- •3.Шахта салу кезіндегі маркшейдердің міндеттері.
- •4. Шахта салу кезіндегі жобалау құжаттары.
- •5.Жобадағы құрылыс элементтерін жер бетіндегі орнына көшіру.
- •6. Бөлу жұмыстары туралы жалпы мәлімет.
- •7.Горизонталь жазықтықта жеке нүктелерді бөлу тәсілдері.
- •13.15 Горизонталь жобалаудағы бөлу жұмыстары. Жалпы ескертулер.
- •9. Жобалық бұрыштарды жергілікті жерге көшіру.
- •10. Жобалық арақашықтықтарды жергілікті жерге көшіру.
- •11.Бөлу элементтерін көшіру.
- •12. Бұрыштар мен арақашықтықтарды жергілікті жерге көшіруге дайындау үшін алдын ала есептеулер.
- •16. Ғимараттар өстерін бөлу.
- •17. Ғимараттардың көлденең өстерін трассалау.
- •37 Көтергіш қондырғының машинасын орнатқандағы бөлу және бақылау жұмыстары.
- •38. Шахта көтергіш қондырғысының құрылысын қамтамасыз ететін маркшейдерлік жұмыстар.
- •40. Тік оқпанды үңгілеуд, бекіту кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар.
- •48. Оқпан айналасындағы қазбаларды қазудағы маркшейдерлік жұмыстар. Алдын ала ескертулер
- •55. . Шахтаны пайдалануға бергендегі маркшейдерлік құжаттар.
- •56. Құжаттарға қойылатын талаптар.
- •58. Метрополитен тұрғызу кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар
7.Горизонталь жазықтықта жеке нүктелерді бөлу тәсілдері.
Өндіріс алаңдарын салатын жерді тегістеу кезінде мынадай бөлу жұмыстары орындалады: 1) өндіріс алаңын шектеу және бұрыштық нүктелерін бекіту; 2) құрылыс шаршы торларының орнын белгілеу және бекіту; 3) құрылыс торларының бұрыштарындағы нүктелердің биіктігін анықтау Н; 4) жобалау жазықтығының биіктігін таңдау Н0 ; 5) жұмыс торларының биіктігін анықтау; 6) қазу, аршу жұмыстарының көлемін анықтау; 7) тегістеу жұмыстарының түсірмелерін салу.
Алаң контуры техникалық жобаға сәйкес бөлініп, алаңның негізгі өлшемдері көрсетіледі. Контурдың бұрыштық нүктелерін белгілеп алғаннан кейін, оларды тұрақты нүктелермен бекітіп, шаршы торлар бөлінеді.
Нүктелер жүйелері жер бедеріне алаң құрылысының салыну жиілігіне байланысты қаланады. Көбінесе қабырғалардың ұзындығы 10-40 м болатын квадратты немесе төртбұрышты торлар құрылады. Жобалау кезінде және қазу жұмыстары соңында жоғалған тор нүктелерін қайта қалпына келтіру үшін, алаң контурынан тыс жерде тордың шеткі нүктелерін орналастырады.
Тор нүктелерінің нөмірі және жұмыс биіктігі жазылып, ағаш қазықшалармен бекітіледі. Тор қабырғаларын оқпан осінің бағытымен бағдарлайды.
Тор
нүктелерінің биіктік белгісін Н,
нивелирмен анықтайды немесе масштабы
1
1000,
1
2000,
рельеф қимасы 0,5 сайын жобалау сызбаларын
алады.
8. Жоба сызбаларынан бұрыштық, ұзынбойлық элементтерді анықтау.
Жобалық сызбаларды тексеру. Жұмыс басталар алдында құрылыс ұйымына техникалық және жобалық құжаттамалар жиынтығы тапсырылады.
Техникалық құжаттамалар құрамына мыналар кіреді: шахта құрылысы учаскелерінің жер бетілік жоспарлары; жер бетіндегі маркшейдерлік тірек торларының пункттерінің орналасу жоспары; толық геологиялық барлау материалдары; жер және кениеліктерінің сызбасы.
