- •1. Жантану пәні
- •2. Жан қуаттарын топтастыруы
- •3. Жантану салалары
- •4. Жан туралы ілімі білімдерінің Қазақстандағы даму жолдары
- •2. Психология және жас ерекшелік психологиясының даму тарихы
- •2.Жас ерекшелігі психологиясының дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •3.Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.
- •3. Психологияның зерттеу әдістері
- •3.Жас ерекшелік психологиясында қосалқы әдістерді қолданудың жолдары.
- •4.«Психикалық даму және оқыту»
- •5. Жас шамасына қарай дамуды кезеңдерге бөлу
- •2. Жеке адам құрылымының негізгі компоненттері
- •3. Жеке тұлғаның биологиялық және әлеуметтік ара қатынасының проблемасы
- •2.3. Жеке тұлға психологиясы
- •2.4. Сана туралы түсінік
- •Қарым-қатынас психологиясы және іс-әрекет
- •Дағды, икем, әдет
- •8. Қарым-қатынас
- •1.Қарым-қатынас туралы ұғым
- •2.Қарым-қатынастың түрлері
- •2. Қарым-катынас түрлері
- •Таным процестері және оның дамуы
- •1.Түйсік туралы түсінік
- •2. Түйсіктердің жалпы заңдылықтары
- •3.Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы
- •3. Түйсіктің жалпы қасиеттері
- •10.Қабылдау
- •1.Қабылдау туралы жалпы ұғым
- •2. Қабылдаудың ерекшеліктері
- •2. Естің түрлері, функциялары
- •3. Естің негізгі процестері
- •4. Ес теориялары
- •5. Естің негізгі заңдылықтары
- •12. Ойлау және сөйлеу
- •Ойлау туралы түсінік
- •Ойдың формалары
- •Ойлаудың түрлері
- •2. Ойдың формалары
- •3. Ойлаудың түрлері
- •4. Ой операциялары
- •Адамның ерікті-эмоциялық сферасы
- •3. Жеке тұлғаның сезімдері
- •Стеникалық – адамның іс-әрекетін белсендендіретін (активтендіретін) сезім.
- •4. Эмоция мен сезімнің функциялары
- •1. Ерік туралы түсінік
- •2.Ерік сапалары.
- •3.Ерік тәрбиесі
- •6. Еріктік іс-әрекеттің құрылымы (структурасы)
- •7. Жеке адамның еріктік сапалары
- •15. Темперамент
- •1. Темпераментке жалпы сипаттама
- •2. Темперамент типтері
- •3. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент туралы теориялар
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •2. Мінездің құрылымы мен қасиеттері
- •3. Мінез қасиеттерін классификациялау
- •4. Мінез және темперамент. Олардың бір-бірімен ұқсастығы және айырмашылығы
- •2. Нышан және қабілет.
3.Жас ерекшелік психологиясында қосалқы әдістерді қолданудың жолдары.
Психологияда шартты түрде эксперименталды және эксперименталды емес деп екіге бөлінетін әдістер бар.
Эксперименталды емес әдістер тобына бақылау жатады. Ол тікелей және қатыстық болады. Әдістердің эксперименталды тобына табиғи және лабораториялық эксперимент, әңгімелесу тәсілі, психология-педагогикалық эксперимент жатады. Лабораториялық экспериментке классикалық лабораториялық эксперимент және адамға белгілі тапсырма беру арқылы оның жеке сапаларын сынап көретін әдіс (тестілеу) жатады. Соңғы кезде зерттеудің ойындар кең орын ала бастады. Жоғарыда аталған тәсілдерді қолдану үшін қандай нақты талаптар қойылады? Олардың артықшылығы мен кемшілігі неде?
1. Бақылау тәсілі.
Бақылау өткізуге қойылатын талаптар:
Бағдарламаның құрамы.
Күнделік жазу бақылауы.
Психиканың көріністерін өмірдің жағдайымен, әрекетпен салыстыру.
Нәтижелерді бірден жүйелі және толық тіркеу.
АРТЫҚШЫЛЫҒЫ:
Қарапайымдылық, құралдардың арзандығы.
Психикалық әрекеттің табиғи өтуі бұрмаланбайды.
КЕМШІЛІГІ:
Зерттеушінің немқұрайлығына байланысты уақыттың көп кетуі.
Қайта бақылаудың мүмкін еместігі.
