- •3.Шахта салу кезіндегі маркшейдердің міндеттері.
- •4. Шахта салу кезіндегі жобалау құжаттары.
- •5.Жобадағы құрылыс элементтерін жер бетіндегі орнына көшіру.
- •6. Бөлу жұмыстары туралы жалпы мәлімет.
- •7.Горизонталь жазықтықта жеке нүктелерді бөлу тәсілдері.
- •13.15 Горизонталь жобалаудағы бөлу жұмыстары. Жалпы ескертулер.
- •9. Жобалық бұрыштарды жергілікті жерге көшіру.
- •10. Жобалық арақашықтықтарды жергілікті жерге көшіру.
- •11.Бөлу элементтерін көшіру.
- •12. Бұрыштар мен арақашықтықтарды жергілікті жерге көшіруге дайындау үшін алдын ала есептеулер.
- •16. Ғимараттар өстерін бөлу.
- •17. Ғимараттардың көлденең өстерін трассалау.
- •37 Көтергіш қондырғының машинасын орнатқандағы бөлу және бақылау жұмыстары.
- •38. Шахта көтергіш қондырғысының құрылысын қамтамасыз ететін маркшейдерлік жұмыстар.
- •40. Тік оқпанды үңгілеуд, бекіту кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар.
- •48. Оқпан айналасындағы қазбаларды қазудағы маркшейдерлік жұмыстар. Алдын ала ескертулер
- •55. . Шахтаны пайдалануға бергендегі маркшейдерлік құжаттар.
- •56. Құжаттарға қойылатын талаптар.
- •58. Метрополитен тұрғызу кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар
38. Шахта көтергіш қондырғысының құрылысын қамтамасыз ететін маркшейдерлік жұмыстар.
Шахтаның көтергіш қондырғысын маркшейдерлік бақылау шахта
құрылысы біткеннен кейін жəне шахтаның жұмыс кезінде жылына бір рет
мерзімді уақытында орындалады.
Көтергіш қондырғының геометриялық элементтерінің жағдайын
бақылау, жобамен салыстыру жəне ауытқуларын тиісті мүмкін шамалармен
салыстыру, қажет болса түзету, шахта көтергіш қондырғысының жұмыс істеу
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Шахта көтергіш қондырғысының геометриялық элементтерін
маркшейдерлік бақылау жұмыстары, жер бетінде бекітілген оқпан остерінің
реперлерінен, немесе, геометриялық элементтерді оқпан осінің реперлерінен
тəуелсіз түсірістермен де бақылауға болады. Бірінші жағдайдада, екінші
жағдайдада бақылау кезінде копердің алаңдарының биіктіктерін, көтергіш
машинаның жəне шкивтердің элементтерін анықтайды, шкив орнатылған
алаңға көтеру осін көшіреді, көтеру ыдыстарын бағдарлайтын бағандар мен
көтеру ыдыстары ілінген арқандарды түсіреді, көтергіш машинаның
ғимаратында көтергіш машинаның элементтерін түсіреді, көтергіш
машинаның барабанындағы арқандардың орналасу зоналарын анықтайды
жəне көтергіш машинаның бас белдігінің горизонтальдігін тексереді.
Жоғарыдағы бақылау өлшеулерінің нəтижесінде көтергіш
қондырғының көтеру осінің нақты жағдайы анықталып, көтергіш машинаның
барабандары мен шкивтердегі девиация бұрыштары анықталады.
Көтергіш қондырғының геометриялық элементтерінің өзара орналасу
жағдайын тексеру үшін көтергіш машинадан оқпанға Г-С-В-D теодолиттік
жүрісі жəне шкив алаңына көздеуге мүмкіндік жасайтындай, шамамен көтеру
осінде А нүктесін белгілеп Г-С-В-А жүрісі орындалады.
Көтергші машинаның ғимаратының ішінде, көтергіш машинаның
барабанының бір жағының шетінде Г нүктесі орнатылады да створында, С
нүктесі белгіленеді (55-сурет).
Көтергіш қондырғының көтеру осінің жағдайы Г нүктесінің көмегімен
анықталады. Г нүктесі көтергіш машинасының барабанының шетіне
69
орнатылады. Барабанды 180° айналдырғанда Г нүктесі Г1 нүктесінің
орынына келеді, яғни ГГ1 сызығы машинаның бас белдігіне перпендикуляр,
көтеру осіне параллель болады.
