- •3.Шахта салу кезіндегі маркшейдердің міндеттері.
- •4. Шахта салу кезіндегі жобалау құжаттары.
- •5.Жобадағы құрылыс элементтерін жер бетіндегі орнына көшіру.
- •6. Бөлу жұмыстары туралы жалпы мәлімет.
- •7.Горизонталь жазықтықта жеке нүктелерді бөлу тәсілдері.
- •13.15 Горизонталь жобалаудағы бөлу жұмыстары. Жалпы ескертулер.
- •9. Жобалық бұрыштарды жергілікті жерге көшіру.
- •10. Жобалық арақашықтықтарды жергілікті жерге көшіру.
- •11.Бөлу элементтерін көшіру.
- •12. Бұрыштар мен арақашықтықтарды жергілікті жерге көшіруге дайындау үшін алдын ала есептеулер.
- •16. Ғимараттар өстерін бөлу.
- •17. Ғимараттардың көлденең өстерін трассалау.
- •37 Көтергіш қондырғының машинасын орнатқандағы бөлу және бақылау жұмыстары.
- •38. Шахта көтергіш қондырғысының құрылысын қамтамасыз ететін маркшейдерлік жұмыстар.
- •40. Тік оқпанды үңгілеуд, бекіту кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар.
- •48. Оқпан айналасындағы қазбаларды қазудағы маркшейдерлік жұмыстар. Алдын ала ескертулер
- •55. . Шахтаны пайдалануға бергендегі маркшейдерлік құжаттар.
- •56. Құжаттарға қойылатын талаптар.
- •58. Метрополитен тұрғызу кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар
5.Жобадағы құрылыс элементтерін жер бетіндегі орнына көшіру.
Жоба сызбаларында көшіру жұмыстарының бұрыштық жəне
сызықтық элементтерін анықтап алғаннан кейін, оларды жер бетіндегі
орындарына көшіру, бөлу жұмыстары орындалады.
Көшіру, бөлу жұмыстарының пландық жəне биіктік негіздері ретінде,
шахта алаңындағы маркшейдерлік тірек жүйелернің пункттері мен реперлері,
шахта оқпандарының жəне сызықтық құрылымдардың трассаларының
осьтері пайдаланылады.
Құрылыс аймағында көшіру, бөлу жұмыстарының геодезиялық-
маркшейдерлік тірек жүйесі, шахта оқпандарының осьтері, сызықтық
құрылымдардың трассалары құрылыс ұжымының мамандарымен, немесе
оның тапсыруымен арнайы мамандандырылған ұжымдармен құрылады жəне
құрылыс жұмыстарын жүргізетін бас мердігершіге (подрядчик-көтеріп
алушы, мердігер, мердігерші) акт бойынша тапсырылады.
Ғимараттардың, құрылымдардың жəне технологиялық жабдықтардың
осьтерін көшіру, монтаждау (құрастыру) торларын құру, жер астындағы
қазбаларға бағыт беру - құрылыс мекемесінің маркшейдерлік бөлімінің
міндеті. Құрылыс объектілерінің геометриялық элементтерін жер бетіндегі
орынына көшіруге дайындау, тапсырма берушінің қолы қойылған,
«Жұмыстарды орындауға» деген жобалау сызбалары арқылы орындалады.
11
Дайындалған көшіру, бөлу торабы, құрылыстардың жəне
ғимараттардың негізгі осьтерін, геометриялық элементтерін көшіру, бөлу
жұмыстарының жеңіл оңай (створлық сызықтық жанасу, бұрыштық жəне
сызықтық қиылысу, тікбұрышты жəне полярлық координаталар) тəсілдерін
пайдалануға мүмкіндік береді
6. Бөлу жұмыстары туралы жалпы мәлімет.
Бөлу жұмыстары Жоспарлау және биіктік негіздеулерінің бөлу жұмыстары, шахта алаңының маркшейдерлік тірек торлары мен пункттері және шахта оқпандары, трасса бойындағы ғимараттармен көрсетілген.
Бөлу торабы, шахта оқпандарының осьтері, трасса бойындағы ғимараттар жергілікті жерде тапсырыс ұжымымен немесе оның тапсыруымен арнайы мамандандырылған ұжымдармен бекітіледі және құрылыс жұмыстарын жүргізетін бас мердігершіге акт бойынша тапсырылады.
Ғимарат осьтері құрылыс және технологиялық жабдықтарды көшіру, құрастыру торларын тұрғызу, жер асты қазбаларына бағыт беруді құрылыс мекемесінің маркшейдерлік бөлімі орындайды. Құрылыс объектілерінің геометриялық элементтерін натураға көшіруге дайындау тапсырыс берушінің қолы қойылған «Өндіріс жұмыстарына»(«К производству работ») деген жобалау сызбалары арқылы орындалады.
Бөлу торабының қолдағысы, құрылыстардың және ғимараттардың негізгі осьтерін бөлу жұмыстарының оңай тәсілдерін, аталғандай үштік сызықтық кертпе, тікбұрышты координаталар және полярлық координаталар тәсілдерін қолдануды жеңілдетеді.
Үштік сызықтық кертпе тәсілі, объектінің осіндегі С нүктесінің орны, бөлу осінің АВ қабырғаларымен қиылысқан жерімен анықталады (2,а сурет). АВ үштігімен S арақашықтығы салынады.
2- сурет. Бөлу тәсілдері
Анықталатын
С
нүктесін
тікбұрышты координаталар тәсілімен
екі
кезеңде салады. (сурет 2 б) Алдымен Е
нүктесі анықталады, теодолитті осы
нүктеге орнатып,
қа
тең
бұрышы
және S2арақашықтығы
салынып, С
нүктесі анықталады. Бөлу кезінде бастапқы
берілген шамаларды дайындау үшін, бұл
өте қолайлы тәсіл.
Егер бөлу торабы салынған С нүктесінің координатасы шартты жүйеде белгілі болса, S, S1, S2 бөлу элементтерін белгілі А және анықталатын С нүктелерінің арақашықтық айырмасы түрінде алуға болады. Өндіріс алаңының басты осі ретінде өте жиі бас оқпанның осі қабылданады.
