Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МШС finish.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

37 Көтергіш қондырғының машинасын орнатқандағы бөлу және бақылау жұмыстары.

Көтергіш қондырғының көтеру машинасын орнатудағы бөлу

жұмыстары: көтеру машинасының ғимаратының ішінде көтеру осін, көтеру

машинасының бас (негізгі) белдігін, іргетасын жəне көтеру машинасының

бөлек элементтерін бөлу. Бөлу жұмыстары көтергіш машинаның бас

белдігімен оқпанның осінің қиылысқан жеріндегі М¢ нүктесін жобадан жер

бетіндегі орынына көшіруден басталады. Осы мақсатпен оқпанның осінің

бағытымен l = L- s (49а-сурет) қашықтығын бөледі де М¢ нүктесін

уақытша белгімен бекітеді. М¢ нүктесіне теодолит орнатып, оқпанның

осінің бағытынан екі жағына 90° тік бұрыштар салып, көтеру машинасының

бас белдігінің осін бөліп, ғимараттың екі жағында М1, М2, М3, М4

пункттерімен бекітеді.

49-сурет. Көтеру осін жəне көтергіш машинаның бас белдігінің

осін бөлу схемасы

Машина ғимаратының іргетасын жобадан құрылыс алаңына көшіру,

бөлу жұмыстары оқпанның остерінен орындалады. Көтеру машинасының

ғимаратының қабырғалары жер бетінен 1,0 – 1,5 м биіктікке көтерілгеннен

кейін, оқпанның остерін ғимарат ішіне көшіріп, бөліп, қабырғаларына

бекітеді. Ғимараттың ішіндегі бөлу жұмыстары теодолиттің көмегімен

орындалады. Теодолитті оқпанның остік нүктелеріне орнатып, аспаптың

көздеу дүрбісінің (вертикаль дөңгелегінің) екі жағдайында, ғимараттың

қабырғаларына алдын-ала орнатылған бұрыштық темірден дайындалған,

пішіні тұтқаға ұқсас (П ұқсас) қапсырмада кертпелер жасап, остік нүктелерді

белгілейді.

Оқпан остерін жобадан жер бетіндегі орынына көшіріп бөлгенде

көтергіш қондырғының көтеру осін жер бетінде бекітпейді. Сондықтан

оларды көтергіш машинаның ғимаратының ішінде бөлу оқпан остерінен

орындалады. Оқпан ішіне көшірілген оқпан остерінен, жобаға сəйкес lП

қашықтығын өлшеп, А жəне В нүктелерін тауып, көтеру осін белгілейді.

Көтеру осінің көтеру машинасының бас белдігінің осімен қиылысқан

жеріндегі М нүктесі көтеру машинасының центрі ретінде қабылдайды (49б-

сурет).

Ғимараттың қабырғаларына орнатылған көтергіш машинасының остік

белгілерінің конструкциясы, олардың арасында, келешектегі көтергіш

машинаны монтаждау, бөлу жұмыстарында пайдаланылатын, тіктеуіштер

ілуге қажет, сымдар тартуға мүмкіндік беруі керек.

Ғимараттың қабырғалары жобалық биіктігіне толық көтерілгеннен

кейін, оның төбесінің астынан 0,5 – 1,0 м төменде орнатылған остік

белгілерге (қапсырмаларға), теодолитпен, немесе тіктеуіштің көмегімен

көтеру машинасының остері көшіріледі. Осы жұмыстармен қатар ғимараттың

қабырғасына биіктік репері орнатылып, оның мемлекет жүйесіндегі биіктігі

анықталады.

Егер көтеру остері мен көтергіш машинаның бас белдігінің осін

құрылысы біткен ғимараттың ішінде бөлу керек болса, онда ғимараттың

қабырғаларында ойықтар жасап, оқпан остерінен тура көздеп, немесе оқпан

остерінен 2 – 3 – 1 – D теодолиттік жүрісімен, жобада гимарат ішіндегі

көтеру осінде орналасқан Д нүктесінің жер бетіндегі орынын анықтап, одан

теодолитпен А – Б – В¢ - Г¢ нүктелерін бөледі. В¢ жəне Г¢ нүктелерінен l¢ = L¢

- L қашықтығының мөлшерінде В жəне Г нүктелерін белгілейді.

D нүктесінің координаталары, жобадан алынған көтергіш

қондырғының центрінің координаталарынан, көтеру осінің дирекциондық

бұрышынан, көтергіш қондырғының центрінен D нүктесіне дейінгі L¢

қашықтықтан анықталады.

Көтергіш машинаның іргетасын толық бөлу жұмыстарын

құрылысшылар орындайды.

Көтергіш машинасын орындау кезіндегі маркшейдерлік бақылау

жұмыстары:

1. Көтергіш машинаның іргетасының құрылысы біткеннен кейін

іргетастың мөлшерлерін, көтергіш машинаның барабанына арналған

64

қазаншұңқырдың мөлшерлерін, көтергіш машинаны іргетасына бекітетін

анкерлік болттарын орнататын шұңқырларының арақашықтықтарын жəне

іргетастың бөліктерінің биіктіктері тексеріледі. Тексеру нəтижелерін

жобамен салыстырады.

2. Көтергіш қондырғының негізгі рамасының жағдайын тексереді.

Нивелирлеудің нəтижесінде раманың бұрыштарының биіктіктері анықталып,

горизонтальдігі тексеріледі. Бұрыштарының биікайырымдары ±15 мм

аспауы керек. Раманың нақты биіктігінің жобалық биіктігінен

айырмашылығы ±0,1 м аспауы керек.

Раманың пландық жағдайы көтеру осі мен көтеру машинасының бас

белдігінің осіне байланысты тексеріледі. Ол үшін көтеру осінің бойымен А

жəне Б нүктелерінің арасына жіңішке сым тартып, оған тіктеуіштер іледі

(50-сурет). Рамадағы бұрын белгіленген а жəне б нүктелерінің створы А

жəне Б нүктелерінің арасына тартылған сымнан түсірілген тіктеуіштердің

створымен түйісуі керек. Осылайша раманың жағдайын көтергіш

машинаның бас белдігінің бойымен тартылған сымнан түсірілген

тіктеуіштермен тексереді.__

50-сурет. Көтергіш машинаның рамасын орнатуды бақылау

3. Көтергіш машинаның бас белдігін орнатылу дұрыстығын, оның

пландық жəне биіктік орналасуын тексеру арқылы анықтайды. Ол үшін

белдіктің осінің бойымен тартылған сымның екі жағына, белдіктің үшінің

тұсына екі тіктеуіштен іледі. Тіктеуіштердің створы белдікті дайындау

кезіндегі оның екі жағында дайындалған шұңқырлармен бір сызықтың

бойында (створында) жатуы керек