- •Қазақстан республикасы білім және ғылыми министрілігі
- •Ақпараттану
- •1.2. Ақпарат қасиеттері
- •1.3. Ақпараттың өлшем бірліктері
- •1.4. Ақпараттық процесстер
- •1.5. Информатика пәні
- •Дискретті математика негіздері
- •2.1. Графтар және ағаштар
- •2.2. Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне келтіру ережелері
- •Компьютердің даму тарихы
- •Лекция №3 (2 сагат)
- •Компьютердің құрылғылары
- •4.1. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •Монитор
- •Пернетақта және тышқан
- •4.2. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
- •А) бірдеңгейлі, б) иерархиялық
- •5.2. Файлдық жүйе
- •5.3. Файлдық менеджерлер
- •6. Компьютердің программалық қамтамасыз етілуі
- •7. Операциялық жүйелер
- •Лекция№5 (2 сагат)
- •8. Компьютерлік вирустар
- •9. Архиваторлар
- •10.2. Іске қосу (Пуск) мәзірі
- •10.3. Windows операциялық жүйесін пернетақта көмегімен басқару
- •10.4. Windows xp операциялық жүйесін баптау
- •10.5. Сілтеуіш программасы
- •10.6. Windows операциялық жүйесінің жұмыс істеу жылдамдығын арттыру
- •Лекция №7 (2 сагат)
- •11. Стандартты программалар
- •11.1. Paint графикалық редакторы
- •11.2. WordPad мәтіндік редакторы және блокнот
- •11.3. Калькулятор
- •12. Microsoft Word мәтіндік процессоры
- •12.1. Құжаттарды дайындау, сақтау және баспаға шығару
- •12.2. Мәтінді пішімдеу
- •12.3. Кестелерді даярлау және түзету
- •12.4. Формуламен жұмыс
- •12.5. Word программасында сурет салу
- •13.2. Электрондық кестенің негізгі ұғымдары
- •13.3. Жолдармен, бағаналармен және блоктармен орындалатын операциялар
- •13.4. Excel функциялары
- •13.5. Диаграмма құру
- •Лекуия № 9 (2сагат)
- •14.1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •14.2. Өріс типтері және қасиеттері
- •14.3. Ms Access программасының негізгі объектілері
- •Лекция №10 (2 сагат)
- •15. Компьютерлік желі
- •15.1. Компьютерлік желілердің түрлері
- •15.2. Желілік топологиялар
- •15.3. Желілік техникалық құралдар
- •15.4. Желілік программалық кұралдар
- •15.5. Клиент-сервер технологиясы
- •15.6. Тсp/ip жүйелік хаттамасы. Web-беттер
- •15.7. Файлды тасымалдау хаттамасы (ftp) және ftp-mail серверлері
- •16. Электрондық почта
4.2. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
Дербес компьютердің қосымша құрылғыларына принтер, сканер, плоттер, модем, графикалық планшет және т.б. құрылғылар жатады.
Принтер дегеніміз мәтіндік және графикалық ақпараттарды компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған құрылғы. Принтердің түрлері: матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш, термографиктік, фотопринтер және т.б.
Матрицалық принтер дегеніміз барлық бейнелерді нүктелерден тұрғызатын шертпелі принтер.
Матрицалық (шертпелі) принтер бояғыш лента арқылы қағазды шерте отырып, символдарды немесе суреттерді басып шығарады. Инелер бір немесе екі қатарда орналасқан. Матрицалық принтерлер кез-келген символды матрица түрінде ұсынады.
Ең
алғашқы матрицалық принтерлер қағазды
біртіндеп салуды қажет етсе, кейінгі
принтерлерде қағазды автоматты түрде
алатын механизм орнатылған. Инелерінің
саны көп принтердің жұмыс жасау
жылдамдығы жоғары. Матрицалық принтерлер
шуылды, баяу жұмыс жасайды. Олардың
режимдері: NLQ(орташа сапалы), LQ(баспаханалық
сапалы), SLQ(жоғары сапалы).
Сия бүріккіш принтер мәліметтерді қағазға басып шығару үшін тар түтікше арқылы сияны бүрку тетігін пайдаланады.
Сия
бүріккіш принтерде бір немесе екі
картридж қолданылады. Екінші картридж
түрлі-түсті сияға арналған. Принтерлерде
екі түрлі сия қолданылады: суда ерігіш
және пигменттік. Сия бүріккіш принтерлер
матрицалық принтерлермен салыстырғанда
сапалы әрі шуылсыз.
