Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕД.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

5. Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:

- науқастың жағдайы қанағаттанарлық;

- тері түсі өзгермеген (қалыпты);

- терісі көгістенген;

- шеткі лимфа түйіндері үлкеймеген;

- шап лимфа түйіндерінің екі жағында да мөлшері моншақ тәрізді үлкейген, ауырсынғышты, жұмсақ, қозғалмалы;

- буындарының пішіні өзгермеген, буындағы белсенді қозғалыстар толық көлемді.

Іі. Тыныс алу ағзалары ауруларына шалдыққан науқастарды тексеру әдістері

  1. Сабақтың мақсаты:

1.1 Тыныс алу ағзалары дерттерімен ауыратын науқастарға сұрастыру жүргізуді үйрену. Кеуде қуысын қарау және оған пальпация жасау әдісін игеру.

1.2 Тыныс алу ағзаларының ауруларымен ауыратын науқастардың шағымдарына, анамнезіне, объективті мәліметтеріне сүйене отырып диагностикалық белгілерді ажырата білуді үйрену.

2. Тақырып бойынша студент не білуі керек (өзіндік дайындалу сұрақтары):

2.1 Тыныс алу ағзалары ауруларына шалдыққан науқастардың шағымдары.

2.2. Тыныс алу ағзалары ауруларына шалдыққан науқастардың анамнездік мәліметтерін жинау кезінде анықталатын жағдайлар.

2.3 Тыныс алу ағзалары ауруларына шалдыққан науқастарды жалпы қарап тексергенде алынатын негізгі мәліметтер.

2.4 Кеуде қуысын қараудың мақсаттары.

2.5 Кеуде қуысының қалыпты пішіндерінің (түрлерін) сипаты.

2.6 Тыныс алу ағзаларының ауруларында кеуде қуысының өзгерген түрлері.

2.7 Кеуде қуысының ассиметриялығының себептері.

2.8 Тыныс түрлері.

2.9 Тыныс алу ағзаларының аурулармен ауыратын науқастардың тыныс ырғағының, жилігінің және тереңдігінің бұзылыстары.

2.10 Кеуде қуысы пальпациясының мақсаттары.

2.11 Кеуде қуысының тыныс алуға қатысуының шектелу себептері.

2.12 Кеуде қуысы пальпациясын жасау әдісі.

2.13 Кеуде қуысы серпімділігін анықтау әдісі.

2.14 Кеуде қуысының созылғыштығының өзгеру себептері.

2.15 Дауыс дірілі дегеніміз не?

2.16 Дауыс дірілі өзгеруінің себептері.

2.17 Кеуде қуысының созылып-керілуінің (экскурсиясын) анықталуы (сантиметрлік лентамен).

3.Тақырып бойынша студент не істей білуі керек:

3.1. Тыныс алу ағзаларының ауруларымен ауыратын науқастарға сұрастыруды жүргізу. Сұрастырған кезде әрбір шағымды нақтылау керек.

3.1.1 Шағымдары:

Жөтел.

а) құрғақ немесе ылғалды (қақырықпен), қақырық болса, оның сипатын, мөлшерін анықтау.

б) мерзімділігі- тұрақты және оқтын-оқтын

Ентігу:

а) физиологиялық және патологиялық, пайда болу себептері;

б) ентігуідің түрлері (инспираторлы, экспираторлы және аралас), олардың пайда болу себептерін анықтау.

Кеуде қуысындағы ауру сезімі:

а) ауру сезімінің пайда болу себептерін анықтау (кеуде қуысының өзіндегі патологиялық үрдістеріне, сонымен қатар өкпе және плевра ауруларының дамуымен байланысты пайда болған ауру сезімі, рефлекторлы ауру сезімі)

б) ауру сезімінің орналасуын, оның тыныс алу кезеңімен, жөтелмен, науқастың қалпын өзгертуімен байланыстылығын анықтау.

Қан қақыру:

а) себептерін таба білу

б) өкпеден аққан қанды анықтай білу.

3.1.2 Арудың анамнезін жинаған кезде мынадай түпкі жағдайларды анықтау қажет:

а) ауру қашан басталды;

б) оның пайда болу себептері мен жағдайлары;

в) аурудың алғашқы сипаты.

3.1.3 Өмір тарихында анықталатын маңызды жағдайлар:

а) еңбек және тұрмыс жағдайлары;

б) бұрын тыныс алу ағзаларының қандай ауруларымен ауырған

в) тұқым қуалаушылыққ бейімділік;

г) зиянды әдеттер (темекі шегу, арақ ішу, т.б.)

д) аллергиялық анамнезді анықтау.