Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психол.развития лекция.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
745 Кб
Скачать
☆

8. Қарым-қатынас

1.Қарым-қатынас туралы ұғым

2.Қарым-қатынастың түрлері

Қарым-катынас – тіл арқылы пікір алысу.

Адам арасындағы қатынастардың түрлері: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы.

Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жек көрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұрады.

Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқығы не міндеттеріне орай қалыптасады.

Қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар, әдетте, көңіл-күйге байланысты өзгере бермейді. Мұндай қатынастардың әрбір тұлғаның көңіл-күйіне бағына бермейтіндігінен, оларды ресми қатынастар деп атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері мен психологиялық кейпіне тәуелді болмауы керек.

Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.

Тең құқықты қатынастар – қатынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.

Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайланған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.

Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой алдырады.

Адамдардың бір-біріне деген өшпенділігі болған жерде дау-дамайлы, жанжалды қатынастар өрбиді.

Адамаралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс – бұл остракизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбір адамдардың көшілік арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткеріліп қалуы.

Адамаралық қатынастардың ерекшелігі  олардың эмоционалды болуында. Адам өзі тектеспен араласа отырып, бір-біріне болған айрықша сезімдер мен ықыластарға кезігеді.

Кейде екі адам бір ортада бола тұрып, бір-біріне деген ыстық та, суық та шырай сезінбейді, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттілікті таппайды, мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады.

Адамдардың арасындағы және бір ерекше қатынастар түрі – бұл екіұшты, амбивалентті қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы екіншіге деген өзара тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның: жек көрушілік пен құрметтің қосарлана жүруі. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерінің көңіл төркінінде жатқан ниеттерінің нендей жағдайда екенін айырып алуында біраз қиналады.

Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мәні бойынша ізгі адамгершілік сипатты байланыстар да болады. Мұндайды психологияда альтруистік қатынас деп атайды.

Адамдар арасындағы үйлесімді қатынастар өмірде сирек кездеседі, сондықтан мұндай қатынастарды адамдардың мәңгі арман еткен мұраты ретінде қарастырған жөн. Бұл қатынастар типіне тұрмыста кезігетін «сүйіспеншілік» қатынасты жатқызуға болады.

Адамдар қатынасының орнығуы немесе өзгеруіне және бір себепші фактор – бұл адамдардың жас деңгейі.

Қарым-катынастың коммуникативтік жағы.

Түрлі жансыз және жанды системалар арасында информация алмасу жайлы да бірнеше білім жинақталған. Адамның қарым-катынасы информация алмасудың жеке-дара жағдайына айналды. Осы ұқсас құбылыстарды талдап қорыту қажеті туды. Олардың бәрін де коммуникацияның жеке-дара жағдайы деп қарауға болады.

Коммуникацияның түрлі формаларын зерттеу, адамның қарым-катынасы жайлы білімімізді кеңейтті. Сөйлеу құрылымымен қатар адам қарым-катынасының сөзден тыс жолдары: келбет, ым, мимика серіктестердің бір-біріне қатыс жағдайы, бейнелеу кең зерттеле бастады. Бұл кинесетикалық қарым-катынастың түріне жатады.

Паралингвистика – бұл вокализация жүйесі, яғни дауыстың сапасы, диапазоны және тональділігі.

Экстралингвистикалық жүйе – бұл сөзде жөтелу, жылау, күлкі, сөз барысында қажетті темппен қамтамасыз ету.

Соңғы кездерде психологиялық зерттеулерде қарым-катынас жасаушылардың аралығындағы қашықтықтың, партнерлердің отырысының коммуникативтік мәніне көңіл аударылуда. Америкалық қарым-катынас психологиясында бұл бағытты зерттеулерге проксемика деп ат қойды. Төрт түрлі ара қатынас бар: көңілдестік, жеке бастық, әлеуметтік, көпшіліктік.

Алғашқы екі арақатынас жақын, достық байланысты аңғартады, ресми байланыстағы адамдар әлеуметтік қатынасты ұстанады, көпшіліктік ара қатынас – бөтен адамдармен араласу. Қарым-катынаста серіктерді орналастыру да елеулі роль атқарады. Мысалы: алғаш танысқан адамдардың қарым-катынасы иін тіресе қатар отырғаннан гөрі шағын стол айналасында еркін отырған жағдайда жеңілірек болады.

Вербальді емес коммуникацияның маңызды формасына визуальді қарым-катынас, яғни араласушы адамдардың «көздерімен контактісі».

Қарым-катынастың интерактивті түрі.

Өзара әрекеттестік процесс ретінде сипатталады. Олар: бірлестікті, кооперативті іс-әрекет, жаңалықтармен байланыс, бір-біріне ықпал ету, өзара қарым-катынас, өзара түсіністік.

Адамдардың бір-бірімен қарым-катынасы кооперативті, конкурентті және дау-дамайлы болады.

Қарым-катынастың перцептивті түрі.

Әлеуметтенген перцепция процесі субъектінің сыртқы көрінісін бағалау, психологиялық ерекшеліктері, бақылап отырған бейне немесе объектінің әрекеттері және қылықтары нәтижесінде субъектінің әлеуметтенген перцепциясында бақыланған объектіге нақтылы қарым-катынас қалыптасады, оның мінез-құлқының мүмкіндігі туралы анықтама қалыптасады. Қабылдау процесі негізінде серіктестердің бір-бірімен қарым-катынасында өзара іс-әрекеті қалыптасады.

Әлеуметтік перцепцияның механизмдері: рефлексия, идентификация, стереотипизация, эмпатия, аттракция, бағдарға ықпал.

Адамаралық қатынастарды орынды сезіну және бағалау жоғары дамыған рефлекстік қабілетті керек етеді (қоршаған ортадан келіп түскен ақпараттық сигналдарды жан-жақты мәндік байланысымен қабылдап, жауап бере алу), екіншіден, бұл адамның жасына тәуелді. Бұлар, адам төңірегіндегілермен болған іс-әрекетінде өз қатынасының сипатын сезе ала ма, не сезбей ме деген сұрақтарға жауап береді. Қазіргі кезде жалпы психология мәселелерінің көптеген шешімі осы тілдестік қатынастарды зерттеуге байланысты болып отыр. Себебі психологиялық бейненің бір формадан екіншісіне өтуі (мыс.: түйсіктің сезімге, сезімнің ойға, ойдың сөзге, т.с.с), адам психикасындағы ашық сана аймағы бейсана байланысы, адам көңіл шарпуларының ерекшеліктері, жеке адам заңдылықтары, т.б. осы тілдестік қатынастың негізінде жасалады.

Біртұтас тілдесу процесінде үш бағытты байқаймыз: коммуникативті (ақпарат алмасу), интерактивті (өзара ықпалды әрекетке келу) және перцептивті (адамның бірін-бірі қабылдап, түсінісуі), Осы үш, бір-біріне байланысты тілдесудің қырлары бірлікті қызмет орындауымен сол қызметке араласқан адамдардың өзара қатынасын ұйымдастырудың әдістерін құрайды. (Әдебиет: Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. А. 2003 ж. 84-107 бет).