Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕД.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

3.2 . Науқасты жалпы қарап тексеру:

3.2.1 Жалпы қарап тексеру кезінде назар аударатын жағдайлар:

а) науқастың жалпы жағдайы;

б) науқастың төсектегі қалпы;

в) тері жамылғысы түсінің өзгеруі (бозарған, көгістенген, бетінің қызаруы, ұшық бөртпелері);

г) өкпесінің созылмалы дерті бар науқастың саусақтарының «барабан таяқшалары», тырнақтарының «сағат әйнегі» тәріздес болуы;

д) ішінің үлкеюі және ісінудің пайда болуы.

3.2.2. Жергілікті қарап тексеру:

- беті: терісінің түсі, оның өзгерістері.

- мұрыны - пішінінің өзгеруі, тыныс алу сипаты - ауызымен немесе мұрнымен, еркін немесе қиналып тыныс алу, мұрын қалқанының қисаюы.

-көмекей (сұрау әдісімен тексеру), дауысының сипаты: қарлығып қалу, дауысы шықпай сыбырлап қалу.

Кеуде қуысының қарап тексеру - пішіні , тыныс қозғалысының симметриялығы, тыныс түрі:

Кеуде қуысы пішінін бағалау кезінде келесі белгілерге мән беру керек:

а) көлденең және алдынғы – артқы өлшемінің ара-қатынасын;

б) эпигастральды (құрсақ үсті) бұрышының мөлшеріне;

в) қабырға бағытына және қабырғааралық кеңістіктің еніне, сонымен қатар бұғаналар мен жауырындардың орналасуына.

Кеуде қуысының тыныс қозғалысын әуелі тыныштық жағдайда, содан кейін терең тыныс алған кезде (науқас тік тұрған жағдайда) анықтайды. Кеуде қуысының екі бөлігінің де симметриялы қозғалысына көңіл аудару қажет (тыныс актісінде ауру жағы қалып отырады).

Тыныс жиілігін анықтау (тыныс жиілігі минутына 16-20 рет). Тыныс қозғалысының жиілігін минутына санау арқылы жүргізеді.

3.3. Кеуде қуысына пальпация жасау: а) серпімділігін анықтау

б) дауыс дірілін анықтау-қалыпты жағдайда дауыс пен ауа тербелістері тыныс алу жолдары бойынша тарап, кеуде беткейінің екі жағына діріл ретінде беріліп қолға сезіледі

4. Алынған мәліметтерді жазу. Жазу үлгісі.

-Науқас тыныс шығаруының нашарлауына, кілегейлі қақырықты жөтелге, әлсіздікке шағым жасайды. Қарап тексергенде: терісі және еріндерінің кілегей қабаты сәл көгістенген. Науқас мәжбүр қалыпта - ортопноэ. Тыныс жиілігі минутына-24 рет. Тыныс беткейлі, ырғақты. Кеуде қуысының пішіні эмфизиматозды, екі бөлігі де тыныс алуға бірдей қатысады. Пальпация жасағанда кеуде қуысы иілгіштігінің төмендеуі және симметриялық бөліктерінде дауыс дірілінің әлсіздігі анықталады.

2.5 Тыныс алу жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексерудегі студенттің іс-әрекеттері реттілігі

1. Шағымдарын жинау

Кезеңдері

Студенттің іс-әрекеттері

Алынатын мәліметтер

1.1 Науқаспен танысу

1.1.Сәлемдесу, өзін танӨзін таныстыру және науқастың аты-жөнін, тегін анықтау:

1.2 Науқастың шағымдарын сұрақ қойып анықтау

“Қандай шағымдарыңыз бар” немесе “Сізді не мазалайды”? деген сұрақтар беріп, науқастың шағымдарын анықтау.

Олар: жөтел, қан қақыру, кеудедегі ауыру сезім, ентігу, тұншығу, қалтырау, әлсіздік, шаршағыштық, бас ауыруы, ұйқының бұзылысы, тәбеттің төмендеуі.

Дауысына мән беру - (көмекейді - сұрау әдісімен тексеру), дауысының сипаты: қарлығып қалу, дауысы шықпай сыбырлап қалу.

1.3 Негізгі шағымдарын айырып алу

Олар: жөтел, кеудедегі ауыру сезімі, ентігу

1.4 Негізгі шағымдарды талдау, сараптау.

Негізгі шағымдарды қосымша сұрақ арқылы талдау, сараптау.

