- •1. Жантану пәні
- •2. Жан қуаттарын топтастыруы
- •3. Жантану салалары
- •4. Жан туралы ілімі білімдерінің Қазақстандағы даму жолдары
- •2. Психология және жас ерекшелік психологиясының даму тарихы
- •2.Жас ерекшелігі психологиясының дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •3.Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.
- •3. Психологияның зерттеу әдістері
- •3.Жас ерекшелік психологиясында қосалқы әдістерді қолданудың жолдары.
- •4.«Психикалық даму және оқыту»
- •5. Жас шамасына қарай дамуды кезеңдерге бөлу
- •2. Жеке адам құрылымының негізгі компоненттері
- •3. Жеке тұлғаның биологиялық және әлеуметтік ара қатынасының проблемасы
- •2.3. Жеке тұлға психологиясы
- •2.4. Сана туралы түсінік
- •Қарым-қатынас психологиясы және іс-әрекет
- •Дағды, икем, әдет
- •8. Қарым-қатынас
- •1.Қарым-қатынас туралы ұғым
- •2.Қарым-қатынастың түрлері
- •2. Қарым-катынас түрлері
- •Таным процестері және оның дамуы
- •1.Түйсік туралы түсінік
- •2. Түйсіктердің жалпы заңдылықтары
- •3.Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы
- •3. Түйсіктің жалпы қасиеттері
- •10.Қабылдау
- •1.Қабылдау туралы жалпы ұғым
- •2. Қабылдаудың ерекшеліктері
- •2. Естің түрлері, функциялары
- •3. Естің негізгі процестері
- •4. Ес теориялары
- •5. Естің негізгі заңдылықтары
- •12. Ойлау және сөйлеу
- •Ойлау туралы түсінік
- •Ойдың формалары
- •Ойлаудың түрлері
- •2. Ойдың формалары
- •3. Ойлаудың түрлері
- •4. Ой операциялары
- •Адамның ерікті-эмоциялық сферасы
- •3. Жеке тұлғаның сезімдері
- •Стеникалық – адамның іс-әрекетін белсендендіретін (активтендіретін) сезім.
- •4. Эмоция мен сезімнің функциялары
- •1. Ерік туралы түсінік
- •2.Ерік сапалары.
- •3.Ерік тәрбиесі
- •6. Еріктік іс-әрекеттің құрылымы (структурасы)
- •7. Жеке адамның еріктік сапалары
- •15. Темперамент
- •1. Темпераментке жалпы сипаттама
- •2. Темперамент типтері
- •3. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент туралы теориялар
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •2. Мінездің құрылымы мен қасиеттері
- •3. Мінез қасиеттерін классификациялау
- •4. Мінез және темперамент. Олардың бір-бірімен ұқсастығы және айырмашылығы
- •2. Нышан және қабілет.
4. Мінез және темперамент. Олардың бір-бірімен ұқсастығы және айырмашылығы
Мінез бен темпераменттің өзара байланысы олардың физиологиялық негізі арқылы анықталады. Жүйке жүйесінің типтері адамның іс-әрекеттерінен, мінез ерекшеліктерінен анық байқалады. Мысалы, сангвиник адам басқалармен қарым-қатынаста әңгімені бірінші болып бастайды, ал флегматик мұндайда өзін-өзі тежеп, әңгімені тыңдауға ықыласты болады. Сангвиниктер бөтен адамдармен әңгімелесіп, тез танысып кетеді де, бұрынғы таныстарын шапшаң ұмытады. Ал флегматик адам мұндайда өте баяу, самарқау болады. Адам мінезіндегі осындай көріністер оның динамикалық ерекшелігі немесе қозғалғыштық касиеті деп те аталады. Мұндай ерекшеліктер темперамент қасиеттеріне негізделеді.
Мінездегі темпераменттің рөлі басқаша жағдайларда да көрінеді. Осы ерекшеліктерден біз жүйке жүйесінің типтері шартты рефлекстердің жасалу-жасалмауына қалайша әсер ететінін байқаймыз. Ал шартты рефлекстер жүйесі мінездің физиологиялық негізі екендігі мәлім.
17. Қабілет.
1. Қабілет туралы түсінік
2. Нышан және қабілет.
3. Қабілетті дамыту.
4. Қабілеттің даму деңгейлері
Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз – мақсатқа бағытылған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.
Қабілеттің түрлері.
Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады:
Іс-әрекет тез бейімделу.
Іс-әрекет орындау нәтижесінің сапасы.
Егер адам өзге адамдармен салыстырғанда, біріншіден, қолға алған істі қалайда болмасын тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай игеретін болса, екіншіден, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетсе, оны қабілетті дейді. Сонда қабілеттіліктің сыры неде? Не себепті әр адамның жетістіктерге жетуі бірдей жағдайда түрліше көрсеткіштерге ие болып, іс-әрекет нәтижелері әр қилы болады?
Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психиқалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке-жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттік – адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығың көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы-көбінесе музыкантарға, ал бойшаң болып келу – баскетболшыспортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілеттіліктің тек белгілі бір іс-әректке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдығы неғұрлым жоғары деңгейде болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиері даусыз. Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл – адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы, қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.
Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, әсіресе, істің нәтижесінен анық байқалады. Бұл - адамдардың даралық ерекшеліктері. Мысалы, бірдей жағдайда бір істі бір адам тез меңгеріп, өте шапшаң, нәтижелі әрі сапалы етіп атқарса, ал екінші адам іске бірден төселіп кете алмай, сол іс-әрекетке лайық әдет-дағдыларын қалыптастырмағандықтан, істі баяу, нәтижесіз, сапасыз атқаруы мүмкін. Бұл жайттар бірінші адамның қабілеттілігі екінші адамға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді.
Адамның істеген ісі мен әрекетін бақылап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп кесіп айтуға болмайды. Мәселен, сурет өнерінің әліппесімен әлі танысып үлгірмеген баланы өнердің бұл түріне қабілетті не қабілетсіз деу әлі ертерек. Тек ұйымдастырылған оқү-тәрбие негізінде ғана оның сол іс-әрекет түріне қаншалықты бейімді екендігін білуге болады.
