Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психол.развития лекция.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
745 Кб
Скачать
☆

2. Жеке адам құрылымының негізгі компоненттері

Құрылымның бірінші компоненті (блогы) жеке адамның бағытталығын, немесе адамның болмыс қатынасын сипаттайды.

Екінші блокті жеке адамның мүмкіншілігін анықтайды және іс-әрекеттің табысты болуын қамтамасыз ететін қабілеттік жүйесін қамтиды.

Жеке адам құрылымындағы үшінші блок мінез немесе адамның әлеуметтік ортадағы мінез-құлқына сипаты болып табылады.

Басқа барлық блоктардан үстем тұратын төртінші блок басқару жүйесі болып табылады, оны әдетте «мен» сөзімен белгілейді. «Мен» өзін-өзі реттеу қызметін атқарады: іс-әрекеттің күшейе түсуі немесе әлсіреуі, өзін-өзі бақылау, әрекеттер мен мінез-құлықтардың түзетілуі, алдын-ала таң-тамаша болу және өмір мен іс-әрекетті жоспарлау.

3. Жеке тұлғаның биологиялық және әлеуметтік ара қатынасының проблемасы

Жеке тұлғаның ең төменгі деңгейі биологиялық тұрғыда құрылымдарға ара қатынасын белгілейді. Оларға жас ерекшеліктері, психиканың жыныстық құрылымдары, темпераменттің және нерв жүйесінің тума қасиеттері.

Естің жеке дара байқалынуы, қабылдауы, түйсік, ойлау, қабілет, тума факторлары ретінде, даму тұрғысында кемелгендік, осылардың сапасын жаттықтыру  адамның жеке дара ерекшеліктерінің психикалық процестерінің құрылымы болып есептеледі.

Келесі құрылым жеке тұлғаның әлеуметтік іс-тәжірибесінің даралығын кіріктіреді. Оларға : білім, білік, дағды және әдеттері жатады. Бұл құрылым әлеуметтік сипатта қарастырылады.

Жеке тұлғаның жоғары деңгейі  бағыттылық. Жеке адамның бағыттылығы дегеніміз  сол адамның талғамы мен белсенділігін көрсететін ниеттер жүйесі.

Биологиялық және әлеуметтік ара қатынастар проблемасы психология тарихында әр түрлі психикалық даму теориясын тудырды. Биологиялық пісіп-жетілу теориясы бойынша: адамның психикалық функцияларының тұқым қуалаушылығы сыртқы ортамен байланыспайды, организмнің пісіп-жетілуі биологиялық тұрғыда дамиды. Ортаның жүргізуші ролінің теориясы бойынша: орта  адамның психикалық дамуының шешуші факторы болып саналады.

2.3. Жеке тұлға психологиясы

Гештальтпсихология.

Гештальтпсихология (немістің gestait  бейне, кескін үйлесімі деген сөзінен алынған) Германияда бихевиоризммен бір мезгілде пайда болды. Бұл бағыттың негізіне М. Вертгеймердің (1880-1944), В. Келердің (1887-1967), К. Коффканың (1886-1941) еңбектері алынды.

Гештальтпсихология бойынша, мінез-құлық тек рефлекстер шоғыры емес, күрделірек құбылыс. Сөйтіп психикаға тұтас нәрсе ретінде қарауды гештальтистер басқа барлық бағыттардағы атомизмге қарсы қойды. Тұтас құрылым сапасы бүтінді құрайтын элементтер жиынтығына айнала алмайды және олардан шығарылмайды Керісінше, бүтін элементтердің сапалық ерекшеліктерін белгілеп берді.

Гештальтпсихологияны жақтаушылар қабылдау саласында да көптеген зерттеулер жүргізді. Қабылдаудың түйсіктен сапалық айырмашылығы бар екенін және олардың жиынтығы емес екендігін көрсетті. Қабылдау актісіндегі фигура мен фон қатысының мәні ашылды және бейненің қалыптасуындағы контурдың ролі аталып көрсетіледі.

Гештальтпсихологияның эксперименттік зерттеулерінің негізгі кемшілігі  түйсіктер комплекстері ретіндегі заттар туралы махистік идея болады. Мұның өзі қабылдаудың шынайы мазмұнын, оның сыртқы ортамен байланысын теріске шығарды.

Психоанализ.

Жеке адам теориясына елеулі үлес қосқан ғалым З. Фрейд. З. Фрейд теориясының негізіне жеке адам дамуының қозғаушы күшіне оның құрылысының арсындағы байланыстар мен келіспеушіліктер туралы түсініктер алынды. Жеке адамды зерттеу әдісінің негізіне психоанализді алып, оның көмегімен жүйке және психикалық аурулардың көздерін анықтады. Зерттеуге алынған адамдардың «ең төменгі басылыңқы инстинктерін» анықтағаннан кейін Фрейдистер оны сол адамның мінез-құлқының ең басты көзі деп есептеді. «Фрейдизм» деп бұл бағыттың аталуы австриялық психиатор З. Фрейдтің (1856-1939) есімімен байланысты.

