Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАРАСАЕВА А.КАЗ-УП по ТДиРЭ исправ..docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2.8.1 Оперативті журнал. Қосалқы станциядағы оперативті құжаттаманы басқару

Оперативті журнал қосалқы станцияның оларға қызмет көрсетуі кезінде оперативті жұмысшының қызметінің нәтижелерін хронологиялық ретпен жазуға арналған.

Мұнда ауысымды қабылдау мен тапсыру жатады, қосалқы станцияның қалыпты сұлбасынан ауытқу туралы және жабдықтың қалыпты жұмысының режимі туралы мәліметтер, үкімдер мен ауыстырып қосу туралы келіссөздер, сондай-ақ, ауыстырып қосудың орындалуы туралы хаттар, жабдықтың техникалық күйі туралы ескертулер жазылады, қоғаушы жерлендірулерді алу және салу тізімі, сақтандыру орнындағы ауыспалы жерлендіру тізімі жүргізіледі. Оған жабдықтың автоматты сөну уақыты және релелік қорғаныс қондырғысы мен автоматиканың жұмысы туралы мәліметтер белгіленеді. Сонымен бірге, ауысымды қабылдаушы жұмысшының білуі қажет, сондай-ақ, кәсіпорын жетекшілігінің, қосалқы станцияның жұмысы мен оперативті жұмысшының қызметін бақылауды жүзеге асыратын мәліметтер жазылады.

Оперативті журнал формасы келіссөздердің дыбыс жазбаларының тізімді жазбаларының ең көп рационалды талаптарына жауап беруі керек. Диспетчермен тікелей арна бойынша оперативті келіссөздерді басқару кезінде дыбыс жазбаларының қосылуы телефон тұтқасын алумен автоматты жүргізілуі керек.

Апатты оперативті келіссөздерді жою кезінде оперативті журналға жазылмайды. Олар дыбыс жазғыш қондырғымен белгіленеді, сондықтан, келесі апаттық жағдайды талдау үшін өте маңызды әр уақытта ағымдағы уақыт деп аталатын келіссөз кезінде әдет бойынша жұмыс істеу қажет. Негізгі оқиға уақытында апатты жою үрдісінде бөлек қағаз бетінде жазылуы тиіс. Апат туралы барлық мәліметтер және оны жою жеткілікті қалыпта (жабдықтың атауын, уақытын, релелі қорғаныста және автоматикада жұмыс істетін қондырғы атауы, апат себебі, жабдықты тексеру мен алдын ала жасалған әрекеттер нәтижелері және т.б.) апатты жағдай басылғаннан кейін оперативті журналға жазылады.

Жұмысшының кез келген оперативті келіссөздері келіссөз жүргізуші объектінің қызметімен және тұлғаның тегімен,қайтымды хатымен басталуы керек. Келіссөз нақты әрі анық болу керек. Келіссөз кезінде жабдықтың қысқартылған белгісін және оперативті әрекеттің атауын қолдануға рұқсат етілмейді, демек, телефонмен сөйлесу кезінде сөзді қысқарту бұрмаланған және түсініксіз болуы мүмкін. Оперативті журналға жазу кезінде, керісінше, энергожүйедегі жабдық атауларын және қабылданған оперативті әрекет атауларын мүмкіндігінше қысқартқан дұрыс.

Олардың кейбірін көрсететін болсақ:

КД - энергожүйенің кезекші диспетчері; ЭТК КД – электрлік торап кәсіпорнының кезекші диспетчері; ЭТА КД - электрлік торап ауданының кезекші диспетчері; ҚС К – қосалқы станция кезекшісі (нөмірін көрсетуімен); ОШБ К - оперативті-шығу бригадасының кезекшісі; коммутациялы аппарат, релелік қорғаныс қондырғысы мен автоматика (аппараттың, ол жататын электрлік тізбек, релелік қорғаныс құрылғысы және автоматиканың көрсетуімен) Қосу - қосу (қосулы), Сөнд. - сөндіру (сөндірулі); Т, AT - трансформатор, автотрансформатор (нөмірінің көрсетуімен); ТКРА – трансформация коэффициентін реттеу автоматы; Қ - қосқыш (байланысын көрсетуімен); ША – шиналық ажыратқыштар (байланысын және шина жүйесіне қажетті саймандарды көрсетуімен); СА – сызықтық ажыратқыштар (байланысын көрсетуімен); ШЖА – шина жалғағыш айырғыш; АА– айналма айырғыш; СА – секциялы айырғыш (шина секциясын көрсетумен); ш. а. ж. – шинаның айналма жүйесі; ш. ж. – шина жүйесі (рим санының нөмірін көрсетуімен, мысалы I ш. ж.); секц. – шина секциясы (араб санының нөмірін көрсетуімен, мысалы, 2-ші секц.).

Оперативті журналдағы жағдайлар қатары жабдықтың бөлек белгіленген элементтерінде жабдықтың берілген элементіне және басқа да жабдықтарға қатысты кернеу класы сияқты ерекше белгілер жазылады.

Қосалқы станцияның электрлік байланыстарының қалыпты сұлбасы деп, қосалқы станцияның аз немесе көп уақыт ұзақтығындағы қалыпты жұмыс режимінің сұлбасын атайды. Қосалқы станцияның қалыпты режимінің жұмысы электрлік торап жұмысының сенімділігі мен үнемділігінің талаптарына жауапты сұлбаның, оның бөлек элементтерінің жүктемелерінің, күштік жабдықтың максималды жұмысқа қабілеттілігінің, шинадағы берілген мән шегіндегі шекті мәннен аспайтын кернеу деңгейінің күйін, сондай-ақ, релелік қорғаныс құрылғысы мен автоматиканы сипаттайды.

Қалыпты сұлбадан оперативті сұлбаның айырмашылығы, ол қосалқы станция жабдығының нақты күйін: коммутациялы аппараттардың, жерлендіруші қондырғылардың, релелік қорғаныс қондырғысы және автоматиканың ағымдағы уақыттағы нақты жағдайын бейнелейді. Оперативті сұлбадағы өзгерістер осындай операциялар жүргізілгеннен кейін тікелей енгізілуі керек.

Коммутациялы аппараттардың және әр түрлі қондырғылардың нақты күйі оперативті сұлбада аппараттың немесе қондырғының символдарының жанындағы шартты белгілердің енгізілуімен бейнеленеді.

Ауыстырып қосу бланкасында қосалқы станцияның басты сұлбасындағы коммутациялы аппарарттармен және коммутациялы аппараттардың оперативті тогының тізбегімен жасалынатын операциялар, стационарлы жерлендіргіштерді қосу және ажырату бойынша операциялары, сонымен бірге, ауыспалы жерлендіруді салу мен алу бойынша, сөндіргіш қондырғылармен, тексеру блоктары, ауыстырып қосқыш, рубильник және т.б., релелік қорғаныс және апатқа қарсы автоматика тізбегіндегі жабдықты фазалау бойынша, телемеханика қондырғыларымен және т.б. операциялар көрсетіледі.