Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мемуар толық.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
517 Кб
Скачать
☆

25.Б.Момышұлының«Ұшқан ұя» романдағы автор тұлғасы

«Ұшқан ұя» кітабында он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары кеңінен қамтылған. «Ұшқан ұяда» әлем тарихы,жаратылыс шежіресі,жан-жануарлар болмысы,қауымының қалыптасуы ,әлемнің пайда болуы,тірлік,өмір туралы алғашқы мағлұматтарды,азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алған,сондай-ақ ненің жақысы , ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұясы» – оның жазушылық шеберлігін халқымызға мойындатқан алғашқы шығармасы. «Ұшқан ұяда» Бауыржан Момышұлының өзіндік көркем суреттеуі көзге түседі. Бұл повесть жазушының өзіне тән суреткерлік бетін танытты. Шыншылдық, нақтылық, өмір материалын жетік білушілік – жазушыға көптен-көп қажет қасиеттер. Қалың халық ортасында, қарапайым семьяда туып өскен, жастай шешесі өліп, ақылды ана, қарт ана, үлкен шешесінің қолында тәрбиеленген Бауыржанның жасынан сезімтал, елгезек, ойшыл болып өскенін көреміз. Бала кезінен көрген-білгені, өмірден алған әсері жүрегіне жазыла берген тәрізді де, қар суындай бойына сіңе берген тәрізді, енді келіп сол жан түпкіріне іркілген қор есейген шағында, өмірдң ауыр кешуінен өткен шағында бұлақ суындай қайнап, бұрқылдап сыртқа шыққан тәрізді.

26.Мемуарлық шығармалар тарихы

Мемуарлық шығармалар жайында сөз еткенде ең алдымен жанр табиғаты еске алынады.Сол себепті бұл жанрдың өзіндік ерекшелігімен бірге,әр жазушының стильдік ерекшелігінде тануға болады.Суреткердің өмірін әлеуметтік қоғамдық тарихи жағдайлармен ұштастыруда М.Горький мемуарлық шығармалардың не бір таңдаулы үлгілерін тудырды.Оның «Балалық шақ» «Менің университеттерім»атты шығармалары бірімен-бірі жалғасып келеді де,дәуір сипатын танытады.С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу»,С.Мұқанов «Менің мектептерім»,»Өмір мектептері» «Есею жылдарында» орталық геройдың жастық шағы мен әлеуметтік іске араласа бастаған кездерін қоғамдық ортадан алып мемуарлық шығармалардың сюжеттік оқиғасын кеңейтті.Ғ.Мұстафин «Көз көргенде» библиографиялық шығарманың және бір қырын танытып бұл жанрға өз жаңалығымен келді.С.Мұқанов «Өмір мектебінде»шығарма желісін орталық геройдың жастық шағынан бастап өмірден алған тәжірибесі мен есею кезіндегі көрген түйгендеріне негіздеген.Жазушы шығармада жарты ғасырдың айғағы есебінде көрінеді де тарихи дакументальды фактілерге көбірек көңіл аударады.Мемуарлық шығармалардың эстетикалық тәрбиелік күші –нақтылығында.Осыны С.Мұқанов өз шығармаларында өмір фактілері мен көркемдік түйіндеулерді қолдана отырып жеткізген.Абай шығармасы қолына түскенде іздегенін тауып шөліркеген мейірі қанғандай болған Сәбит өз басындағы ауыртпалықтар мен ел тағдырын ұлы ақынның поэзиясынан көреді.Мемуарлық туындыда суреткер роман повестердегідей шығарма сюжетін әр тараптан өрбітіп үлкен арнаға құйып отыруға мүмкіндігі келе бермейді.Суреттелетін оқиғаға жазушының өз басы тікелей я жанама түрде болса да қатысты болғандықтан шығарманың сюжеттік желісі автордың дүниетанымы мен көрген түйгеніне негізделеді.Осыған орай мемуарлық шығармаларда дакументальды фактіге сүйену,дәлелдеу жиі орын алады да суреттемелерден көрі баяндау тәсілі басым болып келеді.Өмірді терең барлаған жазушы ел туралы,ауыл салты,халық дәстүрі жайында әр алуан оқиғаның куәсі болып отырады да,оқушыға нені құптатып неден безіндірмек болғанын шығармада ашық айтады.Мемуарлық шығарманың және бір өзекшелігі-суреткердің өз замандастары мен қарым-қатынасын,өмірге деген көзқарасын,күйініші мен сүйінішін әрбір эпизодта өзекті мәселе етіп алып өз шешімін өзіндік дүние танымын ұсынып отыруында.Әрине,бұл шығармада әртүрлі қырынан көрінеді де мемуарлық жанрдың әдебиет тарихындағы айрықша орнын белгілейді.