Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛекцияИнформ. казАиЭС.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

12.4. Формуламен жұмыс

Microsoft Word программасына формулалар редакторы деп аталатын математикалық формулалар мен символдар енгізетін сервистік программа орнатылған. Формула редакторы көмегімен интегралдар, матрицалар, бөлшектер, тұбірлер, көпмүшелер және т.б. математикалық формулалар жазуға болады.

Мәтін арасына формула енгізу үшін Кірістіру-Объект-Microsoft Equation командасын орындау керек. Формулалар редакторы стандартты аспаптар тақтасындағы батырмасымен де жүктеледі.

12.10-сурет. Формула редакторының аспаптар тақтасы

Формулалар редакторы жүктелгенде оның қолданбалы терезесі ашылады. Ол терезе құрылымы жағынан Word программасының терезесіне ұқсас. Формула редакторының аспаптар тақтасы математикалық символдар мен формулалар үлгілерінен тұрады. Жоғарғы қатарда орналасқан символдар: қатынас белгілері, бос орын мен көпнүкте, операторлар, бағыттауыштар, логикалық символдар, жиын теориясы символдары, грек әріптері. Төменгі қатарда жақшалар, бөлшектер, төменгі және жоғарғы индекс, қосындылар, көбейтінділер, интегралдар, матрицалар, жазулы бағыттауыштар үлгілері орналасқан.

Символды кірістіру үшін керекті символ тұрған өріс элементін тышқан меңзерімен белгілеп көрсетіп, өріске кіретін символдардың толық тізімін ашамыз. Тышқан меңзерімен тізімдегі қажетті символды таңдап алып, оны бір рет шертсек, символ формулалар жолына енгізіледі.

Мәтінге енгізілген формуланы ерекшелеп алып, жоюға немесе басқа жолға орын ауыстыруға болады. Формуланы үлкейту немесе кішірейту үшін формула редакторын тышқанды екі рет шерту арқылы шақырып, формуланы ерекшелеп, Мөлшер(Размер) – Басқа(Другой) командасымен қажетті қаріп мөлшерін енгіземіз. Формулалар редакторынан шығу үшін формуладан тысқары аумақта тышқанды шерту жеткілікті.

12.5. Word программасында сурет салу

Microsoft Word мәтіндік процессоры сурет салуға және басқа программалардан графиктерді кірістіруге мүмкіндік береді. Word прграммасы сырттан алынған графикті басқа шамадағы мәтіндік символ ретінде қарастырып, оны мәтін элементі ретінде орналастырады. График даярланған өлшемімен мәтінге кірістіріледі. Графикті ерекшелеу үшін оның кез-келген нүктесінде тышқанды шерту қажет. Құжатқа график немесе сурет орналастыру үшін Кірістіру(Вставка) – Сурет(Рисуок) командасын таңдап, сурет орналасқан файлдың атын кірістіру керек.

Сызық, қисық, дөңгелек, төртбұрыш, көпбұрыш және т.с.с. қарапайым графикалық элементтерді Word құрамындағы графикалық редактордың көмегімен даярлауға болады. Экранның төменгі жағында орналасқан сурет салуға арналған аспаптар тақтасы дайын фигура үлгілерін ұсынады.

Word графикалық редакторының ең қарапайым элементі – сызық. Сызық сызу үшін сурет салуға арналған аспаптар тақтасынан түзу сызық кескіні тұрған батырманы шертеміз де, тышқан меңзерін түзудің бастапқы нүктесіне орналастырамыз. Тышқанның сол жақ батырмасын баса отырып, сызықтың соңғы нүктесіне дейін созамыз. Сызықтың түсін, стилін, қалыңдығын өзгертуге болады. Дөңгелектер мен эллипстерді де осы аспаптар тақтасының көмегімен даярлауға болады. Эллипс центрін бір нүктеге орнықтыру үшін Ctrl пернесін басулы күйде ұстап тұру қажет. Доға салу барысында Shift пернесін жібермей ұстап тұрсақ, 45° шеңбер секторы салынады.

12.11-сурет. Сурет салу аспаптар тақтасы

Салынған объектілерді өңдеуге болады. Ол үшін объектіні ерекшелеп аламыз. Ол үшін қажетті объектіні тышқанмен шертеміз. Сонда объект айналасында оның өлшемдерін өзгертуге мүмкіндік беретін кішкене сегіз тіктөртбұрышпен қоршалған жақтау пайда болады.