З. Фрейд жеке адам құрылымындағы санасыз әрекеттерге назар аударды және оны зерттеу объектісіне айналдырды. Ол адам өзінің қылықтарының туу себебін кейде түсіндіріп бере алмайды деп атап көрсетті. Оларды санамен аңғаруға болмайды және бұлардың нақты себептерін ғана түс көру, сандырақтау, ырықсыз қозғалыс сияқты құбылыстарды зерттеу арқылы анықтауға мүмкіндік туады. Мінез-құлықтың түпкі себебін түсіндіру және оны адам, оның ішінде психикалық ауруға ұшырағандарды (емдеу мақсатымен) саналы түрде аңғаратын ету – Фрейдтің санасыздықты зерттеу үшін жасап шыққан әдісі – психиканы талдау әдісінің міндеті.

Психоанализдің даму мөлшеріне байланысты психоаналитикалық концепциялар пайда бола бастады. Олар: А.Адлердің жеке дара психологиясы, К. Юнгтің аналитикалық психологиясы, Э. Эриксонның Эго-психологиясы, К. Хорнидің әлеуметтік-мәдени теориясы, Э.Фромның және Райхтың теориялары.

Бихевиоризм.

Бұл бағыттың өкілдері: Джон Уотсон (1878 – 1958), Эдуард Ли Трондайк (1874 – 1949), Беррес Федерик Скиннер (1904 ж. туған), Бандура.

Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы, оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс. Ғылым тек объективті түрде байқауға келетін және әркім үшін белгілі, яғни мінез-құлықты зерттеуі қажет. Зерттеу пәні өзгерді (сананың орнына мінез-құлық алынды), сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды. «Сана», «түйсік», «қабылдау», «ерік» деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шықты. «Стимул» (сыртқы орта қоздырғышы), «реакция» (организмнің қозуға қайтаратын жауабы) мен стимул мен реакция арасындағы «байланыс» (ассоциация, коннексия) негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп қарастырады. Психологиялық зерттеулердің мақсаты – ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерін зерттеу.

1913 жылы американ психологы Д. Уотсонның псхологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді. Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарады: оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді.

Бихевиоризмнің пайда болуына американ зерттеушісі Э. Трондайктің (1874-1949) еңбектері елеулі ықпал етті. Оның өзі бихевиорист болмағанымен, ол ашқан бір қатар мінез-құлық принциптері кейіннен бихевиоризмнің өзгермес заңына айналды.

Іс-әрекет теориясы.

Өкілдері: Сергей Леонидович Рубинштейн (1889-1960), Алексей Николаевич Леонтьев (1903-1979).

Іс-әрекет үстінде сана қалыптасады. Сана іс-әрекет кезінде қалыптаса отырып, сол іс-әрекеттен көрінеді де. Психологиялық зерттеу заты – іс-әрекет кезінде жеке адам болып саналады. Демек, назарға тек жеке дара адамның іс-әрекеті алынады, ал кейінгі уақыттарда психологиялық зерттеулердің объектісіне бірлікті, ұжымдық іс-әрекет те алынып жүр.

Адам іс-әрекет нәтижесі – нақты бір өнім. Ал осы өнімді әрбір жеке адам көбіне өзі үшін емес, қоғам игілігі үшін өндіреді, жаратады. Өз кезегінде, осы қоғамның көптеген мүшелерінің өнімі әрбір жеке адамның мүддесін қамтамасыз етуге жұмсалады.

Адам үшін өзін табиғаттан саналы түрде ерекшелеп көрсету тән. Ол өз алдына мақсат қояды, белсенді қызмет істеуге итермелейтін себептерді түсінеді.

Гуманистік психология.

Өкілдері: Г. Олпорт, А. Маслоу, К. Роджерс. Мынадай бірқатар мектептерден, тұрғылардан, теориялардан тұрады. Олар: дербестілік, гуманистік, экзистенциальдық, феноменологиялық және т.б.

Гуманистік психологияның негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты – бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларын орнына келтіріп, шындыққа жақындау, өміршең психологияны таңдап алу еді. Өз зерттеулерінің объекті ретінде гуманистік психологтар салауатты, шығармашыл жеке адам түсінігін таңдады. Бұлар талдауындағы жеке адамның мақсаты – өзін-өзі кемелдендіру және мүмкіндіктерін өз күшімен ашып, жая білу.

Гуманистік бағыт көрнекті өкілдерінің бірі Абрахам Маслоу еді. Маслоу бірінен біріне күрделене ауысып отыратын адам қажеттіліктерін жіктеп, көрсетіп берді: 1) физиологиялық қажеттіліктер, 2) қорғаныс қажеттіліктері, 3) керек-тағамдық қажеттіліктер; осылардың бәрінен жоғары адамгершілік (гуманоидтық) қажетсінулер, яғни 4) шындық, қарапайымдылық, әділдікті керек ету. Осылардың бәрі өз мүмкіншіліктерін өз белсенділігімен іске асыруына байланысты адамда көрінетін жалпы қажеттіліктердің мазмұнын құрайды.

Маслоу теориясының басты кемшілігі – оның биологизаторлық пікірден аса алмағандығында, әдетте, біздің қайырымды, игілікті болып дүниеге келетініміз, жаман болу біздің еркімізде еместігі – әрқайсымыздың да көңілімізге қонымды.

Гуманистік психология тұжырымының өзегі: адам өз бойында алғашқыдан қаланған, қолынан келетінінің бәрін жүзеге асыруы тиіс.