Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психол.развития лекция.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
745 Кб
Скачать
☆

Стеникалық – адамның іс-әрекетін белсендендіретін (активтендіретін) сезім.

Астеникалық – шамданған енжар (пассивті) сезім.

4. Эмоция мен сезімнің функциялары

Эмоцияның негізгі функциялары:

  1. Сигналды (адамның организмінде немесе қоршаған ортадағы өзгерістеріне байланысты ренжудің пайда болуы және өзгеруі).

  2. Реттеу (эмоционалды толғаныс мазмұнында қажеттіліктің қанағаттандырылуы үшін керек заттың бейнесі көрініп, содан заттың өзіне деген әуесқойлық пайда болып, ол өз кезегінде адамды әрекетті орындауға ниеттейді, ынталандырады).

  3. Бағалау (адамның әрбір ситуацияларына және олардың мәнін байқататын эмоциялар; эмоциялық көңіл-күйлерінде адамның ішкі жан дүниесі көрсетіледі).

  4. Коммуникативті (ым-ишара, дене қозғалыстары сезімдік белгі ретінде адамның өз толғаныстарын, қоршаған орта заттары мен құбылыстары жөніндегі өз қатынас талғамын басқаларға жеткізуге жәрдемін тигізеді).

14. Ерік.

1. Ерік туралы түсінік

2.Ерік сапалары.

3.Ерік тәрбиесі

Ерік – адамның қиындықтарды жеңуді талап ететін мақсатты әрекеттер мен қылықтарды жүзеге асыру қабілетінен көрінетін сананың реттегіштік жағы. Ерік алға мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адамға айқын, ашық, саналы түрде түсінікті болуы қажет. Алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін адам алдындағы ұшырайтын бөгеттерді, қиындықтарды жеңіп отырмаса болмайды. Ерік – саналы әрекеттен туындайды. Адамда өзінен-өзі пайда болатын қимыл (жатқанда қозғалу, дене мүшелерінің қимылдауы, т.б.) еріксіз қозғалысқа жатады. Мұндай қозғалыстардың ерік-жігерді көрсетуге қатысы жоқ. Адамның ерікті әрекеті жүзеге асу үшін мынадай шарттар қажет:

а) алға тұтқан мақсатты орындау қайткенде де соған жету;

ә) жолда ұшырайтын кедергі, бөгеттерді жеңу;

б) мақсатқа жету жолында қайраткерлік, ерлік, табандылық көрсету, қиыншылықтан жол табу, тәсілқой болу, т.б.

в) қиындықтарға қарсы тұрып, үрейленбеу, қорықпау, т.б.

Еріктік мінез-құлық, еріктік әрекеттердің физиологиялық механизмдері мына төмендегідей болып келеді. Үлкен ми сыңарларының төбелік бөлігінде қимыл-қозғалысты басқаратын учаске орналасқан. Ол ми қыртысының барлық учаскелерімен, соның ішінде барлық талдағыштардың ми қыртысы ұштарымен байланысып жатады. Бұл байланыс ми қыртысының белгілі бір учаскесінде пайда болған қозудың қимыл-қозғалыс учаскесіне жетіп, онда да осындай процесс туғызу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

6. Еріктік іс-әрекеттің құрылымы (структурасы)

Еріктік әрекеттерді қарапайым және күрделі болады.

Қарапайым, әдетте, мақсат қою және орындау деген екі буыннан тұрады. Оларда бір буыннан соң екінші буын аралық буынсыз келіп отырады.

Күрделі еріктік әрекетте мақсатты аңғару, жоспарлау және орындау деген үш буын айқын бөлінеді.

7. Жеке адамның еріктік сапалары

Адам бала кезінен белгілі бір дәрежеде ерікпен реттелетін әрекеттер мен қылықтар жасайды. Өмір тәжірибесі әрекеттің реттелуін жеке адамның еріктік қасиеттері түрінде нығайтып отырады. Бұл қасиеттер басқа да жеке адамдық ерекшеліктермен бірге адам мінез-құлқының стилін құрайды. Бірақ адам басқа адамдармен бірге өмір сүреді. Ол қоғам мүшесі, өзінің идеологиясы, моралі, салты мен дәстүрі бар таптың өкілі. Практикалық әрекетінде жеке адам өзінің индивидуальды қажеттіліктерін, мүдделерін және өзі бірге өмір сүретін адамдардың идеяларын, моральдық нормаларын, дәстүрлерін жетекшілікке алады.

Жеке адамның еріктік қасиеттерінің негізгілері мыналар:

  1. Қоғамдық мәнді мақсаттарды алға қойып, оған жете білуден көрінетін жеке адамның ерік қасиетті мақсатқа ұмтылушылық деп аталады.

  2. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлығынан көрінетін жеке адамның еріктік қасиет батылдық деп аталады.

  3. Мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабілетінен көрінетін жеке адамның еріктік қасиеті табандылық деп аталады.

  4. Ұстамдылық немесе сабырлылық деп бөгет жасайтын психикалық көңіл-күйді және шаршап-шалдығуды жеңе білу қабілетінен көрінетін жеке адамның ерік-жігер қасиеті айтылады.

  5. Өзі талаптанып алдына мақсат қоя, оған жету жолдарын таба білетін және қабылданған шешімдерді практикалық орындай алатын адамның еріктік қасиеті дербестік деп аталады.

  6. Дербестікке қарама-қарсы ерік қасиеті иланғыштық.

/Қараңыз. Әдебиет. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы. 2003. 203-206 бет).