Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мемуар толық.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
517 Кб
Скачать
☆

55. Хаттар мен күнделіктердің құрылымдық, пішіндік ерекшеліктерін атап өтіңіз.

Қазақ әдебиетінде Отан қорғау жолында шаһит болған жауыгерлер мұрасын жинақтауда белгілі ғалым, аудармашы Көбей Сейдеханов бірсыпыра еңбек сіңіріп келеді. Ғалым құрбан болған жауынгерлер өлеңдерін жинақтап, жазушы Б.Момышұлына «Алғысөз» жаздырып, «Жыраманат» аталатын тәуір жинақ құрастырды. К.Сейдеханов себелеп оқтың астында шын сағыныштан туған, жеке жолдарды архивтерден жинап жауынгерлерге үлкен ескерткіш жазады. Жауыргер жан сырын ашып, көсіліп хат жазуы үшін де сеніскен көңіл, ет-жақын туыстық керек. Өз отбасының жайы бір бөлек, мұндай да жауынгерлер рухани жетекшісі – жазушыларға көбірек үміт артады. Олардан рухани қамқорлық күтеді. Орыс әдебиетінде А.Толстой, Н.Тихонов, М.Шолохов, А.Сурков секілді аға буын жазушылар жауынгерлерден қисапсыз көп хат алған. Қазақ әдебиетінде жазушы мен жауынгер аралық байланыс – Жамбыл, С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев тәжірибесінде қайталанған болуы керек. Қоршаудағы Ленинград халқы жампоз жыраудың «Ленинградтық өрендерім» жырын жырға жапсырып қойып, сол жыр рухымен тыныстады. Сондықтан майданнан, түрлі ұлт өкілдерінен ұлы жырауға хаттың ағыл-тегіл келіп жатуы заңды еді.

Хат жазылып жолданған сәтінде тек қана қатынас құралы міндетін атқарады. Уақыт өте келе хаттар «дәуір документіне» айналады. Осы сәттен хаттың эпистолярлық жанр ретінде әдеби ғұмыры басталады. Хат – әдебиет. Хат – тарих. Хат – көркем шығарма материалы. Хат – жазушы лабораториясын ашатын кілт.

Қазақ әдебиетінде Отан қорғау жолында шаһит болған жауыгерлер мұрасын жинақтауда белгілі ғалым, аудармашы Көбей Сейдеханов бірсыпыра еңбек сіңіріп келеді. Ғалым құрбан болған жауынгерлер өлеңдерін жинақтап, жазушы Б.Момышұлына «Алғысөз» жаздырып, «Жыраманат» аталатын тәуір жинақ құрастырды. К.Сейдеханов себелеп оқтың астында шын сағыныштан туған, жеке жолдарды архивтерден жинап жауынгерлерге үлкен ескерткіш жазады. Жауыргер жан сырын ашып, көсіліп хат жазуы үшін де сеніскен көңіл, ет-жақын туыстық керек. Өз отбасының жайы бір бөлек, мұндай да жауынгерлер рухани жетекшісі – жазушыларға көбірек үміт артады. Олардан рухани қамқорлық күтеді. Орыс әдебиетінде А.Толстой, Н.Тихонов, М.Шолохов, А.Сурков секілді аға буын жазушылар жауынгерлерден қисапсыз көп хат алған. Қазақ әдебиетінде жазушы мен жауынгер аралық байланыс – Жамбыл, С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев тәжірибесінде қайталанған болуы керек. Қоршаудағы Ленинград халқы жампоз жыраудың «Ленинградтық өрендерім» жырын жырға жапсырып қойып, сол жыр рухымен тыныстады. Сондықтан майданнан, түрлі ұлт өкілдерінен ұлы жырауға хаттың ағыл-тегіл келіп жатуы заңды еді.

Еуропада хатқа ерекше назар аударған халықтар – француздар мен ағылшындар. Кезең-кезеңде мәдениеті өркендеген бұл екі халық қарапайым бұқара хатынан мемлекетаралық саяси мәні бар хаттарға дейін қастерлеп сақтайтын әдет тапқан. Француз, ағылшын халқының хатқа ұқыптылығының және бір дәлелі – әрбір үйдің шаңырақ қазынасын сақтауы. Олар өз әулеттерініңбуыны хаттарын қастерлей сақтап, атадан балаға мирас етіп қалдыруы салтқа айналдырады. Кейде жинақталған хаттар негізінде әулеттік роман жазып, жеке баспалардан аз данамен бастырып, тиісті адамдарға таратады. Кейін семьялық хаттарды сақтау орыс халқына да жетті. Әулет хатын сақтау, негізінен, дәстүр тұтуға тұратын өнегелі тәжірибе, жақсы үрдіс. Өйткені хатты кім жазбасын, ол хат кімге арналмасын, ол жазбаларда өз кезеңінің қарапайым шындығы қамтылады. Уақыт өте келе ол қарапайым хат, жазбалар тарихи концепцияларды өзгертуге түрткі болуы, әйтпесе көркем шығарма арқауына айналып, әлеуметтік мәнге ие болуы әбден мүмкін. Әдеби өмірге белсенді араласқан сәттен бастап хат-эпистолярлық үлгісі. Бұл райда хат – тек қатынас құралы ғана емес, әдебиет.

56.Ә Тәжібаевтің ,, Есімдегілер, , атты естелік кітабы жайлы баяндаңыз.  Бұл кітапта өзінің өмірі жайлы баяндайды, қай жерлерде қызмет еткен, қызмет сапарлары және де қазақ зиялыларымен болған қызметтері жайлы айтады. [17:25, 15.12.2015] GulNur:

58. С қирабаев естеліктеріне тоқталыңыз. С Қирабаевтің естеліктері, , Өмір тағылымдары деп аталады. Онда : менің әкелерім, туған жер, Алматы, Баспасөз қызметінде, казпиге кайта оралу, жазушылар ортасында, ғылым ордасында, отбасы және оның достары, Алыптар мен арыстар деп аталатын тарауында М әуезов, с мұқанов, ғ мүсірепов, ғ мустафин, а жұбанов, қ жұмалиев т .б лар жайлы жазады. Әр кезде әр жағдайда жазылғандықтан естеліктердің құрылымыда стилі де бір келкі емес . Олардың ішінде таза естеліктер күйінде де, портрет түрінде де жазылғандары бар.  Кейде естеліктер мен шығармашылық ойлар араласып кетеді. Көп жы бірге жүрген жолдастары мен қоштасу кезінде айтылған сөздер сол күйінде берілген.

17.12.15