Лазерлік принтер мәліметтерді қағазға басып шығаруды лазерлік сәуленің көмегімен жүзеге асырады. Лазерлік принтерлерде қолданылатын құрғақ ұнтақ тәрізді бояу тонер деп аталады.
Лазерлік принтерлер ксерография
принципін қолданатын құралдарға
жатады. Бұларда әріп бейнелері электрлік
тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ
арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа
әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру
компьютер командалары арқылы лазерлік
сәулелермен жүргізіледі.
Қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 1200 нүктеге дейін салу мүмкіндігі бар, сол себепті таңбалар сапасы жоғары болады. Лазерлік принтерлер өте сапалы және жылдамдықтары да жоғары. Жылдамдығы орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 5-15 секундта) басады.
Термографиктік принтерлер - жылу арқылы жұмыс істейтін бастиегі бар, арнайы жылу сезгіш қағазға мәліметтер шығаратын, температуралық әрекеттестік принципінде жұмыс жасайтын басу құрылғысы.
Графикалық принтер – принтер мен плоттердің біріктірілген түрі. Графикалық принтер механизмі горизонталь бағытта қозғалатын жазу элементінен және қағазды вертикаль бағытта жылжыту құрылғыларынан тұрады. Барлық жылжу амалдары компьютердің басқаруымен орындалады.
Принтерлерді Hewlett Packard, Epson, Canon, Lexmark, Citizen және т.б. фирмалар жасап шығарады.
Сканер - қағазға жазылған ақпараттың кез-келген түрін оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізетін құрылғы.
Сканер
құжаттан шыққан сәулені қабылдап,
олардан сандық сигналдар құрастырады
және қабылданған бейнелерді компьютерлік
өңдеуге жарамды графикалық пішімге
түрлендіреді. Ол қағаз түріндегі
ақпараттың оптикалық көшірмесін алады.
Сканердің түрлері: қолмен басқарылатын, парақтық, планшеттік. Қолмен басқарылатын сканерді ұстап, оны парақтың үстімен жүргізіп өтеді. Оның кемшілігі: сканерді парақтың үстімен біркелкі жүргізіп өту керек. Парақтық сканер тек бір ғана парақты сканерлеуге арналған. Кітапты парақтық сканермен сканерлеу үшін оның әрбір парағын жеке-жеке сөгіп алып, сканерлейді. Планшеттік сканердің қызметі ксерокстік аппараттардың қызметіне ұқсас. Парақты немесе кітапты шынының үстіне қойып, сканер қақпағын жауып, сканерлейді. Планшеттік сканерлер өте ыңғайлы. Сканерленген парақ мәтінін айырып тану үшін арнайы программалар Fine Reader немесе Cunei Form қолданылады.
П
Плоттердің
түрлері: планшеттік және барабанды.
Плоттерді векторлық және растрлік деп
те жіктейді. Плоттер құрылғысы жобалау
жұмыстарын автоматтандыру кезінде
әртүрлі сызба (чертеж) түріндегі
бейнелерді басып алу үшін кажет.
Плоттерлер біртүсті және түрлі-түсті
болып жіктеледі.
Модем - телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасу құрылғысы.
Модем ұғымы модулятор-демодулятор сөздерінің бастапқы буындарынын құрастырылған. Ол компьютердің цифрлық сигналдарын телефон арналарына жіберілетін байланыс сигналдарына және кері түрлендіруге арналған құрылғы.
4.6-сурет. Ішкі және сыртқы модем
Модем арқылы ақпаратты жіберу жылдамдығының өлшем бірлігі – Бод(baud). Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 28000-29000 бод аралығында. Модем мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандарттары (протоколы) бойынша жұмыс атқарады. Мәліметтерді жіберу үш түрлі жүзеге асады:
дуплексті – мәліметтерді бір уақытта қарама-қарсы бағытқа жеткізу;
жартылай дуплексті – мәліметтерді екі бағытқа да жеткізуге болады, бірақ бір уақытта тек бір бағытта ғана жүзеге асады;
симплексті – мәліметтерді тек бір бағытта ғана жеткізу.
