- •1 Мұнай-газ кәсіпшілік геологиясының негіздері
- •1.1 Жер қабатының геологиясы
- •Шөгінді тау жыныстарының жатыс пішіндері
- •1.7 Сурет. Ажыратушы бұзылымдар (м.М. Судо бойынша):
- •1.2 Мұнай және газдың табиғи резервуарлары, тұтқыштары, кеніштері және кен орындары
- •2 Мұнай және газ кен орындарын құрайтын тау жыныстарының физикалық сипатамасы
- •2.1 Мұнай және газдың табиғи коллекторлары
- •2.2 Тау жыныстарының кеуектілігі
- •2.4 Тау жыныстарының өткізгіштігі
- •2.3 Жыныстың гранулометриялық (механикалық) құрамы
- •2.5 Жыныстың меншікті бет ауданы
- •2.6 Тау жынысының механикалық сипаттамалары
- •3 Мұнай және газдың құрамы және мұнайдың физикалық қасиеттері
- •3.1 Мұнай және газдың құрамы және физикалық қасиеттері
- •3.2 Мұнай газы
- •4 Қабаттағы сұйықтық пен газдардың жағдайлары
- •4.1 Мұнай және газ кен орындары
- •4.2 Қабат сулары
- •4.3 Қабат қысымы және температурасы
- •4.4 Қабат жағдайындағы сұйықтыктың физикалық қасиетітері
- •5 Ұңғыма жабдықтары және оларды пайдалануға дайындау
- •5.1 Ұңғымалардың арналуы және олардың конструкциясы
- •5.2 Ұңғыма түбі жабдықтары
- •5.3 Ұңғыма сағасын жабдықтау
- •5.4 Сорапты - компрессорлы құбырлар
- •5.5 Ұңғымаға қабаттан сұйықтықтың (газдың) ағысын шақыру
- •6 Мұнай, су мен газды кеуекті орталардан шығару
- •6.1 Қабат энергиясы және кеніштерде әрекет ететін күштер
- •6.2 Мұнай және газ кеніштерінің жұмыс істеу режимдері
- •6.3 Кен орнын игерудың әр түрлі режимдеріндегі мұнайбергіштігі
- •7 Мұнай кен орындарын игеру
- •7.1 Игеру технологиясы, жүйесі мен объектісі
- •7.2 Игеру жүйелерінің сыныптамасы мен сипаттамалары
- •7. 3 Игерудің көрсеткіштері
- •7.4 Қабатқа әсер етпей мұнай кен орындарын өндіру
- •7.5 Еріген газ режимінде игеру
- •7.6 Қабатқа әсер ету арқылы мұнай кен орындарын игеру. Су айдау жүйелері
- •Мұнай кен орындарын игеруді жобалаудың негіздері
- •Ұңғымалар мен қабаттарды зерттеудің гидродинамикалық әдістері
- •Бақылау сұрақтары:
- •9 Терең сорапты құрылғылары арқылы ұңғымаларды пайдалану
- •9.1 Штангалы терең сорапты қондырғының құрылғысы
- •9.2 Штангалар мен құбырларға әсер ететін жүктемелер
- •9.3 Штангалы сорапты құрылғыларының жабдықтары
- •9. 4 Ұңғымаларды зерттеу құралдары
- •9.5 Күрделі жағдайларда штангілі сорапты қондырғыларды пайдалану
- •9.6 Қондырғыны жобалау
- •9.7 Ұңғымаларда батырылмалы ортадан тепкіш электр сораптарын пайдалану
- •9.8 Ұңғыманы пайдалануда жабдықты таңдау
- •9.9 Ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеулері
- •9.10 Мүнай ұңғымаларын пайдалану кезіндегі штангасыз сораптардың басқа түрлері
- •9.11 Әр түрлі қабаттарды ұңғымалардың бір торымен жекелеп игеру
- •9.12 Ұңғыманы пайдаланудың рационалды әдісін таңдау
- •10 Қабаттың түп аймағына әсер ету әдістері. Ұңғымаларды жөндеу
- •10.1 Қабаттың түп аймағына әсер ету әдістерің ерекшеліктері
- •Қабатты гидравликалық жару
- •Гидроқұмдыағысты перфорациялау
- •Жылуфизикалық әсердің әдістері
- •10. 5 Импульсты соққылы және дірілдеткіш тербеліс әсерлері
- •Ұңғымаларды жөндеу
- •11 Газ және газконденсатты кен орындарын игеру және пайдалану
- •11.1 Ұңғымаларды орналастыру
- •11.2 Газ кен орындарының режимдері
- •11.3 Газоконденсатты кен орындарын игеру. Фазалық өзгерістердің диаграммасы
- •11.4 Газ конденсаты сілемдердің сыныптамасы, қабаттардың типтері
- •11.5 Қабат қысымын ұстау су және газды айдау
- •11.6 Газконденсатты ұңғымаларды зерттеу
