- •7.«Өмір мектебі» романындағы кезең шындығы
- •8.«Көзкөрген» романының пішіндік құрылымының ерекешелігі.
- •9.Мекере Атымовтың «Өмір мектебі» жайында зерттеу мақаласы:
- •13. С.Мұқановтың мемуарлық романындағы жазушы шығармашылығына қажет мәліметтерді атап өтіңіз.
- •14. М.Әуезов туралы естеліктеріндегі «Қарагөз» пьесасының жазылу тарихына қатысты мәліметтерді атап көрсетіңіз.
- •15. Мемуарлық проза үлгілерінің жанрлық сипатына тоқталыңыз.
- •18. Ресей қаламгерлерінің естеліктерін атап өтіңіз.
- •23. Ақын-жазушылардың естеліктеріндегі дерек көздері мен автор дүниетанымы туралы айтыңыз
- •24. Қ.Жұмаділовтың «Таңғажайып дүние» романындағы тарихи өмір шындығын баяндаңыз
- •25.Б.Момышұлының«Ұшқан ұя» романдағы автор тұлғасы
- •26.Мемуарлық шығармалар тарихы
- •27.С.Мұқанов туралы естеліктер.
- •29. «Көзкөрген» мемуарлық романының зерттелу тарихы.
- •34. Эссе жанрының туып қалыптасуы туралы баяндаңыз
- •35. Ә.Нұршайықовтың Автопортрет атты эсселер жинағына тоқталыңыз
- •36. С.Шаймерденовтың Ағалардың алақаны естелік кітабы туралы баяндаңыз
- •40. М.Әуезовтың хаттары туралы айтыңыз.
- •41. М.Мақатаевтің күнделіктеріне тоқталыңыз.
- •45. Қаламгер хаттарының кезеңдік міндеті мен әлеуметтік маңызы туралы баяндаңыз.
- •46. Қазақ эпистолярлық жанрына тоқталыңыз.
- •48. Жазушы мен оқырман хаттарына тоқталыңыз.
- •49. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған хат-өлеңдерге тоқталыңыз
- •50. Жазушының шығармашылық лабороториясындағы қаламгер хаттарының маңызы жайында айтыңыз.
- •55. Хаттар мен күнделіктердің құрылымдық, пішіндік ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •59.Қазіргі қазақ прозасындағы эссе жанрының дәстүрі.
15. Мемуарлық проза үлгілерінің жанрлық сипатына тоқталыңыз.
Қазақ прозасының дамуына тақырыптық-көркемдік тұрғысынан өзіндік үлес қосқан шығармалардың бір шоғыры мемуарлық-өмірбаяндық романдар болып табылады. Олардың басым көпшілігі әр жылдары әдебиеттану назарына ілігіп , тиісті бағаларын да алып келеді. Тәуелсіздік жылдары жарық көреген мұндай шығармалар өмірбаяндық романдардың қалыптасқан дәстүрін одан арман дамыта түсті деуге болады.Кеңес дәуірінде жазылған мұндай туындылар ең алдымен автордың өзі көрген тарихи оқиғаларды көркемдік қабылдау сүзгісінен өткізе отырып жеке басынан өткен жайларды қат тқабат әлеуметтік мәселелермен ұштастыра суреттейтін. Қазақ халқының басынан өткен түрлі тауқыметтер мен нәубеттердің астарын терең ашпаса да , тарихта қалған жекелеген көрнекті тұлғалардың бейнелері арқылы өмір шындығын жеткізуді мақсат ететін. Әсіресе қазан төңкерісінің дүмпуімен лап еткен өрттей болып лаулап жөнелген Азамат соғысы , Кеңес өкіметін орнату барысындағы алуан түрлі қиындықтар, жаңа экономикалық саясат , қыр елін отырықшыландыру мен ұжымдастыру мәселелері, асыра сілтеудің зардаптары және т,б оқиғалардың бел ортасында автордың өзі жүреді , немесе шет жағалап болса да куәгерлік міндер атқарып, ой түйіп отырады. Және мұндай шығармалардың мазмұнына тән тағы бір ерекшелңк авторлар өз тағддырын сол қазақ елінің басынан өткен аласапыран оқиғалармен тығыз байланысиырып отырады. Бұл Өмірбаяндық шығармаларда қоғамдық ірі мәселелер сөз болып , халық тағдырына қатысты әлеуметтік кесек тартыстар орын алып жататын.
