- •3.Шахта салу кезіндегі маркшейдердің міндеттері.
- •4. Шахта салу кезіндегі жобалау құжаттары.
- •5.Жобадағы құрылыс элементтерін жер бетіндегі орнына көшіру.
- •6. Бөлу жұмыстары туралы жалпы мәлімет.
- •7.Горизонталь жазықтықта жеке нүктелерді бөлу тәсілдері.
- •13.15 Горизонталь жобалаудағы бөлу жұмыстары. Жалпы ескертулер.
- •9. Жобалық бұрыштарды жергілікті жерге көшіру.
- •10. Жобалық арақашықтықтарды жергілікті жерге көшіру.
- •11.Бөлу элементтерін көшіру.
- •12. Бұрыштар мен арақашықтықтарды жергілікті жерге көшіруге дайындау үшін алдын ала есептеулер.
- •16. Ғимараттар өстерін бөлу.
- •17. Ғимараттардың көлденең өстерін трассалау.
- •37 Көтергіш қондырғының машинасын орнатқандағы бөлу және бақылау жұмыстары.
- •38. Шахта көтергіш қондырғысының құрылысын қамтамасыз ететін маркшейдерлік жұмыстар.
- •40. Тік оқпанды үңгілеуд, бекіту кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар.
- •48. Оқпан айналасындағы қазбаларды қазудағы маркшейдерлік жұмыстар. Алдын ала ескертулер
- •55. . Шахтаны пайдалануға бергендегі маркшейдерлік құжаттар.
- •56. Құжаттарға қойылатын талаптар.
- •58. Метрополитен тұрғызу кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар
40. Тік оқпанды үңгілеуд, бекіту кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар.
Шахтаның тік оқпаны, көлік және ашу қазбалары үшін маңызды қазба болып келеді. Оқпанды үңгілеу қажеттілігі үшін, даярлау кезінде уақытша және тұрақты ғимараттар тұрғызылады; оқпан аузы және технологиялық бөліктері салынады; оқпанды қосымша үңгілеу жабдықтарымен қамтамасыз етеді. Оқпанды орнатудың алғашқы негізі кезеңінде мынадай жұмыстар жасалады: оқпанды үңгілеу және қабырғаларын бекіту; оқпаналбарлық қазбалар тоғысын және оқпандық қазбаларды үңгілеу; арқаулау дайындығы және оқпанды арқаулау (армирование). Оқпанды тереңдету жұмыстардың екінші кезеңіне жатады.
Тұрақты копер түрлеріне байланысты оқпан аузының бөлігін, ашық қазаншұңқырмен немесе ортақ ашық қазаншұңқырда мұнаралы копер іргетасы 8 м тереңдікке дейін үңгіленеді. Оқпан үңгілеудің технологиялық учаскесін тереңдетуде, негізгі үңгілеу жабдықтарын орналастыру шарттары ескеріледі; біріккен схема және тиегіш машиналар жүргізілуі механикаландырылған болса, үңгілеу 30 м кем болмауы тиіс, параллель қалқалы схемада 70 м тереңдетіледі.
Оқпан қимасы дөңгелек болса, үңгілеу жұмыстары біріккен технологиялық схема бойынша жүргізіледі, бұл жағдайда жыныстар бұзылуы бұрғыатпалық тәсілмен жарылады және тиегіш машиналарға жиналып, қабырғалары монолитбетонмен бекітіледі, жылжымалы кенжар қалыптамасын қолдана отырып, бетон жоғарыдан бетон жүру құбырлары арқылы беріледі. Кейбір кезде параллель –қалқа схемасы, немесе ағаш тәжді(венцовая) бекітпе қолдана отырып, төртбұрышты қималы оқпан үңгіленеді(тұрақты, қатты жыныс).
Көбінесе комбайнды үңгілеу тәсілі кеңінен таралуда. Оқпанды үңгілеу арнайы тәсілдері мынадай: кессонды, түсірмелі құдық тәсілі, жынысты тығындау (тампонаж), жынысты мұздату, бұрғылау. Алғашқы екі тәсіл, оқпанды таяз үңгілеуде, көбінесе коллекторлық немесе көлік тоннельдерін жүргізуде қолданады. Оқпанның вертикаль қалпын тіктеуіштердің көмегімен, лазерді проекторлар, құдық негізінде бекітілген маркаларды нивелирлеу арқылы бақылайды. Көмір кенорындарында, көбінесе суөткізгіш жарықшақтық массивтерде, терең шахта оқпандарын үңгілеуді дайындау кезінде жынысты тығындау (тампонаж пород) тәсілі кеңінен қолданылады. Ол үшін жер бетінен немесе оқпан забойынан бұрғыланған ұңғыма арқылы цемент ерітінділері қысыммен айдалады. Бұл кезде мынадай маркшейдерлік жұмыстар жасалады: бөлу пункттерінен немесе оқпан осінен ұңғымаларды жергілікті жерге көшіру, бұрғылау жабдықтарының жағдайларын байқап отыру, бұрғыланған ұңғымалардың инклинометрлік түсірмесін орындау.
Жыныстарды мұздату тәсілімен оқпанды үңгілеуде, жер бетінен ұңғыма бұрғыланады, олардың айналасындағы жыныстарды салқындату үшін шеген құбырларымен бекітіп,мұздатқыш колонналар арқылы хладоген қысыммен айдалады. Мұздыжыныс қоршауы қорғанысы көмегімен оқпан үңгіленіп, жыныс ауамен қопарылады және темірбетон немесе шойын тюбингтермен бекітіледі, кейіннен бекіту кемістігі тығындалады. Негізгі маркшейдерлік жұмыстар мұздату ұңғымаларын инклинометрлік түсіру болып келеді.
Шахта оқпандарын бұрғы қондырғыларымен үңгілеуде, жынысты бұзу және жер үстіне жеткізу, негізгі соңғы технологиялық процесстері механикаландырылған. Сулану немесе жыныс бекемділігіне байланысты, тегіс немесе жынысөзек (керн) бұрғылау құрылғыларымен оқпанды үңгілейді Оқпан қабырғаларын құлаудан сақтандыру және бұрғылау шайындыларын жер үстіне тасымалдау үшін, жуу ерітінділерімен толтырылған оқпанда, бұрғылау қондырғыларымен жұмыс жасайды. Жынысты бұзу шарошкалармен жабдықталған бұрғылау снарядымен жасалады. Оқпанға снарядты бұрғылау колоннасымен түсіреді. Роторлық бұрғылау қондырғыларында снаряд айналуы жер бетінде орнатылған ротордан бұрғылау колоннасы арқылы беріледі. Реактивті-турбинді бұрғылау қондырғысының снаряды, жер бетінен қатты қысыммен колоннаға соплодан берілетін шайма сұйықтары арқылы айналады.
41. Оқпанның бірінші бөлімін үңгілеуде, бекітуде өлшем мөлшерлерін бақылау.
42. Оқпанды профильдеу.
43. Оқпанда бекітілген реперлерге белгілерді көшіру.
44. Оқпанды жабдықтау кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар.
45.Кермерлер мен көтергіш қондырғыларды (клеттер мен скиптер)бағдарлайтын бағандарды профильдеу.
46. Тік оқпанды қазудағы маркшейдерлік құжаттар.
47. Көлбеу оқпанды үңгілеудегі маркшейдерлік құжаттар.