- •11.7 Газ ұңғымаларын пайдалану. Газ ұңғымаларының түрлері, жабдықтары
- •11.8 Газ ұңғымаларының жабдықтары
- •11.9 Газ ұңғымаларының технологиялық режимдерi
- •12 Мұнай, газ және суларды дайындау мен жинау
- •12.1 Өнімді дайындау және шығарып алудың маңызды технологиялық схемасы
- •12.2 Мұнай кен орнын орналастыру жобасы
- •12.3 Өндіруші ұңғымаларының өнімін дайындау және жинау жүйесіне қойылатын талаптар
- •Өнімді жинау жүйелері
- •12. 5 Кәсіпшілікте ұңғымалардың шығымын өлшеу (есептеу)
- •Кәсіпшіліктік құбырлары
- •Мұнайгаздысулы қоспалардың құбырлардың бойымен жылжуы
- •Мұнайды кәсіпшілікте дайындаудың негізгі үрдістері
- •Газсыздандыру және өнімнің газды сепарациялау
- •Өнімді сусыздандыру
- •Мұнайды тұзсыздандыру
- •Мұнайды тұрақтандыру және мұнай газын дайындау
- •Мұнай кен орынның мұнай кәсіпшілікті ағынды сулардың дайындау
- •Тестілік сұрақтардың дұрыс жауаптары:
- •Глоссарий
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
3 Мұнай және газдың құрамы және мұнайдың физикалық қасиеттері
3.1 Мұнай және газдың құрамы және физикалық қасиеттері
Мұнай көбіне қара түсті, арнайы иісі бар, жанғыш, жағармайлы сұйықтық болады. Химиялық құрамы жағынан мұнай негізінен химиялық құрамын анықтайтын көмірсутектердің жиынтығы болып келеді
Мұнайда көмірсутектердің келесі топтары кездеседі: 1) метандық (парафинді) жалпы формуласы СnН2n+2; 2) нафтендік жалпы формуласы СnН2n; 3) хош иісті немесе ароматтық жалпы формуласы CnH2n-6.
Табиғатта көмірсутектердің метандық тобы кең таралған. Бұл қатардағы көмірсутектер – метан CH4, этан C2H6, пропан C3H8 және бутан C4H10 – қалыпты атмосфералық қысым және температура кезінде газ күйлі жағдайда кездеседі. Олар мұнайлы газдар құрамына кіреді. Қысым және температура артқанда бұл жеңіл көмірсутектер жартылай немесе толық сұйық күйіне өте алады.
Пентан C6H12, гексан C6H14 және гептан C7H18 осындай жағдайда бірқалыпты жағдайда болады: газ күйден сұйық күйіне және керісінше оңай ауысады. C8H18-C17H36 аралығындағы көмірсутектер – сұйық заттар, молекулаларында көмірсутектің 17 атомынан жоғары болатын көмірсутектер қатты заттарға жатады. Бұлар барлық мұнайдың құрамында болатын парафиндер мен церезиндер.
Көмірсутектің мұнай салмағындағы жиналымы 82-87% және сутек 11-14% құрайды. Көміртек пен сутектен басқа мұнай және газда оттек, азот, күкірт және аз көлемде, із күйінде басқа химиялық элементтер кездеседі. Газда азот құрамы кейде жалпы газ салмағының 40% және одан көп бөлігін құрайды.
Мұнайдың және мұнайлы газдардың физикалық қасиеттері, сонымен қатар олардың сапалық сипаттамасы онда жеке көмірсутектер мен олардың әр түрлі тобының болуына бағынады. Күрделі көмірсутектер артқан мұнайлардың (ауыр мұнайлар) құрамында бензин мен майлы фракциялардың аз құрамы кездеседі. Мұнайда шайырлы және асфальтенді қосылыстардың көп болуы оларды тұтқыр және аз қозғалысты етеді, оларды сыртқа шығару мен тасымалдау жұмыстарын күрделі етеді.
Мұнайларда күкіртті қосылыстардың болуы олардың сапасын төмендетеді және оны шығару, айдау және қайта өндіру кезінде металл жабдықтарының коррозиясы әсерінен қиындықтар туғызады.
Мұнайдан 300°C дейінгі температурада ашық фракцияларды жинаған кейін алынған мазуттағы, шайырлы зат құрамына байланысты мұнайлар төмендегідей жіктеледі: аз шайырлы – шайыр құрамы 8% аспайтын болса, шайырлы – шайыр құрамы 8%-тен 25%-ға дейін болғанда, жоғары шайырлы – шайыр құрамы 25%-тен көп болғанда.
