Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мемуар толық.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
517 Кб
Скачать
☆

14. М.Әуезов туралы естеліктеріндегі «Қарагөз» пьесасының жазылу тарихына қатысты мәліметтерді атап көрсетіңіз.

Мұхтар Әуезовтің драматургия саласына қосқан үлесі шексіз. Ол сахналық қойылымдарға қазақтың дәстүрлерін енгізе отырып жазған. Мысалы, алтыбақан, қыз ұзату салтанаты сынды салтымызды қосып отырды.

М. Әуезовтің жеке пьесаларының варианттарын қосқанда, шамамен, елу шақты драмалық шығармасы бар. Әр драмалық шығармасында көркем образдар галереясы бар. Мақал-мәтелдер, фразалық тіркестер, айқышты сөздер көптеп қолданылып, автордың сөздік қорының молдылығынан хабар береді. Семейде «Еңлік-Кебектен» кейін іле-шала жазылған және гамлеттік оқиғаны бұлдыр елестететін М.Әуезовтің «Қарагөз» пьесасы көрермендердің ерекше ықыласына бөленді, пьеса 1926 жылы жарияланып, сол жылы Семейде қойылды. Репертуардан тез алынып тасталған осы туынды отыз жыл өткеннен соң, КПСС-тің XX съезінен кейін ғана сахнаға қайта оралды.

«Қарагөз» трагедиясының көркемдік ерекшеліктері, шығармашылық тарихы, қойылымдары, тарихи негіздері жайында Әбділда Тәжібаев, Рымғали Нұрғалиев, Бағыбек Құндақбаев, Тұрсын Жұртбай, т.б. көптеген зерттеушінің еңбектері бар. Жан-жақты зерттелген. Шығарма күрделі психологиялық драма, беті айқын трагедия. Көркемдік компоненттерін барлық жағынан алғанда әлемдік драматургияның үздік үлгілерімен еркін салыстыруға болады. Бас бостандығына жете алмай, ескі ғұрыптардың құрбандығы болған жастардың тағдыры көрсетіледі. Әрине, осындай шығарманың жаңа нұсқасы дегенде көрерменнің елең ете қалатыны заңды.

М.Әуезов «Қарагөзінің» басында сахнаға Нарша мен достары шығады. Қарагөздің өз ауылында ұнататыны бар ма деген күдіктері бар. Қарагөз бен Сырымның махаббатында тас бөгеттей үлкен кедергі бар. Ол – екеуінің туыстық түбірі жеті атаға жетпегендігі, сондықтан ру дәстүрі бойынша бір-бірімен қосылуға болмайтындығы. Оның үстіне Қарагөз басқа рудың белгілі, беделді жігіті Наршаға айттырылған. Нарша Қарагөздің бетін өзіне бұрып алмағанына қатты налыйды. Нарша мен Қарагөз отау тіксе де, Қарагөздің бар ойы Сырымда. Сүйгеніне қосыла алмаған әйелін көрген Нарша ауылдың маңдайы жарқыраған азаматы еді. Жарын түсініп, жанын күйік жеген Наршаны автор көркем әдебиетте кездесе қоймайтын тұлғалардың қатарына қосады. Бір-бірін ұнатқаннан басқа қылмыстары жоқ Сырым мен Қарагөз ел алдында, ата дәстүр алдында үлкен ұятқа қалады. Бірі жынданып өліп, бірі сергелдең өмірдің күйін кешеді.

«Ай Қарагөз» М.Әуезовтің баршаға таныс трагедиясы.. Шығарма «Қайдасың?!» деген Сырымның жанайқайынан басталады. «Үш түн болды, еш жерде жоқ. Адасып кетеміз, қайтайық!» деген жігіттер, «Сендер жүре беріңдер, мен кейін барам» дейтін Сырым. Ақтүтек. Табылған қыз. «Сырым, мен сенің келеріңді білгем» — «Мен сені енді ешкімге де бермеймін». Бұл мизансценаның пьесада болмағанын айтып жату артық болар. Көзі­қарақты көрермен түпнұсқада, Әуезовте Сырымның: «Мен Қарагөзді үш күн, үш түн іздегенде өзім үшін таптым», – деген бір-ақ ауыз сөзі барын біледі. Ал Теменов содан сахна жасады.