Ғұмырнамалық шығармаларды таныту. Көркем әдебиет өткеніне қайырылмай, өзінің бүгінгі жеткен биігін өткенмен салыстырмай, қоғамы мен ортасында өткендүбірлі оқиғалар мен тұлғаларды бейнелемей тұра алмайды. Суреткер өзінің көркемдік‑таным қабілетін жұмсай отырып, дәуір рухын, өмір болмысын танытатын шығармалар тудырады.Бұл мәселеде көрнекті орынды ғұмырнамалық шығармалар алады. Әдебиет зерттеушісі Л.Гинзбург: “Естелік, өмірбаяндық әдебиет адам туралы тікелей әңгіме (прямой разговор) жүргізеді” десе, зерттуші С.Розанова: “Тарихи‑әдеби және өмірбаяндық мәліметтерге жанама құжат ретінде қызмет еткен естеліктер, енді сөз өнерінің дербес жанры ретінде, жеке тұлғаны танып‑білуде әдебиеттің өзіне ықпал етеді”,‑дейді.
Қазіргі әдебиетте тарихи тұлғаны таныту, оның өмір кезеңін, айналасы, жеке мінез‑болмысын суреттеуге деген қызығушылық өсуде. Оған себеп – ел болып, еңсеңімізді тіктеп, дербестік алғанан кейінгі кезеде тарихқа қайта үңіліп, бар‑жоғымызды түгендедік, ақтаңдақтар ақиқаты ашылып, көмескі дүниелер айқындалды. Әдебиеттің түрлі жанрларында шынайы адам болмысын жасау өрістеп,әіресе, мемуарлық‑өмірбаяндық, публицистикалық салада белең алды. Ғұмырнамалық шығармалардың алғашқылары Сәкен Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешу”, С.Мұқановтың “Өмір мектебі”, Д.Әбіловтің “Сұлтанмахмұт”, С.Көбеевтің “Орындалған арман”, Ғ.Мұстафиннің “Көз көргендер”, Б.Момышұлының “Ұшқан ұя” романдры. Солардың бірі ‑ өткен ғасырдың төңкерістенок кейінгі кезеңінде туған С.Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешу” романы Қазақстан жеріне төңкерістің келуін алғаш көрсеткен көркем шығарма, даңқты жылдар шежіресі. Осы шығарманың жанры туралы көптеген пікірлер болған. Осы ретте, орыс сыншысы В.Белинскийдің мемуар туралы пікірін келтіре кетейік: “Егер мемуарлар шебер жазылған болса, ол роман өлкесіндегі тағы бір мүмкіндік болып табылар еді. Тарихты дәлме‑дәл көрсету мен ойдан қосылған қиял арасындағы ортақ нәрсе – көркемдеп айта білу. Тарихшыларды суреткерлер деп текке айтпаған. Жазушы деректермен, фактілермен жұмыс істей бастағанда, оларды өнер ету үшін сл фактілерді мүмкін болғанша дұрыс көрсетуге тырысу керек. Ол үшін бір ғана білім аздық етеді. Мұның үстіне фантазия қосылу керек”. Белинский..... С.Мұқанов “Өсу жолдарымыз” еңбегінде: “Тар жол, тайғақ кешу”, “Жолдастар” тағы басқа күрделі романдар жаңа ауыл тақырыбына әлі жазылған жоқ, бұл түр жағынан мемуарлық (естелік) шығармалардың қатарына қосылады” дейді. Әдебиет зертеушісі Е.Ысмайылов: туындыны “мемуарлық шығарма”десе, зерттеуші Б.Кенжебаев: “Қазақстанда кеңес өкіметін орнату жолындағы күрес туралы жазылған очерк” дейді.
