Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МШС finish.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

58. Метрополитен тұрғызу кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар

Метро трассасы бойымен орналасқан жол өңіріндегі ғимараттардың деформациялану прцесстерін бақылау жұмыстары орындалады.

Құрылыс жұмыстары басталудың алдында, ғимараттың іргетасына немесе кірпіш қабырғаларына жер бетінен шамамен 0,5м биіктікте деформацилық реперлер цементпен бекітіледі, жердің шөгуі аймағынан тыс орнатылған бастапқы реперлерден нивелирлеу жүргізіледі. Ғимараттар шөгуінің үдеуіне қарай нивелирлеу жиі жүргізіліп отырады. Нивелирлеу, ғимарат қабырғаларын тексеру және жарықшақтарды қадағалау нәтижелері, ғимарат шөгуінің дәрежесін анықтайды. Сонымен қатар, арнайы белгіленген нүктелер аралығын нивелирлеу, арақашықтықтарды, радиустарды және горизонталь бұрыштарды өлшеу арқылы жер асты ғимараттарының шөгуін қадағалап отырады.

Метро құрылысы прцессінде маркшейдерлік-геодезиялық құжаттар мұқият жүйелендіріліп, сақталады(тірек торының сызылғысы, пункттерді байланыстыру альбомдары, координата және биіктік төбелері, дала журналдары, есептеу журналдары, қалқаны жүргізу және шығыршықтарды түсіру журналдары, реперлер деформациялану ведомісі, кезек кітабы т.б) Метро құрылысы соңында техникалық есеп беру жүргізіліп отырады.

Осымен қатар объектіні тапсыруға және метроны қарқынды пайдалануға қажетті(сызбалар, бойлық тіліктер, көлденең қималаржәне т.б.) жұмыс атқару сызбалары хатталады. Метроның маркшейдерлік қызмет тобы, кен өндірісіндегіден біраз өзгешелігі бар. Метро құрылысының бас маркшейдері мен шағын тобынан басқа, әр шахтада трассаның жеке учаскелерін өңдейтін маркшейдерлік бөлімдер бар. Маркшейдерлік бөлімде: бас меркшейдер, учаскелік маркшейдер (учаскелер санына байланысты), әр жұмыс кезегіне байланысты кезекшілік міндетін атқаратын, бақылау және бөлу өлшеулерін орындайтын кезекші маркшейдерлері. Тірек торларын орнату жұмыстарын шахта маркшейдерлері орындайды, өлшеуде жіберілген қателіктерді және есептеулерді уақытымен тексеру үшін, тәуелсіз тексеру ретінде-басқарма маркшейдерлері орындайды.

Жобаны натураға көшіру, түйіспелер, негізгі маркшейдерлік өлшеулер мен бөлу жұмыстарының дәлдігі метрода шамамен 5-10 есе жоғары.

.