- •Қазақстан республикасы білім және ғылыми министрілігі
- •Ақпараттану
- •1.2. Ақпарат қасиеттері
- •1.3. Ақпараттың өлшем бірліктері
- •1.4. Ақпараттық процесстер
- •1.5. Информатика пәні
- •Дискретті математика негіздері
- •2.1. Графтар және ағаштар
- •2.2. Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне келтіру ережелері
- •Компьютердің даму тарихы
- •Лекция №3 (2 сагат)
- •Компьютердің құрылғылары
- •4.1. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •Монитор
- •Пернетақта және тышқан
- •4.2. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
- •А) бірдеңгейлі, б) иерархиялық
- •5.2. Файлдық жүйе
- •5.3. Файлдық менеджерлер
- •6. Компьютердің программалық қамтамасыз етілуі
- •7. Операциялық жүйелер
- •Лекция№5 (2 сагат)
- •8. Компьютерлік вирустар
- •9. Архиваторлар
- •10.2. Іске қосу (Пуск) мәзірі
- •10.3. Windows операциялық жүйесін пернетақта көмегімен басқару
- •10.4. Windows xp операциялық жүйесін баптау
- •10.5. Сілтеуіш программасы
- •10.6. Windows операциялық жүйесінің жұмыс істеу жылдамдығын арттыру
- •Лекция №7 (2 сагат)
- •11. Стандартты программалар
- •11.1. Paint графикалық редакторы
- •11.2. WordPad мәтіндік редакторы және блокнот
- •11.3. Калькулятор
- •12. Microsoft Word мәтіндік процессоры
- •12.1. Құжаттарды дайындау, сақтау және баспаға шығару
- •12.2. Мәтінді пішімдеу
- •12.3. Кестелерді даярлау және түзету
- •12.4. Формуламен жұмыс
- •12.5. Word программасында сурет салу
- •13.2. Электрондық кестенің негізгі ұғымдары
- •13.3. Жолдармен, бағаналармен және блоктармен орындалатын операциялар
- •13.4. Excel функциялары
- •13.5. Диаграмма құру
- •Лекуия № 9 (2сагат)
- •14.1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •14.2. Өріс типтері және қасиеттері
- •14.3. Ms Access программасының негізгі объектілері
- •Лекция №10 (2 сагат)
- •15. Компьютерлік желі
- •15.1. Компьютерлік желілердің түрлері
- •15.2. Желілік топологиялар
- •15.3. Желілік техникалық құралдар
- •15.4. Желілік программалық кұралдар
- •15.5. Клиент-сервер технологиясы
- •15.6. Тсp/ip жүйелік хаттамасы. Web-беттер
- •15.7. Файлды тасымалдау хаттамасы (ftp) және ftp-mail серверлері
- •16. Электрондық почта
15.4. Желілік программалық кұралдар
Жергілікті және аймақтық желілер архитектурасына байланысты программалық құралдар желілік операциялық жүйеден және желіні басқарудың программалық құралдарынан тұрады.
Желілік операциялық жүйе (NIC, Network Ореratіng System) - желіге қосылған әрбір дербес компьюгерде пайдаланылатын программалық құрал. Ол желілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағалап отырады. Желілік операциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша бағдарлауды (маршруттауды), желілік құрылғылар үшін бәсекелік қайшылықтарды шешуді және дербес компьютердің операциялық жүйесімен, мысалы Windows 95, Windows, NT, UNIX, Масіntosh немесе 0S/2 жүйелерімен жұмыс істеуді ұйымдастырады.
Желілік операциялық жүйе файлдар мен қолданбалы программалардың үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Осындай бір жұмыс бекетінде орналасқан ресурстар ортақ пайдаланыла отырып, керекті мәліметтер алушыларға жәнелтіледі және олар басқа компьютерлерде өзгертіле алады. Желілік операциялық жүйенің негізгі бөлігі серверде орналасады да, қалған бөліктері барлық жұмыс бекеттерінде қызмет етеді.
Желілік операциялық жүйе қосылған барлық құрылғыларды анықтап, ортақ пайдаланылатын шеткері құрылғыларға жұмыс бекеттерінің қатынасу ықпалын (егер бірнеше бекет қатар сұраныс берсе) айқындап отырады. Бұған қоса операциялық жүйе каталогтармен жұмыс істеуді басқарады және ақпаратты сақтау жүйесін бақылау өкілеттігін жүргізіп, желіні басқару функциясын жүзеге асырады. Кең тараған желілік операциялық жүйелерге Windows NT Server, Novell Netwаrе, Ваnуаn VINES және т.б. жатады.
Желіні басқарудың программалық құралдары желіні қадағалау, басқару және ондағы мәліметтерді сақтауда маңызды роль атқарады. Ол желіні тоқтатып қоюға мүмкіндік бергізбейтін және қысылшаң кездерді болдырмайтын, желіні жеке иеленудін (ТСО, Тоtal Сost оg Оwenrship) жалпы құнын төмендететін басқару істерін алдын-ала жүргізеді.
Желі администраторлары басқару жұмыс бекеті немесе Word Wide Web қызметі арқылы трафиктегі заңдылықтарды қадағалай алады, осы сегментті шектен тыс жұмыс атқаруға әкелетін мүмкіндіктерді анықтап береді. Бұған қоса кенеттен туындаған қиғаш мәселелерді тауып, олардың әсерлерін азайтады жөне жұмыс өнімділігін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін желі құрылымын таңдай алады. Желіні толықтыру және күрделендіру барысында RMON және RMON2 сияқты қадағалау (мониторинг) жабдықтары администраторларға желі ортасын бақылап отыруға көмектеседі.
Осындай қадағалау жабдықтары желі шекараларынан тиянақты мәліметтерді дер кезінде алып отыруды қамтамасыз етеді және сол арқылы желі администраторы туындайтын қиындықтардың алдын алып отырады.
Программалық құралдар тасымалданатын мәліметтерді кездейсоқ өзгерулерден сақтайды. Желі адмнистраторлары басқаруға арналған жұмыс бекеті арқылы пароль орната алады, тұтынушылардың қандай құрылғыларды пайдалана алатынын анықтайды және заңсыз мәлімет алмақшы болғандарды тауып, тіркеп отырады.
Тұтынушаларды желіге қосатын Сервердің ұсынатын қызметі: провайдер. Қазіргі кезде Интернетке қосылу үшін парольді (Password), желілік арнайы аты – жөніңізді (Login), телефон нөмірін және Интернетпен жұмыс істеу тәсілдерін айқындап алуыңыз керек. Провайдер дегеніміз интернетке тікелей қосуды, олардың серверлермен қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға. Интернеттің Online режимінде тікелей сұқбаттасу формасы чат деп аталады.
