- •Қазақстан республикасы білім және ғылыми министрілігі
- •Ақпараттану
- •1.2. Ақпарат қасиеттері
- •1.3. Ақпараттың өлшем бірліктері
- •1.4. Ақпараттық процесстер
- •1.5. Информатика пәні
- •Дискретті математика негіздері
- •2.1. Графтар және ағаштар
- •2.2. Бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне келтіру ережелері
- •Компьютердің даму тарихы
- •Лекция №3 (2 сагат)
- •Компьютердің құрылғылары
- •4.1. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •Монитор
- •Пернетақта және тышқан
- •4.2. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
- •А) бірдеңгейлі, б) иерархиялық
- •5.2. Файлдық жүйе
- •5.3. Файлдық менеджерлер
- •6. Компьютердің программалық қамтамасыз етілуі
- •7. Операциялық жүйелер
- •Лекция№5 (2 сагат)
- •8. Компьютерлік вирустар
- •9. Архиваторлар
- •10.2. Іске қосу (Пуск) мәзірі
- •10.3. Windows операциялық жүйесін пернетақта көмегімен басқару
- •10.4. Windows xp операциялық жүйесін баптау
- •10.5. Сілтеуіш программасы
- •10.6. Windows операциялық жүйесінің жұмыс істеу жылдамдығын арттыру
- •Лекция №7 (2 сагат)
- •11. Стандартты программалар
- •11.1. Paint графикалық редакторы
- •11.2. WordPad мәтіндік редакторы және блокнот
- •11.3. Калькулятор
- •12. Microsoft Word мәтіндік процессоры
- •12.1. Құжаттарды дайындау, сақтау және баспаға шығару
- •12.2. Мәтінді пішімдеу
- •12.3. Кестелерді даярлау және түзету
- •12.4. Формуламен жұмыс
- •12.5. Word программасында сурет салу
- •13.2. Электрондық кестенің негізгі ұғымдары
- •13.3. Жолдармен, бағаналармен және блоктармен орындалатын операциялар
- •13.4. Excel функциялары
- •13.5. Диаграмма құру
- •Лекуия № 9 (2сагат)
- •14.1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •14.2. Өріс типтері және қасиеттері
- •14.3. Ms Access программасының негізгі объектілері
- •Лекция №10 (2 сагат)
- •15. Компьютерлік желі
- •15.1. Компьютерлік желілердің түрлері
- •15.2. Желілік топологиялар
- •15.3. Желілік техникалық құралдар
- •15.4. Желілік программалық кұралдар
- •15.5. Клиент-сервер технологиясы
- •15.6. Тсp/ip жүйелік хаттамасы. Web-беттер
- •15.7. Файлды тасымалдау хаттамасы (ftp) және ftp-mail серверлері
- •16. Электрондық почта
12.3. Кестелерді даярлау және түзету
Microsoft Word программасында кестелермен жұмыс жасауға болады. Кесте дегеніміз мәліметтерді жолдар мен бағаналар қиылысында орналастыру арқылы ұсыну тәсілі. Әдетте кестенің бірінші жолы бағаналардың тақырыбымен толықтырылады. Кесте құжаттың кез-келген жеріне қойылады. Кесте мөлшері парақ өлшемінен үлкен болуы мүмкін, осы жағдайда ол бір немесе бірнеше беттерде орналаса алады және кесте тақырыбын әрбір беттің жоғарғы жағына автоматты түрде орналастыруға болады.
Кесте
құру үшін Кесте(Таблица)
мәзірінің Кестені
кірістіру (Вставить таблицу)
командасы немесе
батырмасы пайдаланылады. Кестенің
бағаналары мен жолдар саны көрсетілген
соң, меңзер тұрған жерде кесте пайда
болады. Кесте даярланған соң, Кесте
– Кестені автопішімдеу
командасы арқылы стандартты форматтардың
ішінен қажетті форматты таңдап алуға
болады.
12.9-сурет. «Кестені кірістіру» терезесі
Кестені мәліметтермен толықтыру үшін меңзерді қажетті ұяшыққа қойып, мәліметті енгіземіз. Келесі ұяшыққа Tab пернесі немесе ↑, ↓, ←, → пернелері арқылы көшуге болады. Түзету командаларын орындау үшін ұяшықтарды, жолдарды немесе бағаналарды таңдап алу керек. Microsoft Word кестені, жолдар мен бағаналарды толығымен таңдап алуға мүмкіндік береді. Ол үшін Кесте мәзіріндегі Кестені ерекшелеу, Жолды ерекшелеу, Бағананы ерекшелеу командалары пайдаланылады.
Кестені даярлап, оны мәліметтермен толықтырған соң, кестедегі мәліметтердің орнын ауыстыру қажет болып жатады. Word редакторы кесте ұяшығындағы мәліметтерді басқа ұяшыққа ауыстыруға көптеген мүмкіндіктер береді. Ол үшін орнын ауыстыратын ұяшықтарды белгілеп алып, меңзерді қажетті ұяшықтарға апарамыз, сонда ұяшықтардың мәліметтері алмасады.
Жаңадан даярланған кестеде барлық ұяшықтардың биіктігі бірдей болады. Мәтінді енгізу барысында ұяшық биіктігі енгізілген жолдар санына сәйкес өзгеріп отырады.
Кестеге жолдар немесе бағаналар кірістіру үшін Кесте(Таблица) мәзірінің Жолдарды кірістіру немесе Бағаналарды кірістіру командасы қолданылады. Бірнеше қатар орналасқан ұяшықтарды біріктіру үшін біріктірілетін ұяшықтарды белгілеп, Кесте – Ұяшықтарды біріктіру командасын орындаймыз. Ұяшықтарды бөлу үшін бөлінетін ұяшықты белгілеп алып, Кесте – Ұяшықтарды бөлу командасын орындаймыз. Экранда пайда болған «Ұяшықтарды бөлу» сұқбаттасу терезесінде бағаналар мен жолдар санын көрсетеміз.
Кестеде
математикалық есептеулер жүргізуге
болады. Ол үшін Кесте мәзірінің Формула
командасы қолданылады. Ең жиі қолданылатын
автоқосынды
командасы терезенің жоғары жағында
орналасқан. Кестедегі мәліметтерді
өсуі немесе
кемуі бойынша сұрыптауға болады.
Кестелермен жұмыс істеу барысында мәтін немесе сурет қосу үшін кестені екі бөлікке бөлу қажет болуы мүмкін. Ол үшін меңзерді бөліну сызығынан кейінгі жолға орналастырып, Кесте - Кестені бөлу (Таблица-Разбить таблицу) командасын орындаймыз немесе Ctrl+Shift+Епter пернелер комбинациясын басамыз. Нәтижесінде кесте екі бөлікке бөлінеді, ал екі бөліктің арасына калыпты форматталған абзац маркері қойылады. Егeр бөлуді тоқтатқымыз келсе, яғни бұл әрекетті болдырмау үшін абзац маркерін алып тастау жеткілікті.
