Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕД.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

8.4.5 Эндокриндік жүйіесі ауруларын қарап тексеру

-Науқасты жалпы қарап тексеруді: науқастың жалпы хәлі (қанағаттарнарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім хәлінде); есі (сақталған, өзгерген); төсектегі кейпі (белсенді, сұлық түсіп жату, мәжбүрлі, ретсіз қимылдар, көп сөйлеу, көңіл - күйінің тез өзгерісі).

-Терісі мен оның қосалқылары, кілегей қабаттары (түсі, құрғақтығы, түлеуі; шаш өзгерістері – түсуі, жұқалануы).

-Мойын аймағын қарау-қалқанша безінің ұлғаюы ұлғаюы деңгейі; сипап тексеру – көлемі, тығыздығы, қозғалғыштығы, аурусыңғыштығы.

-.Ауыз қуысын қарау – тіл сипаты.

-. Көз белгілерін анықтау

-.Науқасты тексеру нәтижесінде жиналған мәліметтерді қалыпты көрсеткіштерімен салыстыру, өзгерген көрсеткіштерді дұрыс түсініп бағалау.

8.5.6 Эндокриндік жүйіесі ауруларын қарап тексерудегі студенттің іс-әрекеттерінің реттілігі

Кезеңі

Қадамдары

Студенттің іс-әрекеттері

Анықталатын мәліметтер

1. Науқасты жалпы қарау

1.1 Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу

1.1 Науқастың келісімі алынды

1. Науқасты жалпы қарау

1.2 Науқастың жағдайын, есін, төсектегі қалпын анықтау

1.2 Науқастың жалпы жағдайы - жағдайы, есінің өзгеру деңгейіне және төсектегі қалпына баға беру.

1.2 - жағдайы (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім халінде);

-есі - сақталған (анық); өзгерген (сопор, кома)

төсектегі қалпы (белсенді, қимылсыз –сұлық түсіп жатыр, мәжбүрлі –қимылдары баяу; дауысы жуан; керісінше – шамадан тыс ретсіз, жылдам қимылдар; жылдам сөйлеу;

1. Науқасты жалпы қарау

1.3 Жалпы дене бітімін, бойы; тері асты шел майының дамуын бағалау;

1.3 Жалпы дене бітімін, бойы; тері асты шел майының дамуын бағалау;

-науқастың жағдайына байланысты- тік тұрғызып немесе отырғызып қарау;

-тері асты шел майының дамуын бағалау - жауырын асты теріні бас бармақ пен сұқ саусақ арасына қысып тексеру – 2см аспау қажет

1.3. Дене бітімі қалыпты; өзгерген –бойы алыпты, ергежей; тері асты шел майының дамуы сақталған; төмен (жүдеу, азған,); шамадан тыс дамыған(толық); жергілікті дамыған –мықын, бел аймақтарында немесе беті мен дененің жоғағы жартысында; тері және тері асты шел майы алжапқыш тәрізді құрсақ алдын жауып тұр;

1.4 Терісі мен оның қосалқыларын және кілегей қабаттарын қарау;

1.4 Терісі, оның қосалқылары мен кілегей қабаттарды қарау:

1-Көзге көрінетін аймақтардағы терісі, көздің ақ қабығы, алақан, еріндері кілегей қабаттарын (түсі - өзгермеген, өзгерген – боз; сарғыш реңді боз - «мәрмәр» тәріздес түс; бет ұштарының, қасүсті доғалары және иек аймақтарының қызаруы -рубеоз; ақ немесе қызыл, күлгін түсті жолақтар (стриялар); тері мен кілегей қабаттарының гиперпигментациясы - қоңырлануы немесе қола түстес өзгеруі - таралып, дененің ашық және жабық аймақтарында, әсіресе киіммен үйкелісетін жерлері, алақан сызықтары, отадан кейінгі тыртықтарда, ауыз қуысы кілігей қабатында, емшек ұштары, артқы өтіс, сыртқы жыныс ағзалары аймақтарында орналасады.

Тері қоректену бұзылыстары -түлеген, құрғақ; қалыңдаған; қасынған іздер; алақандар мен табандарының сарғыштануы –ксантоз;

Түгі - ерлерде әйелдерше түгінің, ал әйелдерде ерлерше түгінің өсуі; қастың, кірпіктің , мұрттың және шаштың түсуі

Шашы – жұқарған, сыңғыш;

- дерттік өзгерістер бар, жоқ

-қалқанша безінің ұлғаюы;

1.4 Көзге көрінетін аймақтардағы терісі, көздің ақ қабығы, алақан, еріндері кілегей қабаттарын (түсі - өзгермеген, өзгерген – боз;сарғыш реңді боз - «мәрмәр» тәріздес түс; бет ұштарының, қасүсті доғалары және иек аймақтарының қызаруы -рубероз; ақ немесе қызыл, күлгін түсті жолақтар (стриялар); тері мен кілегей қабаттарының гиперпигментациясы - қоңырлануы немесе қола түстес өзгеруі - таралып, дененің ашық және жабық аймақтарында, әсіресе киіммен үйкелісетін жерлері, алақан сызықтары, отадан кейінгі тыртықтарда, ауыз қуысы кілегей қабатында, емшек ұштары, артқы өтіс, сыртқы жыныс ағзалары аймақтарында орналасады.