С.Сейфуллин шығармасында өзінің бүкіл өмірбаянын қамтымайды, тек бір кезеңде ғана басынан кешкенін баяндайды. Сонымен бірге, өзі тікелей қатыспаған оқиғаларды да суреттейді. Қазақстанда ..жылдары болған бірқатар тарихи оқиғаларды арқау етеді. Создатель қандай оқиғаны болсын тек мемуар (естелік) мақала стилінде емес, көркем шығарма түрінде суреттейді.
Ғкрасным Б.Кенжебаев: “Сәкен шығармасында көркем әдебиеттің типтендіру құралдарымен қабат, публицистикалық құралдар да пайдаланып отырған. Ал, мұның өзі тек очерк жанрыны тән қасиет.Очерк идеяны оқушыға көркем құралдар (образдылық, портрет, сөзді даралау, пейзаж, сюжет пен композиция арқылы және публицистикалық элементтердің, яғни жинақтау, толғау, тарихи параллель, аналогия, цитата, цифр, документтер, газет мақалаларынан үзінділер, партия ұйымдарының шешімдері т.б. көмегімен жеткізеді. Бұл элементтердің қай‑қайсыда “Тар жол, тайғақ кешуде” баршылық”,‑дейді.
Яғни, кітапта публицистика мен көркем сурет қабысып, алма‑кезек келіп отырады. С.Мұқанов өзінің “Өсу жолдарымыз” еңбегінде: “Тар жол, тайғақ кешу” бір жағынан тарих, екінші жағынан саяси оқулық, үшінші жағынан көркем шығарма”,‑дейді. Со сияқты әдебиет зерттеушісі Б.Шалабаев: “Көптеген тарихи деректер шығармада дескать келтірілген. Мұнда жеті жүзге жуық кейіпкер бар. Оқырман мұнда сол жылдардағы партиялар арасында болған қиян‑кескі күрестің құнды мағлұматтарын, Қазақстанның ішкі жағдайының сипаттамасын кездестіреді”‑ дейді.
11 сыныпта осы романды өтерде, Т.Кәкішевтің “Қызыл сұңқарлар” әдеби‑тарихи очеркін, 1972 жылы “Тамаша адамдар өмірі” сериясынан шыққан “Сәкен Сейфуллин” ғұмырнамасын, 1976 жылы “Өнегелі өмір” сериясынан шыққан “Сәкен Сейфуллин” ғұмырнамасын, 1999 жылы жарық көрген “Мағжан мен Сәкен” ғылыми эсселерін пайдалануға болады.
Романды 1916-1919 жылдардағы қазақ өмірінің энциклопедиясы деуге болады. Мұнда көптеген тарихи тұлғалар бар. Олар: Әліби Жанкелдин, Амангелді Иманов, Сабыр Шарипов, Тоқаш Бокин, Әбдірахман Әйтиев, Нығмет Нұрмақов т.б. Ромада создатель сол кезең шындығын, әлеуметтік‑саяси жағдайды, төңкерісшілердің айдаудағы ауыр өмірі суреттеледі. Мәселен, романда тұтқын революционерлердің “азап вагонындағы” жағдайы былайша суреттеледі: “Қып‑қызыл болып қызған пештің айналасында қыздырынып, қайнаған суды ішіп отырмыз. Вагонның саңылауларынан кірген қыраулар еріп су болып ағады. Вагонның кей жеріндегі темірлерге аппақ қырау тұрды. Тыс қатты аяз. Сібірдің кәдімгі шытырлақ аязы. Вагонның халі нашар. Қырау, мұз, дым, су, ызғар, уілдеген суық. Пешке от жақсақ, қайнап, ысып кетеді. Тұс‑тұстан су ағады. Пеш сөнсе, айнала қырау, мұз қатады. Ызғарлы суық аңырайды. Вагонның қасында түрме ұжмақ тәрізді. Вагон тозақ”.
1918 жылдың маусымынан 1919 жылғы 5 қаңтарға дейін совдепшілер Ақмола Бұл өмірбаяндық роман қазақ халқының тарихындағы өзгеріс кезеңін сипаттаған туынды.