Кез-келген сурет бір немесе бірнеше элементтерден тұрады. Бірнеше элементтен құрылған суретті бір бүтін ретінде топтастыруға болады. Ол үшін элементтерді ерекшелеп алып, сурет салу аспаптар тақтасындағы немесе жанама мәзірдегі Топтастыру (Группировать) командасын басу керек. Геометриялық элементтер тобын қайтадан жеке элементтерге жіктеу үшін Топты жіктеу (Разгруппировать) командасы қолданылады.

Суретті салып, оны қажетті жерге орналастырған соң сурет айналасына жақтау (рамка) тұрғызуға, суреттің масштабын өзгертуге болады. Мәтінге сыртқы ортадан енгізілген объект оны өңдеуге арналған барлық қажетті мәліметті сақтайды. Мұндай объектінің айрықша бір файлмен байланыста болуы қажет емес, ол сыртқы ортадан тәуелсіз. Оны өңдеу үшін сурет салынған негізгі программа автоматты түрде іске қосылады. Алайда, графикалық элементтің тек сурет болуы міндетті емес. Мысалы, мәтінге MS Excel немесе PowerPoint программасында дайындалған объектіні де кірістіруге болады.

ЛЕКЦИЯ №8

(2 сагат)

13. Microsoft Excel электрондық кестесі

13.1. Ехсеl программасы туралы жалпы мағлұматтар

Электрондық кесте дегеніміз жолдар мен бағаналардан тұратын кесте түрінде реттелген ақпаратты өңдеу программалары. Электрондық кесте функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізеді, түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттейді, тиімділеу мәселелерін шешеді, белгілі бір шартты қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алады, графиктер мен диаграммаларды тұрғызады, мәліметтерді статистикалық талдайды.

Місrosoft фирмасының Ехсеl программасы — кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Ехсеl жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кез-келген ақпараттың құрылымын реттеудің, сипаттаудың және өңдеудің арнайы моделі. Ехсеl программасы кестелік есептеулерді орындауға, кестеде берілген ақпараттар негізінде әртүрлі диаграммалар құруға, мәліметтер базаларын құрып, олармен жұмыс істеуге және т.б. мүмкіндіктер береді.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Ехсеl программасында 65536 жол және 256 бағана бар. Электрондық кестенің негізгі элементі – ұяшық. Ұяшық дегеніміз жол мен бағананың қиылысында тұрған торкөз. Оған мәтін, сан немесе формула енгізуге болады.

Ехсеl программасы енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ әріп немесе " " (апостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі. Теңдік "=" белгісінен басталса, онда ол ұяшыққа формула енгізілетінін білдіреді.

Мәтін - кез-келген символдар жиынтығы. Егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді " символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа орналасады. Егер оң жақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылады (бірақ ЭЕМ жадында толық сақталады).

Электрондық кесте ұяшықтарына сандарды =, +, - таңбаларымен бірге енгізуге болады. Егер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, онда Ехсеl санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына #### символдарын қояды (бірақ ЭЕМ жадында ол саннын барлық разрядтары толық сақталады).

Ехсеl-де кез-келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Формула "=" таңбасынан басталуы керек. Ол бос орынсыз жазылады және 240 символға дейін енгізе алады. ¥яшыққа С1+Ғ5 формуласы =С1+Ғ5 түрінде жазылады. Бұл С1 ұяшығындағы мәліметке Ғ5 ұяшығындағы мәліметтің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады.

Ехсеl программасын іске қосу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар – Microsoft Office – Microsoft Ехсеl командалар тізбегі орындалады.

Ехсеl программасын іске қосқаннан кейін экранға 13.1-суретте көрсетілген терезе шығады.

13.1-сурет. Microsoft Excel программасының терезесі

Тақырып жолына файл атауы жазылады. Екінші жолда Excel программасының мәзірі орналасқан. Келесі жолдар стандартты және пішімдеу аспаптар тақталарына арналған. Енгізу мен түзету немесе формулалар жолына ұяшыққа енгізілетін мәліметтер енгізіледі немесе түзетіледі. Формулалар жолының сол жағында мәлімет енгізілетін ағымдағы ұяшық адресі көрсетіледі.

Терезенің ең төменгі жолы — қалып-күй қатары. Төменгі жолдың сол жақ шетінде Excel жұмыс режимдерінің индикаторы (көрсеткіші) орналасқан. Мысалы, Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индикаторы Дайын (Готово) деген сөзді көрсетеді.