Келесі көрініс — ауылдың той алды қарбаласы. Күйеуді қарсы алуға асыққан жұрттың өз қызығы өзінде. Қуанышты жұртшылық той иелерінің жан­дүниесінде қандай арпалыстар болып жатқанынан бейхабар. Осы беймаза көріністер траге­дияның бояуын қалыңдата түседі. Әуезовтің шеберлігіне кезекті рет бас июден басқа амал қалмайды. Өйткені, «Қарагөз» — тойдың фонындағы трагедия…

Көптен күткен күйеу де көрінді. Нарша бекер эполетін тағып келген жоқ. Ол Омбыда оқыған, Шоқанды еске түсіреді. «Қарагөз жоқ» деген сөз соншалықты суық әсер қалдырғаны да содан. Ол бұлардың бәрінен бір бас биік тұрған, сұңғыла жігіт. Тойға дайындық болып жатқанда Сырым мен Қарагөз кездеседі. Екеуі де көйлекшең жүреді. Режиссердің осы шешімінің өзі әлдебір жәйттерден емеурін танытса керек.

Талғат Теменов басқа басқа, бірақ, ән, музыка таңдаудан ешқашан қателеспейді. Тұрсынжан Шапайдың «Дариға дәурені» нағыз Сырымның әні екен. Бұрын қалай байқамағанбыз?

 

Аққу-қаз әуелейді қалықтаған,

Қайтейін қанатым жоқ қалып барам.

Жүрегім құс боп ұшып кетті-ау бірге,

Жылатып жалғыз қалай алып қалам?

Наршаның Сырымға келуінің бір мәні де осы жолдарда жатыр. Осы уақытқа дейін Нарша көп жағдайда қатардағы байдың баласы болып келді. Әуезов пьесасында: «Сырым, сені Нарша шақырып жатыр», – деп кісі келетін. Теменов трактовкасында Сырым Наршаға өзі келеді. «Мына далада екеуміздей тірі өлік, екеуміздей шерменде жоқ шығар» дейді ол өзін масқаралаған, азаматтық абыройын таптап кеткен Сырымға. Неге айтып отыр? Өйткені, ол – өзінің махаббаты мен өзінің қасіретінде жападан­-жалғыз. Оны Қарагөздің туған әжесі болса да, Мөржан түсінбейді. Оны өзінің туған шешесі мен әкесі түсінбейді. Асан да, Ақбала да түсінбейді. Қарагөзден айрылудың қандай болатынын Сырым ғана түсінеді.

Байқадыңыз ба, бұл бір кездегі «ескі­лікке», қазақтың дәстүріне, бай­-феодал­дардың (социализм дәуірінде сондай бір сүйікті сөз бар еді ғой) әділетсіздігі мен озбырлығына қарсы жазылған шығарма емес. Әңгіме Наршаның бай, Сырымның жарлы болуында да емес. Әңгіме Қарагөз бен Сырымды қалайда арашалап алуда да емес. Қай дәуірдің көзімен қарасаң да қазақ жеті атаға жетпей қосылмайды. Әңгіме – махаббат атаулының күштілігінде. Егер Сырым соққыға жығылып елден безсе, Қарагөз жынданып кетсе, Нарша Сырымға келсе, ол сезім қаншалықты күшті болу керек?

Қаз көшіп омырауын алқымдаған

Айдын көл мұңаяды салқындаған

Басынан Төлегендей ғашықтардың

Айналып алты қаздай қаңқылдаған…

Бұл әндегі табиғат пен махаббаттың гармониясы, бұл әндегі қоштасу сарыны спектакльдің градусына дөп келеді. Осыған дейін дәстүрлі қойылымға бармаған Теменов үшін «Дариға дәурен» қазақы­лықтың кілті сияқты болды.

Қарагөз — әлсіздік. Оның өз туысы Сырымды сүюі де, Сырымды сүйе тұра Наршамен кетуі де, некелі төсегінен қашып шығып Сырыммен табысуы да, сол масқараның бәріне шыдай алмай, ақыры жынданып кетуі де — әлсіздік болатын. «Қарагөз — психологиясы бағынышты, өте нәзік қыз. Біреу “Вы играли бег от любви” деді. Расында солай. “Қызыл шапан қайда?” дейтін сөз бар. Демек, қыздың абыройы төгілді. Қарагөз неден жынданды? Ғашықтықтан жынданды дегенге ешкім сенбейді. Сырымға сені жақсы көруге тиісті емеспін дейді. Наршаны сүйгісі келеді, сүйе алмайды. Енді шешіліп, Сырыммен кетейін дегенде таяққа жығады. Адамның адам­дығы тапталған кезде ол шыдамады». Қазақ театр өнерінің падишасы, марқұм Фарида Шәріпова бізге берген сұхбатында бір кезде өзі ойнаған Қарагөз туралы осылайша сыр ақтарып еді. Қазіргі актрисалар осылай ойлана ма, рөлдің тереңіне бойлауға тырыса ма, білмейміз. Білетініміз – біз дәл қазір көріп жүрген Қарагөздердің ішіндегі дәл осындай адасқақ және аяулы Қарагөз – осы Аида Жантілеуова ғана. Бұл Қарагөздің бойында нәзіктік те, драматизм де бар, беті­-жүзі, дене тұрқы, бүкіл өне бойы ышқынып тұрады. Дегенмен, актрисаның кейбір паузалары тым созылыңқы. Тағы бір болмашы кемшілік, «Алтын бесік» әнін айтқанда, ол тым сұлық көрінді. Ән ритмі бөлек, қыз ритмі бөлек. Осыларды есепке алмағанда, Аиданың Қарагөзі режиссер үдесінен шыққаны анық.