Т.Кәкішев: “Қазақ әдебиетінде ғұмырнамалық дәстүрдің қалыптасуын айтқанда, Сәбит Мұқановтың “Өмір мектебі” трилогиясын айырықша атаймыз. Бұл шығарма М.Горькийден тарамдалған көркемдік ерекшеліктерді өнерпаздық жолмен игерудің айғағы. Өмір шындықтарының қастерленуі жағынан алғанда Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі сұсты да жалынды жылдардың бейнесін айна‑қатесіз көркем полотноға түсіріп, қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін баяндаған эпопеялық сипаты бар шығарма”, деген.
Роман тілінде көркем бейнелеу, тамылжыған табиғат суреті де дескать. Мәселен, шығарманың “Әупілдек” бөлімінде мынадай үзінді бар: “Төңірек ылғи бір белес, ылди, ойпаң. Тұтасқан қап‑қара көк. Қалың көк шөп, көк шалғын тұтасып, жер‑дүниені қаптаған тәрізді. Жер үсті қап‑қара көк теңіз тәрізді. Күн еңкейген мезгіл еді. Алтын күн аспаннан сұлу жерге еңкейген тәрізді. Күннің алтын шұғыласы көк теңіздей тұнған төңіректі неше құбылтады. Ақырын ескен майда ескек тұтасқан көк теңізді тұтасымен ақырын ғана қозғайды. Жер үсті ұшы‑қиыры жоқ, алғаракөк теңіздей құлпырады. Теңіздей ырғалады. Төңірек тып‑тыныш”. Пейзаж – әдеби шығармадағы жаратылыстың, яки табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі. Жазушы табиғаттың көркем бейнесін қайталай, сүйсіне суреттейді.
Жазушы С.Мұқановтың да мемуарлық шығармасы қазақ әдебиетінде алдыңғы лекте жазылған туындылардың бірі. “Жазушының “Өмір мектебі” тақырыбына қалай келгені туралы создатель ойы мынадай: “Менің мектептерім” атты шығарма жасау идеясы создательға 1929 жылы Алексей Максимович Горькийдің “Менің университеттерім” атты шығармасын оқығаннан кейін туған еді. Бұл идеяны іске асыруға создатель келер жылы кірісті де, алғашқы варианттарының бірер тарауын “Жаңа әдебиет” тарауының сол жылғы 3-4-5 сандарында жариялады. Одан кейінгі 4-5 жылда оқумен шұғылдануға тура келгендіктен, нажималғасын жазуға уақыт бомады”.
“Өмір мектебі” романы ортаңғы сыныптарда бастап, үзінділері беріле бастайды. Кітап “Менің туу тарихым” деген бөлімнен басталады. “Мен ес білген кезде, біздің ауыл қыс “Жаманшұбар” деген жерде, жаз “Дос” аталатын көлде отыратын еді. Сол жерде әкем Мұқан 1907 жылы өлді. Ол туралы кейін айтамыз. Әзірге менің тууым туралы. Қандай жағдайда туғанымды мен әкем өлген жылы естідім”. Шығарма баяндауы бірінші жақта, еске алу түрінде келген. Бала шағын еске алудан тұратындықтан, оның қабылдауындағы айнала жаратылыс құбылысы, ауыл тірлігі, адамдар арасындағы қарым‑қатынас шынайы түрде берілген. “Өмір мектебін” оқу үстінде оқушылар Сәбиттің балалық шағынан бастап өткен өмір жолына қанығады. Оның ішінде, халқымыздың тұрмыс‑тіршілігіндегі көптеген санамызға сіңген дәстүр‑салттармен танысады. Солардың бірі – балаға есім беру.
Романда Сибан ауылына асқа барған кезде жетімсіреп, шеткері қалған Сәбитке тамақ беріп отырған қазан басындағы әйелдер: “... Мұқан одан кейінгі бір қызының атын “артынан ұл туар ма екен” деген оймен Ұлтуған қойды. Шынымен де, оның соңынан қыстың бір қытымыр кезінде осы Сәбит туды”, деп әңгіме айтады. Осыдан басқа көшпелі ауылдың қар кете қырға көшуі, малдың қамы, Сәбиттің бақыршы бала аталуы, жылқы малының қасиеті, Сәбиттің ауыл молдасынан хат тануы, өлең сөзге құмарлығы секілді көріністер суреттеледі.