Мұнай парафинінің құрамына байланысты үш топқа бөлінеді: парафинсіз – парафин құрамы 1% дейін болғанда, аз парафинді – парафин құрамы 1%-тен 2%-ке дейін болғанда, парафинді – парафин құрамы 2%-дан көп болғанда.
Күкірттің құрамына байланысты мұнайлар мынаған бөлінеді: аз күкіртті – күкірт құрамы 0,5%-ке дейін болғанда, күкіртті – күкірт құрамы 0,5%-тен дейін болғанда, жоғары күкіртті – күкірт құрамы 1,9%-дан жоғары болғанда.
Сонымен қатар мұнайларды негізгі көрсеткіштері – ашық бензин, керосин және жанармайлы фракциялар бойынша бөледі.
Мұнайдың фракциялық құрамын оларды оның құрамына кіретін көміртектің өзінің жану нүктесіне ие болатынына байланысты негізделген тәжірибелік қайта айдау жолымен анықталады.
Жеңіл көміртектердің жану нүктелері төмен болады. Мысалы, пентанның (C5H12) жану нүктесі 36°С, ал гександікі (C6H14) - 69°С. Ауыр көміртектердің жану нүктесі анағұрлым жоғары және 300°C-қа дейін және одан да жоғары мәнге жетеді. Сондықтан мұнайды қыздырған кезде алдымен оның жеңіл фракциялары жанып, буланады, ал температураның артқан кезінде анағұрлым ауыр көміртектер жанып, буланады.
Егер мұнайдың жеткілікті температураға дейін қыздырылған буын жинап, суытса, онда бұл булар осы температурада мұнайдан жанатын көміртектер тобын құрайтын сұйықтыққа қайта айналды. Осылай қыздыру температураға байланысты мұнайдан алдымен ең жеңіл – бензинді фракциялар, сосын ең ауыр – керосиндер, одан кейін солярлы және т.б. буланады.
Мұнайдан белгілі температура арасында буланатын жеке фракциялардың пайыздық қатынасы мұнайдың фракциондық құрамын сипаттайды.
Әдетте мұнайды айдау тәжірибелік жағдайда 100, 150, 200, 250, 300 және 350°С дейінгі температура арасында жүргізіледі.
Мұнайды қайта өндіру тәжірибесі айдаудың жұмыс принципіне негізделген. Бұл мұнайдан ондағы атмосферлі қысым жағдайында және қыздыру 300 - 350°С дейін болғандағы керосинді және солярлы фракцияларды қарапайым айыруы. Мұнайдың 40 - 200°С температура аралығындағы қыздырылатын фракциясы – бензин, ал 150 - 300°С – керосинді, 300 - 400°С – солярлы, 400°С-тан жоғары – жағармайлы деп есептеледі. Мұнайдың әр түрлі химиялық құрамды және қасиеті кездеседі. Бір кен орындардың мұнайлары бір-бірінен айырмашылық жасауы мүмкін. Алайда КСРО-ң әр ауданының мұнайының өз ерекше айырмашылықтары болады. Мысалы, Орал-Волга ауданының мұнайларының құрамында шайырдың, парафиннің және күкіртті қосылыстардың саны көп болады. Эмба ауданының мұнайлары күкірттің аз болуымен ерекшелінеді.
Құрамы және физикалық қасиетінің әр түрлілігімен Баку ауданының мұнайлары ерекшеленеді. Мұнда тек бір бензин және керосин фракцияларынан тұратын мұнайымен қатар бензинді фракциясы кездеспейтін мұнайлар кездеседі. Бұл ауданда құрамында шайыр заты кездеспейтін мұнайлар кездеседі. Азербайжанның көптеген мұнайларында нафтенді қышқылдар кездеседі. Мұнайлардың көбінде парафин болмайды. Күкірт құрамына байланысты барлық Бакулік мұнайлар аз күкірттіге жатады.
Мұнайдың тығыздығы оның негізгі тауарлық сапасының көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Стандартты температура 20°С және атмосферлі қысым кезінде мұнай тығыздығы 700-ден (газды конденсат) 980-ге дейін және 1000 кг/м3 болуы да мүмкін. Кәсіптік зертханада шикі мұнайдың сапасы оның тығыздығы бойынша бағаланады. Тығыздықтары 880 кг/м3-ке дейін болатын жеңіл мұнайлар едәуір құнды болып есептеледі; олардың құрамында бензинді және жағармайлы фракция көп болады. Мұнай тығыздығын әдетте арнайы ареометрлермен өлшейді.
Тәжірибелерде мұнайдың тығыздығын нақты өлшеу үшін Вестфаль таразысын және пикнометрді қолданады.
Кез келген сұйықтықтың, соның ішінде мұнайдың да тұтқырлығы оның басты физикалық қасиеті болып оның табылады, яғни ол сұйықтықтың қозғалыс кезінде бөлшектерінің бірге қозғалысына кедергі жасау қабілеті.