4.7-сурет. Модем құрылғысының жұмыс жасауы
Модемнің түрлері: ішкі модем және сыртқы модем. Ішкі модем аналық тақшада орналасады. Ішкі модемнің телефон желісімен қосатын сыртқы қосқыш тарақшасы болады. Сыртқы модем - компьютер қорабынан тысқары, бөлек блок түріндегі модем. Ол компьютердің тізбекті портына, телефон желісіне, телефонның өзіне және ток көзіне жалғануы тиіс.
Бұлардан басқа факс-модемдер бар, олар модем мен факсимильдік байланыс аппаратының функцияларын бірге атқарады. Факс-модемді пайдаланып, мәтіндік мәліметті тек өз абоненттеріңіздің компьютеріне емес жәй қарапайым факс аппаратына да жіберуге және қабылдауға болады. Факс-модемдер жәй модемдерден қымбат емес, бірақ атқаратын қызметі әлдеқайда мол. Дыбыстық модемдер – дыбыстық хабарламалар алмасуға арналған автожауапберуші.
Графикалық планшет(дигитайзер) - жиектік кескіндерді нүктелік енгізу құрылғысы. Ол сызуға арналған қаламмен жасақталып, компьютерге қосылған жазық тақта болып келеді. Дигитайзер – суреттерді, дыбысты, сызбаны немесе басқа бейнелерді цифрлық түрге айналдыратын құрылғы.
Қаламмен
планшет бетіне жайылған қағазға кескін
сызылады. Графикалық планшеттің қаламды
басу арқылы іске қосылатын көптеген
өте нәзік ауыстырғыштары бар, солардың
көмегімен салынған сызықтар экранда
бейнеленеді. Арнайы программалар әр
нүктенің орнын цифрға айналдырып,
компьютердің жадында сақтайды.
Стример - қатқыл дискідегі мәліметтерді резервте сақтап қоюға арналған көлемді мәліметтер жинақтайтын магниттік таспадағы компьютерлік магнитофон. Ол көлемі үлкен мәліметтерді ұзақ уақыт сақтауға арналған. Стример ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Кемшілігі – мәліметтер жіберу жылдамдығының төмендігі. Көбінесе архивтелген файлдарды сақтау үшін қолданылады. Стримердің дискілерден айырмашылығы: оған мәліметтер тізбектей жазылады.
ТВ-тюнер (TV tuner) – әртүрлі форматта таратылатын телевизиялық сигналдарды қабылдап, оларды компьютерде немесе бөлек орналасқан мониторда көру үшін қолданылатын құрылғы.
ТВ-тюнерлердің
аналық тақшаға орнатылып компьютермен
бірге сатылатын түрлері және радиобайланыс
пен аудиовидеобайланысты қамтамасыз
ететін тетіктері бар бөлек құрылғы
ретінде сатылатын түрлері де бар.
Қазіргі ТВ-тюнерлердің барлығы дерлік
радиостанцияларды қабылдай алады және
видеоны қабылдау үшін де қолданылады.
Конструкторлық құрылымы бойынша ТВ-тюнерлердің сыртқы (компьютерге USB арқылы қосылады немесе компьютер мен дисплейді жалғайтын видеокабель арқылы қосылады) және ішкі (PCI немесе PCI-Express-ке орнатылады) түрлері болады.
Саундбластер – дыбыстық сигналды файлға жазуға, кейін оны қайта ойнатуға мүмкіндік беретін электрондық құрылғы. Компьютерлерді локальды желіге біріктіру үшін желілік карта қажет. Экранда берілгендерді бейне, дыбыс, мәтін, музыка, анимация түрінде кескіндеу құрылғысы: мультимедиа.
Флэш-жады - BIOS-ты сақтауға арналған, тұрақты сақтауыш құрылғыны алмастыратын энергия көзінен тәуелсіз жады. Мәліметтерді жазу USB-кабельдердің көмегімен жүзеге асады.
4.8-сурет. Флэш-жады түрлері
Флэш-жады арнайы драйверді қажет етпейтін кішкентай, жылдам, сенімді және әмбебап құрылғы. Ең алғашқы флэш-жадылардың көлемі 128, 256, 512 Мбайт болатын, қазір 1, 2, 4, 8, 16 Гбайт флэш-жадылар кеңінен қолданылуда.
ЛЕКЦИЯ №4
(2 сагат)
5. Файлдар, файлдық жүйелер мен менеджерлер
5.1. Файл ұғымы және файл түрлері
Компьютердегі мәліметтерді сақтау және жеткізу үшін өңдеу кезінде бөлінбейтін, біртұтас қарастырылатын жазбалар тізбегі қолданылады. Оны файл деп атайды.
