт нормасын көрсетеді.
Уақыт нормасына техниканың қазіргі заманғы деңгейі және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру технологиялары жатады, олар кестеде көрсетілген барлық орындаушылардың жұмыс бірлігіне еңбек шығынын бейнелейді. Бұл ереженің ерекшелігі түйіспелі торапты жөндеу және қызмет көрсетуі бойынша жұмыстағы тек қана технологиялық карталар болып табылады. Олардың санын жұмыс орнын шектеуге үшін сигналисттер орындаушылардың сандық құрамына кірмейтін жерлерде анықтайды. Нұсқамамен, жергілікті шарт тізімімен жұмыс өндірісіндегі наряд дәлелденеді.
Технологиялық картада келтірілген уақыт нормалары тек қана оперативті уақытты дәлелдейді және төмендегілерге кеткен еңбек шығындарын есептемейді:
- алдын ала негізгі жұмыс басталғанға дейін орындалып, дайындалған жұмыстар, мысалы, механизм жұмысына кедергі келтірушілерді қондырғылар мен сымдардың жұмыс істеу аймағынан шығару және монтаждау;
- әр түрлі өлшеулер (габариттерді, сымдардың биіктігі мен ұзындығын, қондырылған параметрлерді және т.б), сонымен бірге, тірек, іргетас орнатылған орынды бөлу немесе алдын ала тікелей орында жұмыс басталғанға дейін өткізуші эскиздердің құрылуы бөлу;
- технологиялық картаның «Жүйелі технологиялық үрдіс сұлбасы» кестесіне енбейтін және өндірістік базада дайындық жұмыстарын жүргізу кезінде арнайы құралдармен, аппараттармен параметрлерді өлшеу және электрлік тексеру;
- кейбір бұйымдардың металл блоктарын дәнекерлеу, мысалы, құрылымның және түйіндердің әр түрлі тектерін дайындау және т.б. бойынша ригель, басқа да дәнекерленген және темір ұсталығының жұмыстары.
Орындаушылар құрамының сандық өзгерісі кезінде уақыт нормасын қайта санау қажет емес. Қосалқы станция қондырғыларын мен жабдықтарын профилактикалық тексеру және ағымдағы жөндеудегң уақыт нормасында келесілер есептелген:
- нормаланған өндірістік процеске қатысты негізгі жұмысты орындауда және негізгі жұмысты орындауды қамтамасыз ететін әрекетте шығындалған оперативті уақыт Топ;
- берілген жұмысты орындауға және оның аяқталуымен, алынған материалдар, бөлшектер, құралдар, құрылғылар, монтаждық және қорғаушы саймандарға байланысты, жұмыс аймағының шегіндегі орындаушылардың дайындықпен және жұмысты аяқтауына, 50м арақашықтыққа дейінгі материалдар мен аппаратураларды ауыстыруына байланысты олардың берілген күн бойынша нұсқамадан өтуіне кеткен дайындық-қорытындылау уақыты;
- барлық жұмыс күні бойы – құралды, материалды, саймандарды, құжаттамалар мен басқа да жұмыс орнындағы заттарды тазалау және тарату, жұмыс орнындағы құралдарды дайындау және тексерілетін аппараттарды тазалау, өндірістік жұмыспен қамтамасыздандыратын жұмыс орнын қалыпты күйде ұстауға кететін жұмыс орнының қызмет көрсету уақыты Тоб;
- қалыпты еңбекке қабілетті, жеке гигиенаны (жуыну, қол жуу, қайта киіну) және табиғи қажеттіліктерді сақтау мақсатында демалу үшін жұмысшылар пайдаланатын демалыс және жеке қажеттіліктер уақыты Тотл.
Оперативті уақыт нормалары уақыттың абсолютті мәнінде қойылған.
Дайындық-қорытындылау әрекетіндегі нормалар, жұмыс орнына қызмет көрсету, сонымен бірге, демалыс және жеке қажеттіліктер нормативті коэффициенттерден оперативті уақытта анықталады және төмендегілерді құрайды:
- дайындық-қорытындылау әрекетінде - оперативті уақыттан 8,5% немесе нормативті коэффициент түрінде КПЗ = 0,085;
- жұмыс орнына қызмет көрсетуде – оперативті уақыттан 5,8% немесе Коб = 0,058;
- демалыс және жеке қажеттіліктерде – оперативті уақыттан 4,7% немесе Котл= 0,047. Нормаланушы жұмыстар майда сериялы және жеке өндіріске жатады. Бұған сәйкес уақыт нормасын жұмыс өлшеуінде анықтау келесі формуламен орындалады:
,
(2.21)
мұндағы Апз, Аоб, Аотл – қызмет көрсететін жұмыс орнының дайындық-қорытындылау әрекетіндегі пайызбен өрнектелген нормативті коэффициенттері;
-
өлшеу
жұмысындағы оперативті уақыттың шығындар
суммасы.