Тұтқырлық коэффициенті тең
(3.1)
Келтірілген формулада өлшемдер орнына оның өлшем бірліктерін – күш бірлігін 1 H, аудан бірлігін 1 м2, ара-қашықтық бірлігін 1 м және жылдамдық бірлігін 1 м/с деп қойсақ, онда тұтқырлықтың (динамикалық тұтқырлық) өлшем бірлігін аламыз:
[(1H):(1м2)][(1м):(1м/с)] (3.2)
ал бірлік 1 H·с/м2 немесе (паскаль • секунд)-қа тең болады.
Сұйықтардың, соның ішінде мұнайдың тұтқырлығы әдетте 1 Па•с аз, сондықтан кәсіптік тәжірибелерде тұтқырлықтың жүйеден тыс аз бірліктерін – пуаз, сантипуазды қолданады:
(3.3),
(3.4)
Судың +20° С кезіндегі динамикалық тұтқырлығы 0,01 пз немесе 1 спз.
Мұнайдың сипаттамасы мен температурасына байланысты тұтқырлығы 1 спз-дан бірнеше ондаған сантипуаздар арасында өзгереді. Жеке мұнайлардың 100 және тіпті 200 спз-ға жетуі мүмкін (0,1-0,2 Па-с).
Техникалық мақсатта динамикалық тұтқырлықтың тығыздыққа қатынасы ретінде кинематикалық тұтқырлығы деген ұғымды да қолданады [6], яғни
(3.5)
Халықаралық өлшемдер жүйеде (СИ) кинематикалық тұтқырлықтың өлшем бірлігі ретінде 1 м2/с қолданады. Тәжірибеде стокс деп аталатын кинематикалық тұтқырлықтың жүйеден тыс бірлігін қолданады.
Динамикалық және кинематикалық тұтқырлықтарды есептеу үшін стандартты капиллярлы визкозиметрлер қолданады. Кейде мұнайды және мұнай өнімдерін сапасын бағалау үшін салыстырмалы (шартты) тұтқырлықты қолданады, ол берілген сұйықтықтың тұтқырлығы анықталған температурада судың тұтқырлығынан неше есе үлкен немесе кіші екенін көрсетеді. Өлшеуді зерттелетін сұйықтықтың және 20°С судың бірдей көлемді саңылаудағы ағу уақытын салыстыра отырып, жүргізеді. Осы мақсатта Энглер вискозиметрін қолданады. Анықтау уақыты 0BУt шартты тұтқырлықтың градусында көрсетіледі, мұнда t индексі тәжірибелік температурасын көрсетеді.
Берілген t температурасы кезіндегі тұтқырлықтың шартты градус саны ретінде Энлгер 200 см3 вискозиметріндегі зерттелетін сұйықтықтың уақыттың сол аспаптағы 20°С кезіндегі 200 см3 судың ағу уақытына қатынасын алады.
Кинематикалық және шартты тұтқырлықтың арасындағы байланыс келесі жуық формуламен анықталады:
(3.6)
мұнда: v – кинематикалық тұтқырлық, м2/с.
Сұйықтықтың тығыздығын біле отырып, шартты тұтқырлықтан динамикалық тұтқырлыққа көшуге болады.
Температура артқан кезде кез келген сұйықтықтың тұтқырлығы күрт төмендейді. Сондықтан мұнайды және мазутты қотару кезінде тұтқырлығын төмендету үшін оларды қыздырады.
Мұнай кен орындарында, әдетте, температураның артуы тереңнен байқалады. Соның әсерінен мұнайлы қабаттағы мұнайдың тұтқырлығы, беткі ауданындағы тұтқырлықтан әрдайым аз болады. Мұнайды шығару жағынан бұл өте ұтымды фактор, өйткені оның тұтқырлығы неғұрлым аз болған сайын, мұнайдың әр тоннасын шығару энергиясы аз болады.
Мұнайдың булануы оның шығару, тасымалдау және сақтау ісінде ерекше мәнге ие. Булану деп сұйықтықтың ашық ауада жабында сұйық күйден бу күйіне айналуын айтады. Бұл айналу кез келген температурада жүруі мүмкін. Егер мұнайды ашық резервуарда сақтаса, онда оның булануы болады. Мұнай едәуір жеңіл фракцияларын және қоршаған орта температурасынан көп көлемде жоғалтады.
Мұнайды шығару, тасымалдау және сақтау кезінде жеңіл фракцияларын жоғалтпау үшін оның ұңғыдан бастап мұнайөндіруші зауыттарға дейінгі жолы герметизациялану керек, яғни мұнай сыртқы ортамен әрекетке түспеуі керек.
