Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мемуар толық.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
517 Кб
Скачать
☆

40. М.Әуезовтың хаттары туралы айтыңыз.

Хат-өмірге қатынас құралы ретінде енген.хат тарихы жазу тарихымен сабақтас. Хат адам баласының ойының жемісі. Әрбір тарихм кезеңде әлеуметтік әрқилы ойлау деңгейінде болатынын ескерсек соған орай хат жазу мәдениеті қалыптаспақ. Хат жазушы ғалым лабораториясын ашатын кіліт. Хат белгілі бір маселені екінші бір кісіге иа мәселеге хабарлау бағытында жазылады. Оларда белгілі дәрежеде формалылық бірлік болады.уақыт өте келе хат қаламгерлер үшін қатынас құралы ретінде ғана емес рухани қажеттілікке айналды.

1919 жылдың 1 желтоқсанында Семей губерниялық револю­ция­лық комитеті жанынан қазақ бө­лі­мі ашылып, Мұхтар Әуезов соның бір бөлімін басқарды. Жоғалғаны табылып, өшкені жанғандай еді. Енді халық үшін қызмет ететін шақ туды деген ойға келді. Және бұл көзі ашық, сауатты жастардың бәріне ортақ міндет деп есептейді. Осылай Мұхаң «Қазақ оқыр­ман­да­рына ашық хат» жазды. (М.Әуезов шығармалары. 1984. 15 т. 30 б). «Осы күнде не қылса да оқы­ғандардың бәрі де барын салып еңбек қылып, осы өкіметті сендіру керек. Сонымен бүгінгі мекеме атаулыда бос қалып жүрген қа­зақ­тардың мұң-мұқтажын орын­дау керек. Қашып бағудың ешбір себебі жоқ. Совет өкіметі үлкен жазығы бар адамдарды да қа­та­рына кіріп, пайдалы қызметтерді істеймін десе – қумайды. Егер қазақ оқығандары Совет өкі­ме­тінің қабағынан қорқып қашса, айтатын сөзіміз осы: Оқығанның қайсысы болса да азғантай пайда келтіре аларлығы болса, тезірек қалаға келіп қызметке кіруі керек… Қазақтың қамын жейтін оқы­ған болса …бос жүргеннің бәрі келуі керек».(сонда.) Бұл ұлттық патриотизмнің жар­қын көрінісі. Қалай болғанда да оқығандар мемлекеттік қыз­мет­те көп болса, солғұрлым қазақтың, солғұрлым халықтың көзін ашады. Ол жаңа заманда адаспай өз орнын таба білгенін қалайды. Кейін большевиктер партиясының бір мемлекет құру идеясын жүзеге асыра бас­тағанын көрген соң, саяси жұ­мыстан бір жола қол үзеді. Жан күйзелісін жазудың бір ғана жолы бар еді. Ол – қалам, ол – әдебиет. Әде­биет − үлкен әлем. Оған қа­лам­гер бәрін де сыйғыза алады. Ақ қағаз бен сия сауыт Мұхтар Әуе­зовті әдебиеттің шыңына көтерді, ол өз қиял-дүниесінің билеушісі бо­лып, сөз пат­шалығының хакіміне айналды… 1921-1922 жылдар қазақтың басына қара бұлт болып келді. Елді аштық жайлады. Бұл жас Мұх­тардың көзқарасын толықтай қа­лыптастырды. Енді шыдау да, үн­сіз қалу да мүмкін емес еді. Ол қа­зақ қызметкерлері Одағы кеңе­сі­нің мәжілісінде запыран сөзін айтты. «Шындығына көшсек, ашар­шы­лық жайлаған қырдағы елдің қырылғанының жанында, қала­да­ғы аштықтың үрейлі көріністері ойын сияқты әсер етеді. Егерде бұл аудандарды аштықтан құт­қа­ру үшін дәл қазір шұғыл түрде шешуші шара қолданбаса, онда Қа­зақ Республикасы қазақсыз қа­лады». …«Өкімет басында отырған қазақ қызметкерлері, бұл істі дәл сол күйінде қалдырып қоюға бол­майтыны өз алдына, бұл сіздер үшін қылмыс, біз бұл үшін Қазақ елінің алдында, өзіміздің ары­мыз­дың алдында жауаптымыз». (ҚР МОА. 82 қор. 42-іс. 23-24 па­рақ­тар). Мұхтар Әуезов халық траге­дия­сын өз трагедиям деп білді. Ащы шындықты ашық айтады, батыл айтады. Мұндай тақы­рып­ты, әрине, жүрегінің түгі бар, ұлт­жанды адам ғана қозғай алар еді. Міне, осындай жағдаяттар Мұхтар Омарханұлының жанын күйзелтті, мұндай қылмысты көру де, оған ортақтас болу да өліммен пара-пар еді. Сондықтан да Ташкентке ба­рып, Орта Азия университетінің дәрісханасына отырды, бұдан кейін де пайыз таба алмай Ленин­град­тағы университетке ауысып кетті.. Топ жарып шыға келген жас дарынға біреулер қуанып, біреулер кектеніп қарады. Оның үстіне 1922 жылы «Шолпан» жур­налында Мұхтар Әуезовтің «Қа­зақ­тағы қалам қайраткерлеріне» атты ашық хаты жарияланды. Онда жазушы баспасөздің қоғамда алатын орны һәм оқырманға қа­лам­гер қандай материалдар ұсыну қажеттігі туралы бүкпесіз ойын айтады. Әрі ұлттың басындағы жа­ғымсыз әдеттерді сынап мінейді. …«Бұл баспасөздің басылуы, күшейген уақыты деуге болады. Бірақ, қалың қазақтың тілегіне келгенде бұл, саны бар, сапасы жоқ сөздерге ұқсайды. Өте көп, өте қиын жаңа сөздер сөйленіп жатыр. Солардың әдебиет ар­қы­лы бірде-бірі қазақтың миына кеп, рухына сіңді ме? Сіңген жоқ. Себебі, бұл сөздер суықтық қылып отыр. Елдің қышулы жерін та­уып, өзінің керек боларлық орнын білмегендіктен, оқушыны таба алмай отыр. …Біздің осы күнгі бас­па­сөзі­міз­ден арзан сөз жоқ… …Жазушының міндеті: ел неге қызығады, нені көксейді, қандай рухы бар, соны ұғып алу, һәм соған лайықтап сөз жазу. …Қазіргі кейбір баспасөздерде көбіне, қазақтың мақтан­шақ­ты­ғы шығатын болды. … Шығып жатқан газеттер­дің бұндай істерге жамандау мен мақтаудан қолы тимейтін болса, оларға бетіңнен жарылқасын дейік… Таза әдебиетке бір жол салу, бет түзеу де бүгінгі күннің қа­рызы сияқты…» («Шолпан» 1922 ж. №.2,3. А., «Анарыс»  2010ж., 70-71 б.). Мұхтар Әуезовтің бұл хаты биліктегілердің шамбайына тигені анық еді. Ашық ойдан жау іздеу қара шегіркедей қаптап, қоюланып келе жатты.