Есепке алынбайтын шарттардың көптігі.
Субъективтіліктің мүмкіндігі.
2. АНАМНЕЗА ТӘСІЛІ
(адамның психикалық дамуының тарихы)
БАҚЫЛАУҒА ҚОСЫМША.
ТАЛАПТАР:
Бағдарламаның болуы.
Эксперимент жүргізетін адаммен байланыс.
Жүйелілік, жан-жақтылық, жиналған деректердің толықтығы, олардың өзара тексерілуі.
ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЗЕҢДЕРІ:
Сыналушы туралы пікірлер(ата-ана сырын, туыстарының, таныстарының, мұғалімнің, жолдастарының сыналуының өз пікірі).
Құжаттар(жеке ісі, сынып журналы, үлгерім дабелі, кітапханалық абонемент).
3. АНКЕТАЛЫҚ ТӘСІЛ.
Анкета құрауға байланысты талаптар:
Анкетаның негізі шынайы жауапқа сай болуы керек.
Сұрақтар талдап жауап беруге мүмкіндік беруі керек.
Сұрақтарды өзара тексеру және өзара толықтыру формасына ие болу керек.
ЖЕТІСТІГІ:
Көпшіліктігі.
Математикалық тәсілдің кеңінен қолданылуы.
Нәтижелерді салыстыру мүмкіндігі.
КЕМШІЛІГІ:
Жауап әншейін беріле салуы мүмкін.
Жауаптың мәні туралы болжамды тексеру, нақтылау мүмкіндігінің жоқтығы.
Сұрақтың мағынасын зерттеушімен әр түрлі сыналушылардың әрқалай түсініп қалуының мүмкіндігі.
4. ӘРЕКЕТТІҢ НЕГІЗДЕРІН ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛІ.
ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ:
Жазбаша жаттығу жұмыстары.
Техникалық модельдер, коллекциялар, гербаришілер.
Жас натуралистік жұмыствң нәтижелері.
Қол еңбегі өнімдері, суреттер, кестелер.
Қабырға газеті.
Кітаптан үзінділер, жеке күнделіктер, альбомдар.
Зерттеушінің анкетасы.
ТАЛАПТАР:
Бағдарлама.
Жүйелілік, объекті таңдаудың жан-жақтылығы.
Объектіні өмір заңдылығын және зерттеушінің әрекетімен байланыстыра зерттеу.
5. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ.
ТАЛАПТАР:
Экспериментке дұрыс жауапкершілік қатынасы (положительное, ответственное).
Тәжірибе алдындағы нақты нұсқаулар.
Субъектілік факторлардың қатаң есепке алынуы (шаршау, эмоционалдық жағдай).
ЖЕТІСТІГІ:
Сандық өңдеудің қатаң тіркелуін, өлшену мүмкіндігі.
Фактілердің қайталану мүмкіндігі.
Объективтілік.
Өлшену дәлдігі.
КЕМШІЛІГІ:
Психикалық процестің табиғи өтуінің бұрмалану мүмкіндігі.
Тәжірибенің тым қарапайымдылығы немесе керісінше техникасының күрделілігі.
Нәтижелерді басқа жағдайларға ауыстырудың мүмкін еместігі.
6. ҮЙРЕТЕТІН НЕМЕСЕ ТӘРБИЕЛЕЙТІН ТӘЖІРИБЕ.
Табиғи тәжірибенің біртүрлі болғандықтан кәдімгі жағдайда бала-бақша тобының ойыны кезінде, мектептегі ойын кезінде, сыныптан тыс жұмыстың кезінде өткізіледі. Сабақ үстіндегі ойлаудың ерекшелігін зерттеу үшін теңеуді, таныстыруды, жүйелеуді қажет ететін тапсырмаларды әдейі таңдап алу керек. Ал, жауап алу үшін жеке қасиеттері зерттелетін оқушыны шақырып, оның талқылауының барысын нақты түрде тізіп отыру керек. Осыдан кейін байқалған деңгейге байланысты кемшіліктерді түзету үшін бірқатар жаттығулар беріледі.
7. ӘҢГІМЕЛЕСУ ТӘСІЛІ.
Психологиялық әңгімелесуге қойылатын талаптар:
Бағдарламаның болуы.
Зерттеушілік қатынас.
Сұрақтар жанама формада қойылуы тиіс.