Есесіне, Нарша образындағы Мұхитдин Шынтаевтың паузаларында мін жоқ. Мұхит – өзі сомдаған қай образдың да нәзік иірімдерін таба білетін актер. Нарша – бұл қойылымдағы бірден-­бір интелектуалды, іштен тынатын образ, Мұхит та оны ішпен ойнады. Нарша қойылым басталған кездегі «Қарагөз жоқ» деген сөзден­-ақ секем алып, Қарагөздің сатқындығын сезді. Басқа бір озбыр, менмен байдың баласы болса, Қарагөзді масқаралап, Мөржанның асын төгіп, аяғын төңкеріп кететін еді. Нарша — бұл қойылымның ұяты. Оның жұмсақтығы — әлсіздік емес, күштілік. Толстой қалай дейтін еді, «Біреуді ұяттан арашалап алу ең үлкен адамгершілік» дейтін бе еді? Наршанікі де - өзін жеңуге тырысатын, ел үшін ұялатын күштілік. Нарша мен Қарагөздің тойдан кейінгі, жеке қалатын сахнасы бар. Талғат Теменов екі кейіп­кердің де көздерін байлап шығарыпты. Бірін-­бірі танымайды. Жүрек түкпірінде не болып жатқанын білмейді. Нарша Қарагөздің байлауын шешеді. Қарагөз сәл кідіріп барып, оныкін шешеді. Бірақ, түсіністік табылмайды. Нарша алғаш рет кіжініп тұрып, қайратына мініп сөйледі. «Сен бүгін менің жанымда қаласың» деді. Бос бесікті тербетіп тұрып айтты. Бесіктің қазақ үшін қаншалықты символдық мәні барын дәл осы жерде айтып жату артық шығар. Бесікпен бірге Наршаның бойындағы мейірім, адал неке, тазалыққа деген құштарлықтың бәрін оқисыз. «Сен қаламаған болсаң не істей алам? Мен қайтейін, жерге кірейін бе?» дейді, сүйкімсіз күйеу рөлі өзіне лайық еместігін білетін Нарша. «Сіздің есер де ессіз қара күштің иесі емес, осы адалдығыңыз бен ақ көңіліңіз қинайды­-ау мені». Бұл — Қарагөз. Ақылмен түсініп тұрса да, жүрек қалауына ие бола алмаған Қарагөз. «Құдайым­-ау, жынданғаннан саумысың, Қарагөз?!». Мұхитдин-­Наршаның бұл жанайқайынан  Қарагөзге деген күллі іңкәрлігін естисіз.

Ал Дархан Сүлейменов алғашқы көрі­ністерде рөлінің тереңіне жете алмағандай сезілді. Бедірең, бетпақ, ызасы бетіне шығып, лепіріп сөйлейді. «Торға түскен ақтотым… Келші күнім!» дегенінің бәрі – нашар мағынасындағы пафос. «Қарагөздің Сырымнан артық жары болушы ма еді?!» дегенде де Қарагөзден гөрі өзіне ғашық, тойынған адамды көрдік. Келесі бір көріністе «Қарның тойса, құрбыңды аңдып, қайғы көрмей өскен жер» деп әндетеді. Міне, осы жерде Сырымның домбыра сілтесінің өзінде протест бар. Мөржанмен диалогында дөрекілік те байқалады. Расында, қарап отырсақ, осы уақытқа дейін биязылықпен айтылып келгені болмаса, Әуезов жазған Сырымның әр сөзінде қарсылық бар екен. Теменовте Наршаның өзі іздеп келетін көрініс бар ғой. «Иә, Нарша, бұл не жүріс?» дейді ол кейісті үнмен. Өзін кінәлі сезіну жоқ, қайта Нарша мұның тиістісін тартып алған ұры сияқты.