Жобалық графикалық құжаттамада құрылыстың бас жоспарының сызбалары; тік тілікті шахта алабын негізгі қазбалары бойынша ашу сызбасы; кен жұмыстары дамуының жобалық сызбалары; шахта үстілік технологиялық кешен, ғимараттары мен құрылыстарының,инженерлік коммуникациялардың, шахта оқпандарын үңгілеу мен арқаулаудың, оқпан айналасындаға қазбалар мен камераларының жұмыс сызбалары; сондай- ақ бөлу торабының жобасы көрсетілген.
Құрылыс объектісінің геометриялық элементтерін натураға көшіруге керекті мәліметтер жобаның жұмыс сызбасында болады, сондықтан жұмыс сызбаларын білуге және оның сандық мәліметтерін тексерудің маңызы зор. Сандық мәліметтерді тексерудің тәсілдерінің бірі жобалық полигондарды жасау болып табылады.
Мысалы
оқпан айналасындағы қазбаларды тексеруде
(1,а сурет), қазбалардың түзусызықты
учаскелерінің осьтерінің соңында 1, 2,
....6 полигон нүктелерін белгілейді;қисықсызықты
шекаралық радиусы немесе центрі О1,
О2,
О3,
дөңгелек қисықтары центр бұрыштары
учаскесінің шекаралық радиустарымен
өтеді, яғни О1,
О2,
О3
дөңгелекті
қисықтар
1,
2,
3,
центрлік
бұрыштарымен тұйық полигонға жатады.1(хі
=
0; уі
=
0 ) центр нүктесі және
дирекциондық
бұрышы арқылы шартты координаталар
жүйесі таңдалады. Шекаралық радиустар,
қазбалардың түзусызықты учаскесінің
осіне перпендикуляр болса, полигон
пункттері үшін сол жақтағы горизонталь
бұрышы
есептеледі. Горизонталь бұрыштар және
олардың координаталары есептеу ведомісіне
жазылады. Бұл жағдайда келесі шарттар
орындалуы тиіс
сыртқы бұрыштар үшін
ішкі бұрыштар үшін
Егер
жобаны тексерумен қатар, қазбалар осін
натураға көшіретін бастапқы деректер
дайындалса, дөңгелек қисықтардың орнына,
қазбалар осінің қисықсызықты учаскелерінде
салынған хорда ұштарын енгізеді (27в
сурет) Хорда санын анықтау үшін хордаға
түсірілетін
орталық бұрышының ең үлкен мәні
есептеледі,
мұндағы в- қазбаның ені; R- қисықтың радиусы.
,
бүтін сан болатындай етіп
бұрышын кіші мәнге жуықтайды.
Қисықтың
бастапқы және соңғы нүктедегі ішкі
бұрыштарын
,
және қисықтың аралық бұрыштары
бұрыштарын келесі формуламен есептейді
1-сурет. Оқпан айналасындағы қазбалар учаскесінің жобалық полигоны (а), және қазбалардың қисықсызықты учаскелеріндегі жобалық полигонның элементтері (в)
Хорданың ұзындығын (қабырғаларын) мына формуламен есептейді
Бұл жағдайда жобалық полигонды шахтада қабылдаған координаталар жүйесі арқылы есептейді.
Кен қабырғаларының сызбасын оқыған кезде, қазбалардың қима өлшемдерін және қазбаларға орналастыратын жабдықтардың габариттеріне, бекітпе қабырғаларының ауытқуын және жабдықтардың нормативтік құжаттармен тағайындалған мөлшерлерінің ауытқуына ерекше назар аударылады.
Өлшемдер мен биіктіктердің жобалық сызбаларға сәйкес келмеуін бас маркшейдер жазба түрінде құрылыс мекемесінің басқармасына хабарлайды, соңғысы тапсырыс беруші және жобалау ұжымдарына, жобаға жөндеу енгізу және корректілеуді талап етеді.
