- •Қазақстан республикасы білім және ғылыми министрілігі
- •Ақпараттану
- •1.2. Ақпарат қасиеттері
- •1.3. Ақпараттың өлшем бірліктері
- •1.4. Ақпараттық процесстер
- •1.5. Информатика пәні
- •Дискретті математика негіздері
- •2.1. Графтар және ағаштар
- •2.2. Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне келтіру ережелері
- •Компьютердің даму тарихы
- •Лекция №3 (2 сагат)
- •Компьютердің құрылғылары
- •4.1. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •Монитор
- •Пернетақта және тышқан
- •4.2. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
- •А) бірдеңгейлі, б) иерархиялық
- •5.2. Файлдық жүйе
- •5.3. Файлдық менеджерлер
- •6. Компьютердің программалық қамтамасыз етілуі
- •7. Операциялық жүйелер
- •Лекция№5 (2 сагат)
- •8. Компьютерлік вирустар
- •9. Архиваторлар
- •10.2. Іске қосу (Пуск) мәзірі
- •10.3. Windows операциялық жүйесін пернетақта көмегімен басқару
- •10.4. Windows xp операциялық жүйесін баптау
- •10.5. Сілтеуіш программасы
- •10.6. Windows операциялық жүйесінің жұмыс істеу жылдамдығын арттыру
- •Лекция №7 (2 сагат)
- •11. Стандартты программалар
- •11.1. Paint графикалық редакторы
- •11.2. WordPad мәтіндік редакторы және блокнот
- •11.3. Калькулятор
- •12. Microsoft Word мәтіндік процессоры
- •12.1. Құжаттарды дайындау, сақтау және баспаға шығару
- •12.2. Мәтінді пішімдеу
- •12.3. Кестелерді даярлау және түзету
- •12.4. Формуламен жұмыс
- •12.5. Word программасында сурет салу
- •13.2. Электрондық кестенің негізгі ұғымдары
- •13.3. Жолдармен, бағаналармен және блоктармен орындалатын операциялар
- •13.4. Excel функциялары
- •13.5. Диаграмма құру
- •Лекуия № 9 (2сагат)
- •14.1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •14.2. Өріс типтері және қасиеттері
- •14.3. Ms Access программасының негізгі объектілері
- •Лекция №10 (2 сагат)
- •15. Компьютерлік желі
- •15.1. Компьютерлік желілердің түрлері
- •15.2. Желілік топологиялар
- •15.3. Желілік техникалық құралдар
- •15.4. Желілік программалық кұралдар
- •15.5. Клиент-сервер технологиясы
- •15.6. Тсp/ip жүйелік хаттамасы. Web-беттер
- •15.7. Файлды тасымалдау хаттамасы (ftp) және ftp-mail серверлері
- •16. Электрондық почта
11.2. WordPad мәтіндік редакторы және блокнот
Мәтіндік редактор – мәтіндік файлдарды редакциялауды жасақтайтын редактор. Оның мәтіндік процессорларға қарағанда мүмкіндіктері төмен. WordPad мәтіндік редакторы көлемі шағын мәтіндер мен құжаттарды ашу, өңдеу, түзету және қағазға басып шығару жұмыстарын атқарады. Бірақ, мұндағы қаріп түрлері және оларды пішімдеу мүмкіндіктері шектеулі. «Word» ағылшынша «сөз», ал «Pad» - блокнот деген мағынаны береді, яғни жазуға арналған блокнот.
WordPad мәтіндік редакторы Іске қосу (Пуск) – Программалар - Стандарттық программалар – WordPad командалар тізбегін орындау нәтижесінде жүктеледі.
11.3-сурет. WordPad программасының терезесі
WordPad мәтіндік редакторында мәтінді туралаудың үш түрі бар: оң жағынан, сол жағынан және ортасынан.
Терілген
мәтінді сақтау үшін Файл
– Сақтау
командасын орындап, ашылған сұқбаттасу
терезесінде құжаттың орналасатын жерін
көрсетіп, атауын енгіземіз. Мұны Ctrl+S
пернелер
комбинациясы немесе
пернесі көмегімен орындауға да болады.
Құжатты
баспаға шығару үшін Файл
– Баспаға шығару командасын
таңдаймыз. Ашылған сұқбаттасу терезесінде
құжатты басып шығаратын принтерді
таңдап, баспаға шығатын парақтардың
снаы мен көшірменің санын анықтаймыз.
Бұдан соң «ОК» батырмасын басамыз. Осы
команданы Ctrl+P пернелер комбинациясы
немесе
пернесі көмегімен орындауға болады.
Баспаға
шығатын құжатты алдын-ала көру үшін
Файл
– Алдын-ала көру
немесе
пернесі қолданылады.
WordPad
мәтіндік редакторында құжатқа ағымдағы
уақытты қоюға арналған арнайы
батырма бар. Ал,
батырмасы қаріптің түсін өзгертеді.
Блокнот – кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторларға қарағанда төмен. Оның басты ерекшелігі – қарапайым әрі жинақы жұмыс істеуге мүмкіндік береді, жедел жадыда аз орын алады. Ол командалық файлдарды дайындау, түзету және модем арқылы жіберетін хатты дайындау кезінде қолданылады. Блокнот тек бір ғана қаріп түрін пайдаланады.
Біз WordPad мәтіндік редакторы және блокнот туралы мәліметтермен қысқаша таныстық. Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын, қуатты және мүмкіншілігі зор Microsoft Word мәтіндік процессорына келесі тарауда кеңінен тоқталамыз.
11.3. Калькулятор
Калькулятор – арифметикалық амалдарды орындауға арналған, қарапайым есептеулер жүргізетін Windows операциялық жүйесінің сервистік программасы. Калькуляторды жүктеу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар - Стандарттық программалар – Калькулятор командалар тізбегі орындалады. Калькулятордың жұмыс істеу режимдері: стандартты және ғылыми.
11.4-сурет. Стандартты және ғылыми калькулятор
Стандартты калькуляторда жадымен жұмыс жасауға арналған төрт перне бар. Олар: MC – жадыны тазалау, MR – жадыда сақталған санды индикаторға шығару, M+ – жадыдағы санға индикатордағы санды қосу, MS – индикатордағы санды жадыға жазу.
Ғылыми калькулятор логарифмдер мен факториалдарды есептейді, статистикалық және тригонометриялық функциялармен жұмыс жасайды. Онда берілген санды бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне ауыстыруға болады.
