- •1. Жантану пәні
- •2. Жан қуаттарын топтастыруы
- •3. Жантану салалары
- •4. Жан туралы ілімі білімдерінің Қазақстандағы даму жолдары
- •2. Психология және жас ерекшелік психологиясының даму тарихы
- •2.Жас ерекшелігі психологиясының дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •3.Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.
- •3. Психологияның зерттеу әдістері
- •3.Жас ерекшелік психологиясында қосалқы әдістерді қолданудың жолдары.
- •4.«Психикалық даму және оқыту»
- •5. Жас шамасына қарай дамуды кезеңдерге бөлу
- •2. Жеке адам құрылымының негізгі компоненттері
- •3. Жеке тұлғаның биологиялық және әлеуметтік ара қатынасының проблемасы
- •2.3. Жеке тұлға психологиясы
- •2.4. Сана туралы түсінік
- •Қарым-қатынас психологиясы және іс-әрекет
- •Дағды, икем, әдет
- •8. Қарым-қатынас
- •1.Қарым-қатынас туралы ұғым
- •2.Қарым-қатынастың түрлері
- •2. Қарым-катынас түрлері
- •Таным процестері және оның дамуы
- •1.Түйсік туралы түсінік
- •2. Түйсіктердің жалпы заңдылықтары
- •3.Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы
- •3. Түйсіктің жалпы қасиеттері
- •10.Қабылдау
- •1.Қабылдау туралы жалпы ұғым
- •2. Қабылдаудың ерекшеліктері
- •2. Естің түрлері, функциялары
- •3. Естің негізгі процестері
- •4. Ес теориялары
- •5. Естің негізгі заңдылықтары
- •12. Ойлау және сөйлеу
- •Ойлау туралы түсінік
- •Ойдың формалары
- •Ойлаудың түрлері
- •2. Ойдың формалары
- •3. Ойлаудың түрлері
- •4. Ой операциялары
- •Адамның ерікті-эмоциялық сферасы
- •3. Жеке тұлғаның сезімдері
- •Стеникалық – адамның іс-әрекетін белсендендіретін (активтендіретін) сезім.
- •4. Эмоция мен сезімнің функциялары
- •1. Ерік туралы түсінік
- •2.Ерік сапалары.
- •3.Ерік тәрбиесі
- •6. Еріктік іс-әрекеттің құрылымы (структурасы)
- •7. Жеке адамның еріктік сапалары
- •15. Темперамент
- •1. Темпераментке жалпы сипаттама
- •2. Темперамент типтері
- •3. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент туралы теориялар
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •2. Мінездің құрылымы мен қасиеттері
- •3. Мінез қасиеттерін классификациялау
- •4. Мінез және темперамент. Олардың бір-бірімен ұқсастығы және айырмашылығы
- •2. Нышан және қабілет.
2. Ойдың формалары
Ойлау түрлі формаларда жүзеге асады. Ойлау формаларының ең қарапайым түрі – ұғым. Адам ұғым арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстарды (жеке-дара, жалпы жинақтай) өзіне тән белгілерін, байланыстарын, қатынастарын миында сәулелендіреді. Ұғымда адам жеке заттардың ғана бейнелерін елестетумен тынбайды, ол сол заттардың мазмұнын ашып, ішкі байланыстарын танып-біліп отырады. Ұғым елестеулерге қарағанда мағыналы, терең және ықшам болып келеді. Ой процесінің негізгі формалары – пікір және ой қорытындысы.
Пікір дегеніміз – құбылыстар арасында байланыс орнату. Пікірде адам белгілі зат туралы өзінің ойын айтады, олардың заттар арасына орнатқан байланысын немесе қайсыбір құбылысқа деген өз қатынасын білдіреді. Адам өз пікірінің шынында да ақиқат жайды білдіретініне, дұрыс екеніне басқаларды немесе тіпті, өзінен – өзі нандырғысы кесе, ол оны негіздейді. Бұл үшін адам өмірден белгілі және тексерілген фактілерді, ғылыми дәлелденген заңдарды келтіреді, түрлі дәлелдерге сүйеніп, логикалық болжамдар жасайды. Мұндай жағдайда пайымдау пайда болады.
Көпшілік жағдайда адам пікірлер жүйесін ғана емес, сондай-ақ ой қорытындысы жүйесін де, яғни ол бар деректер негізінде жасаған тұжырымды да ( логика оларды жүгініс (посылка) деп атайды) пайдаланады. Ой қорытындысы бірнеше жеке жағдайдан шығатын жалпы тұжырымға қарай ойысу болуы мүмкін. Бұл – индуктивтік ой қорытындысы. Бірақ жалпы заң, ережеден жеке жағдайға қарай ойыса тұжырым жасауға да болады. Бұл – дедуктивтік ой қорытындысы.
3. Ойлаудың түрлері
Психологияда ойлау түрлері мен оларды топтастыру проблемасы бірнеше бағытта шешімін табуда.
I) Көлемдік ауқымына орай ойлау әрекетінің түрлері – дискурсивті: өз кезең, кезегімен өрістей дамыған ойлау процесі; интуитивтік: желісі қарқынды, кезеңдері нақтыланбаған, мазмұны толық ұғылмаған ойлау процесі.
II) Шешілуі қажет мәселелердің қайталанбастығы мен жаңалығына орай ойлау шығармашыл (өнімді) және қайта жаңғыртушы (қайта жасаушы) болады. Шығармашыл ойлау барысында танымдық іс-әрекеттің төркін, ішкі мән-мағынасына, құнына, мақсатына сай жаңа ой-пікір құрылымдары пайда болады. Бұл арада іске асатын жаңалықтың екі түрін айыра білу қажет:
1) жалпы болмыс заңдылықтарына бейімделген, ғылымда бұрын болмаған объективті жаңалық;
2) нақты тұлға ой – өрісінен бастау алған субъективті жаңалық. Шығармашыл ойдың дамуына кедергі болатын факторлар: а) шектен тыс сыншылдық; ә) шешім іздеудегі асығыстық;
3) ішкі шек қоюшылық (цензура);
4) регидшілдік (ескі білімдерді қолдануға әуесқойлық);
5) конформизм (сырт көзге мазақ болу қаупінен туындаған тартыншақтық). Қайта жаңғыртушы ой әрекетінің шығармашылдықтан айырмашылығы – дайын білімдер мен ептіліктерді қолданып, ескі сүрлеумен жүре білу.
III) Шешілетін мәселелердің сипатына байланысты ой әрекеті теориялық және тәжірибелік болып бөлінеді. (Қараңыз. Әдебиет. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. А. 2003. 161 б).
IV) Ойлау түрлерін классификациялауға байланысты психологияда кең тараған бағыттардың бірі шешілуі тиіс болған мәселенің мазмұнын негізге алу, осыдан ойлау: 1) затты – әрекетті; 2) көрнекі – бейнелі; 3) сөзді – логикалы болып түрленеді. (Бұл да сонда. 162 б).