Уақыт нормасын есептеу мысалы. НКФ-220 кернеу трансформаторын ағымдағы жөндеу нормасына сәйкес оперативті уақыт нормасы мынаған тең:
,
(2.22)
Өлшегіштегі уақыт нормасы мынаны құрайды:
Жұмыс орнына қызмет көрсететін дайындық-қорытындылау әрекетінде абсолютті мәндегі уақыт нормасы демалыс және жеке қажеттіліктер нормативті коэффициентке сәйкес оперативті уақыт нормасын көбейтумен анықтайды:
Тпз = 220,6 х 0,085 = 18,75 ад.мин;
Тоб = 220,6 х 0,058 = 12,79 ад.мин;
Тотл = 220,6 х 0,047 = 10,37 ад.мин.
Бөлек түйіндер мен бөлшектерді ауыстыруда; ерекше жағдайда қажетті операцияларды орындауда; орындаушыларды өндірістік базадан жұмыс орнына және керісінше ауыстыру, сонымен қатар, объектіні бір жерден басқа жерге ауыстыру; өндірісте оперативті ауыстырып қосуда уақыт нормада есептелмеген.
Жабдық бөлшектері мен бөлек түйіндерін ауыстыру жұмысты шлентті норма «Тартылым қосалқы станциясының жабдықтарын күрделі жөндеудегі типтік уақыт нормасы» бойынша нормалауға тура келеді.
Өндірістік базадан жұмыс орнына және керісінше өту, сондай-ақ, бір жұмыс орнынан басқа 0,5км-ден жоғары арақашықтыққа өту уақытын 1км-де 0,2 сағат есебімен немесе көлік қолдану кезінде жергілікті норматив бойынша нормалау қажет.
Оперативті ауыстырып қосудағы уақыт шығыны 2.15-кестедегі уақыт нормативінің жұмысты ұйымдастыруға тәуелді уақыт нормасына қосу түрінде қабылданады.
Оперативті ауыстырып қосуға келесі операциялар жатады:
Жұмыс орны-өндірісті дайындау кезінде қажетті сөндірулер; ескерту плакаттарын ілу; жұмыс орнына қателесіп кернеу берілгенде жерлендіру салу немесе өлшемін қабылдау; жұмыс орнын шектеу; жабдықты жұмысқа қосқанда – жерлендіруді алу, уақытша шектеуді жою, жабдықты қосу.
Орындаушылармен жұмысты оперативті ауыстырып қосуды орындау немесе оперативті жұмысшымен оперативті ауыстырып қосуды орындауды орындаушы жұмысын күту кезінде уақыт нормасына оперативті ауыстырып қосуда уақыт қосады.
2.15-кесте
Оперативті ауыстырып қосудағы уақыт нормативі
Жабдық немесе байланыс атауы |
Өлшеу бірлігі |
Уақыт нормативі, мин |
1 |
2 |
3 |
6-10кВ кернеулі таратушы қондырғының шиналық ажыратқыштары және шиналары |
Бір таратушы қондырғы |
30,0 |
35-220кВ кернеулі әуе беріліс желілері, күштік трансформаторлар, түрлендіргіш агрегаттар, секциялы ажыратқыштар. ДПР - 27,5 кВ, 27,5 кВ түйіспелі торап фидерлері |
Бір байланыс |
30,0 |
Жеке қажеттілік трансформаторлары,кернеу трансформаторлары, 6,10, 35кВ қоректендіруші желілері, 6-10 кВ СЦБ қоректендіруші желі қондырғысы, 6-10кВ тартылым емес тұтынушыларды желі бойымен электрмен жабдықтау, қарымталаушы қондырғылар |
Дәл сол |
15,0
|
3,3кВ кернеулі тұрақты ток таратушы қондырғыларының шиналық ажыратқыштары және шиналар |
Бір таратушы қондырғы |
68,0 |
Тұрақты ток фидерлері, тегістегіш қондырғылар |
Бір байланыс |
20,0 |
1000В-қа дейінгі кернеулі аппараттар мен қондырғылар |
Дәл сол |
10,0 |
Орындаушылардың сандық құрамы күрделілігі және жұмыс көлемі есебімен қабылданады, бірақ, қауіпсіздік талаптарына сәйкес кемінде 2 адам болу керек.
Жұмыстың еңбек сыйымдылығының жоғарылауы қысқы уақытта климаттық коэффициентімен қысқарады:
Температуралық аймақ 1 2 3 4 5 6
Климаттық коэффициент 1,01 1,03 1,06 1,08 1,09 1,17
Қосалқы станция, секциялау посты мен параллель байланыс пункттарын қар басып қалатын аймақтарда орналастыру кезінде қарға қарсы күрестегі еңбек шығындары климаттық коэффициентке тең қосымша еңбек шығындарының коэффициентімен есептеледі.
Жөндеуші жұмысшыны жұмыс орнына ауыстыру және керісінше жағдайда ауыстыру коэффициенті Кп қолданылады.