Сұрақтар жауаптарды өзара тексеру, өзара толықтыруға мүмкіндік беретіндей формада болуы керек.
Өзін оқушының орнына қою.
ЖЕТІСТІГІ:
Әңгімелесуді өткізудің табиғи шарттары.
Зерттеуші жағынан кеңестің, көмектің зерттелуші қиналған жағдайда көрсетілу мүмкіндігі.
Әр сұрақтың нақты мақсаты.
Статистикалық өңдеудің мүмкіндігі.
КЕМШІЛІГІ:
Қиналатын жағдайдың болу мүмкіндігі.
Зерттелушінің даму деңгейінің сұхбат барысына әсері.
Сұрақтың дұрыс қойылмау мүмкіндігі (тым ұзақ немесе екі жақты ұғымдағы сұрақтар).
8. СОЦИОМЕТРИЯ.
Бұл белгілі бір топтағы алатын орны бар адамдар арасындағы қарым-қатынасты зерттеу. Топты зерттеу кезінде бірге жұмыс істейтін, демалатын, оқитын адамдарды таңдауға қатысы бар сұрақтар беріледі. Мектепке дейінгі балалар үшін «әрекет үстіндегі таңдау» әдісі қолданылады. Әрбір балаға өз тобындағы біреуге белгілі бір затты сыйлау ұсынылады. Бала бұрын таңдаған сыйлығын ешкімге көрсетпей өзі таңдаған құрбысы үшін таңдап алған орнына қояды. Осының нәтижесінде топтағы балалардың қайсысы танымал (неғұрлым көп сыйлық алса), қайсысы онша танымал емес, кім-кіммен достасады немесе достасқысы келмейтінін білуге болады.
9. ТЕСТІЛЕР.
Бұл орындалуы психикалық функцияның дамуының қаншалықты жетілгенін ажыратуға мүмкіндік беретін қысқа мерзімдік тапсырмалар. Тестілердің көмегімен белгілі бір қабілеттің бар екенін, таңдаған мамандыққа қаншалықты сай екенін, әрекетін анықтауға болады. Интеллектуалдық тестілер, арнайы қабілет тестілерімен қызығушылық т.б. тестілердің айырмашылығы бар.
ТЕСТІЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Дәл нұсқау.
Жеке қабілеттер құпиясын сақтау.
Тестілеу шарттарына мұқият бақылау қою.
Әдістеменің интерпретациясы арнайы психологиялық білімді қажет етеді.
Деректердің басқа әдіскерлер нәтижесімен салыстыру.
ЖЕТІСТІГІ:
Уақыттың азғантай жұмсалуы.
Дерек алуға қызығушылық.
Тестілеудің нәтижелерін қарапайым өңдеу.
КЕМШІЛІГІ:
Тестіні дұрыс пайдаланбау.
Тестілер жеке адам (индивид) дәл осы сәтте не істей алатынын анықтайды, индивидтің тапсырманы неге дәл осылай орындағанын хабарлай алмайды.
Тестілер индивидтің бұдан гөрі жақсы жағдайда болса қандай қабілеті болатынын айта алмайды.
10.ОЙЫНДЫ ТРЕНИНГ.
Бұл қарым-қатынасқа үйрету жаттығуларының жүйесі.
ТРЕНИНГ ӨТКІЗУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Экспериментшінің орнықтыруы.
Тренингтің мақсатын оған қатысушыларға дәл түсіндіру (өзге адамдарды көру және түсіне білу, өзін жеңіп, ашыла білу).
Өзінің араласу қажетін сезінуге, өзгелер арасындағы өз позициясын сезінуге внталандыру.
Жайдары жағдайдың болуы.
ЖЕТІСТІГІ:
Ойын жағдайы.
Жеке адамға психотерапевтік әсер өзіне және өзгелерге қатынастың өзгеруі.
Жеке адамдар арасындағы қатынастың әдістеріне жаттығу.
Бірге қобалжудың мүмкін екендігі.
Ойын жағдайына ұжымдық анализ.
Өмірде болатын жағдайларды ойлау.
Оқытудың конспектіленуі.
КЕМШІЛІГІ:
Өз рөлін орындау кезінде сәтсіздікке ұшырау мүмкіндігі.
Өз рөліне бірден емес, бірнеше жаттығудан кейін бойлау.
Әрекетті талқылау кейде қатысушының жеке басын талқылауға ауысып кетуі мүмкін.