Спектакльдегі төртінші маңызды бейне – Мөржан. Мөржанды Гүлжамал Қазақбаева ойнамағанда кім ойнасын. Жастар театрында одан гөрі толысқан актриса жоқ шығар. Бұл рөл — ол үшін үлкен табыс, сәттілік болды деуге болады. «Ол күйіктің азабын маған тарттырма! Осы естіген сұмдығым да жетер!». Осы сөздердің бәрі соншалықты дауылды екпінмен айтылады. Қарагөз түгілі, көш бастаған азаматтың өзі төтеп бере алмайтындай. Нарша ауылындағы Ақбаламен диалогта әр сөзін созып сөйлеуі… ел «тойбастар…» деп жатқанда ойлы кейіппен кетіп бара жатуы… бәрі нағыз суреткердің жұмысы. Кейбір трактовкаларда Мөржан деспот сияқты көрінетін еді ғой, Гүлжамал Қазақбаева­ның сомдауындағы Мөржан ең алдымен Ана, оның бойынан ең алдымен мейірім және ар шуағы төгіліп тұрады.

Бұл қойылымда басқаша шешілген тағы бір образ — Наршаның әкесі. Наршаның өзі сондай зиялы болғанда, әкесі қандай парасатты болу керек? Бірақ, «Ай Қарагөз» бұл образды да тосын шешуге болатынын көрсетті. Актер Кәдірбек Демесін оны күлдіргі, босбелбеу, салмақсыз етіп шығарады. Сөйтсек, мәтіннің өзі сондай мүмкіндік береді екен. Мысалы, «Шымылдықтың ішінде болса, Сырымның да бетін ашыңдар» деген сөзі бар. Осыны шамырқанып, шамданып, ащы күліп айтуға да болады. Кәдірбекше де жеткізуге болады.

Не керек, «Мен бұл спектакльден үлкен кино режиссері мен үлкен драма­тургия кездескенін көрдім. Көрерменді осы уақытқа дейін жартылай шешімдер, жартылай сезімдер мазалай беретін. Ал сіздер толық, бас-аяғы жұмыр ғашықтық ақиқатқа жеткен екенсіздер!» – деді Мұрат Әуезов премьерадан кейін.

Расында, Теменовті театрға кино әдістерін әкелді дейміз. Бірақ, ол неден көрініс табады? Мысалы, «Ай Қарагөз­дегі» Асанның «беташар» айтқан сәті… Баяулатылған қимылдар. Олар ғана бірін-­бірі көріп тұр. Камераның көмегімен ғана беруге болатын эффект. Теменов осыны театрға әкелді. Жарық арқылы, көпшілік сахнасындағы актерлер арқылы. Анау жақта Асан ақ тер, көк терге түсіп беташар айтып жатыр. Қарагөз өксіп тұр. Сырым таңқалып тұр. «Шынымен айрылғаным ба?»…

Елуінші минутта көгілдір сағым арасынан кішкентай Қарагөз бен Сырым шығады сахнаға. «Бұлттар сөйлейді»—«Қалай?» — «Тек ұзақ қара» — «Рас па?» — «Рас»… Спектакльдің ең соңында соқырлар кетіп барады. Брейгель. Тағы да кішкентай Сырым мен Қарагөз. «Бұлар кімдер?» — «Соқырлар» — «Сонда олар мүлде көрмей ме?» — «Иә, атам айтқан, бұл өмірде махаббатты, сұлулықты, жақсылықты көрмейтіндер — соқырлар деп»… Қарагөздің махаббатының таби­ғатын енді түсінгендей болдық. Қарагөз үшін Сырым өмірді танытқан ұстаз, жетелеп жүрген жұлдыз екен. Олардың Нарша болмай тұрып, келмей тұрып табысуына Наршаның жазығы жоқ. Ол Наршаның кінәраты емес екен. Өмірде ылғи да әр нәрсенің қиюы келе бермейді ғой. Бұрынғы «Қарагөздерде» Сырым — Қарагөз махаббаты факті болатын, ал Теменов сол сезімнің себептері мен салдарына үңілді. Қойылым сонысымен де қымбат.

Екінің бірін мақтай бермейтін профессор Тұрсынбек Кәкішев те: «Мұндай қойылым қою — абырой», – деді. Жоғарыда Теменов шығармашылығын ептеп шолып өттік. Қазір режиссердің нағыз толысқан шағы. Ендеше, «Ай Қарагөз» Талғат Теменовті жаңа белес­терге бастайтынына сеніміміз кәміл. Оны әлемдік классика, әлемдік классикамен бірге қазақ драматургиясының белесті шығармалары, абыройлы туындылар күтіп тұрғаны анық.