Жөтел (tussis):

Сипаты – қандай? - құрғақ әлде ылғалды (қақырықпен)?; дауысты, қатты ма, әлде жәй күркүлдеп? ұзақтығы – тұрақты мазалай ма, әлде анда-санда немесе ұстамалы?;

пайда болу уақыты - қай кезде жиі мазалайды – жатарда, түнде,таңертең; пайда болу және бәсеңсу себептері (салқындағанда, иіс немесе шаңды сезгенде; дәрі қабылдау, дене қалпын өзгертуде)

Қақырық (sputum): мөлшері – қанша – бір түкірік, ауыз толтырып?; түсі – қандай – түссіз, сарғыш, жасыл, қоңыр ма?; сипаты – сұйық, тез бөліне ме әлде тұтқыр, кілегей тәріздес, қиын бөліне ме?; қай мезгілде көп бөлінеді-тәңертең,

Қан қақыру (haemoptoe): қанның мөлшері (толық қан, аралас қан), қанның түсі (ашық қызыл, қызғылт, күрең қызыл); жиілігі – жиі, сирек?

Кеудедегі ауру сезім (dolor): қай жерде орналасады? –қолмен көрсетуді сұрау?; сипаты – сыздап, шаншып?; күші – күшті ме әлде жәй, әлсіз бе?, ұзақтылығы- тұрақты ма әлде қысқа ма?; қандай жағдайда пайда болады немесе күшейеді? – жөтелгенде, терең тыныс алғанда?

Ентігу (dyspnoe): тұрақтылығы - тұрақты немесе ұстамалы; қандай жағдайда пайда болады - тыныс алғанда, шығарғанда немесе екі кезеңінде тыныс алу қиын? Тұншығу, демікпе (astma): қандай себептен кейін пайда болады – иіс, өздігінен, кенеттен дами ма?; қай кезде жиі болады - түнде, күндіз?; демікпе кезіндегі қалпы – отырады, тұрады, жөтеледі? қандай шарадан кейін басылады – қақырық шыққаннан кейін; дәріден кейің?

Қосымша шағымдар – қалтырау (febris) - тыныс алу жүйесінің жіті дерттері дене қызуы көтерілуден басталады; а) дене қызуы қалай және қаншаға көтеріледі; б) тәулік бойы қалай өзгереді; в) қалтырау қаншаға созалады, қандай белгілер қосымша болады; әлсіздік, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, ұйқының нашарлауы, бас ауыруы (қашаннан бері мазалайды, себебі).

ІІ. Дерттің даму тарихы (дерттің анамнезы).

2.1 Дерттің басталуын анықтау

2.1.Келесі сұрақтарды беріп анықтау:

2.1.1 «Бірінші рет аурып тұрсыз ба, әлде осы дерт біраздан бері мазалайды ма?»

2.1.2 Ауруыңыз қалай басталды?»

2.1 Осы шағымдар бірінші рет мазалап тұр:

- Кенеттен немесе бірте-бірте әртүрлі тыныс алу жүйесі ауруларына тән шағымдарымен басталуы (құрғақ жөтелмен; дене қызуының көтерілуі, т.б.);

- Осы дерт бірнеше жылдардан бері бар - созылмалы дертінің өршуі - неше жылдан бері, қандай шағымдармен басталды, жылына өршуі қанша рет болады, қандай жағдайлар әсер етеді, тұрақты түрде қандай ем өзі алып тұрады; бәсеңсу кезеңінің ұзақтығы).

2.2 Дерттің дамуын анықтау

2.2.1 Келесі сұрақтарды беріп анықтау:

- Қандай шағымдармен басталды;

- Әрі қарай қандай шағымдар қосылды немесе олар қалай өзгерді?

2.2.1 Баста құрғақ жөтел болды, ал кейіннен қақырық пайда болды немесе кенеттен дене қызуы күрт жоғарлады, сосын кеуде бүйірінде шаншу болды; ентігуден басталды – тыныс алуым нашарлады, кейіннен тыныс шығаруым қиындады.

2.3 Дерттің басталуына әсер ететін жағдайларды анықтау (дерттің болжама немесе нақты себебі)

2.3.1 Келесі сұрақтарды беріп:

- Қалай ойлайсыз осы дертіңіздің басталуына қандай жағдайлар себеп болуы мүмкін?

