Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ahmedjanov-Munai-jane-gaz-kenoryn.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

11 Газ және газконденсатты кен орындарын игеру және пайдалану

Газ кен орындарын игеру деп газ және газконденсатының қабатта өндіруші ұңғымаларға жылжу процесін белгілі игеру жүйесінің көмегімен басқару болып табылады.

Газды сілемді игеру жүйесі деп газ, конденсат және судың жылжу процесін басқаруына арналған кешенді шараларды атайды. Игеру жүйесіне қойылатын негізгі талаптың бірі ол тапсырылған қаупсіздік дәріжесімен және табиғат сақтандыру шараларын орындаумен минимальді шығындармен максимальді газ және конденсат көлемін өндіруді қамтамасыз ету.

Рационалды игеру жүйесі ол тапсырылған деңгейде ең үлкен шамадағы тиімділікпен жер қойнауын және қоршаған ортаны сақтандырумен газ және конденсатты өндірудің кешенді жүйесі.

Газ кен орындарын игерудің ерекшеліктері газды фонтанды әдіспен өндіруден тұрады. Сілемнен тұтынушыға дейін газбен жабдықтаушы жүйе қүрделі және ұзақ созылымды бітеу және біртұтас болып келеді. Бастапқы мерзімде ұңғыманың сағасында қысым жетерліктей жоғары болады, сондықтан газ өзіндік қысыммен магистральді құбырға түседі.

Газ кен орындарын игерудің кезеңдері төменде келтірілген (11.1-суреті).

11.1-сурет. Кен орнынан жылдық газды алудың өзгерістер тәуелділігінің мысалдары

Теорияда және тәжірибеде табиғи газ кен орындарды игеру келесі кезеңдерге бөлінеді:

1- өнім ұлғаятын мерзім; 2 - тұрақты өнім аланатын мерзім;

3 - өнімді алу төмендейтін мерзім.

Бұл кезеңдер негізінде орташа, ірі және сирек кездесетін ұзақ газбен жабдықтайтын қорлары бойынша кен орындарды сипаттайды. Жиі қорлары шамалы кен орындар бірден газды тұрақты өндіру мерзімінен басталады, әдетте сол уақыт ұзақ болмайды. Бұндай кен орындарды игеруде негізгі болып газ өндірудің төмендетін мерзімінде болып қалуы мүмкін (11.1- суретте 1 сызық).

Кейде кен орнында өнім алудың тек төмендейтін мерзімі орын алады (3-ші сызық) немесе өнімді алу ұлғаятын және төмендейтін кезеңдер болады (2-ші сызық). Өнімді тұрақты алу кезеңі кен орнынан 60-70% және одан артық газдың қорларын алуға дейін созылады. Газды кен орнынан алу кезінде қысым тұрақты азаяды. Уақыт өткен сайын меншікті қысым газ тұтынушыға белгіленген шығысымен жеткізу үшін жеткіліксіз болады. Газ сілемін компрессорлы қосымша қысымдайтын компрессорлы стансалардың көмегімен игеру кезеңі басталады. Қабат қысымын есене, компрессорларды пайдаланбай газды магистральді құбырға беру кезеңі компрессорсыз игеру кезеңі деп аталады.

11.1 Ұңғымаларды орналастыру

Газды ауданда ұңғымаларды орналастыру

Ұңғымаларды біркелі орналастыру кезіңде геологиялық жағдайларды жақсы тануға, ұңғымалардың өз ара аз әсері, газды және конденсатты толық алуға мүмкін болады. Біркелкі орналастыру мұнай кен орындарындағыдай квадратты немесе ұш бұрышты торлар бойышна іске асырылады, бірақ ұңғымалар арақашықтығы алшақ болып қабылданады (11.2-сурет).

Ұңғымаларды топтастырып орналастыру оларды бір негізден бұрғылауда теңіздегі кен орындарында қолданады. Ұңғымаларды осьті орналастыру созылымды құрылымдарда пайдаланады. Қүмбездерде ұңғымаларды орналастыру суландырудың алдын алу үшін қолданады. Ұңғымаларды бытыраңқы орналастыруда қабаттағы орташа салмақты қысымының өзгеру темпі әртүрлі болады және қысымның депрессиялық шұңғымалары қабаттың әр тұстарында пайда болуы мүмкін. Ұңғымаларды бытыраңқы орналастырудың артықшылықтары келесі болып табылады:

- ұңғымаларды құруға жұмсалатын қүрделі шығындардың азайуы;

-жолдарды, газжинақтаушы коллекторларды, электр желілерін салу мерзімін қысқаруы.

11.2-сурет. Ұңғымаларды орналастыру схемалары: а - топтасқан түрде; б - тізбекті түрде; в – қабаттың қүмбезінде.

Ұңғымалар батареяларын орналастыру: а – сызықты; б – сақиналы; мұнда 1 - айдаушы ұңғымалар; 2 - өндіруші ұңғымалар; 3 - бақылаушы ұңғымалар.

Айдаушы ұңғымаларды қабаттың жоғарғы бөлігінде, өндіруші ұңғымаларды қатпардың қанаттарында орналастырған дұрыс болады, өйткені кебу газдың тығыздығы және тұтқырлығы шікі газдың тығыздығымен тұтқырлығынан төмендігімен негізделеді (11. 3-сурет).

Әдетте айдаушы ұңғымалардың арақашықтығы 800-1200м, ал өндіруші ұңғымалардың арақашықтығы 400-800м тең мөлшерде қабылданады. Газконденсатты кен орындарды тұрақты айдаушы және өндіруші ұңғымалардың санымен игеру қажет, ал ұңғымалардың саны өз кезегінде әртүрлі геологиялық, техникалық технологиялық және т.б. көптеген факторларға тәуелді белгіленеді.

11.3-сурет. Айдаушы және өндіруші ұңғымаларды құрылымда және газдану ауданында орналастыру схемалары