Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
конспект дин.каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

8 Сурет — f(х) белгілі таралу функциясы және кездейсок а, а2 т.Б. Сандар бойынша X кездейсоқ параметрлер мәнін табу

Кездейсоқ сандар кестесінен бірінші сан алынады, мысалы, а, . Ол масштабтағы ординат осіне салынады. Бүл F(х)=а1,. Одан соң көлденең және тік жебемен х, анықталады. Бұл кездейсоқ параметр мәні (мысалы, масса, жүк) машинаның бірінші циклін моделдеуге қолданылады. Содан кейін кездейсоқ сандар кестесінен екінші сан а, алынып, х2 - моделдеудің екінші циклі үшін кездейсоқ параметрлер мәні анықталады. Сөйтіп, барлық моделдеу циклінің барлық параметрлері анықталады. Кездейсоқ параметрлердің нақты мәні әдетте, ЭВМ арнайы бағдарламасы бойынша анықталады. Ол үшін жұмыстағы және зерттелетін машиналардағыдай жобаланатын машиналар үшін ұсынылатын барлық параметрлердің таралу функциялары белгілі болу керек. Бұл болжам, параметрлері жұмыстың технологиялық вариантына және оның негізгі сипаттамасына байланысты екендігін көрстетін, натуралық сынақ нәтижесімен келісіледі. Бүл сипаттамалар техникалық жұмысты дайындау сатысында-ақ белгілі болады. Оларға: қуат, өнімділік т.б. жатады. Кездейсоқ параметрлер әдісі басқару машина көзқарасымен жеңіл жүктемелерді моделдеуге ыңғайлы, мысалы көтеру немесе жылжыту механизмдерінде. Жалпы бұл зерттеу әдісі күрделі.

Адам басқаратын машиналарда үйлескен имитациялық моделдеу әдісін қолданып нақты мәліметтерді алуға болады. Мұнда басқарылатын ұқсас цифрлік комплекстің қолданылуы қарастырылған (9 сурет). Комплекстің құрамына нақты машинадағы және соған ұқсас ЭВМ (2) жұмыс орнымен бірдей оператордың жұмыс орны (1) кіреді, онда машина мен жүктің қозғалысының дифференциалдық тендеуі теріледі. Машина мен жүктің жылжу процестері үқсас ЭВМ тендеуінің шешімі нәтижесінде қалыптасады. Басқару оператордың жұмыс орнында орындалады, ол атқару органының және оның элементтерінің қимылын электрлік-сәулелік индикатор экраны (3) арқылы кадағалайды. Кездейсоқ параметрлер (жүктемелер, айналу жылдамдығы т.б) комплекс құрамына кіретін цифрлік ЭВМ-де (4) қалыптасады. Мұнда, сонымен бірге, басқару, жылжу және жүктеме процестері статистикалық өңделеді. Комплекстің кемшілігі, оның қымбат болуы, сондықтан кейбір оператордың басқару алгоритімін қолдауға негізделген, сыртқы әсер қалыптасуының үшінші әдісі таралды.

9 – сурет. Имитациялық комплекстің ұқсас-цифрлік басқарудың кұрылымдык схемасы

Электрондық моделді басқаратын бағдарламаның машинистің кезеңді жұмысын имитациялайтын логика элементі болу керек. Одан басқа, бағдарлама үйлесімдіге жақын баскаруды қамтамасыз етуі керек. Жалпы қолданылатын машиналарда үйлесімдік критериі ретінде, циклдік уақыт қабылданады. Жүк көтергіш машиналардың жылжуы, жылдамдығы, жүктің жылдамдауы және элементтері бойынша, сонымен бірге, бір циклде механизмдердің қосылу саны бойынша шектелу есепке алынады. Басқару бағдарламасы ең күрделі машина иілгіш жүк көтергіш машина. Жұмысты басқаруды қалыптастыратын және жүктемені анықтайтын болашағы бар бұл әдіс, басқарудың қымбат имитациялық комплексін талап етпейды. Қазіргі кезде ол толық жасалған жоқ, өйткені бір мезгілде жұмыс істейтін бірнеше механизмі бар машиналар үшін басқару бағдарламасын жасау өте қиын.

Жүктемені дәл моделдеудің үлкен маңызы бар, ол жүктеменің нақты мәнінен алынған моделдегі шығу процесінің ауытқуымен анықталады. Моделдеу қатесі кіру процесі мен олардың дұрыс мәнінің шамасымен және моделдің адекватты емес моделімен анықталады. Моделді ЭВМ-ге көшіргенде қателер кетуі мүмкін. Өте дұрыс мән ретінде натуралық сынаудан алынған мән қабылданады. Мұндай салыстыруды машинаны жаңадан жобалағанда қолдануға болмайды. Бұл жағдайда дәлдікті екі жолмен тексеруге болады. Біріншісі - ұсынылатын моделді эксперимент пен моделдеу нәтижелерін салыстыра отырып, жұмыстағы механизмге қолдану (тиісті түзетулермен). Екіншісі — моделденетін жүктемені соған жақын және дәлірек жақсы жасалған модель бойынша салыстыруды болжайды. Детерминді есептерді шешу кезінде, дәлдігін тексерудің критерилері ретінде жүктеме мен кезеңді тербелістің дискреттік мәндері қабылданады. Ықтималды есептерді шешу кезінде дәлдік жүктеменің статистикалық мәндерін: МК, дисперсия, СКО т.б. салыстыру арқылы тексеріледі.

Қолданылатын моделдер тұрақты болу керек. Тұрақтылық деп кіретін мәліметтердің немесе моделдің ішкі құрылымдарының аздаған өзгерістеріне жүктеменің аздаған өзгерістерінің сәйкес келуін айтады. Бұл алшақ процестерді т.б. болдырмайтын, аппроксимирлейтін тәуелділікті колданып корытындыланған координаттарды тиісінше таңдауды қамтамасыз етеді.

Эксплуатациялык жүктемені аныктаудың имитациялык әдісі, басқа әдістерге қарағанда, механизмдер мен металлконструкциялардағы жүктемеге әртүрлі факторлардың әсерлерін зерттеуте көбірек мүмкіндік береді. Мұнда жүйелік жол ерекше тиімді, оның негізінде машина моделін қорытындылау жатады. Ол 10 суретте граф түрінде көрсетілген.