Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
конспект дин.каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

5 Сурет - цикл бөлігі және барлық циклдер бойынша табылған, едендік орайтын машинаның тұмсығындағы мк (1 кисық) және ско (2 қисық) статистикалық бағалау қатынастарының өзгеруі

Бір қатар факторлардың өзгеруіне байланысты (машина жұмысының технологиялық варианты, оператордың білімі, жіберу және тежеу аппараттарын т.б. ретке келтіру) жүктелу процестері өзгереді. Жүк ауыстырушы-кранмен жүргізілген бірқатар зерттеулер механизм мен металлконструкцияларына эквивалентті жүктемелер жұмыстың технологиялык түрі өзгергенде 10-20 пайызға өзгеретінін көрсетті. Оператордың білімділігіне қарай эквиваленттік жүктеме 10-30 пайызға өзгереді. Қозғағыштар мен тежеуші кұрылғылардың жіберу релсін дұрыс ретке келтірмеген кезде, эквиваленттік жүктемелер, жүктемені дұрыс ретке келтірумен салыстырғанда 1,2-2 есе көбеюі мүмкін.Бұл мәселелерді зерттеу көп еңбекті қажет етеді, өйткені ол көп факторлы эксперимент. Тәжірибелерді жүргізу әдістемесі экспериментті жоспарлау теориясына сүйенеді, ол уақыт пен каражаттың аз шығыны кезінде көп мәлімет алуға мүмкіндік береді. Әрбір тәжірибеде жүктеме процесі жазылып отырады. Жүктеме процесінің көрнекті іске асырылуы белгілі бірізділікпен статистикалық өңделеді.

Жүктелу процесінің стационарлығы мен эргодикалығы жөнінде гипотеза осцилограмманың әр түрлі учаскелерінің беттестірумен тексеріледі. Процестің бір типтігі мен жүктеменің үзіксіз көбею немесе бәсеңдеу қарқынының болмауы, көптеген іске асырудың алшақтауы немесе, керісінше тарылуы -гипотеза дұрыстығының белгісі. Бұл функциялардың аздаған уақыттық өзгерістері іске асыру санының шектелуіне байланысты. Бұл процесті негізді түрде эргодикалық және стационарлык процесс деуге болады. Жүктелу процесінің стационарлығы және эргодикалығы жөнінде гипотеза дәлелденгеннен кейін, координаттың кезектегі мәні бойынша көрнекті іске асыру өңделеді. Ол үшін уақыт аралығы арқылы жүктелу процесінің координаты алынады (2 в сурет). Мұнда tц - зерттелетін жүктелу процесінің жоғары гармоника циклінің орташа кезеңі. Жүктелу процесін өңдеуді қолмен де, арнайы есептегіші бар ЭВМ көмегімен де жүргізуге болады. Егер жүктелу процесі магнит таспасында немесе сымда жазьлса, онда машинамен өңдеу айтарлықтай жылдамдайды. Цифрлік ЭВМ-нің арнайы бағдарламасының көмегімен, (1) және (2) формулалар бойынша, МК функциясы мен дисперсия салынады. Түзу, оске параллель уақыт маңындағы сенімді аралықтарда бұл функцияларды табу, стационарлық жөнінде гипотезаны дәлелдейді. Содан кейін (3) формула бойынша, корреляциялық функция салынады. Корреляциялық функцияның нақты учаскесінің ұзындығы (2 а сурет) шартымен анықталады. Мұнда Т — көрнекті іске асыру ұзақтығы.

Корреляциялық функцияның сөнуі (2 а сурет) эргодикалык процестің белгісі болып саналады. Өңдеу басында орын ауыстырумен корреляцияның дәл келуі процестің стационарлығын көрсетеді (2 а суреттер, 1,2, қисықты қараңыз).

Содан кейін, жүктеме координатының кезектегі мәнінің таралуының статистикалык қатары салынады. Ол үшін ординат осцилограммасынан алынған барлық массив разряд бойынша таратылады (1 кесте).

1 кесте - Жүктемелер ординатының кезектегі мәнінің таралуының статистикалық қатары

Разрядтар

Разрядына түскен ординат саны

Разрядтағы жиілікті

S1-S2

m1

S2-S3

m2

…….

…….

…….

Si-Si+1

mi-1

…….

……

……

mk

Барлығы

п

1

разрядтар саны әдетте 5-тен 12-ге дейін алынады.Сонымен, массивте қаншалықты кездейсоқ ординат болса, соншалықты разрядтар саны көп алынады. Разрядтардың бағасы мына формуламен аныкталады:

мұнда Smax,Smin сынау кезінде тіркелген жүктеменің ең аз және ең көп мәні. болатынын айта кету керек.

Әрбір разрядтағы жиілікті мына формуламен анықтайды:

(11)

мұнда - разрядына түскен ординат саны; п - осцилограмманы статистикалық өңдеуден алынған ординаттың жалпы саны.

Статистикалык қатарды графикалық гистограмма түрінде көрсетуге болады (6 сурет).