- Өзіңізше осы ауруыңыз қандай жағдайдан кейін пайда болды деп ойлайсыз?

2.3.1 Салқын ұстау;

- жұқпалы науқасы (тұмау) немесе туберкулезі бар кісімен жанасу;

- жақын арада жоғарғы тыныс жолдары дерттерімен ауру (тұмау, жіті қабынулар);

- уытты заттардың немесе газдардың әсері (созылмалы бронхиттерде);

- аллергиялық әсерленулер;

2.4.1 Жасалған шараларды анықтау

2.4.1 Келесі сұрақтарды беріп науқастан осы дертіне байланысты жүргізілген шараларын анықтау:

-дәрігерге қаралдыма?

- қандай тексерістер жүргізілді (олардың қорытындысы);

-емі (өздігінше - үйде, медициналық көмекке жүгінді - емханада);

- қандай дәрілер немесе емнің басқа түрі;

- емнің тиімділігі қандай болды немесе болмады;

- емделмеген;

- ауруханаға түсу себебі?

-қаралды; қаралмады; жедел-жәрдем көмегімен келіп тұр;

-қаралды - тексерістер жүргізілген жоқ; жүргізілді – R-ген; жалпы қан аналізі, қақырық анализі және т.б. Олардың қорытындысы бар, қолында;

-ем жүргізілді – а/б, қақырық шығаратын және т.б.

-емнің тиімділігі - бар, жоқ; емделмеген.

- ауруханаға түсу себебі – емделу, тексерілу және т.б.

ІІІ. Өмір тарихы - осы дерттің дамуына алып келетін қолайсыз жағдайлар.

3.1 Өмір тарихы - осы дерттің дамуына алып келетін қолайсыз жағдайларды анықтау.

3.1.1 Өмірінің әр кезеңінде болған қолайсыз жағдайларды немесе дерттерді сұрақ қойып анықтау:

-балалық шағы

-жасөспірім- мектепке бару, үлгерімі, қалыс қалуы;

-мамандық алу

-үйлену

1. Бала кезінде болған тыныс алу жүйесі деттері (бронхиттер, пневмониялар).

2. Жоғарғы тыныс жолдарының жиі, жіті қабыну, аллергиялық немесе басқада аурулары (жіті респираторлық дерттері, тұмау, полиптер, полли-ноздар).

3. Әлеуметтік және тұрмыстық жағдайы (тұрған жері - дымқыл, ылғалды).

4. Үйреншікті уланулар: ұзақ уақыт бойы ( 15-20 жылдан астам) күніне 1-2 қорап темекі шегу; ішімдікке салыну; нашақорлық, уланулар

5. Кәсіпшілік қолайсыз әсерлер: өндірістік шаңдар (силикаттық, тотыған кремний, құм, цемент) - пневмкониоздар, силикоздар.

6. Тұқым қуалаушылыққа бейімділік: жақын туысқандарында аллергиялық деттердің болуы (бронхиалды демікпе, экземалар), қатерлі ісіктер.

7. Басқа ағзалардың дерттері (жүрек-қан тамыр); жарақаттар, сынықтар.

8. Жұқпалы аурулар – туберкулез, мерез, сары ауру

9. Ер азаматтарда - әскерде болуы, атқарған міндетінің түрі; қолайсыз әсерлер; болған дерттері - жарықтар; несеп жолынан дертті бөлінділер немесе аталық мүшесінде ойылулар; атабезінде ауру сезімі немесе ісіктер; бұрын болған жұқпалы жыныс дерттері; жыныстық қатынасқа ықыласы; қанағаттанарлығы; жыныстық бұзылыстар.

10. Әйел кісілерде – етек кірінің басталуы, оның сипаты (неше жасында, бірден тұрақталдыма, канша күннен, мөлшері - көп, аз; ауырсыңғышты немесе онсыз, айналымының ұзақтығы); жыныстық қатынастың басталуы; етек кірі айналымы арасында немесе жыныстық қатынастан кейін қан кетулер; соңғы етек кірінің уақыты тұрмыс құруы, жүктілік (қанша көтерді, қалай өтті - ісінулер, қан қысымының жоғарлауы; босанулары - өздігінше, операциялар арқылы, асқынулар; түсіктер - жасанды немесе медициналық аборттар); етек кірінің тоқтауы: неше жасында, қандай көріністер - қан қысымының жоғарылауы, жүрек қағуы, т.б. Менопауза кезіндегі қан кетулер.