16-17. Мемуарлық романдардағы дәуір портретіне тоқталыңыз. Мемуарлық романдардағы қоғамдық-әлеуметтік мәселелердің қамтылуы туралы баяндаңыз.
Мемуарлық шығарманың тағы бір өзгешелігі- суреткердің өз замандастарымен қарым-қатынасын , өмірге деген көзқарасын , күйніші мен сүйнішін әр эпизодқа өзекті мәселе етіп алып, өз шешімін, өз дүниетанымын ұсынып отыруында. С.Мұқановтың «Өмір мектебінің» бірінші кітабында қазақ ауылының революция алдындағы өмірі кең қамтыйды да, жоқшылық пен мұқтаждық жайлаған елдің ауыр халін тебірене суреттейді. Мұны бірде Сәбиттің өзі көріп, өз басынан кешкен әрилы ауыртпалықтар арқылы сезінсең, енді бірде мұқтаждықтың ауыр салмағы түскен ауыл кедейлерінің тұрмыс-тіршілігінен аңғарасың. Сонымен қатар әйел теңсіздігінің ауыр зардабын Балсары, Бағила, Ұлтуған мен Зәуре өмірінен алып, нақтылы елестеткен. С.Мұқанвтың «Балбөпе» поэмасының сюжеттік желісінен Зәуре басында болған оқиғаларды байқау қиын емес. Балбөпе де 13 жасында малға сатылып, алпыстағы шалға кете барған. Көрген күні күңдікке айналып, ауыр азаптарды басынан кешіреді. Бірақ Балбөпе Зіуредей емес Ол күңдік қамытын киіп, тағдырына бас иіп отыра бермейді, бас бостандығын аңсап шартарапқа құлаш ұрады да, совет үкіметі тұсында теңдікке қолы жетеді. Міне мұнда автор өз геройының тағдырын көркемдік шындыққа көтеруге толық мүмкіндік алған. Зәуре, Балбөпе тәрізді қалың малға сатылған қазақ қыздарының совет өкметі орнаған күннен бастап азаттық алғаны тарихи шындық. Сол шындыққа сүйене отырып жазушы Балбөпе образын шыңдап, жетілдіре түскен. Ал Зәуре, Ұлтуған, Бағила тағдырларына келгенде, жазушы шындық фактіден ұзап шыға алмайды, әрине, бұл бір жағынан мемуарлық шығарманың өзіндік ерекшелігіне байланысты болса керек.
М.Горькийдің мемуарлық шығармаларында көрнекті орында тұратын әлеуметтік мәселе, қоғамдық жағдай негізгі кейіпкердің өмірді қайта құру жолындағы күресі «Өмір мектебінде» де өзінше сипатталып,оны жазушы қазақ халқының тұрмыс-салтына, ұлттық өзгешелігіне байланыстыра отырып суреттеген. Жазушы бұл романдарда өткен өмірдің өгейлігін еске алып, халық басына түскен ауыр салмақты суреттесе де, жаңа өмірдің жарқын көрінісі мен зор болашақ, үлкен өмірді жыр етсе де, тап күресі мен халық мүддесін әр уақытта жоғары ұстайды. Революцияның алғашқы жылдары. Аумалы-төкпелі кез. Колчак үкіметі Омбы қаласына бекініп орналасып алған. Бас көтертпей халықты бұқтырып ұстамақ болған Колчак бұра тартқанды түрмеге апарып тығады. Күрес үстінде қолға түскен Жұмабай Нұркин, Сәкен Сейфуллин, Абдулла Асылбеков, Зікірия Мухеев тәрізді революционерлер де Колчак түрмесіне қамалған. Ел ішіне ылаң салған алашорда партиясы да жанталасуда.