М.Әуезов, шәкірт кезінде қазақтың көзі ашық зиялыларына арнап хат жазған екен. арада ғасырға жуық уақыт өтті. Бірақ, сол хат, өзінің маңыздылығын әлі жоймаған тәрізді.

ОҚУДАҒЫ ҚҰРБЫЛАРЫма Өзіміз көріп жүрген қандай үлкен нәрсені алсақ, сол үлкенді үлкен қылып тұрған, біраз ғана жиылып шоғырланған алғы кішкене нәрсе. Осы кішкене нәрселер мықты болса, ана үлкендеріміз де мықты болмақ. Ол морт, сынғақ осал болса, әлгі үлкен нәрсе де осал болмақ. Бұл бірді-бірге себеп қылып тізіп, жалғастыра жаратқан жаратушының шебер қолының дүниенің ісіне кіргізген өзгеріссіз жолы. Жә, осыған қарағанда ұлт тізгінін ұстап тұрған оқығандарымыз, солардың істерінің таудай болып үлкейіп, дабырайып көркеймегіне не шарт? Әрине, бірінші – сол оқығандардың бірлік, берекеде болып шоғырланбағы шарт. Екінші – (олардың) істері маңызды, орнықты, табанды болуы үшін әрбір оқығанның ақтығы, екпіні, білімі (шарт). Рас туғаннан білімді, ұлт ісіне екпінді ақжүрек болып туа қоймалық, бірақ, алдыңғы оқыған қамқор ағалар не ойлап, нені істеп, нені арман қылып жүр. Соны біз істемесек те білу, бетін ұғу керек емес пе? Біздің мақсатымыз – мал табу, шен тағу емес, надандық неше батпан (болып), үстіне артылып зілдей қылып жатқан ауыр халқымызды өрге сүйреудің әдісін, тәсілін табуға тырысу керек екенін ұмытуға жөн бе? Қашан да болса адам махаббат, мархамат, ақтыққа жастай шөлдесе, жастай сағынып талпынса сүюге, ұлтшылдыққа, адамшылыққа жеткізбекші емес пе? Бұл жүректің сіңіргіш таза уақытын өткізіп алсақ, үлкейгенде жыласақ та, қалай өзімізді күйінішке жегізсек те әлгі нәрселер келер ме? Осы туралы өзіміз ретті оқып жүрген бір буын құрбыға айтатын аз назымыз бар. Бұл мезгіл халқымызға ақыры тез. Бұдан кейінгі мінез өмір бойы мінез болып қалады емес пе? Осыған қарағанда біздің көбімізде халыққа мінезімен жақсы болмақ түгіл, оқығандар деген атқа кір жұққызатын, жаман мінездер көп. Оның бірі – карта, газет бетіне қарамайтын, қазақ ісінен хабарсыздық, басы кұралмайтын берекесіздік, үзілмейтін маскарад. Жас уақытын мұнымен өткізген жігіттің үлкейгенде отты, қажымайтын отаншыл болуы дүдәмал. Жігіттер! Ендігі уақыт жазғытұрғы күншуақтай жанға жайлы емес пе? Осы рахымды күннің жылуына қызып біз де аз ғана білімімізді, аз ғана қайратымыздың кішкене қызметін адамшылық жолына салып, ақтыққа жұмылайық. Қала-қаладан ұйым ашалық. Халықты түзетуді жол қылайық. Бұрынғы жаман әдетті тастауға тырысалық, әйтпесе болыстық тигізетін інілеріміз жетіп келеді деген алдыңғы ағалардың қуанышын күйінішке айналдырып, «қарғайын десе жалғыз, қарғамайын десе жалмауыз» болып жүрмелік. Онда біздің оқымағанымыз, болмағандығымыз артық. Мұхтар Әуезов. 1917 жыл, 14 қыркүйек «Сарыарқа» газеті