Файл дегеніміз белгілі бір атаумен аталған дискідегі біртектес мәліметтер жиыны. Файл негізгі үш параметрі бойынша сипатталады: файл атауы, кеңейтпесі және көлемі. Файл атауы операциялық жүйенің талаптарына сәйкес жазылады. Файл көлемі әртүрлі болады. Файлдың ең аз көлемі: 0 байт. Оны нөлдік файл деп атайды.
MS DOS операциялық жүйесінде файл атауы латын әріптерімен жазылған 8 символдан аспайды, файл кеңейтпесі 3 символдан тұрады. Файл атауы мен кеңейтпесі нүкте арқылы ажыратылады. Мысалы: sport.exe.
Файл атауындағы * таңбасы кез-келген символдар санын білдіреді. Мысалы: *.com жазылуы барлық командалық файлдар тізімін көрсетеді.
Файл кеңейтпесі файл мәліметтерінің типін сипаттайды. Жиі қолданылатын файл кеңейтпелері:
.arj, .rar, .zip – архивтік файл
.bat – командалық файл
.bak – резервтік файл
.bas – Basic тіліндегі файл
.com – командалық файл
.doc – Word программасында құрылған файл
.exe – орындалатын файл
.lib – кітапханалық файл
.pas – Pascal тіліндегі файл
.sys – жүйелік файл
.txt – мәтіндік файл
.mdb – мәліметтер қорының файлы
.xls – электрондық кесте файлы
Windows XP операциялық жүйесінде файлдың атауында 255-ке дейін кез-келген символдарды қолдануға болады. Файлдың сипаттамалары: жасырын, тек қана оқуға арналған, жүйелік, архивтік және т.б. Жасырын файл каталогтағы файлдардың жалпы тізімінде көрсетілмейді. Ашуға және қарап шығуға болатын, бірақ өзгертуге болмайтын файлдарды тек қана оқылатын файл деп атайды. Жүйелік файлдар операциялық жүйенің жұмыс істеуіне қажетті ақпаратты сақтайды. Алғашқы файлдарды архиваторлардың көмегімен тығыздап қысу нәтижесінде архивтік файл алынады.
Файлдың атауы, типі, көлемі, орналасуы мен даярланған немесе соңғы өзгертілген уақыты туралы ақпарат арнайы файлдар каталогында сақталады. Файлдар жиыны орналасқан сыртқы жадының бір немесе бірнеше томын файлдар қоймасы деп атайды. Кез-келген файл бүтін сандардан тұратын кластер құрайды. Операциялық жүйе әрбір кластерге ерекше нөмір береді.
Файлдармен орындалатын операциялар: жүктеу, көру, редактрлеу, атын өзгерту, жылжыту немесе орын алмастыру, көшірмесін алу, жою.
Файлдардың орналасу кестесі (FAT) дегеніміз файлдардың сақталған орны жөніндегі ақпараттарды сақтайтын дискінің арнайы аумағы. Файлдардың орналасу кестесі иілгіш немесе қатқыл дискідегі әрбір кластер жайындағы мәліметті сақтайды, әрбір файлға қандай кластерлер жататынын көрсетеді. Ол дискіні пішімдеу кезінде құрастырылып, мәліметтер жазу кезінде толықтырылып отырады.
Файлдарды үш топқа бөлуге болады:
программа
берілгендер файлы
құжат
Компьютерде өте көп файлдар қолданылады. Бірнеше файлды топтастырып, бумаға сақтайды. Дискінің белгілі бір атаумен аталған мәліметтерді сақтау аумағы бума (каталог) деп аталады. Кез-келген буманың ішкі бумасы (ішкі каталог) болуы мүмкін. Файлдар мен бумалардың орналасу құрылымы иерархиялық (бұтақ тәріздес) құрылым деп аталады. Ол арқылы қажетті файлды жылдам табуға болады. Файлды адресі арқылы іздейді. Файл адресіндегі алғашқы элемент – диск атауы. Диск атауы бір әріпт ьен тұрады және мына түрде жазылады: C:\ немесе D:\
Диск атауынан кейін файл орналасқан бума атауы жазылады. Файл адресінің үшінші элементі - қажетті файлдың атауы. Мысалы: C:\Windows\regedit.exe
5.1-сурет. Файлдардың орналасу құрылымы:
