Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МШС finish.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

55. . Шахтаны пайдалануға бергендегі маркшейдерлік құжаттар.

Шахта салыну процессінде жасалатын барлық маркшейдерлік жұмыс түрлері міндетті түрде құжатқа енгізілуі керек.

Салыну соңында, шахтаны пайдалануға берумен қатар, қабылдап алу ұжымына құжаттар тапсырылады. Өткізілетін маркшейдерлік құжаттардың тізбесі төменде көрсетілген:

1. Шахта аймағының сызбасы.

2.Геодезия негіздерінің тармақтарының сызбасы (триангуляция, полигонометрия, нивелирлеу).

3. Координата мен биіктік белгілерінің тізбесі.

4. Өндіріс алаңының сызбасы.

5. Техника ғимараттарының жұмыс сызуы мен пландары.

6. Негізгі техника ғимараттарының бөлу сызылғысы.

7. Коперды тексеру материалдары: а) копер астындағы раманың планы мен биіктігі; б) оқпан осіне немесе көтеру осіне байланысты копердың тіреу табанының іргетасы, олардың биіктік белгілері; в) қабылдау және шкив алаңының планы мен биіктігі; г) шкивтің оқпан осіне және көтеру осіне қатынасы, шкивтің вертикальдығын тексеру нәтижелері.

8. Көтергіш машинаны тексеру құжаттары: а) негізгі раманың планы және биіктігі бойынша іргетастың нақтылық қалпы.б) бастапқы бөлу нүктелері мен бөлу тәсілі көрсетілген, машина бөліміндегі көтеру осін бөлу құжаттары; в) басты біліктің нақтылық қалпы және канат орамаларының орны (барабанның);

9. Оқпанды үңгілеуді, бекітпелерді тұрғызуды және оқпан қабырғаларын профильдеу мағлұматтары. Оқпанды арқаулау және кермелер мен бағыттауыштарды профильдеу мағлұматтары. Шахта оқпанының геологиялық тілігі. Бұл мағлұматтар үңгілеу журналына енгізілген;

10. Кен қазбаларының сызбасы. Шахтаны бағдарлау, шахтаның тереңдігін өлшеу, оқпан осін бөлу мағлұматтары. Оқпаналбары қазбаларының, жобалау полигондарын өңдеу мағлұматтары. Негізгі қазбалардың профильдері. Қазбалардың өлшеу бақылаулары. Маркшейдерлік нүктелер мен реперлердің жер үстіндегі және шахтадағы орналасу сызбалары,эскиздері;

11. Журналдар, тізбелер, сызбалар, өлшеулер мен суреттемелер түрінде жасалған бастапқы маркшейдерлік түсіру құжаттары.

Барлық айтылған құжаттар, түсіндірме хаттамалармен сүйемелденеді. Түсіндірме хаттамаларда жасалған жұмыстың дәлдігі, өлшеу жұмыстарының нәтижелері, жұмысты кім орындады қай күні, бастапқы мағлұматтар жазылады. Қысқаша жұмыс жасау әдістемесі баяндалады.

56. Құжаттарға қойылатын талаптар.

1.Дәл болуы тиісті, яғни геометриялық элементтерді масштабтың дәлдігіне сәйкес кескіндеу.

Мысалы, +-0,2мм графиктік дәлдікпен кескіндеу қажет болғанда, 1:500 масштаббта пландағы кескінделетін геометриялық элементтер -+ 10cм-ден кем емес дәлдікпен кескінделуі тиіс.

Айтылған бұл талаптар нақтылы айқын көрініп тұрған элементтерді кескіндеуге жатады.

2.Пайдалы қазындылардың пішіндері мен жату элементтерін, жер бетінің бедері мен ситуациясын, тау кен қазбаларының планды сызған кеіндегі қалпын толық етіп кескіндеу және тау кен жұмыстарына дамуына орай оларды бір қалыпты толықтырып толтыру отыру..

3.Көрнекті және өлшеуге ыңғайлы болу, яғни ешқандай күрделі есептеулер мен сызулар жүргізбей ақ, қажетті дәлдікпен сол сызбалардан сызықтық және бұрыштық өлшеулерді алу.

4.Ұзақ мерзімде сақталуын және көрнекті болуын қамтамасыз ету үшін құжаттарды жоғары сапалы материалдарға сызу.

5. Сызбалардың қабылданған шартты белгілерге сәйкес жасалуы.

6. Сызбалардың бір тұтас координаталар жүйесінде жасалуы.

Тау кен өндірісінің барлық кезеңдерінде жүргізілген маркшейдерлік жұмыстардың нәтижелері негізінде ондіріске қажетті әр түрлі маркшейдерлік құжаттар жасалады.

Маркшейдерлік ғрафикалық құжаттар өзінің атқаратын қызметіне қарай жер бетінің және тау – кен қазбаларының сызба сызба жыйнақтары болып бөлінеді. Сызбалардың құрамы және мағнасы , сондай – ақ масштабтары кен орнының гелогиялық құрлымына, қазып алу әдісіне байланысты және маркшейдерлік жұмыстарды жүргізудің нұсқалары бойынша анықталады.

Маркшейдерлік жұмыстардыжүргізудің техникалық инструкциясына сәйкес құжаттар бастапқы далалық , есептеу және графиктік болып бөлінеді.

Графиктік кұжаттар негізгі болып саналады және олар арқылы кенді ашу , дайындық қазбаларын жобалау , жер астымен жер бетіне қажетті құрылыстарды салу, кенді тиімді және қауіпсіз жағдайда қазып алу және тб. Мәселелер шешіледі.

Маркшейдерлік құжаттар тау кен өндірісінің арнайы бөлімінде сақталады. Ескіріп және қолдануға жарамай қалған құжаттар құрамында бас инженер, бас маркшейдер, бас геолог бар арнайы комиссия қол қайған актіге сәйкес , мезгіл мезгіл жойылып отырылады. Акт алдын ала мемлекеттік тау кен ісін таукен техникалық қадағалаушы мекемемен келісіледі.

57. Шахтаны пайдалануға бергендегі маркшейдерлік құжаттардың тізімі мен түсініктемелері.