Тері қоректенуінің бұзылыстары - түлеген, құрғақ; қалыңдаған; қасынған іздер; алақандар мен табандарының сарғыштануы – ксантоз;

Теріде – созылмалы түрдегі шиқан немесе ойық жаралары;

Түгі - ерлерде әйелдерше түгінің, ал әйелдерде ерлерше түгінің өсуі; қастың, кірпіктің, мұрттың және шаштың түсуі

Шашы – жұқарған, сыңғыш;

- дерттік өзгерістер бар, жоқ

-қалқанша безінің ұлғаюы;

-өзгеріс жоқ;

-қалыңдаған, түгі азайған;

-анықталады, өзгеріс жоқ

  1. Жергілікті қарау

2.1 Бет әлпетін қарау тексеру реттілігін сақтап жүргізу:

2.1 Бет әлпетін қарап және келесі белгілерді анықтау:

-ай тәріздес дөңгеленуі;

-көз шарасының өзгерістері – үлкеюі; бадыраюы; көз саңлауының кішіреюі;

-бетте ым жоқтығы;

2.1.Бет әлпетін қарау және келесі белгілерді анықтау:

-тәндік белгілердің дамуы

2.2 Мойын аймағын қара тексеру- көзге көрінетін белгілерді анықтап бағалау

2.2 Мойын аймағын қарау және келесі белгілерді анықтау – жуандануы – симметриялық аймақтарында бірдей (қалқанша безінің 2-5 деңгейдегі ұлғаюы);

2.2 Мойын аймағын қарауда- тәндік белгінің дерттің даму деңгейіне байланысты өзгерісі болуы

2.3 Ауыз қуысын қарап баға беру:

2.3 Ауыз қуысын қарау:

1- ауыз ашуын өтіну-

2- тілді қарау – қалыңдаған, түгі азайған;

2.3. Ауыз қуысын қарау –тәндік белгінің дамуы анықталады

2.4 Көз белгілерін анықтап даму деңгейін бағалау

2.4 Көз белгілерін анықтау

-екі жақтық көз шарасының бірдей үлкеюі;

-Грефе белгісі –төмен қарағанда мөлдір қабығы мен жоғарғы қабақ арасында ақ қабық жолағаның болуы;

-Штельваг белгісі – сирек кірпік қағу;

-Кохер белгісі - жоғары қарағанда мөлдір қабығы мен төменгі қабақ арасында ақ қабық жолағаның болуы;

-экзофтальм белгісі – бадыраң көз - көз шарасының шығып тұруы

2.4.Көз белгілерін анықтау – тәндік өзгерістер дерт деңгейіне байланысты дамуының анықталуы

3. Эндокринді жүйесі ағзаларының пальпациясы

3.1 Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу әрі шешінуін өтіну әрі қарай

науқастың жағдайына байланысты- тік тұрғызып немесе отырғызып терісін сипап тексеру:

3.1 - науқастың келісімі алынды

3.2 Тері пальпациясы.

3.2 Тері пальпациясын жасау мақсаты:

а-серпінділігін,

б – ылғалдылығын,

в –қызуын анықтау.

3.2 Тері пальпациясын жасау реттілігі:

а - серпінділігін анықтау:

1- құрсақ бетінің немесе қолдың ішкі бетінің терісін екі саусақпен жинап, қатпар жасайды

2- қатпарды босатады;

б - ылғалдылығы - саусақ ұшымен терінің әр аймағын сипау;

в - қызуын анықтау - қол сыртымен маңдайын сипау;

г – ісінуі, қалыңдауы - саусақ ұшымен терінің әр аймағын сипау;

3.2. Тері пальпациясы :

-тері серпінділіг сақталған, төмендеген; құрғақ, ылғалды,салқын, ыстық, қалың, тығыз

3.3 Қалқанша безін сипап тексеру.

  1. Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу әрі шешінуін өтіну әрі қарай

науқастың жағдайына байланысты- тік тұрғызып немесе отырғызып қалқанша безін сипап тексеру.

Науқастың келісімі алынды

3.3 Қалқанша безін сипап тексеру реттілігін сақтап жүргізу

3.3 Қалқанша безін сипап тексеру реттілігі:

1-дәрігер науқастың оң жағына орналасады, қолы жылы; науқасқа иегін сәл төмен түсіруді және өзін бос ұстауды өтінеді;

2- мойынның алдыңғы аймағын қарап, тексеру;

3-айналасындағы ағзалардың басылып қалуында дамитын белгілерді анықтайды –көк тамырлардың кеңеюі, тыныстың қиындауы, дисфагия және т.б.;

4-сол қолдың ұшын 7-мойын омыртқасының өсіндісіне орналастырып мойын қимылын шектету;

5-оң қолдың жиналып бүгілген 2-4 саусақтарын мойынның алдына төс тұтқасынан жоғары орналастыру;

6-қалқанша бездің қылқасын тік бағытта жылжымалы сипап тексеру;

7- -қалқанша бездің бүйір бөліктерін төс-бұғана-емізіктік бұлшықет астынан оң және сол жағынан тік бағытта жылжымалы сипап тексеру;

8-науқасқа жұтынуды өтініп, бездің жылжымалығын анықтап, оның көлеміне, беткейіне, тығыздығы мен аурусыңғыштығына сипаттама беру

3.3 - ұлғайған (бір келкі таралып немесе түйінді); ұлғаю деңгейі 1-5; жұмсақ; аурусыңғышты