Оқпанға жақын D нүктесінің орнын, оқпанның қимасын, көтеру
арқандарын жəне оқпан жабдықтарын түсіруге мүмкіндік беретіндей етіп
белгілейді (55- сурет)
Шкивтердің жағдайын анықтауға арналған өлшеулерді жүргізу үшін,
шкив алаңында көтеру осіне параллель сызық бекітіледі. Ол үшін ВА1
бұрышының мəні есептеліп, теодолитпен копердің шкив алаңында І мен ІІ
нүктелері белгіленеді.
39. Көп арқаулы көтергіш қондырғының мұнара коперінің құрылысындағы маркшейдерлік жұмыстар.
Көпарқанды көтергіш қондырғыны, шахта оқпанының үстінде
орналасқан, металл каркасты монолитті бетоннан, немесе жиналатын
темірбетоннан арнайы салынған, мұнара коперда орналастырады.
Мұнара копердің құрылысының негізгі элементтері (іргетасы, копердің
қабырғалары, көтергіш машинаның орнатылуы, т. т.) біткеннен кейін жəне
құрылысының əртүрлі кезеңдерінде маркшейдер қажетті көшіру, бөлу,
жұмыстарын, бақылау түсірістерін орындайды жəне орындалған
жұмыстардың құжаттарын дайындайды.
Көп арқанды көтергіш қондырғының коперінің құрылысындағы
маркшейдерлік жұмыстардың мазмұны жəне орындау əдістері, мұнара
копердің конструкциясына жəне тұрғызу тəсіліне байланысты. Егер копер
монолит бетоннан салынатын болса, онда маркшейдерлік жұмыстардың
маңыздысы, копердің қабырғасын тұрғызатын жылжымалы қалыптың
жағдайын бақылау. Ал жиналмалы темірбетоннан құрылатын болса,
айырықша көңіл бөлетін нəрсе, копердің металл каркасының колонналарын
орнату.
Өндірісте көп пайдаланылатын мұнара коперді монолит бетоннан
тұрғызу тəсілін қамтамасыз ететін барлық маркшейдерлік жұмыстар,
құрылыс басталмай тұрып дайындалатын, жұмыс жобасына сəйкес
орындалады. Жобада құрылыстың мерзімі жəне орындалу реті көрсетіледі.
Бөлу жұмыстарына жəне бақылау өлшеулеріне, остік реперлермен бекітілген,
оқпанның остері негіз болады. Пайдаланылар алдында остік реперлердің
жағдайы аспаппен тексеріледі.
Пішіні цилиндр тəрізді мұнара копердің (61-сурет) құрылысының
алдында, құрылыс алаңында, копердің іргетасының қазаншұңқырының
контурын бөледі. Ол үшін оқпанның остерінің жағдайын тексеріп, оларды
қазаншұңқырдың сыртына орнатылған қоршауларға көшіреді.
.
39. Көп арқаулы көтергіш қондырғының мұнара коперінің құрылысындағы маркшейдерлік жұмыстар.
40. Тік
оқпанды үңгілеуд, бекіту кезіндегі
маркшейдерлік жұмыстар.
41. Оқпанның бірінші бөлімін үңгілеуде, бекітуде өлшем мөлшерлерін бақылау.
42. Оқпанды профильдеу.
43. Оқпанда бекітілген реперлерге белгілерді көшіру.
44.
Оқпанды жабдықтау кезіндегі маркшейдерлік
жұмыстар.
45.Кермерлер
мен көтергіш қондырғыларды (клеттер
мен скиптер)бағдарлайтын бағандарды
профильдеу.
46. Тік оқпанды қазудағы маркшейдерлік құжаттар.
47. Көлбеу
оқпанды үңгілеудегі маркшейдерлік
құжаттар.
48.
Оқпан айналасындағы қазбаларды қазудағы
маркшейдерлік жұмыстар. Алдын ала
ескертулер.
49. Оқпан албары қазбаларының табан жазықтығын бөлу.
50.
Оқпаналбары қазбаларын кесу (рассечка)
жұмыстары.
51. Оқпан
албарында оқпан өсін (көтеру өсі) бөлу.
