- •1. Жантану пәні
- •2. Жан қуаттарын топтастыруы
- •3. Жантану салалары
- •4. Жан туралы ілімі білімдерінің Қазақстандағы даму жолдары
- •2. Психология және жас ерекшелік психологиясының даму тарихы
- •2.Жас ерекшелігі психологиясының дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •3.Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.
- •3. Психологияның зерттеу әдістері
- •3.Жас ерекшелік психологиясында қосалқы әдістерді қолданудың жолдары.
- •4.«Психикалық даму және оқыту»
- •5. Жас шамасына қарай дамуды кезеңдерге бөлу
- •2. Жеке адам құрылымының негізгі компоненттері
- •3. Жеке тұлғаның биологиялық және әлеуметтік ара қатынасының проблемасы
- •2.3. Жеке тұлға психологиясы
- •2.4. Сана туралы түсінік
- •Қарым-қатынас психологиясы және іс-әрекет
- •Дағды, икем, әдет
- •8. Қарым-қатынас
- •1.Қарым-қатынас туралы ұғым
- •2.Қарым-қатынастың түрлері
- •2. Қарым-катынас түрлері
- •Таным процестері және оның дамуы
- •1.Түйсік туралы түсінік
- •2. Түйсіктердің жалпы заңдылықтары
- •3.Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы
- •3. Түйсіктің жалпы қасиеттері
- •10.Қабылдау
- •1.Қабылдау туралы жалпы ұғым
- •2. Қабылдаудың ерекшеліктері
- •2. Естің түрлері, функциялары
- •3. Естің негізгі процестері
- •4. Ес теориялары
- •5. Естің негізгі заңдылықтары
- •12. Ойлау және сөйлеу
- •Ойлау туралы түсінік
- •Ойдың формалары
- •Ойлаудың түрлері
- •2. Ойдың формалары
- •3. Ойлаудың түрлері
- •4. Ой операциялары
- •Адамның ерікті-эмоциялық сферасы
- •3. Жеке тұлғаның сезімдері
- •Стеникалық – адамның іс-әрекетін белсендендіретін (активтендіретін) сезім.
- •4. Эмоция мен сезімнің функциялары
- •1. Ерік туралы түсінік
- •2.Ерік сапалары.
- •3.Ерік тәрбиесі
- •6. Еріктік іс-әрекеттің құрылымы (структурасы)
- •7. Жеке адамның еріктік сапалары
- •15. Темперамент
- •1. Темпераментке жалпы сипаттама
- •2. Темперамент типтері
- •3. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент туралы теориялар
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •2. Мінездің құрылымы мен қасиеттері
- •3. Мінез қасиеттерін классификациялау
- •4. Мінез және темперамент. Олардың бір-бірімен ұқсастығы және айырмашылығы
- •2. Нышан және қабілет.
2. Мінездің құрылымы мен қасиеттері
Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Дегенмен кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Міне, мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылымы дейді. Ал мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомкомплекс не факторлар деп те аталады.
Мінездегі қасиеттер жүйесі. Психология ғылымында мінез топтастырылып, оның қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады. Ондай қасиеттер адамның әр алуан нәрселерге қатынас ерекшеліктерін көрсетеді. 1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, немқұрайдылық, т.б. 2. Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік. 3. Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, даңғойлық, тәкәпарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік. 4. Заттарға қатынасы: ұқыптылық, салдыр-салақтық, заттарды ұстап-тұтуы мен ұқыпсыздығы, т.б.
Мінез құрылымындағы қасиеттер. Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін көрсететін негізгі және өзекті сипаттар болып табылады. Олар — адамның қоғамдық қарым-қатынасы және әлеуметтік-типтік ерекшеліктері. Ал мінез құрылымының қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады: 1 мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білідіреді. 2. Адамның жеке басының ерекшелігі, белсенділігі. Бұл қасиет мінездің күші. Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді. 3. Мінездің тұрақтылығының, ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп, мінезінің күшін аңғартады.
Нәсілдік және мінез. Әрбір тарихи кезеңдегі психологтар мінездің әрбір адамда түрліше болуы олардың нәсілдік тегіне байланысты, оның көп қасиеттері нәсіліне ұқсап туа пайда болады деген көзқарасты қуаттап, оның темперамент қасиеттерінен айырмашылығы жоқ дейді (Э. Кречмер, У. Шелдон). Шындығында да организмде туа пайда болатын нәсілдік қасиеттің адам мінезіндегі қасиеттерге әсер ететіні сөзсіз. Дегенмен, мінез қасиеттері нәсілдік биологиялық заңдылықтар емес, қоғамдық заңдылықтар арқылы анықталады.
Мінездің нәсілдік тұрғыдан қарастырылуы егіздерді зерттеу нәтижелері арқылы теріске шығарылады. Өйткені, бір тұқымнан тараған егіз балалардың нәсілдік ерекшеліктері бірдей. Ал темпераменті жөнінен олар бірінен-бірі бөлек. Үлкейіп, есейген сайын мінез ерекшеліктері де өзгере береді. Адам туа өтірікші не жалқау болып тумайды. Ол әлеуметтік ортаға, өмірдегі жағдайға қарай өзгереді. Мінездің өмір тіршілігіне тәуелді екендігі оның физиологиялық негізі — жоғары жүйке жүйесіндегі шартты рефлекстердің қызметіне байланысы арқылы да дәлелденеді.
Мінезді топтастыру (классификациялау) туралы әр түрлі тәсілдер бар.
Конституционалды теория (Э. Кречмер, У.Шелдон) жеке тұлғаның мінезін оның сыртқы бейнесімен байланыстырады.
Акцентуация негізінде мінезді классификациялау (К. Леонгард, А.Личко).
Акцентуация – индивидтің психикасындағы кейбір мінез бітістерінің гипертрофильденген «нашар жерлерінде» байқалады нәтижесінде олардың қоршаған ортадағы адамдармен қарым-катынасы нашарлайды, бұл ең соңғы варианттар ережесі.
А. Личко бойынша жасөспірімдердің мінезінің акцентуациясын былай классификациялау:
1. Гипертивті тип.
2. Циклоидті тип.
3. Лабильді тип.
4. Астеноневротикалық тип.
5. Сезитивті тип.
6. Психоастеникалық тип.
7. Шизоидті тип
8. Эпилептоидті тип.
9. Истероидті тип
10. Аумалы тип.
11. Конформді тип.
К. Леонгард акцентуацияның 10 типін былайша бөледі:
1. Гипертимді тип.
2. Дистимді тип.
3. Циклоидті тип.
4. Қозғыш тип.
5. Бір ойға тұтылып қалу.
6. Педанттық тип.
7. Мазасыз тип.
8. Эмотивті тип.
9. Демонстративті тип.
10. Экзальтирлі тип.
Акцентуацияның әр түрлі жағдайда көрінуі – психопатия ауруы туралы ойланғанда ең соңғы варианттарының жеңілділігі, қоршаған ортасына танымалдылығы. Психопатия – аурудың немесе психикалық жарақаттардың ықпалымен психопаттарда ұзаққа созылған невроздық күйлер сондай-ақ депрессиялар пайда болуы мүмкін. Психопатиялардың профилактикасында лайықты тәрбиенің, психотерапевтік және психофармокологиялық емдеудің маңызды мәні бар. (Психопатиялар грек. Psyche жан, pathos – зардап шегу, ауыру) – мінез-құлық патологиясы; мұндайда субъектіде оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне кедергі келтіретін қасиеттердің іс жүзінде қайтымсыз айқындығы байқалады.