Кескілескен күрес үдей түскен. Большевиктерде тыным жоқ. Ел ішін жаудан тазарту үшін ішті-тысты болып күресуде. 1919 жылы Омбы қаласында болған жұмыскерлердің құралды көтерілісі осы бір қат-қабат кезеңдерді көз алдыңнан өткізеді де, Ленин туының төңірегіне топталған халықтың айбынды күшін айқын елестетеді. Колчак түрмесінде тұншыққан ер-азаматтар құралды көтеріліс кезінде босанып шығып, олардың бір тобы Сібір партизанына қосылып, Колчак бандыларының соңына түскен.
Ғ.Мұстафиннің «Көз көрген» романында даорыс халқының қазақ халқымен достық қарым-қатынасын да, патшаныңың ұлт араздығын арттырып келген отарлау саясатын да кейіпкерлердің өзара қақтығыстарынан танытқан.
Өз бетінше жер шолып, қоныс іздеп жүрген екі орысты Ақтентектің өліміне кінәлі деп тауып, жағадан алған Мекешті еңгезердей біреуі жақтан ұрып ұшырып түсіргенде, бойын тез жинап алған Мекеш ол орысты шауып өлтіріп, екіншісін сұлатып салады. Қоныс аударған халықтың ашынған қалыпын тез сезінген көк сақал жанындағы жолдасын жайратып салса да Мекешті кінәлаудан аулақ. Ол патшаның жүргізіп отырған саясатының теріс екендігін түсіндіріп Столыпин реакциясының халық басына төндірген ауыртпалығының сырын ашады. Сөзге келмей, жазықсыз адамды ұрып жатқанына Мекеш те өкінішті. Оның үстіне Батыраштың Жүнісі сияқтылар орыс поселкесіне ұрысын аттандырып, екі ұлттың арасына от тастап әбден машықтанған.
Сарыбаланың Спасск заводында жүрген кездерінде көргендері де, түйгендері де көп. Қазақ жұмыскерлерінің ауыр тұрмысы мен ең алщғаш осы жерде танысады.Заводта қазақ та,орыс та, ағылшын да, татар да бас қосқан. Заводты билеушілер ағылшындар. Жұмыскерлердің еңбегін сүлікше сорып, ауыр еңбектен бас көтертпейді. Тұрмыстары ауыр, үйлері жоқ, тұрар жерлері жер кепе. Ағылшындар қазақ жұмыскерлерін мәдениеттен аулақ ұстайды. 12-14 сағат жұмыс істетіп, мойын бұруға шамаларын келтіртпейді. Саудагерлер мен алыпсатарлар да әбден басынып алған. Малын жетелеп, тері-терсегін артып келген ауыл адамдарын бір алдаса, бұрылуға мұршасы жоқ жұмыскерлердің тапқан табыстарын құтайтпай арзанын қымбатқа сатып, қағып алып отырады.
Заводтың ең ауыр жұмыстарын қазақтарды салған. Қазақ байларынан тепкі көргендер күн көрістің қамын іздеп заводқа келіп тығылған. Осыны сезген ағылшындар қазақ жұмыскерлеріне өте қатал қарайды, жұмыстың ең ауырына салады. Ұрады, соғады,штраф салады, озбырлықтың қандайынан болса да тайсалмайды.
Патшаның 1916 жылғы июнь жарлығын щөз қажетіне асыру үшін қазақтың би-болыстары бірін-бірі іздеп тауып өзара табысып, ызаланған халық күшін пайдаланып қалуға тырысады. Қаракесек, Алтай, Қуандық, Сармантай, Мұраттың он екі ауыл саурықтың басын қосып, патшаға қарсы шығып, Нұрлан хан болмақ. Қыдырдың Махамбетшесі, Батыраштың Жүнісі, болыс Мұхтар мен Есмақайлардың өз есебі өзінде. Сейіткемелдің Әубәкірі болса қазақтарды солдатқа жібермей Спасск заводында жұмысқа қалдыруға уәде беріп, завод иелерімен бірге отырып, би-болыстарды аузына қаратып алған соң, олармен жемтіктес болуға әзір.
